Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Мероприятия  /  5 класс  /  "5-сыныпқа қуанышпен!"

"5-сыныпқа қуанышпен!"

"5-сыныпқа қуанышпен!" атты тренинг 5-сынып ата-аналарымен жүргізуге арналған. Жасөспірімдік шақ психологиясы туралы ағартушылық білім беру және жаңартылған білім мазмұны ерекшелектерімен оқушылардың жеке тұлғалық еркешеліктеріне сай ата-анамен қарым-қатынас стилін түсінуге бағытталған жаттығулар орындалады.

16.01.2018

Содержимое разработки

«Бекітемін» --------------------

Тақырыбы: « 5-сыныпқа қуанышпен...»

Мақсаты: ата-аналарға жасөспірімдер психилогиясының ерекшеліктері туралы түсінік беру, жаңа сыныпқа бейімделудегі қиындықтарды жеңуге кеңес беру

Түрі: психологиялық ойын

Қолданылатын әдістер: артерапия элеметтері, релаксациялық жаттығулар,

ойындар, рефлексия

Аудитория: 5 «А» сынып ата-аналары

Өткізілетін уақыт: 45 минут

Қолданылатын материалдар: ватман, қарындаштар, музыка, А4

форматты қағаздар

Барысы.

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Өзара таныстық. «Мақтаймын».

Әр қатысушы сәлемдесіп, көршісін мақтайды.Кемінде 3 мақтау сөз айтады.

  1. Ереже қабылдау.

  2. Кіріспе сөз. « 5- сыныпқа қуанышпен...»

Баланың жасөспірімдік (14,15-17 жас) бұл күрделі кезеңнің басталуы ғана. Ал, оның негізгі ерекшеліктері қандай? Адамның дене дамуының аяқталатын кезеңі. Бойдың ұзаруы жеткіншек кезеңге қарағанда баяулайды. Қыздардың бойының толуы орта есеппен 16 мен 17-нің арасында болады (ауытқу плюс-минус 13 ай), жігіттерде 18 мен 19-дің арасы (ауытқу плюс-минус 10 ай). Салмағы артады, осының өзінде ер балалар қыздардан қалып келген есесін толтырады. Бұлшық ет күші өте тез өседі: 16 жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді. Әрине, көп нәрсе дұрыс тамақтану режимі мен дене шынықтырумен шұғылдануға байланысты. Спорттың кейбір түрлерінде балаң жастық – ең көп жетістіктерге жететін кезең.

Жыныстық даму жөнінен жігіттер мен қыздардың көбі бұл жаста постпубертаттық кезеңде болады. Көп тараған түсініктерге қарамастан, жыныстық толысудың мерзімі нәсілдік және ұлттық ерекшеліктерге, климатқа байланысты емес. Өзіндік сана күрделі психологиялық   құрылым,   ол   ерекше компонеттер ретінде өзіне. В.С. Мерлиннің осылай деп санайтынындай, біріншіден, өзінің теңдестігін ұғынуды, екіншіден, белсенді, іс-әрекетшіл негіз ретінде өз менің ұғынуды, үшіншіден, өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды, төртіншіден, өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды. Бұл элементтердің бәрі бір-бірімен функциялық және генетикалық тұрғыдан байланысты. Бірақ олар бір мезгілде   қалыптаспайды.   «Адам тұлғасының даму үрдісі бүкіл өмір бойы тоқталмайды. Осыған сәйкес өзін-өзі бағалау дағдылары бүкіл өмір бойы қалыптасады және дамиды. Адамның басқа адамдармен қарым-қатынас тәжірибесі неғұрлым көп болса, ол тұлға ретінде өзі туралы соғүрлым көбірек ақпарат алады, практикада өзі туралы өз пікірлерін басқалардың пікірлерімен байланыстыруына тура келеді. Оның өз әрекетін, қылығын дұрыс қабылдау және бағалау қабілеті тезірек және белсендірек дами түседі. Сондай-ақ басқа да адамдардың түлғалық саналары дамиды».

Құрметті аналар мен әкелер, қымбатты әжелер мен аталар! Әрбір ата - ана өз тәжірибесінен біледі: бала дамуындағы жасөспірімдік кезеңнің басталуы оның физиологиясының, психикалық реакциялары мен мінез - құлқының айтарлықтай өзгеруімен байланысты болады. Психологтардың жасөспірімдік шақты дағдарыс жасы деп атауы кездейсоқтық емес. Және бұл дағдарыс баланың өмірінде үш жаста және 7 жаста болатын алдыңғы жастық дағдарыстардан айтарлықтай дәрежеде ерекшеленеді. Ол дағдарыстармен салыстырғанда жасөспірімдік дағдарыс әлдеқайда күрделі әрі ұзаққа созылатын сипатта болады.
Көптеген жайттар жасөспірімнің оны қалай жеңуіне, ата - анасынан осындай қиын кезеңде қандай көмек алатындығына байланысты болады.
Біріншіден, дәл осы уақытта есейіп келе жатқан адамның ата - анасымен болашақ қарым - қатынасының сипаты – олар жақын бола ма, сенімге негізделген бола ма, сыйластыққа толы бола ма, осылар айқындалады. Немесе алшақтау болады, эмоционалдық салқындық, алыстау, тұйықтық пайда болады, олар өмір бойы сақталады, және отбасындағы атмосфераны бұзып, болашақта ұрыс - керіс пен жанжалдарға себепші болады.
Екіншіден, дәл осы жасөспірімдік шақ өз «Менінің» күшін қайрап, жеке тұлғаның өзін - өзі бағалауын қалыптастырады, бұл ересек өмірде адамның басты ішкі қорғаушысы болады және оған ең қиын деген жағдайларды абыроймен жеңуге мүмкіндік береді.
Әрбір ата - ананың міндеті – баласында болып жатқан өзгерістерге ден қою, оның ішкі уайымдарына мейірбандықпен қарау. Өзін «Барлығы қиындықпен есейеді, оның қиындығы да өтеді, бәрі өздігінен жөнге келеді!» деген сөздермен алдарқатпау.
Өздігінен ештеңе түзелмейді! Тіпті «проблемасыз балалар» деп аталатын ең момын балалардың өзі ата - ананың мейрімі мен қолдауына мұқтаж.
Бірақ, ата - ана үшін жоғарыда айтылған жайттарға керісінше тым бақылағыш, балаларына өз көмектерінсіз бір қадам жасауға да рұқсат бермейтін, олардың ойлары мен қылықтарын аңдитын, оның ересектерге тән қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ескермейтін тиран ата - анаға айналмау да өте маңызды.
Бұндай типтегі ата - аналар «Балам үшін ненің жақсы екендігін тек мен ғана білемін!» деген пікірді басшылықа алады. Бірақ, осындай қысым жағдайында өскен балаға болашақта өзі шешім қабылдау оңайға соқпайды, себебі әрқашан ол үшін шешімді үлкендер қабылдап келген.
Жасөспірімнің ата - анасынан балаға деген асқан қамқорлық және өзінің тәрбиелік міндеттерінде қалай барынша тиімді болу керектігін терең түсіну талап етіледі.

Бүгінгі жиналысымыздың мақсаты – сіздерге, құрметті жасөспірімдердің ата - аналары, жасөспірімдік кезеңнің ерекшеліктері туралы, баламен қарым - қатынаста болатын өкіндірерлік қателіктерге, жасалуы оңай бірақ дұрысталуы қиынға соғатын қателіктерге ұрынбауға мүмкіндік беретін ережелер туралы ақпар беру. Жасөспірімдік шақ – бала тұлғасының психологиялық іргетасының негізгі компоненттері қалыптасатын уақыт; оның өмірлік мақсаттарының, құндылықтарының, қызығушылықтарының бүкіл жүйесін, нәтижесінде оның болашақтағы жетістігін немесе жеңілістерін айқындайтын уақыт.

  1. Жаттығу. «Біз бір-бірімізге ұқсаймыз,

Біз бір-бірімізден өзгеміз».

Ата –аналар өз баласымен өзі туралы айтады.

  1. Жаттығу: «Маған ұнайды...». Әр ата-ана өз баласының ұнамды жақтарын ортаға салып, мақтанады.

  2. Сергіту сәті: «Жұлдыздар биі»

  3. Жаттығу: «Менің жобам...»

А) оқу үдерісіндегі қиындықтарды жеңу үшін...

Б) тәрбие үдерісндегі қиындықтарды жеңу үшін...

  1. Жаттығу: «Менің кеңесім – Ертеңге хат».

Әр ата-ана бір параққа өз баласына ертеңге кеңес. Ақыл, тілек жазып қалдырады.

  1. Қорытынды.Рефлексия. «Бір ауыз сөз...»

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация деятельности педагога-воспитателя группы продлённого дня

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"5-сыныпқа қуанышпен!" (43 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт