Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  11 класс  /  Оқу сауаттылығы 24/ 3-нұсқа

Оқу сауаттылығы 24/ 3-нұсқа

Avatar
16.03.2024. Тест. Родной язык и литература, 11 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
11 сынып оқушыларына оқу сауаттылығынан тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

1-мәтін

            «Ең керемет (поэзия), ол – «табиғи жолмен» жасалынатын поэзия», - деп тұжырымдаған Әл-Фараби өлеңнің шымыр жазылуы – жазылу кезіндегі ақындардың рухани ахуалына, көңіл-күйіне, идеяның нақтылығына, тақырыпқа тікелей қатыстылығына тоқталады. Әл-Фараби өлең жазу тұрғысында, кейде табиғи дарындар секілді, кездейсоқ ақындар да тамаша өлең жазуы мүмкін екендігін мүлде жоққа шығармайды: «Кейде өнермен кездейсоқ айналысатын адам маманның бәсекеге түсуіне қиын болатын өте тамаша өлеңдер жазуы мүмкін. Алайда бұл таза кездейсоқ және сәйкес келу жағдайының арқасында болады әрі мұндай ақын «ойшыл» деп аталуы мүмкін емес», - деп ой қорытады ғалым.

Әл-Фараби жалпы өнерді тұтастықта алып қарастырады. Өнер туындыларын жарататын адамдардың жан дүниесіндегі өзара ұқсастық бар, айырмасы – олардың өмір суреттері мен құбылыстарын қандай тәсілдер, формалар арқылы беруінде деген ойды айтады: «...олардың өнер материалдары бір-бірінен айырмашылықтары болғанымен, олар формасы, шығармашылығы мен мақсаты жағынан бірдей немесе ең болмағанда ұқсас болып келеді деп айтуға болады. Поэзия өнері пікірге негізделеді, живопись өнері бояуға сүйеніп жасалынады, олардың айырмашылығы, міне, осында.» Ғалымның пайымы бойынша, тәжірибеде екеуі де ұқсас өнер туындысын жасайды, елестету мен сезім арқылы еліктейтін адамды көрсетуге бағытталмақ.

1. Әл-Фараби пайымынша өлеңнің тиянақты жазылуы

Варианты ответов
  • Ақындардың бәсекеге түсуіне байланысты
  • Қаламгердің көңіл күйіне байланысты
  • Ақындар жанындағы ұқсастыққа байланысты
  • Қолданылатын тәсілдеріне байланысты
Вопрос 2

2. Мәтінде көтерілген мәселе

Варианты ответов
  • Сурет өнері туралы
  • Ұқсас өнер туралы
  • Поэзия өнері туралы
  • Табиғи дарындар туралы
Вопрос 3

2-мәтін

 Қырланған алмас – гауһар ең танымал асыл тас болып табылады. Әдетте әшекейлерге мөлдір гауһарлар пайдаланылады, бірақ зергерлік өнердің қымбаттырақ үлгілерінде меруерт, жақұт, сары түсті, кәріптас түсті және қара тастарды да кездестіруге болады. Ең үлкен және әдемі деген гауһарлар әлем мұражайларында сақтаулы. Ең үлкен гауһар «Флорентиялық» деп аталады. Оның салмағы 137,27 каратқа тең. Гауһар Габсбургтердің тәжін әсемдеген, ал Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін жоғалып кеткен.

Гауһар сиқырлы қасиетке ие мықты тас деп саналады. Ол иесіне бақыт әкеледі, оны бәле-жаладан қорғайды, ал оған дұрыс қарамаған жағдайда сәтсіздік те әкелуі мүмкін. Гауһарды салтанатты жиындарға, әдемі көйлекпен, жалпы талғаммен тағу керек. Гауһарды күнделікті өмірде тағып жүру әдепсіздік саналады. Сонымен қатар бұл асыл тас жас қыздардың бейнесіне аса жараспайды.

Алмастар әшекей ретінде ғана емес, автомобильдік өндірісте де, құрылыс саласында, стоматологияда, сағат өндірісінде де пайдаланылады.

Жақұт – ең қымбат асыл тастардың қатарына кіреді. Оған қоса, жақұт алмаспен бақталаса алатын қатты минерал саналады. Бұл асыл тастың ерекшелігі – қою көк түсінде. Алайда, алқызыл, ақшыл көк түсті, сары жақұттар да кездеседі. Бұлардың мөлдір түрі өте сирек болғандықтан жоғары бағаланады. Кейбір жақұттар астеризм эффектісіне ие, яғни оған күн сәулесі түскенде тастың ортасында алтыбұрышты жұлдыз пайда болады. Әлемдегі ең ірі жақұт «Шығыстың көк алпауыты» Цейлонда табылған. Оның салмағы 446 карат және соңғы мәліметтер бойынша жеке тұлғаға 1 млн долларға сатылған.

