Табиғат наурызымен ажарлы.
« Қазақтың наурызы- дін мейрамы емес,тұрмыс мейрамы,шаруашылық мейрамы. Бұл мейрамды дұрыстап өткізу керек. Бұл мейрамды тұрмыспен,ғылыммен байланыстырып,қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарын тап-жігімен ұйымдастыратын мейрам ету керек. Мектеп оқушыларын оқыту программасына наурызды айырым комплекс жасап ендіру керек ».
М.Жұмабаев.
Мақсаты. Халқымыздың ұлттық мейрамдарының бірі-Наурыз туралы окушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, балаларды ана тілін, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу. Көрнектіліктер. Түрлі-түсті суреттер,буклеттер. Оқушылардың сурет көрмесі. Ұлттық киімдер. Киіз үй, үй жабдықтары, қазақ халқының ұлттық тағамдары алқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
.
Нақыл сөздер
1. Қош келді, Наурыз !
2.Ұлыстың ұлы күні құтты болсын !
3.Бір тал кессең, он тал ек.
4.Наурыз - ұлттық мереке.
5.Наурызға ақ жол.
6.Жыл басы-Наурыз. Ақ мол болсын!
Кіріспе сөз.
Ақиық ақын ағамыз М.Жұмабаев жоғарыда айтылған наурыз
Жайындағы сөздерін осыдан бірнеше жыл бұрын жазған екен.
Ақынның наурыз туралы мақаласындағы дәйекті ой тұжырымдар қазіргі таңда қазақ халқын толғандырып отырған көп мәселермен тікелей үндеседі.Наурыз мерекесі-халықтың тұрмыстіршілігімен тікелей байланысты,өте ертеден бірте-бірте қалыптасқан мейрам. Наурыз мейрамы Шығыс халықтарының көне күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. Наурыз сөзінің түп мағынасы парсы тілінің «Ноу »-жаңа «руз »-күн деген сөздерінен алынып, жаңа жылдың бірінші күні деген ұғымды білдіреді.
Наурыз мейрамы жыл сайын наурыз айының 22 жұлдызыңда мерекеленетін болған.Яғни,күн мен түннің теңелетін,қар еріп, көк шыға бастайтын көктем басы. Бұл кезде мал төлдеп,шаруаның арқа-басы кеңеп, аққа ауыз тиген кез.
Жаңа жылда Қыдыр баба таза үйге кірсе,ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Наурыздың 21-түні даланы Қадыр баба аралайды. Сондықтан әр отбасы дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қойған. Бұл түні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар » деп аталатын ерекше дәм дайындағы. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар тарту еткен. Оны «Селтеткізер » деп атаған. Сонымен қатар төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен.
Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Ұлыстың ұлы күні 7 түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымның сүр еті, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады. Көже ішіп болған соң үй иесіне бата беріледе.
Нурыз келсе, құт келгені, халайық !
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.