Меню
Разработки

Ұлттық дүниетаным

Ұлттық дүниетаным.

Бүгінгі танда ұлттың мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, әдеп – ғұрыптың, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Әрбір жас ұрпақ өзінің отбасынан алған тәрбиесін ары қарай жетілдіруіне, жан-жақты болып өсуіне, өзінің келешегіне көз жеткізуіне мүмкіндіктерін ұлттық болашақ пен тағдырға байланыстыра білу. Ұлттың болашақ пен тағдырды толық менгеру үшін баланы балабақша мен мектеп алды даярлықты ұйымдастыруда пән ретінде ұлттық дүниетанымды қосымша енгізіп тәрбиелеудің маңызы өте зор. Мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, ұмыт болған ұлттық ұғымдарды қайта жаңғырту.

Алынатын тақырыптар баланың өмірге көз қарасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, эстектиқалық талғамдарын өсіру, ұлттың түрлі ырым тыйымдар негізінде тәрбиелік мәні бар. Қазақ халқының тарихи тегі, үлкендерді құрметтеу, кішілерге ізет көрсету, әдепті болу, туыстық жүз туралы, жеті атаны тану, білу, бірлікке, елдікке тәрбиелеу өмір қажеттігіне, танымдық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заман талабына қарай әр жас бүлдіршін бала өзіне көңіл бөлу, өзін тану, өзіне баға беру, өзін құрметтей білуге үлкен мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндіктерді өз уақытында, жас ерекшелігіне қарай түсіндіре отырып, өзіне сенуге талпындыру ұстаз міндеті.

Ұрпақ тәрбиесінің ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Ақыл – өсиет сөздер, ырым, тыйым сөздерің баланың санасына кіріп, ой қалауына қажетті жағдай,қазіргі ғылыми-техниқалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі - компьютер дәуірінде өмір сүріп жатуы айқын дәлел. Бірақ бір нәрсе жетіспейтіндей. Ол - рух қассиеттігі, рухани азық. Әрбір халықтың рухани азығының көзі, бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері, ұлттық дүниетанымы болып табылады.

Адам өмірінің «алтын бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Әдептілік, имандылық, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білуі үшін, әрбір тәрбиеші ұстаз халық педагогиқасын, сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды жан- жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт.

Ол рухани - адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің, тәрбиелеудің барлық кезендерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, өзіне баға бере алатын, мінез - құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін балаларда жас кезінен бастап ең манызды адамдық саналарды - адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.

Ежелгі қалықтардың туған топырақ, ата - мекен, табиғат, жан – жануарлар туралы ұғым түсініктері, таным талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Өмірден туындап, ғасырлар бойы сақталып келген ырымдар мен тыйым сөздер де бірнеше даму сатысынан өткен наным сенімдердің бірі болса керек.

Ырымдар мен тыйым сөздер халқымыздың айналаны қоршаған орта, табиғат, өзара қарым – қатынас туралы өмірдің өзінең түйіндеген пайымдаулары мен қағидаларың, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші болып табылады, сондықтан жас бүлдіршіндерді жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рахымшылдық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелеу керек.

Ырымдар мен тиым сөздерді мазмұны мен мақсатына карай;

- тұрмыстық - шаруашылыққа, енбекке баулу;

- мәдени - гигиеналық машығын қалыптастыру;

- экологиялық тәрбие беру;

- әдеп мәдениетіне тәрбиелеу;

- қауіптен сақтандыру, жіктеп, қазақ халқы өз ұл – қыздарының оғаш та, осал қылықтарын сынап, тыйып, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған.

22.02.2018

Содержимое разработки

Ұлттық дүниетаным.


Бүгінгі танда ұлттың мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, әдеп – ғұрыптың, дәстүр, салттың тағдыры мен болашағы мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. Әрбір жас ұрпақ өзінің отбасынан алған тәрбиесін ары қарай жетілдіруіне, жан-жақты болып өсуіне, өзінің келешегіне көз жеткізуіне мүмкіндіктерін ұлттық болашақ пен тағдырға байланыстыра білу. Ұлттың болашақ пен тағдырды толық менгеру үшін баланы балабақша мен мектеп алды даярлықты ұйымдастыруда пән ретінде ұлттық дүниетанымды қосымша енгізіп тәрбиелеудің маңызы өте зор. Мақсаты: баланың дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін жетілдіру, ұмыт болған ұлттық ұғымдарды қайта жаңғырту.

Алынатын тақырыптар баланың өмірге көз қарасын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, эстектиқалық талғамдарын өсіру, ұлттың түрлі ырым тыйымдар негізінде тәрбиелік мәні бар. Қазақ халқының тарихи тегі, үлкендерді құрметтеу, кішілерге ізет көрсету, әдепті болу, туыстық жүз туралы, жеті атаны тану, білу, бірлікке, елдікке тәрбиелеу өмір қажеттігіне, танымдық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

Қазіргі заман талабына қарай әр жас бүлдіршін бала өзіне көңіл бөлу, өзін тану, өзіне баға беру, өзін құрметтей білуге үлкен мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндіктерді өз уақытында, жас ерекшелігіне қарай түсіндіре отырып, өзіне сенуге талпындыру ұстаз міндеті.

Ұрпақ тәрбиесінің ежелден келе жатқан халықтық әдістерінің бірі балаға ақыл – өсиет айту және сөз арқылы баланың көзін жеткізе отырып, сенімін арттыру. Ақыл – өсиет сөздер, ырым, тыйым сөздерің баланың санасына кіріп, ой қалауына қажетті жағдай ,қазіргі ғылыми-техниқалық дамудың шарықтап тұрған кезеңі - компьютер дәуірінде өмір сүріп жатуы айқын дәлел. Бірақ бір нәрсе жетіспейтіндей. Ол - рух қассиеттігі, рухани азық. Әрбір халықтың рухани азығының көзі, бұлағы оның халықтық педагогикасы мен ұлттық салт-дәстүрлері, ұлттық дүниетанымы болып табылады.

Адам өмірінің «алтын бесігі» - мектептің есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір заңдылықтарын үйренеді.

Әдептілік, имандылық, қонақжайлылық құндылықтары қалыптасқан халқымыздың осы асыл да абыройлы қасиеттерін жас ұрпақтың ақыл - парасатына азық ете білуі үшін, әрбір тәрбиеші ұстаз халық педагогиқасын , сан ғасырларда қалыптасқан салт - дәстүрлерді, әдет – ғұрыптарды жан- жақты терең білумен қатар, өзінің бойына адамдық құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы шарт.