 3. Иесіне бақыт әкелетін

Варианты ответов
  • Гауһар
  • Жақұт
  • Тәж
  • Әшекей
Вопрос 4

4. Мәтін бойынша гауһардың иесіне бақытсыздық әкелу себебі  

Варианты ответов
  • Күнде тағып жүрсе
  • Жиын-тойға тақса
  • Жас қыздар тақса
  • Дұрыс қарамаса
Вопрос 5

5. Гауһар тас туралы наным-сенім

Варианты ответов
  • Астеризм эффектісіне ие болады
  • Иесіне бақытсыздық әкеледі
  • Жас қыздарға қауіпті болады
  • Келген қатерден қорғайды
Вопрос 6

3-мәтін

1. Академик А.Е.Ферсман алюминийді ХХ ғасыр элементі, сондықтан бұл ғасырды алюминий дәуірі деуге де болады деген. Күнделікті пайдаланылып жүрген ыдыс-аяқтан бастап, космосты шарлап жүрген ракеталар осы алюминийден жасалады. Қоғамдық шаруашылықтың барлық салаларында алюминий қолданылмайтын сала жоқ. Алюминийдің осылай қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуы оның химиялық және физикалық қасиеттерінде болып отыр.

2. Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Сол кезде алюминий өте жоғары бағаланып, оның бір фунты алтын есебімен 40 сом болатын, алюминий алу өте қымбатқа түскен, онан жүзік, сақина және басқадай заттар жасалып сыйлықтар орнына жүрген.
Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл, оттегімен жақсы қосылыстар түзе алады, сондықтан ол басқа металдарды оттегімен босатып таза металға айналдырады. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады.

3. Алюминий, магний және литий қосындылары самолет құрылысында, ракета жасауда жиі қолданылады. Самолеттің 65–66% (моторсыз салмағы) және мотордың төрттен бір бөлігі алюминий қоспаларынан істеледі. Вагон жасау, машина құрылыстары, электр өндірістері және басқа толып жатқан шаруашылық салаларында алюминий және оның қоспалары маңызды орын алады.

4. Бояу өндірісінде, үй жабдықтарын даярлауға, прожектордың айнасы ретінде қолданылатын алюминийді басқа металмен алмастыру қиынға соққан болар еді. Бұл күндері ғалымдар алюминийдің тағы басқа да қосындыларын алу мәселесімен шұғылдануда. Бұған мысал ретінде «Салют-6» космос станциясында В.Коваленок пен А.Иванченковтың жасаған тәжірибелерін айтуға болады.
          6. Мәтін мазмұнының реттілігі  

1. Өндірістегі алюминий қолданысы  

2. ХХ ғасыр элементі  

3. Алғашқы таза алюминий  

4. Космос станциясындағы тәжірибе  

Варианты ответов
  • 1,4,2,3
  • 3,1,4,2
  • 2,3,1,4
  • 4,2,3,1
Вопрос 7

7. Мәтін бойынша алюминийді өндірісте өндіру тәсілін ашқан  

Варианты ответов
  • Е.Ферсман
  • К.Эрстед
  • С. Дэвиль
  • В.Коваленок
Вопрос 8

8. Мәтін бойынша алюминийдің қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуының себебі  

Варианты ответов
  • Қасиеттерінің көп болуы
  • Жанғанда көп қызуы
  • Басқа металмен алмаспауы
  • Жұмсақ, созылмалы болуы
Вопрос 9

9. Мәтін бойынша алюминий өте қымбатқа бағаланған уақыт  

Варианты ответов
  • Қасиеттері көп екені анықталған соң
  • Басқа металмен алмастыра алмайтын болған соң
  • Өндірісте қолданылу тәсілі ашылған соң
  • Өте жоғары қызу бөлінетін болған соң
Вопрос 10

10. Берілген мәтін үзіндісі мен негізгі мәтін мазмұны арасындағы ұқсастық  

Қазақстандағы алюминий кені. Қазақстанда алюминийдің негізгі шикізаты – боксит. Ашылған 200 кен орнының 50 астамы платформалық типке жатады. Негізгі кен орындары Сарыарқаның солтүстік – шығысында – Ақмола және Торғай ойысында (Арқалық торабы). 

Варианты ответов
  • Алюмин кені туралы
  • Алюминий туралы
  • Алюминий шикізаты туралы
  • Алюминий қасиеттері туралы
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт