Тақырыбы:«Ана – аса қымбатты жан»
Мақсаты: -мерекелік көңіл-күйін құру;
-ән және қозғалыс орындаушылық дағдыларын қалыптастыру;
-балалардың назарын жалпы әрекетте қатысу тілегін қалыптастыруға эмоциялық қабылдауын ынталандыру;
-өзінің жақын адамдарын қуанта білуге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Тәрбиеші: - Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймыз! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке! Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, әжелерімізге арналған «Көбелектер» тобының бүлдіршіндерінің ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Барлық балалар хормен: Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!
Тәрбиеші:
Той пердесін ашайық,
Тойға шашу шашайық.
Аналарды құрметтеп,
Ән маржанын шашайық.
Ән:«Менің анам алтын»
Тәрбиеші: - «Ананың әрбір сөзі жылылыққа толы. Ананың көз нұры тастай мұзы да жібітеді»- демекші, балаларымыздың аналарына арнаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!
Тәрбиеші:
Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,
Жылытар жүрегіңді көз көп дейін
Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге
Қол соғып қарсы алайық «Қыздар биін»
Би: «Мы звезды»
Тәрбиеші: -Балалар туған күнде, мерекелерде аналарымыз дастарханға қандай тәтті тағамдар салады.
-Дұрыс айтасыңдар, кәмпитті балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Кәмпитсіз дастарханның сәні кірмейді. (әсем әуенмен залға «Кәмпит –Ханшайым» кіреді)
-Кәмпит-Ханшайым: (кіріп билейді)
Мен тәттімін,
Балалардың сүйікті дәмімін,
Мерекенің сәнімін,
Дастарханның әрімін.
-Сәлеметсіңдер ме, балалар, мені таныдыңдар ма? Мен, «Кәмпит-Ханшайыммын»
Балалар сендер өнерлеріңмен, білімдеріңді, үлгілі тәртіптеріңді көрсетіңдер.Ол үшін менің мына ыдыстағы үлкен кәмпиттер бар, онда әртүрлі тапсырмалар берілген. Сол тапсырмаларды ашып орындасақ қайтеді. Тапсырмаларды түгелдей орындасаңдар мереке соңында әкелген сыйлығымды үлестіремін. ( бір балаға ыдыстығы кәмпитті аштырады, тапсырманы барлық бала орындайды)
Тәрбиеші: -Расында да, бізге тәтті «Кәмпит-Ханшайым» қонаққа келіпті. Қараңдаршы, кәмпиттері көп екен, тәтті десе тәтті екен. Қане өнерімізді көрсетейік, тапсырмаларды орындайық.
1- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Кім жылдам» ( аналар ұлдарымен кім жылдам кеймдерді жіпке жаяды)
Ойын жарыс түрінде өтеді. Ұлдарымыздың аналары ортаға шығып сайысқа түседі.
2- Кәмпиттегі тапсырма :
Би: «Ұлдармен қыздардың биі»
Тәрбиеші:- Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» - деп бекер айтылмаған. Келесі әніміз сіздерге арналады құрметті әжелер.Ән: «Әже»
Тәрбиеші: -«Кәмпит-Ханшайым», енді сіз біздің балаларымыздың аналарына дайындап келген тақпақтарын тыңдаңызшы.
3- кәмпиттегі тапсырма:
Ойын: «Шаштараз» (аналары мен қыздары)
Кәмпит-Ханшайым: -Балалар, сендер бүгін менің тапсырмаларымды өте жақсы орындап шықтыңдар. Сендерге көп-көп рахмет айтамын. Өздерің өнерлі, әдемі, тәртіпті екенсіңдер, мен сендерге ризамын. Енді мына қолымдағы ыдысты тәрбиеші апайларыңа беремін. Сендерге әкелген көптеген әртүрлі кәмпиттерім бар. Соны сыйлыққа бергім келіп тұр. Мен енді сендермен қоштасайын, басқа да балабақшада мерекелер болып жатыр соған барайын. (Кәмпит-Ханшайым балалармен қоштасып шығып кетеді)
Жүргізуші:Біздің тобымыздың орындауындағы әсем әнді қабыл алыңыздар
«Анашым кәртәймашы»
Тәрбиеші:
Мерекені қарсы алып,
Мәз болғанда барша жұрт,
Гүл ұсынып қыздарға,
Сыйлық бердім мен өзім - дей отырып ұлдарымыздың қыздарға арналған сыйлықтарын табыс етуге рұқсат етіңіздер.
Тәрбиеші:
Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым
Ұзақ өмір жүз жасап
Ауырмашы анашым!
Бәріміздің де анамыз бар, әжеміз, әпкеміз бар, қарындастарымыз бар. Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр баланың өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен, соны табыс етсін!
Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа
Осымен кешімізді аяқтайық
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі «Ана – аса қымбат жан!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!
Балалар хормен: «Анамызға мың алғыс, баршаңызға мың алғыс!»
Ауыл сайысы
Жүргізуші:Наурыз тойын жұп жазбай
Қошеметпен қарсы алайық!
Досқа құшақ ашайық,
Өлең жырға басайық
Қазақтың бір салты деп тойға шашу шашайық
Наурыз келсе,
Құт келгені халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
Наурыз - шығыс халықтарының жаңа жыл мейрамы. Наурыз - дүниенің ғарыштық
сипатын, адам мен ғарыштың ортақ тегін білдіретін мейрам. Олай болса, бүгінгі
мерекеге байланысты ауылдар арасындағы сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ортаға ауылдарымызды шақырамыз!
Әділдікпен баға берер ауылдарға Әділдікпен қара қылды жаруға.
Әділқазы алқаларын шақырып
Жүзден жүйрік ауылды
Таңдап бүгін алайық.
Ал, енді, ауылдарымызға әділ баға беретін әділ - қазыларымен таныс
болыңыздар:
Жүргізуші:
Той деп бүгін көңіл тасиды,
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Арамызда, бүгін солар сайыстың
Сөзден жүйрік, жыршы бетін ашады.
Енді ауылдарымызды сайыстың өтілу барысымен таныстырып өтейік:
1сайыс: «Жеті атасын білген ер, Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.
2 сайыс:Айтысу
3 сайыс: «Ата мұраң - асыл қазынаң» - салт дәстүрден көрініс. (1 кіші Б быТұсаукесер,1 кіші А тобы Сәукеле кигізу, 2 кіші топ Құйрық бауыр,Ортаңғы топ Сыңсу)
4 сайыс:Өз өнерін көрсету
5 сайы: «Ас - адамның арқауы» дастарханды қорғау
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғатта тамаша,
Тамылжып тұр тамаша.
Тамылжып тұр жараса,
Наурыз тойы салтанат,
Наурыз тойы мархабат.
Әр жүректен ән тарап,
Шаттанады шартарап.- дей келе бүгінгі жарысымыздың бірінші кезеңін бастайық.
1- кезең: Жеті жұрттың қамын жер»- өзін - өзі таныстыру.
Жүргізуші:
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы – мереке.
Наурыз тойы – жыр – аңыз,
Қызық думан құрамыз-дей келе екінші сайысымызға көшеміз
2 кезең Айтысу
Думандатып би билеп
Ән мен күйді төгілдіріп
Інжу – маржан шашайық
Жиналған жұрт таң қалсын
Өнерден күмбез жасайық-дей келе сайысымыздың 4 кезеңі Өзөнері
5 сайыс: «Ас адамның арқауы» дегендей сайысымыздың соңғы кезеңі дастархан қорғау
Жүргізуші: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады демекші, бүгінгі сайысымыз да
аяқталып келеді. Сіздер бүгінгі ауылдарымыздың өнерлі екенін байқадыңыздар.
Ұлтымыздың әр сөзі,
Асып жатыр кәдеге.
Ауылдардың жарысы,
Келіп жетті мәреге -дей келе әділқазылар сөз кезегі сіздерде.
Жүргізуші:осымен наурыз мейрамына арналған ауылдар арасындағы жарысымыз аяқталды. Мына
Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін! Ұлыс оң болсын! Қош сау болыңыздар!