Ол рухани - адамгершілік тағылымдарды өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің, тәрбиелеудің барлық кезендерінде негізге алған жөн. Сонда ғана өзінің міндетін айқын сезіне білетін, өзіне баға бере алатын, мінез - құлқы жетілген саналы адам қалыптасады. Өзінің шынайы міндетіне жауап беру үшін балаларда жас кезінен бастап ең манызды адамдық саналарды - адамгершілікті, сүюді, аяушылықты, төзімділікті, имандылықты, әдептілікті, мейірбандылықты, шыншылдықты және басқа асыл қасиеттерді дамыту керек.

Ежелгі қалықтардың туған топырақ, ата - мекен, табиғат, жан – жануарлар туралы ұғым түсініктері, таным талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Өмірден туындап, ғасырлар бойы сақталып келген ырымдар мен тыйым сөздер де бірнеше даму сатысынан өткен наным сенімдердің бірі болса керек.

Ырымдар мен тыйым сөздер халқымыздың айналаны қоршаған орта, табиғат, өзара қарым – қатынас туралы өмірдің өзінең түйіндеген пайымдаулары мен қағидаларың, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының көрсеткіші болып табылады, сондықтан жас бүлдіршіндерді жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рахымшылдық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелеу керек.

Ырымдар мен тиым сөздерді мазмұны мен мақсатына карай;

- тұрмыстық - шаруашылыққа, енбекке баулу;

- мәдени - гигиеналық машығын қалыптастыру;

- экологиялық тәрбие беру;

- әдеп мәдениетіне тәрбиелеу;

- қауіптен сақтандыру, жіктеп, қазақ халқы өз ұл – қыздарының оғаш та, осал қылықтарын сынап, тыйып, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған.

Ырымар мен тыйым сөздер баланы ағаттық жасаудаң, қауіптен сақтандырып, ақыл айтып, адамгершілік қасиетке тәрбиелейді. Ырым, тыйым сөздерді белгілі бір жағдайға байланысты, сабақтың тақырыбы мен мазмұнына, тәрбие жұмыстарының мақсатына бейімдей отырып, пaйдалану керек. Ырым, тыйым сөздерді баланың құлағына жанұядан, балабақшадан сіңіре берген жөн.

Әрбір халықтын тарихи дамуында ғасырлар бойы қалыптасқан әдет – ғұрпы, салт - дәстүрлері бар. Дәстүрлердің бәрі халықтың тіршілік бейнесін, тұрмыс - салтын, мінез - құлық ерекшеліктерін білдіретін тұрақты қалып. Хлықтың сана - сезімі мен ұлттық дуниетанымын, жан дүниесінің, сыр - сипатын, психологиялық ерекшеліктерін айқын көрсететін тұрақты қасиеттер әдеп ғұрпы, салт - дәстүр.

Әдет - ғұрыптар жеткіншек ұрпақты ұлттық салт - дәстүрлердің тарихи даму ерекшеліктерімен таныстыра отырып, олардың сана – сезімін, дуниетанымдық шеңберін өрістетуді жүзеге асыруда үлкен көмегін тигізеді.

Ұлттық дүниетаным таңдау пәнінде алынған тақырыптар; бала тәрбиелеу дәстүрлері, жетілік ұғым, әдептілік, төрт түлік мал, ұмыт болғат қазақша ұзындық өлшемдері әр баланың ұлттық дүниетанымын кеңейтуге мүмкіндік туғызады. Сондықтан ұлттық тарихымызда ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан салт - дәстүрімізді кеңінен пайдаланып, оқу - тәрбие ісіне кеңінен ақау ету - бүгінгі күннің өзекті міндеті.

Қазақ елінің дәстүрі бойынша да таныс, бейтаныстығына қарамай, жасы кішінің үлкенге бірінші болып сәлем беруі - міндет. Біз өзіміздің ұлттық рухымызды тіктеп, халықтық негіздерін бетбұрыс жасап отырған қазіргі кезде ұсақ - түйекті санамай, әдептілік, имандылық негізі болып табылатын дидарласу әдебіне; жасы үлкендерге, көпшілікке, отырғандарға сәлем беру салтымызды отбасында, балабақша, орта және жоғарғы оқу орындарында қайта жаңғыртуымыз, қалпына келтіруіміз керек.

Дәстүрін ел - жұртымның ардақтаймын,

Ежелгі ата - баба салтын құрып.

Халық өлеңі.



ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ

Таңдау пәні

Күнтізбелік жоспар

(аптасына 1,5 сағат, барлығы 48 сағат)


р\с

Тақырыбы

Сағат саны

Мен кіммін ...

2

Сәлемдесу

3

Қазақтың ырымдары

2

Әдептілік әліппесі

2

Қазақтың тыйымдары

2

Үлкенді құрметтеу

2

Өзара әдепті болу

2

Жеті ата

2

Жетілік ұғым

2

Жеті қазына

2

Төрт түлік мал

2

Төрт құдірет

2

Балаға ат қою

2

Бесікке салу

3

Баланы қырқынан шығару

2

Тұсау кесу

2

Қонақ келсе құт

2

Сүндет той

2

Наурыз жыл басы

3

Тілашар

2

Қазақша ұзындық өлшемдер

2

Жақындық қарым-қатынас. Үш жұрт.

2

Қайталау

1


Барлығы

48







Тақырыбы: Мен кіммін . . .

Мақсаты:- бала өзінің кім екеніне көңіл бөлуіне ықпал ету;

  • отбасы мүшелерімен тығыз байланыста болуға баулу;

  • өзін және өзгені сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру

Әр баладан аттарын сұрай отырып, өзінің кім екеніне көңіл бөлуге жағдай туғызу.

Мен кіммін? - мен – адаммын

  • мен – баламын (ұл баламын,қыз баламын)

  • мен – немеремін

  • мен – шөберемін

  • мен – ата-анамның сүйікті баласымын

  • мен – оқушымын

  • мен – қазақпын

  • мен – өз Отанымның азаматымын, осы ұғымдарды қайталату, жаттату.

Сұрақ – жауап әдісі арқылы әр баланы әңгімеге тарту арқылы, отбасы мүшелерімен қарым – қатынастарын байқау.

Өзіңді өзің құрметтесең,сені басқалар да құрметтейді, (түсіндіру)

Мен жас ұлан, ұланмын,

Көкке самғар қыранмын.

Ата –анамның үмітін,

Ақтайтындай боламын.

Өлеңді түсіндіру, қайталату әдісімен жаттату.

Сергіту

Шынықтырып денені

Тісін жуып, тазалап.

Мектебіне келеді.

Міне нағыз азамат.

Орамалы қалтада,

Үсті басы тап-таза.

Отырады партада,

Міне нағыз азамат.

(қимылды жаттығулар жасау)

Сурет салғызу.Өзін және ата-анасының,басқа жанұя мүшесінің суретін салу. Баланың өзіне берген бағасын анықтау.

Екінші сабақта өлеңді жаттату,тақырыпты қайталау.












Тақырыбы. Сәлемдесу.

Мақсаты: - адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор игілігі – сәлемдесу екенін түсіндіру.

  • сәлемдесу түрлерімен таныстырып, үйрету.

  • сәлем сөздің басы екенін ескерте отырып, сәлемдесуге тәрбиелеу.

Ұйымдастыру: Сәлемдесуден бастау.

Сынып бөлмесінде отырғанда кірген адамға қалай сәлем беру керек екенін түсіндіру, үйрету «Ұстаз кіріп – шығып үйретеді, балалар орындарынан тұрады».

Мақал мәтелді түсіндіру; «Сәлем – сөздің анасы», «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді».

Әдеп, адамшылық – амандасаудан басталады. Адамдар бір біріне жылы шырай, мейір мен пейіл көрсетуінде, достықты, өзара жақындастырып бейнелеуде аса зор маңызы бар екенін түсіндіру.

Сәлемдесу түрлерімен таныстыру.

  • Ер балалар «Ассалаумағалейкум» мағынасы (Сізге тыныштық тілеймін дегенді білдіреді). Оған жауап.

  • «Уағалайкумассалам» деп амандасады. (Сізге де соны тілеймін)


Сергіту: Бір,екі үш оңға

Бір, екі, үш солға,

Оңға қарап, «Сәлем»

Солға қарап, «Сәлем» дейміз, сәлем.

  • Қыз балалар сәлемдескенде сәлеметсіз бе?, амансыз ба? деп бас изеп ізет көрсетеді.

  • Ұлдарды ұлдармен, қыздарды қыздармен сәлемдестіру (көрсетеді).


Тапсырма: Үйге кіргенде үнемі сәлемдесу, далада кездескен үлкендерге сәлем беріп жүру.

Екінші сабақта сәлемдесу түрлерін қайталау,ойын ойнату.


















Тақырыбы: Қазақтың ырымдары.

Мақсаты: - ырым сөздер халқымыздың айналаны қоршаған орта, табиғат, өзара қарым – қатынас туралы өмірдің өрінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары екенін түсіндіру.

-ырым сөздерді есітеріне сақтап ұғым түсініктеріне назар аударуға баулау.

-ырым сөздердің мазмұнын жетік түсінуге тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру.

Қазіргі мекен – тұрағымыз, жеріміз апат аймағына айналып, экологиялық сырқатымыз асқынып отырған кезеңде ата – бабаларымыздың мың жылдық тәжірибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән мағынасына ой жүгіртіп көрейік. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелеу.

Халқымыз «көкті жұлма», «судың да сұрауы бар» «аққу киелі құс-деп ырым дап, барлық жағдайда рақымшыл болған.

Ырым сөздерді түсіндіру.

Нан үстінде басқа зат қойма.

Нанды бір қолыңмен үзбе.

Нанды аяққа баспа.

Нанды лақтырма.

Сергіту: Нан қоқымын шашпа.

Жерде жатса баспа

Теріп алып қастерлеп,

Торғайларға таста.

Хормен қайталау.

Көкті жұлма

Жалғыз ағашты жұлма

Шелектегі суға аузыңды батырма

Саусағыңды ауызыңа салма

Басынды шайқама

Қолыңды төбеңе қойма.

Бас киіммен ойнама

Өзіңді құшақтама

Екі езуіңді керме

Үлкеннің алдын кесіп өтпе

Есікті керме

Адамды айналма

Адамға қарай түкірме

Кемтар адамға күлме

Жерге түкірме

Ырым сөздердің мағынасын түсіндіру, көрсету барысында есте сақтауға машықтандыру.

Келесі сабақта қайталау. Жатқа айту.


Тақырыбы: Әдептілік әліппесі

Мақсаты: балаларды әдепті болуға баулу.

  • әдеп ,әдептілік сөздерінің мағынасын жете түсініп ,өмірде қажеттіліктеріне пайдалана білу туралы түсіндіру.

  • әдепті болуға тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру.

Сабаққа дайындықтарын байқау. Өткен тақырыптан ұққан, түйгендерін қайталап еске түсіру. Әдепті бала – қандай бала? Сұраққа жауап алу, балалар өз ой – пікірлерін айтады.

Әңгіме: Әдептілік әліппесі.

Баяғы заман даналарының; «Тіпті күш арқылы жете алмайтын жеңіске әдептіліктің арқасында жетуге болады. Қайда барса да құрметпен қарсы алынатын адам - әдепті адам» - деулерінде өмір шындығы жатыр.

Әдеп – діннің жаршысы. Әдепті кісіде ұят бар, ұяты бар кісіде иман бар. Әрбір жеткіншек ұрпақ ең алдымен, туған халқының әдеп – инабаттылығын бойына сіңіріп өсуі тиіс.

Сергіту: Балалар орындарынан тұрып, жаттығу жасайды.

Оң жақ, сол жақ

Оң аяқ, сол аяқ

Оңға сәлем, солға сәлем

Бас изейміз баршаға.

Әдептілік ережесімен таныстыру.

Арлы бол,ақылды бол, адал бол.

Үлкенге инабатты, кішіге рақымды бол

Жалған сөйлеме, өтірік, өсек айтпа, қыз қылығымен сүйкімді.

Қызға қатты күлуге қажеті жоқ, оның жымиғаны да жетеді.

Қыз баланың сүйреңдеп көп сөйлемегені жөн.

Пайдасыз іске уақытыңды кетірме!

Барынша сабырлы, әдепті бол.

Мағынасын түсіндіру, есте сақтау, қайталау тапсырылады.

















Тақырыбы: Қазақтың тыйымдары.

Мақсаты: - тыйым сөздермен балаларды таныстыра отырып, өсиет ретінде есінде сақтауға баулу.

  • Тыйым сөздерді өмір қажеттігі деп ұғынуға бағыттау.

  • Тыйым сөздер мағынасына терең үңіле білуге тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру.

Балалардың көңіл – күйінің қандай жағдайда екенін байқау, сабаққа дайындау. Өткен сабақтағы ырым, тыйым сөздерді қайталап еске түсіру.

Ата – бабамыз «Тал кескенше қолыңды кес», «Қарағай кессең қайғырып қаласың» деп өсіп тұрған ағашты кескізбеген. «Ағын судың арамы жоқ» - деп суға дәрет сындырмаған, «судың да сұрағы бар» деп ағын суды бұрғызбаған.

«Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстың ұясын «бұздырмаған», «бетіңе шұбар түседі» деп құстың жұмыртқасын жарғызбаған. Қарлығаш киелі құс деп, егер қазақ үйдің шаңырағына ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

Малды тепкізбеген «қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбасын» деген, құты қашады деп, малдың басына ұрғызбаған.

«Бақаны өлтірсең жаңбыр жауады» деп бақаны өлтіртпеген.

Сергіту: Қарлығаш боп ұшайық

Ұшып – ұшып алайық

Қайта келіп ұяға

Ұшып келіп қонайық

Хормен қайталау:

Таспен атып торғайды

Ұя бұзған оңбайды

Құс өкпелеп қалады

Бақшамызға қонбайды.

Түсіндіру:

Суға дәрет сындырма.

Үлкеннің алдын кесіп өтпе.

Отпен ойнама.

Оттан аттама.

Пышақты шалқасынан қойма

Пышақтың жүзін жалама.

Үйде ысқырма.













Тақырыбы: Үлкенді құрметтеу.

Мақсаты: - үлкендер туралы балаладың білімдерін толықтыра түсу.

  • отбасы үлкендерінің орындарын білуге талпыныс тудыратын пікірге баулау.

  • үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу

Барысы: Ұйымдастыру.

Балалардан отбасы туралы не білетіндерін қайталап, еске түсіру.

  • Үлкеннің алдын кесіп өтпе

  • Үлкеннің сөзіне араласпа, ырым, тыйым сөздердің мазмұнын түсіндіру, «балалардың өз білімдеріне сүйене отырып, сабақты жалғастыру».

Сергіту: Бас бармағым - атам

Балан үйрек - әжем

Ортан терек - әкем

Шылдыр шүмек - анам

Кішкене бөбек - мен – деп саусақ жаттығуын жасайды «мен» деп бала өзін көрсетеді.

Мақалды түсіндіру: «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» Үлкенді құрметтеу – адамдық қасиет. Үлкеннің айтқанын (ата , апа) балалары, немелері, туған – туыс тыңдап, орындап отырған, үлкендерде басқаға үлгі болардай, өз сөзін тыңдата алатындай өнегелі болған. Балаларға үлкен кім, кіші кім екенін түсіндіріп айту.


Сергіту: Балақай. Бала, бала, балақай,

Қане ,қайсы алақан?

Саусақтары әйбәт,

Былай,былай ойнап.


Үйдегі үлкен кім? Сұраққа жауап алу.

Келесі сабақта қайталау. Үлкендердің суретін салу. Ойын ойнату.
















Тақырыбы: Өзара әдепті болу.

Мақсаты: - әдептілік, әдепті болу туралы пікір қалыптастыру.

  • өзара әдепті болуға баулу.

  • әдептілікке тәрбиелеу.

Барысы: Ұйымдастыру.

Өткен тақырыптағы үлкенді сыйлау әдептіліктің белгісі екенін балалардан сұрақ – жауап арқылы сұрай отырып, толықтыру.


Көрініс: Үлкен адам үйге кірді. Не істеу керек? «Даладан бір оқушыны кіргізу, басқалары не істеу керек екенін айту, көрсету».

Сәлемдесу, төрге шығу,жастық беру, үйде ешкім жоқ болса, әңгімеге тарту (таныс адамға) оқушылардың ойларын тыңдау.


Сергіту: Керіліп мысық

Бізге көзін қысып

Жүгіреді жылдам

Көрінсе оған тышқан. (Орындарынан тұрып, жаттығу жасайды).


Суреттермен жұмыс. Автобустағы оқиға, қайсысы дұрыс, кім дұрыс істеді (тіл дамыту, валеология, өзара әдепті болу неден басталады, түсіндіру). Ата – ананың алдында тек әдепті бол. Ата – анамен жарысып сөйлеспе, ата – ана түрегеліп тұрса, сен отырма, үлкен кісінің, ата – анаңның айтқан өнеге сөзін тыңдап, ұғып ал, айтқанын тыңдап, жұмсаған ісін орындап, елгезек көмекші бол. Үйде істеген әдептілікті үнемі ұмытпай, жолдастарыңның арасында да, қыздармен, ұлдармен өзара әдепті бол.


Сұрақ-жауап әдісі арқылы балалармен әңгімелесу, ойларын айтқызу, қайталау, келесі сабақта жалғастыру.


















Тақырыбы: Жеті ата

Мақсаты: - болашағынан үміт арттыратын әр бала өзінің жеті атасын біліп жүруі шарт екенін түсіндіру:

  • әр бала өз жұртын , туыстарын біліп жүріп , жас бүлдіршін кезінен бастап тануға баулу.

  • жеті атасын біліп жүруге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру.

Алдын ала берілген «жеті ата» туралы дайындап келген тапсырманы талдау. Әр баланың өз біліміне сүйене отырып, сабақтың тақырыбын толықтыру «ата-ана» көмегі қажет.


Сергіту: Бас бармағым – атам. Саусақпен жаттығу жасау. «Күн» - «түн» демалыс.


Мақалды түсіндіру.

«Түбін білмеген – түгін білмейді». «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер». «Жеті атасын білмеген жетесіз». Жеті атасына дейін жазбай білетін халқымыздың айырықша қасиеті, шыққан текті зерделеп өсер ұрпақ ертеңіне ерекше мән берген.


Санамалап түсіндіру.

1 – ата;

2 - әке;

3 – бала;

4 – немере;

5 – шөбере;

6 – шөпшек;

7 – немене;

(Бала өзінен ары қарай әкесі, бабасы , сияқты жеті буындағы аталарының есімін білуі міндетті. Ру есімінен бастап сатылап, өз әкесіне, өзіне дейін тарата білуі абзал)


Хормен: Мақалды қайталап жаттау.


Үйге: Ата – аналар көмегі туралы, жеті атасының (санамалап) есімдерін жаттап келу тапсырылады.


Екінші сабақта қайталау, сұрау.










Тақырыбы: Жетілік ұғым .

Мақсаты: - жетілік ұғымның мағынасын түсіндіру.

  • жетілік ұғымдарды жадында ұстап,есте сақтауға баулу, ой-өрісін дамыту.

  • әдет – дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру.

Балалардың көңіл – күйін байқау. Берілген тапсырманы еске түсіру, қайталау. Жеті ата туралы білетіндерін қайталау, санамалап жеті атасын айтқызу


Санау: Жетіге дейін санау.

Жетілік ұғым туралы әңгімелеу.Халқымыз ата заманнан бері «жеті» санына

ерекше мән беріп, оны қасиеттілік пен сәттіліктің нышаны ретінде қарастырған.

Халқымыздың көптеген әдет – дәстүрлері осы «Жетілік» ұғымымен тікелей байланысы.


Сұрақ-жауап. Өздеріңнің жетілік ұғымға байланысты естігендерің еске түсіргендерін балалар өз білгендерін еске түсіріп айтады.


Толықтыру:Жеті - ата

Жеті - қазына

Жеті - шелпек

Жеті - күн (аптаның)

Жеті - күн санау.


  1. Ер жігіт Дүйсенбі

  2. Ақыл, білім Сейсенбі

  3. Жүйрік ат Сәрсенбі

  4. Жүйрік тазы Бейсенбі

  5. Қыран құс Жұма

  6. Берен мылтық Сенбі

  7. Қара қазан. Жексенбі


  1. Бүгін

  2. Ертең

  3. Бүрсікүн

  4. Арғыкүн

  5. Қасиетті күн

  6. Соңғы күн

  7. Азына.


Хормен: жаттау, қайталау.

Келесі сабаққа: қайталау, жатқа айту.




Тақырыбы: Жеті қазына

Мақсаты: - балаларға жеті санының киелі екенін түсіндіру.

  • жеті қазынаны жадында сақтап, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға дағдыландыру.

  • Халқымыздың әдет – дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру.

Өткен сабақтағы жетілік ұғым туралы түсініктерін қайталау, еске түсіру.


Сергіту: - Армысыз, қайырымды Аспан Ата!

  • Армысыз, мейірімді Жер – Ана!

  • Армысыз, шұғылалы Алтын – күн!

- Қуан, шаттан алақай!

- Қайырлы таң, қайырлы күн!

- Бәріміз күндей жарқырайық!

  • Бәріміз дос болайық!(хормен қайталау, сәлемдесу)


Кіріспе әңгіме. Қазақ халқы жеті санды «қасиетті киелі сан» - деп есептейді. Жеті санымен айтылатын жеті қазына олар: 1.Ер жігіт

2.Әйел «ана»

3.Ақыл, білім

4.Жүйрік ат

5.Берен мылтық

6.Қыран бүркіт

7.Жүйрік тазы «ит»


1.Ер жігіт – елімізді, жерімізді қорғайтын адам.

2.Әйел - анамыз, біздің ақылшымыз.

3.Ақыл, білім - адамзат ақылмен ойлап, біліммен толықтырып, әр нәрсені шешіп отырады.

4. Жүйрік ат – адамзат баласын барамыз деген жеріне жеткізеді. Бұрын ат болса, қазіргі кезде ол көлік.

5.Берен мылтық – мылтығың болса, аш болмайсың, аң ауласаң да күніңді көресің

6.Қыран бүркіт - құсың, мылтығың болса, ол сенің қорғаушың, асыраушың

7.Жүйрік тазы «ит» - адамның досы, көмекшісі, адамдар бұрын алыс жолға өздерімен бірге ит алып шыққан. Қорыту: жатқа айту, қайталау










Тақырыбы: Төрт түлік мал.

Мақсаты: - төрт түлік малға арналған туындылардың қазақ баласы үшін мәні ерекше екенін түсіндіру.

  • төрт түлік қасиеттерін қастерлей білуге баулу.

  • төрт түлік мал, жан – жануарларды, табиғатты сәби кезінен қорғай білуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру. Балалардың сабаққа дайындықтарын байқау.

Өткен тақырыпты еске түсіру. Жеті қазына,қайталау. Жүйрік атқа тоқталып,

үй жануары екенін анықтай әңгімелеу. (балалардың әңгімесі).


Сергіту: Балақай.

Кіріспе әңгіме. Төрт түлік малдар суреттерін көрсете отырып әңгімелеу. Сәбидің сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуіне үй жануарлар жайындағы өлең, жаңылтпаш, тақпақтар, мақал - мәтелдердің орны зор екенін ескерте айту.


Қамбар ата - Түйе атасы Түйе – төрт түліктің төресі,

Зеңгі баба - Жылқы атасы Ат - адамның қанаты,

Ойсыл қара - Сиыр атасы Ешкі мен қой момақан,

Шопан ата - Қой атасы Сиырдың үйі – айран, деп түсіндіру. Қой ,

Сексек ата - Ешкі атасы сиыр, жылқы, түйе, ешкі атаулыларға арнайы есімдер қойып, оларды дыбыстап шақырған.


Хормен жаттау.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмейтін момыным деп,

Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыда баспаған қорқағым деп,

Түйе сүйеді баласын боташым деп,

Жаудыраған көзіңнен тоташым, деп,

Ешкі сүйеді баласын лағым деп,

Тастан – тасқа секірген шұнағым деп,

Жылқы сүйеді баласын құлыным деп,

Тұлпар болып жүгірген жұрыным деп!


Мақал – мәтелдер: Басы аманның малы түгел. Қой семізі – қойшыдан.


Түйе - байлық

Қой - мырзалық

Ешкі - жеңілдік

Жылқы - сәндік

Сиыр - ақтық - түсіндіру. Төрт түлік малды қорғау туралы балалардың өз ойларын тыңдау



Тақырыбы: Төрт құдірет

Мақсаты: балаларда ұлттық сананы ояту.

- төрт құдіреттің не екенін түсіндіре отырып ой - пікірлеріне тұжырым туындату.

- төрт құдіретті: туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарихты қастерлеуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру: Сұрақ жауап. Біздің тіліміз қай тіл ? Тұратын

жеріміз? Ана тіліміз? (Балалардың өз ойларын айтқызу).


Сергіту: Бас бармағым - атам

Балан үйрек - әжем

Ортан терек - әкем

Шылдыр шүмек - анам

Кішкене бөбек - мен


Хормен қайталау.

Әр адамда өз анасынан басқа құдіретті төрт ана: туған жері, туған тілі, туған дәстүр, туған тарихы болатынын түсіндіру.

Мұхтар Шахановтың өлең жолдарын оқып, түсіндіру, балаларға хормен қайталай отырып, жаттату.

Туған жері - түп қазығы, айбыны,

Туған тілі - сатылмайтын байлығы,

Туған дәстүр, салт – санасы – тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихы.

Төрт анасын қорғамаған халықтың, ешқашанда бақ жұлдызы жанбаған

Әрбір қазаққа қажетті.

Төрт құдіретті: туған жер, туған тіл, туған дәстүр, туған тарихты білу, құрметтеу, сақтау екенін түсіндіру.


Сергіту: Балақай.

Қолға, аяққа жаттығулар жасау.


Мақал - мәтелдер:

Жақсы адам – елдің тырысы,

Жақсы жер - жанның тынысы.

