Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
5 сынып
Оқу мақсаты:
5.5.3.3 Жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Жетістік критерийлері :
Білу
Координаталық сәуле, нүктенің координаты, бірлік кесінді ұғымын біледі
Қолдану
Жай бөлшектер мен аралас сандардың координаталық сәуледегі орнын анықтай алады.
Бөлім бойынша терминология
қазақша
орысша
Жай бөлшек
ағылшынша
Обыкновенная дробь
дұрыс бөлшек
Правильные обыкновенные дроби
Usual fraction
бұрыс бөлшек
Proper fractions
Неправильные обыкновенные дроби
аралас сан
Смешанные числа
координаталық сәуле
Improper fractions
Mixed numbers
Координатный луч
бірлік кесінді
Единичный отрезок
Co - ordinate ray
нүктенің координатасы
Unit
координаты точки
Coordinates of a point
Ой түрткі:
- Үлес дегеніміз не?
- Жай бөлшектің алымы, бөлімі нені көрсетеді?
- Жай бөлшектің негізгі қасиеті?
- Дұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Бұрыс бөлшек дегеніміз не?
- Аралас сан дегеніміз не?
64
2 6
( - 2 ) 6
4 3
8 2
4096 1/2
Топпен жұмыс:
Сәйкестікті анықтаңыз:
Топпен жұмыс:
Тапсырманы орындау алгоритмі:
Мынада й сұрақтарға жауап беріңдер:
- 1. Ох сәулесінің бойындағы бір нүктеге неше сан сәйкес келеді?
- 2. Координаталық сәуле қалай сызылады?
- 3. Бірлік кесінді деп нені түсінесің?
- 4. Координаталық сәуленің санақ басы қайсы нүкте?
- 5. Нүктенің координатасы дегеніміз не?
- 6. Дұрыс және аралас бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейді?
Қорытынды:
- Ереже : Бірлік кесіндісі берілген сәуле координаталық сәуле деп аталады.
- Бөлшекті координаталық сәуледе кескіндеу үшін :
- 1. бөлшектің бөлімінде қандай сан болса , бірлік кесінді сонша тең бөлікке бөлінеді.
- 2. бөлшектің алымында қандай сан болса , бірлік кесіндінің сонша бөлігін алу керек.
Жай бөлшектерді және аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу
О
С
А
В
- Дұрыс бөлшек 1 – ден кіші болғандықтан , ол координаталық сәуледе 0- ден 1- ге дейінгі аралықтағы нүктелермен кескінделеді.
- Бұрыс бөлшек 1-ге тең немесе 1- ден үлкен болғандықтан , координаталық сәуледе 1-де немесе 1- дің оң жағында кескінделеді.
- Координаталық сәуле бойында берілген нүкте бір ғана санға сәйкес келеді
*
Егер бөлшек әр түрлі бөлімде берілсе, онда координаталық сәуленің бірлік кесіндісін мүмкіндігінше барлық бөлшектердің ортақ бөлімдеріне сәйкес келетін тор көздермен алған жөн.
Мысалы, егер бөлшектердің бөлімдері 8, 4 және 2 болса, онда бірлік кесінді ұзындығын сегіз тор көз етіп алған ыңғайлы.
7/8 санын координаталық сәуледе белгілеу қажет болса, бірлік кесіндіні 8 бөлікке бөліп, соның 7 бөлігін аламыз.
Жалпы сыныппен жұмыс:
Тапсырмалар:
- Өзара тең бөліктер үлес деп аталады;
- 1/2; 3/5; 5/6; 8/9 бөлшектері қысқартылмайтын бөлшектер;
- Бөлшек сызығының астында бөлшектің алымы жазылады;
- 15 минут 1 сағаттың 1/4 бөлігі;
- 1 саны координаталық сәуледе 2/3 бөлшегінің оң жағында орналасады;
- Дұрыс бөлшекті аралас сан түрінде жазуға болады.
Топтық жұмыс: Логикалық есеп:
- 1 топқа: 1 м 50 см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 5 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
- 2 топқа: 1м 20см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 45 см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 4 бөлікке бөлу, әр қайсысы 30см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз.
- 3 топқа: 1м 40см матаны ешбір өлшеу құралдарын пайдаланбай, 35см матаны қалай қиып алуға болады? Жауабы: матаны 2 бөлікке бөлу, әр қайсысы 70см, екіншісін тағы 2 ге бөлеміз
Жұппен жұмыс:
Жеке жұмыс:
№ 1. Екі үйдің арасында ит мысықты көріп қуа жөнелді. Екі үйдің арасын бірлік кесінді ретінде алып: 1) иттің тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 2) мысықтың тұрған жеріне сәйкес нүктені әріппен белгілеп, оны координатасымен жазыңдар; 3) мысық иттен бірлік кесінді есебімен қандай қашықтықта? Бөлшекпен жазыңдар.
Жеке жұмыс:
- № 2 . Домбыраны координаталық сәуле бойына орналастырғанда домбыраның тиегіне (А нүктесіне), мойнына (В нүктесіне) және құлағына (С нүктесіне) қандай бөлшектер сәйкес келеді? А, В және С нүктелерін координаталарымен жазыңдар. Домбыраның басы тиегінен қандай қашықтықта?
Рефлексия:
- Мен осы сабақта не білдім ......
- Осы сабақта алған білімдерімді қайда қолданамын.....
- Сабақтан кейінгі менің көңіл-күйім (смайликпен таңдау)