Оқу сауаттылығы 22-нұсқа
Список вопросов теста
Вопрос 1
1-мәтін
Адыраспан – түйе табандар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік. Оның сабы мен гүлінде у болады. Биіктігі – 30-80 см. Сасық иісті, дәрілік шөп тау беткейлерінде, жол бойында, жазық далаларда өседі. Биология ғылымдарының кандидаты, палинолог Саида Нығметова "Адыраспан" деректі фильмінде бұл шөп осыдан екі мың жыл бұрын халық арасында кеңінен қолданыста болғанын жеткізді.
"Бұрынғы заманда адамдар табиғатпен тығыз байланыста болды. Олар шөптердің қасиетін жақсы білді. Адыраспан – Орталық Азияда жиі өсетін шөп. Улы болғандықтан, мал жемейді. Адамдар "төрт түлік мұны неге жемейді?" деп оған назар аударса керек. Оның ерекше қасиетіне сенген", - дейді ғалым. Басылым дерегінше, адыраспан ел арасында "белобок", "исрык", "бибик", "адыраспан", "испанд", "хазориспанд", "исирик", "хармаль" және тағы басқа атаулармен таныс.
1. Мәтіннің мақсаты
Варианты ответов
- Бұқара халықты адыраспан туралы фильммен таныстыру
- Адыраспанның бірнеше атауларымен таныстыру
- Адыраспанның улы өсімдік екенінен хабар беру
- Көпшілікке адыраспан туралы танымдық ақпарат беру