Түсіндіру, жаттату.Қорыту.







Тақырыбы: Балаға ат қою .

Мақсаты:- адам баласына өмірге келгеннен кейін ат қойылатыны туралы түсіндіру.

  • қазақтың салт – дәстүріндегі ат қою рәсімдерін ұғындыра түсіп, өмірде қажеттігін сезінуге баулу.

  • Өз аттары туралы , көбірек біліп,құрметтей білуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру. Ана туралы әңгімелеу.

Бала дүниеге келу туралы, өз бөпелері туралы еске түсіру, аттарын кезекпен атау.

  • Менің атым кім? - кезекпен аттарын атау.


Сергіту: Кім жылдам. Сыныптастарының атын кезекпен атау. Шеңбер құрып тұру, өзінен бастап басқа балалардың аттарын жылдам атап шығу.


Ұстаз әңгімесі: Ат қою рәсімін білесіңдер ме ? Атты қалай қойды ?

Ат қою үлкендердің ісі. Келісіп ұнаған атты жаңа туған балаға қояды. Кейде ырымдап атасы, апасының аттарына ұйқас ат қояды. Алдыңғы балалардың аттарына ұқсатып та қояды. Атты жас балаға молдаға азан шақыртып қояды. Жас нәрестенің құлағына үш – үштен атын айқалап айтады. Нәрестеге үш күннен кейін ат қойылады.


Сергіту: Балақай.

Ата – анаға тапсырма: Баланың атын кім қойған, қандай ырымға сүйенген, кімге ұқсас етіп қойған? Әр бала ата – анасынан сұрап, келесі сабақта әңгімелеп айтып береді.


Қорыту.




















Тақырыбы: Бесікке салу. Бесік жыры.

Мақсаты: - жас нәрестені бесікке салу туралы түсіндіріп, өз білгендерін толықтыра түсу.

  • ұлттық рәсім туралы қарапайым түсінік қалыптастыру.

  • Ұлттық салт – дәстүрді құрметтей сыйластық сезімін тәрбиелеу.



Барысы: Ұйымдастыру. Өткен сабақтағы тақырыпты қайталау, еске түсіру. Аттарын кезекпен қайталау. Аттары қалай қойылғанын әңгімелеу. Балаларды әңгімеге көбірек тарту.


Сергіту: Балақай .

Кіріспе әңгіме. Жаңа туған нәрестені бесікке салғанын көргендерің барма?

Пікірлесу.

Бесікке бөлеу.

Мойнымдағы тұмарым,

Тарқамайтын құмарым.

Тағдыр берген алсын деп,

Ақ бесікке салсын деп.

Мойнымдағы маржаным

Қорадағы мал - жаным

Бесігіңе жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Кіндігі түскен нәрестені бес күннен кейінгі мерзімде бесікке салады. Баланы бөлемей тұрып бесікті аластайды.

  • Алас, алас баладан алас

  • Үй иесі келді, пәледен алас

  • Көзі жаманның көзінен алас,

  • Тілі жаманның тілінен алас,- деп.

Бесікке бөленген баланың дені сау болып, таза жатады. Бесікке нәрестені үлкен әжелер бөлейді.

Балаларға бесік жиһаздарының суретін көрсету, түсіндіру.


Сергіту: Қимылды жаттығулар жасату.

Хормен «Бесікке бөлеу» өлеңін бірнеше рет қайталай отырып жаттау.

Хормен қайталау.


Қорыту: Бесік жыры (әнді орындау).







Тақырыбы: Баланы қырқынан шығару.

Мақсаты: - баланың қырқынан шығару рәсімдерін түсіндіру.

  • халқымыздың қалыптасқан дәстүрлерін жас баланың санасына құя түсу, есте сақтауға баулу қазақ халқының салт - дәстүрлерін құрметтеуге,қастерлеуге тәрбиелеу.


Барысы: Ұйымдастыру.

Өткен тақырыптарды еске түсіру,қайталау. Жас сәбидің өмірге келуі туралы әңгімелеу .Кімнің інісі, қарындасы, сіңлісі бар? Сұраққа жауап алу .


Сергіту: Балақай. (балалар орындарынан тұрып жаттығу жасайды).


Кіріспе әңгіме. Баланың қырқынан шығару дәстүрге сәйкес ұл баланы 37-39 күнде, қыз баланы 40 күннен асқанда 42-44 күнде шығарады. Ыдысқа 40 қасық су құйып.күміс теңге ,не қойдың 40 құмалағын салып баланы шомылдырады.Шашын алып,тырнағын алып,адам баспайтын жерге көміп тастайды. Шашын тұмарша тігіп оңы иығына қадайды. Шашты, тырнақты басуға болмайды. Үлкен әжелер, апалар, тілек айтады.Үй иесі ол кісілерге сыйлық ретіңде орамал, мата береді.


Жаттау: Баланы сылап - сипау кезінде айтылады.

Өс - өс балам, өсе бер.

Батыр бол балуан білекті

Батыр бол таймас жүректі,

Аяқ – қолды созайын,

Саусағыңды жазайын.


Баланы орап отырып:

  • Бісміллә,

  • Жағаң жайлы болсын

  • Етегің майлы болсын

  • Киімің тозғақ болсын

  • Өмірің ұзақ болсын.

Ит көйлегінің тігісі сыртқа қарайды, балаға батпау үшін тіл – көзден аман болу үшін, ырымдаған . (түсіндіру) ит көйлегін ырымдап сақтап қояды.


Қорыту. Ойын: Қуыршақты қырқынан шығару.










Тақырыбы:Тұсау кесу

Мақсаты: баланың тұсауын кесу туралы түсіндіре отырып,сөздік қорларын дамыта, есте сақтауларын қалыптастыру;

ұлттық дәстүр, салт туралы түсініктерін қалыптастыру;

ұлтымыздың салт дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру.

Бала дүниеге келген күннен күнгі салт дәстүрлерді қайталау,еске салу. Балалардың өз білетіндеріне сүйену.Әңгімелеу.

Сергіту: Керіліп мысық,

Бізге көзін қысып.

Жүгіреді жылдам,

Көрінсе оған тышқан.

(балалар орындарынан тұрып,екі рет қайталап , қимыл жаттығулар жасайды)

Әңгіме. Баланың тұсауын кесу туралы. Бала қаз-қаз баса бастағаннан кейін тұсау кесу рәсімі жасалады.

Тұсау кесетін адамды таңдап алу

Ала жіп,не қыл,не қойдың ішегін дайындау

Баланың аяғын тұсап байлау

Аяғы тұсаулы баланы екі қолынан ұстап жетектеп жүріп,тұсау кесетін адам: Қаз-қаз балам, қаз балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

Қаз-қаз балам,қаз балам,

Тақымыңды жаз балам.

Қадамыңды қарайық,

Басқаныңды санайық дейді.

Өлеңді бірнеше рет қайталап,балаларға жаттату.

Тұсау кескен адамға сыйлық ретінде мата, орамал береді.

Үлкендер бата беріп, баланың тұсауы кесілгенін құттықтайды.

«Жүйрік бол, шауып кет, жасың ұзақ болсын!»

Сергіту: топ-топ-топ басайық!

Қорыту: Өлеңдерді қайталау.


Екінші сабақта өлеңді жатқа айтып,баланың тұсау кесу рәсімін көрсетіп,ойын ойнату.










Тақырыбы: Қонақ келсе құт.

Мақсаты: балаларға қонақ туралы, қазақ халқының қонақжайлы екені туралы түсінік беру;

қонақ күту рәсімдерімен таныстыру;

қонақты құрметтеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру.

Сабақты „қонақ„ келді ойынымен бастау.

Ұстаз сыныпқа қонақ ретінде кіреді. Әр бала өз тәжірибесінен үйде, отбасында көрген қонақ күту туралы естеріне түсіріп, әңгімелейді. Қонақ шақыру, қонаққа бару жайлы кіріспе әңгімелер айтылады.

Сергіту:Балақай.

Өлең оқу: Қонақ келді, алақай,

Қонақ келді.

Қонақ келсе құт

Деген қазақ халқы.

Жоғары шық,жоғары,

Келген қонақ

Біздің үйде болсыншы,

Бүгін бір той. (өлеңді қайталап оқу,хормен жаттау)

Шешендік сөздерден алынған қонақ туралы өлең жолдарын оқып,түсіндіру. Қонақ келсе құт ол жақсылық,береке деген ұғым екенін баса айту.

Қонақжайлылық.

Сырттан келген мейманға,

Сәлем беріп қол алсаң,

Бірінші еткен құрметің.

„Түсіңіз„ деп түс беріп,

Шалбарына оралсаң,

Екінші еткен құрметің.

Есік ашып енгізіп,

Көрпе төсеп құп алсаң,

Үшінші еткен құрметің.

Мейман риза болмағы ,

Құрметпен үйге қонғаны,

Кешіктірмей шай берсең

Ұмыт болар тоңғаны.

Тысқа шықса қария,

Қолыңда болсын құмғаның.

Ірікпесең барыңды,

Қонақжайлылық сол - дағы.

Өлеңнің әр сөйлемінің мағынасын жеке - жеке түсіндіріп,қойылым ретінде көрсету (сәлем беру, үйге кіргізу,көрпе төсеу, шайға шақыру,құмған ұсыну т.с.с.)

„Есіктен мейман келсе тоқтатпа„ деген сөздің мағынасын түсіндіру.

Екінші сабақта өлеңді жатқа айтқызу, қойылым көрсету, рөлдік ойын ойнату.




Тақырыбы: Сүндет той.

Мақсаты: - қазақ халқының әдет-ғұрыптары туралы түсініктерін молайта түсу;

- бала тәрбиелеу дәстүрінің ішіндегі мұсылман қауымның ерекше көңіл бөлетін сүндет туралы түсіндіру;

- қазақ халқының әдет - ғұрыптарын құрметтеуге, жадында ұстауға тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру. Өткен тақырыпты қайталау, қонақ келсе құт туралы әңгімеге тарту. Балалар өз ойларын айтады.

Ән тыңдау „Қазақи дастарқаным„

Кіріспе әңгіме. Ер балаларды әдетте бес, жеті не тоғыз жасындағы мезгілде сүндетке отырғызады деп, балалардың өздерінің

сүндетке отырғандары туралы еске түсіру, айтқызу, әңгімелеу.

Сергіту: Ормандағы аю.

Қимыл жаттығулар жасату.

Әңгімені жалғастыру. Қыз балалардың құлағын тесіп сырға салу, ұл балаларды сүндетке отырғызумен пара-пар екенін айтып түсіндіру. Бұрынғы заманда қазақ халқы ұл балаларын бес, жеті не тоғыз жасқа толғанда атқа мінгізіп ауылдағы туған-туыстарды аралатқан. Атқа жабу жауып, тұлымына әшекейлеп орамал байлаған, баланың басына үкілі бөрік кигізген. Туған-туыстары сыйлық ретінде қолдарында барын берген. Сүндетке отырғызғаннан кейін үлкен той жасаған. Бір үйдің баласының сүндетке отырғанын бүкіл ауыл білген, сүндетке молда отырғызған. Қазіргі кезде дәрігерлік жолмен сүндетке отырғызған баланы емделу мекемесінде, не үйде қарайды. Жазылғанша ешкімге көрсетпеген, келген туған - туыс балаға арнап сыйлықтар береді.


Сергіту: Балақай.

Қорыту.


















Тақырыбы: Наурыз жыл басы.

Мақсаты: - Наурыздың туып қалыптасуына қатысты сән-салтанат, салт-дәстүр рәсімдерімен таныстыру;

- бір-бірін құттықтап, қуанышты мерекелік көңіл-күйде болуға талпындыру;

- наурыз мерекесін құрметтеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру. Мереке күндерді еске түсіру, қайталау. Балалар өздері білетін, естіген мерекелерді еске түсіреді қайталайды.

Сұрақ-жауап: Наурыз дегенді қалай түсінесің?

Неліктен Наурызды жыл басы деп атайды?

Наурызды халық қалай тойлайды?

Балалар өз түсініктері бойынша жауап береді.


Сергіту: Шынықтырып денені,

Тісін жуып тазалап.

Мектебіне барады,

Міне нағыз азамат.

Қимыл жаттығулар жасату.


Кіріспе әңгіме: Наурыз туралы. Наурыз жыл басы, мұсылман халықтар есебімен күн мен түннің теңескен күні. 22 Наурыз - Ұлыстың ұлы күні. Табиғат өзгеріске енеді, тіршілік қайта жаңғырып жер көктейді, алғашқы бәйшешек гүлі шығады. Мұсылман халық наурыз көже пісіріп, бірін-бірі құттықтап, өкпе, наз болса кешірім етеді. Қонаққа барып сыйлықтар таратады. Көңіл-күй қуанышты болып, көшеге шығып, ән-күй тыңдап мерекелейді. (балаларға түсінікті тілмен мысал келтіре отырып түсіндіру)

Өлең оқу: Наурыз Қ.Баянбай

Өніп еккен дәніміз,

Бүршік жарды бағымыз.

Сәскеде жаз, түнде қыс,

Секілді екен наурыз.

