Информатика пәнінен
5-сыныптар бойынша
күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау
«Қаралды»
Жаратылыстану-математикалық пәндер бірлестігінің
№1 отырысында қаралды ӘБ жетекшісі
________
«____» ________ 2017ж Пән мұғалімі: Ахметжанова Асель Адылгазыевна
Алматы, 2017 жыл
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМБС-2016);
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 23 қарашадағы № 668 бұйрығымен бекітілген жалпы білім беретін пәндердің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 4 сәуірдегі №150 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
«Информатика» пәнін оқыту мақсаты – оқушыларды қазіргі заманауи технологиялармен тиімді жұмыс істеу үшін базалық білім, білік және дағдымен қамтамасыз ету болып табылады.
«Информатика» оқу пәнін меңгеруде жүзеге асатын маңызды міндеттер:оқушыларда ақпараттық процесстердің қоғамдағы ролінің түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын қалыптастыру;оқушылардың ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді қолдануларына әрекет ету;оқушыларды жүйелерді талдауға, шешімдерді, программалық қосымшаларды жасауға, оларды дамытып жетілдіруге, сонымен қатар, өздерінің өнімдерін бағалауға мүмкіндік бере отырып, олардың компьютермен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету;талдау, абстракция, модельдеу мен программалау арқылы оқушыларға әр түрлі тапсырмаларды шешуді үйрету;оқушыларда логикалық, алгоритмдік, сонымен қатар, жалпылау мен үйлестік, тапсырмаларды құрамдас бөлікке ажырату мен ортақ заңдылықтарды бөлу, қойылған тапсырмаларды шешуге тиімді және рационалды тәсілдер табу мүмкіндіктерін қосатын есептік ойлауды дамыту;оқушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы ережелерді ұстану және жеке тұлға мен бүкіл қазақстандық әлеуметтің мүддесін көздеу;оқушылардың ғылыми тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуға септік жасау.
Информатиканы оқыту білім алушылардың келесі ережелерді білуіне бағытталған:информатика курсын оқу кезінде алынған есептік ойлау мен модельдеудің дағдыларын әр түрлі жағдайларда қолданыла алатынын;жүйелер абстракциялардың, алгоритмдердің және программалаудың көмегімен моделденетінін;информатика курсынан алынған білімді қолдану ғылым, техника, медицина, білім беру мен мәдениеттің дамуына негізгі әсер ететінін;программалау дағдыларын қолдану ағымдағы іс-әрекетті жетілдіре алатын және жаңа идеялардың пайда болуына мүмкіндік жасайтын қосымшалар жасауға септігін тигізетінін түсінеді.
«Информатика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5 сыныпта – аптасына 1 сағатты, оқу жылында 34 сағатты;
Оқу пәнінің мазмұны бағдарламаның пән бойынша оқыту бөлімдерінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерге бөлінген. Бөлімшелер күтілетін нәтиже, яғни дағды немесе білік, білім немесе түсінік түрінде оқыту мақсаттарын қамтиды.
Оқыту мақсаттары мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және оқушыны бағалауға, сонымен қатар оларды әрі қарай оқыту кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.
«Информатика» пәні бойынша бағдарламаның мазмұны 4 бөлімді қамтиды.
Оқу мақсаттарының жүйесі: Оқу мақсаттарының жүйесі бөлім бойынша әр сыныпқа бөлінген.Бағдарламада «оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сандар бөлім және бөлімше ретін, төртінші сан бөлімшедегі оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 7.2.1.4. кодында «7» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
«Информатика» пәні бойынша күнтізбелік тақырыптық жоспар
5 сынып
жылына 34 с. аптасына 1 с.
№
| Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері | Тақырыптар/ Ұзақ мерзімді жоспардың мазмұны | Оқу мақсаттары | Сағат саны | Күні | Үй тапсырмасы | Түзетулер |
1 тоқсан | |||||||
1
| 5.1А Компьютер және қауіпсіздік (2 с) | Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады? | 5.4.1.1 - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау | 1 | |
| |
Компьютерде қандай маңызды құрылғылар бар? | 5.1.1.1- процессор мен қатты дискінің қызметін қарапайым деңгейде түсіндіру | 1 | |
| | ||
2 | Интернеттегі қауіпсіздік (6с) | Бүкіләлемдік интернет желісі | 5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау | 1 |
|
|
|
Файл және бумамен жұмыс | 5.4.2.1- біреудің жұмысын көшіріп алудың заңсыздығын талқылау | 1 |
|
|
| ||
Компьтер құрылғыларының бір орталықтан басқарылуы | 5.1.3.1 - ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу | 1 |
|
|
| ||
Компьютердегі деректеріңізді қалай қорғауға болады? | 5.4.2.2 -құжатқа құпиясөз орнату | 2 |
|
|
| ||
«Әлемді өзгерткен жаңалықтар» мини-жобасы | 5.4.2.2- құжатқа құпиясөз орнату 5.1.3.1 - ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу |
1 |
|
|
| ||
2 тоқсан | |||||||
3 | 5.2 А Ақпарат және оны өңдеу (5с) | Біздің айналамыздағы ақпарат | 5.2.1.1- әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету | 1 |
|
|
|
Ақпараттың өлшем бірліктері | 5.2.1.1- әртүрлі ақпаратты атап шығу және көрсету | 1 |
|
|
| ||
Программалық жабдықтама | 5.1.2.1 -«программалық қамтамасыз ету» ұғымын түсіндіру | 2 |
|
|
| ||
«Растрлық кескіндерді құру және құру және өңдеу» жобалық жұмысы | 5.2.2.2 -растрлық кескіндерді құру және өңдеу | 1 |
|
|
| ||
3 тоқсан | |||||||
4 | 5.3 А Біздің өміріміздегі алгоритмдер (6с) | Алгоритм ұғымы. Алгоритм түрлері | 5.3.2.1 -алгоритм анықтамасын тұжырымдау
| 2 |
|
|
|
Орындаушылар және олардың командалар жүйесі | 5.3.2.3 -орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру | 1 |
|
|
| ||
Алгоритмді сөз түрінде ұсыну | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну | 1 |
|
|
| ||
Лабиринт, виртуалды лабиринт. Лабиринттен шығу алгоритмдерін құру | 5.3.2.3 - орындаушыларға және олардың командалар жүйесіне мысал келтіру 5.3.2.2 - алгоритмді сөз түрінде ұсыну | 2 |
|
|
| ||
5 | 5.3 В Талқылау және программалау (11с) | Менің алғашқы программам | 5.3.2.2 - алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
|
Scratch ойын программалау ортасы | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну
| 1 |
|
|
| ||
Scratch ойын программалау ортасындағы блоктар | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну
| 2 |
|
|
| ||
Анимациялық графиканы құру | 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
| ||
Ойын программалау ортасында нысандар мен оқиғалардың анимациясын құру | 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
| ||
Жобаға дыбыс әсерлерін қосу | 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
| ||
Ойын программалау ортасында диалог құру | 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
| ||
Сызықтық, тармақталған және циклдік командаларды ойын программалау ортасында қолдану | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 2 |
|
|
| ||
Жаңа нысан және костюм құру | 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch)
| 1 |
|
|
| ||
4 тоқсан | |||||||
6 | 5.4 А Жобаны құру және оны ұсыну (4с) | Практикум.Анимация құру | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар анимациясын мен оқиғалардың құру 5.3.3.1- тармақталу және цикл командаларын ойын ортасындағы программалау кезеңінде қолдану (Лого, Scratch) | 1 |
|
|
|
Практикум. Нысан құру және костюм ауыстыру | 5.3.2.2- алгоритмді сөз түрінде ұсыну 5.3.3.1- ойын ортасындағы программалау кезеңінде (Лого, Scratch) нысандар анимациясын мен оқиғалардың құру | 1 |
|
|
| ||
«Құжатты баспаға дайындау» жобалық жұмысы | 5.2.2.1- құжатты баспаға дайындау (парақ өлшемдерін өзгерту, бет өлшемдерін қою, алдын ала көру және тағы басқа) 5.4.2.2 -құжатқа құпиясөз орнату | 1 |
|
|
| ||
Жобаның презентациясы | 5.1.3.1 -ортақ қолжетімді файлдарды орналастыру, өзгерту, жүктеу | 1 |
|
|
| ||
| Барлығы: | 34 сағат |
|
|
|
|
|