Салалас құрмалас сөйлем
Список вопросов теста
Вопрос 1
Себеп-салдар салаласты табыңыз.
Варианты ответов
- Байқағам жоқ, сондықтан кінәлі емен.
- Жел дауылды шақырады, бұлт жауынды шақырады.
- Жаманменен дос болсаң, сыртыңнан жүрер өсектеп.
Вопрос 2
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Варианты ответов
- Ер деп атақ кім берер, алмас семсер асынбай.
- Одан әрі олар сөйлескен жоқ: әңгімеге уақытта қалмады.
- Ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен: әуелі- ел басы, топ басы деген кісілер болады екен, екіншісі- намысқор келеді екен.
Вопрос 3
Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем қандай шылаулар арқылы жасалады?
Варианты ответов
- сол, сондықтан, соншама;
- да, де, та, те, және,
- бірде, біресе, кейде;
Вопрос 4
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Варианты ответов
- Бата-біреуге жақсы тілек білдіру үшін айтылатын сөз.
- Бата отбасының бақытты болуына ықпал етеді және батаны көбірек алуға тырысу керек
- Батаны не жасы үлкен адам береді, не құрметті кісі береді.
Вопрос 5
Талғаулы салалас құрмалас сөйлемнің шылауларын табыңыз.
Варианты ответов
- не, немесе, әлде, я болмаса, әйтпесе;
- немесе,әйтпесе, алайда, дегенмен, сонда да;
- болмаса,әлде,сол, сондықтан, соншама;
Вопрос 6
Атамның жолдан шаршағаны сондай, үйге сүйеп кіргіздік. Салалас құрмаластың қай түрі?
Варианты ответов
- Себеп-салдар.
- Түсіндірмелі.
- Талғаулы.
Вопрос 7
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Варианты ответов
- Қазақ отбасында әкені сыйлауға үлкен мән беріледі де, бала әкесін сыйлап өседі
- Жақсы бала әке-шешесін қуантады және сыйлай біледі.
- Үйде оны бәрі де тамаққа күтті, бірақ Әсия өте жай келді.
Вопрос 8
Кезектес салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Варианты ответов
- Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы
- Күзде кейде жаңбыр жауады, кейде қар түседі.
- Жаман ағайыннан жақсы көрші артық екенін естіп өссек те, кей уақытта мән бермейміз.
Вопрос 9
Біздің отбасымыз демалыс күні бірде тауда болады, бірде көлге барады. Салаластың қай түрі?
Варианты ответов
- Талғаулы.
- Кезектес.
- Түсіндірмелі.
Вопрос 10
Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.
Варианты ответов
- Шоқан біздің қасымызда жасы кіші болса да, үлкен кісідей болатын.
- Ұдайы ізденген адам өз бетімен білімін жетілдіріп, өздігінен дами алады.
- Оның білімге деген құштарлығы арта түсті, өз білімін кеңейтудің басқа да жолдарын іздестіре бастады