Төлдеп жатыр малымыз,

Қазан толы сары уыз.

Дастарханда дәніміз,

Жайдарымыз бәріміз.

Көжесі көп, қыры көп,

Қандай жақсы наурыз.

Хормен қайталау, жаттату.


Наурыз көже туралы түсіндіру. Көжеге салынатын тағамның жеті түрлі болуы шарт екенін баса айтып, көңіл аудару. Балалардың өздері білетіндерін әңгімелету.


Келесі сабаққа Наурыз көже туралы ата-анамен бірлескен әңгіме құрап келу.





Тақырыбы: Тілашар.

Мақсаты: - бүлдіршіндердің тілі тез шықсын деп жасалатын той туралы түсіндіру;

- ертеден келе жатқан салт-дәстүрлерді үйрету;

- ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықтарын байқау.

Ұлттық салт-дәстүрлерді еске алу, той туралы қайталау. Балалар өз ойларын айтады.

Сергіту: Балақай.

Жаңылтпаш айту, хормен қайталау, жатта.

Тоқтар сотқар

Үйден шықты

Үйреншікті ақ мысығын

Сүйреп шықты


Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

Тез айту туралы түсіндіру.


Кіріспе әңгіме. Тілашар тойы туралы түсіндіру. Бүлдіршіндердің тілі жеке-жеке сөздерді айтуға икемделе бастағанда тілі тез шығу үшін тілашар бойы жасалады. Мал сойылып, ауылдың ділмар, шешен ақсақал қариялары арнайы шақырылады. Тілі тез шықсын деп баларға қойдың тілі жегізіледі. Ақсақалдар ақ батасын береді. „Сандуғаштай сайрап кет, Жиреншедей шешен бол, Жәнібектей көсем бол! деген дей ақ баталар беріліп той тойланады.


Қорыту. Келесі сабақта жаңылтпаштар, ақ баталар жатқа айтылады.






















Тақырыбы: Қазақша ұзындық өлшемдер.

Мақсаты: - ұмыт бола бастаған қазақша ұзындық өлшемдерді түсіндіру;

- тілдерін жаттықтыру, сөздік қорларын молайту;

- ұмыт бола бастаған ұзындық өлшемдерді есте сақтауға, қызығушылыққа тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықтарын байқау. Сабаққа көңіл аудару.

Бір,екі,үш

Сыныптың іші тып-тыныш.

Әңгіме. Кез келген заттың ұзындығын өлшеу үшін өлшем бірліктері қолданылады. Ұзындық өлшем бірліктері: километр, метр, сантиметр, миллиметр деп, санамалап айту түсіндіру. Ерте заманда өлшем бірліктері болған, адамдар жұдырықтай, бір елі, екі елі, үш елі, қарыс, сүйем, құлаш, адым деп атаған. (балаларға көрсете отырып қайталату)

Сергіту.

Бір адым алға,

Бір адым оңға,

Бір адым солға аттайық.

Қайта бастап айтайық.

Қимыл жаттығулар жасату.

Ойын: Сақина салу.

Алақанды ашайық,

Сақинаны салайық.

Кім сақина алады,

Соны іздеп табайық!


Қорыту: Қайталап еске түсіру.

Келесі сабақта жаттаған өлшем бірліктерді қайталату.




















Тақырыбы: Жақындық қарым-қатынас. Үш жұрт.

Мақсаты: - туған-туыс, жақындық қарым-қатынас туралы түсіндіру;

- халқымыздың аса құрметтейтін дәстүрі - үш жұрт туралы ұғымдарды жеткізу, сөздік қорларын молайту;

- туған туыс, үш жұртты құрметтеуге тәрбиелеу;

Барысы: Ұйымдастыру. Сабаққа дайындықтарын байқау. Сабаққа көңіл аудару.

Өткен сабақтардан отбасы туралы білімдерін байқау, туған-туыс кімдер екенін баларға айтқызу.

Сергіту.

Бас бармағым - атам

Балан үйрек - әжем

Ортан терек - әкем

Шылдыр шүмек - анам

Кішкене бөбек - мен

Саусақ жаттығулар жасату.\

Кіріспе: Үш жұртты кім біледі?

Сұраққа жауап айтқызу.

Баламын есті мен,

Атамнан естігем.

„Үш жұртты„ білемін,

Таратып беремін. Адам баласының үш жұрты болады, бірінші жұрты өз жұрты, ата-ана, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі.

Әкеге - бала

Атаға - немере

Немереге - шөбере

Шөбереге - шөпшек

Шөпшекке - немене

Осы ұрпақ жалғасы - Жеті ата. Түсіндіру.

Екінші жұрт - үйленген ағасының қайын жұрты, жеңге, келін, күйеу, балдыз, бөле, бажа. Жекелеп түсіндіру.

Үшінші жұрты - нағашы жұрты, анаңның төркіні - нағашы ата, нағашы әже, аға, іні, қарындас, оларға бала жиен болады. Санамалап айту түсіндіру.


Қорыту: Қайталап еске түсіру.

Келесі сабақта үш жұрт туралы қайталату, жақын туған-туысты құрметтеуге тәрбиелеу әңгімелермен қорыту.











Қолданылған әдебиеттер.


  1. Мен – Адаммын.

Жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуға арналған әдістемелік құрал. Алматы 2000 ж. Құрастырушы: Игенбаева Б.Қ.


  1. Әдеп. Инабаттылық дәрістері. Ұ.Асалов

Алматы «Рауан» 1998 ж.


  1. Әдеп және жантану. Қ.Жарықбаев

Алматы «Атамұра» Қазақстан 1994 ж.


  1. Әдеп және жантану. Хрестоматия. Қ.Жарықбаев

Алматы «Атамұра» 1996 ж.


  1. Балдәурен. Г.Қ.Жұмалиева Балабақша тәрбиешілері мен музыкалық жетекшілерге және ата-аналарға арналған әдістемелік құрал.

Алматы «Білім» 2002 ж.


  1. Үш жұрт. Сен білесің бе? Е.Өтетілеуұлы

Алматы «Аруна» 2001 ж.


  1. Сүндет тойы. Құрастырған С.Медеубекұлы

Алматы «Өнер» 1992 ж.


  1. Қош келдің Наурыз

Алматы «Өлке» 1993 ж.





























Мектепалды даярлық тобына арналған таңдау пәні бойынша әдістемелік құрал.



Құрастырған автор: Шүйкенбаева Райгүл Әлдибекқызы

Талдықоған қаласы, Өтенай ауылы, Мектепке дейінгі шағын орталығы бар, №21 орта мектебі. Мектепалды даярлық тобының жетекшісі.

-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлттық дүниетаным (152 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели