Меню
Разработки
Разработки  /  Технология девочки  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Қолданбалы қолөнер арқылы ұлттық тәлім-тәрбие беру

Қолданбалы қолөнер арқылы ұлттық тәлім-тәрбие беру

Уважаемые коллеги представляю вашему вниманию статью на тему ?олданбалы ?нер ар?ылы ?лтты? т?лім т?рбие беру. Думаю что данная работа поможет вам уважаемые коллеги найти правильное решение в вопросах национального воспитания

16.12.2016

Содержимое разработки

Қостанай облысы,Наурызым ауданы

Жамбыл орта мектебінің технология

пәнінің мұғалімі Казбекқызы Ардақ

Қолданбалы қолөнер арқылы ұлттық тәлім- тәрбие беру

Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады.Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақ халқының ұлттық өнерін жалғастырушы, төл мәдениеттің белсенді жасаушысы-бүгінгі жас буын.Балалардың мәдени өрісін көтеру, сұлулықты қабылдау, қабілетін қалыптастыру жолында қолданбалы- әшекейлік өнермен шұғылданудың рөлі зор.

Жас буын әдебиет, математика, ән-күй сияқты пәндерді ғана меңгеріп қоймай, оған қосымша ою-өрнек қиып үйренсе, одан хабардар болса, келешекте қандай мамандық иесі болса да, олардың рухани өрісі жоғары болып, кемел азамат болып шығуына жол ашылатыны анық..Баланы мектеп жасынан бастап қолөнерге баулу қашан да басты міндеттердің бірінен саналады.Қолөнер – адамның өз ортасын түсінуіне, әдемілік пен әсемдікті, жақсы мен жаманды ажырата білуге бастайтын саты.Қолөнермен шұғылдану дегеніміз- өнерді сүю, табиғатты, қоршаған ортаны аялау. «Жастық шаққа өнер тән, өнерлінің ісі сән» деп халық нақылында айтылғандай, өнер адамның ақыл-ойын, парасатын өсіреді, дүниетанымын кеңейтіп, ізгілікке үйретеді, өмірдегі келеңсіз құбылыстармен күресуге тәрбиелеп, елі мен жеріне, салт дәстүріне деген құрметке баулиды.Сондай- ақ ұлттық құрал жабдықтардың шығу тарихының өзінің келешек ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі мол.Мысалы киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, сырмақ кілем, түрлі бау, арқан жіп ескен, көннен және илеулі теріден қайыс таспа тіліп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс аяқ , адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалауымен жасап түрлі нақышына келтіре әшекейлеп ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп, тәрбиелеп жеткізген.Ал осы заттардың бәріне дерлік ою-өрнекті қолданамыз.Ою-өрнектің шығып, тарауы қолөнер тұрмыстық заттардың ішінен басты орын ала біледі.Олардың даму процестеріне халықтық әлеуметтік сана-сезіміне,болмыс тіршілігінің жанданып,мәдениетің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруының да әсері болды.Ұлттық қолөнеріміз бүгінгі тіршілікке бірден келмеген.Ою-өрнек, қолөнер адам баласының ақыл- ойларының толып, толқуымен, жүрегінің лүпілімен, өзін айнала қоршаған ортадан туған образдар.Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақты сол шын қалпында көшірілмей образдар арқылы ою-өрнекке айналып келген.Сонымен ою-өрнек жас ұрпаққа қоршаған табиғат аясын,өскен ұясын,туған жерінің қасиетті топырағы мен тоғай тауларының құлпырған рең түрлерін сүюде маңызды рөл атқарады.Ал мектеп оқушыларына өткізілетін сабақтар, көрмелер баланың арнайы білім іскерлік дағдысын қалыптастыруға көмектесіп, еңбекке ынталандырады, оқушылардың ұлттық салт-дәстүр, қолданбалы өнер, қол еңбегі , көркемдік кәсіп жайлы түсінігі кеңейеді. Өз елінің, халқының мәдениеті мен көркем дәстүрлеріне деген сезімдік- эстетикалық қарым-қатынасы пайда болады.Қолөнер туындыларын үйрену барысында шығармашылық ізденістерге ынталанып, тұлғалық қасиеттері дамиды.Сонымен қатар қолөнер жұмыстары оқушыларды шығармашылыққа,өз бетінше еңбек жасауға, эстетикалық талғамдарының жоғарлауына, шыдамдылыққа, ізденімпаздыққа, аадамгершілік қарым-қатынаста болуға, ынтымақтастықта жұмыс жасауға және ұлттық дәстүрді құрметтеуге,елінің тарихы мен дамуын іс барысында сезінуге тәрбиелейді.

Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері- білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым- қатынасын қалыптастыру.Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты.Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді.

Технология сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі ұлттық қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады.

Халықтық қолданбалы қолөнер ұлттық тәрбие көзі.Ұлттық қолданбалы қолөнерді тәрбие құралы ретінде пайдалана білу барысында, халқымыздың үлгі өнегесі, салт-дәстүрін ұрпақ санасына сіңіруде үлгі боларлықтай педагогикалық іскерлік, шеберлік шығармашылықпен еңбек ету керек.Ұлттық тәрбие үнемі білім берушілік негізінде жүріп отыруы тиіс.Сондықтан мектептегі технология бағдарламасы мынадай міндетерді шешуі керек:

- халықтың қолданбалы қолөнері туралы түсінікті қалыптастыру.

- халықтың қолданбалы қолөнерінде ұлттық мәдениетіне оқушылардың сүйіспеншілігін ояту.

- ұлттық қолданбалы қолөнер шеберлерінің еңбегімен таныстыру күнелікті тұрмыста қолданылатын қарапайым ұлттық нақышта орындалған бұйымдары жасауды үйрету, тағы сол сияқты.

Қорыта келе халықтың қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, олардың халқымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді.



-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қолданбалы қолөнер арқылы ұлттық тәлім-тәрбие беру (14.66 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт