Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  9 класс  /  Қазақ ттілінен тест тапсырмалары 1(2)

Қазақ ттілінен тест тапсырмалары 1(2)

Avatar
22.01.2024. Тест. Родной язык и литература, 9 класс
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
қазақ тілі пәнінен алған білімдерін тиянақтау үшін тест тапсырмалары

Список вопросов теста

Вопрос 1

Сөйлемдегі бастауыштардың жасалу жолы

 

Өткен ғасырларда  қазақ сахарасын құландар, жолбарыстар, жылқылар, түйелер мекендеген деп естиміз.

Варианты ответов
  • Зат есім арқылы
  • Есімдіктер арқылы
  • Сан есімдер арқылы
Вопрос 2

Қате жазылған қатар

Варианты ответов
  • У шу, ағашүй, ақтиын
  • АҚШ-қа, әлдебір, өзен
  • Шеткерілеу, іріту, көлбеңдету
Вопрос 3

Мәтін үзіндісіндегі зат есімдерді тауып, оларға көптік, септік, тәуелдік  жалғауларын дұрыс жалғап түрлендіріңіз.

 

Ұлан-ғайыр дала көшіп-қонып жүрген көшпенді ғарыш және әлем құпия қызықтырған.

Варианты ответов
  • Көшпенді + лер + ді
  • Ғарыш + тың
  • Құпия + сі
Вопрос 4

Сөздердің байланысу тәсілдеріне жатпайтын нұсқа

Варианты ответов
  • Жалғау арқылы
  • Жұрнақ арқылы
  • Орын тәртібі арқылы
Вопрос 5

Тіркесті сөздер қатары

Варианты ответов
  • Жалт-жұлт, тарс-тұрс, қара бұйра
  • Балбөбек, балабақша, балдырған
  • Асық жілік, құлап қала жаздады
Вопрос 6

Сөйлемдегі екі түрлі мағынада қолданылып тұрған сөз

Табиғи қорықтарға барудан қорықпау керек.

Варианты ответов
  • Қорық
  • Бару
  • Керек
Вопрос 7

Неологизм сөздер қатары

Варианты ответов
  • Жолдау, қағаз
  • Кеден, жолсерік
  • Аудан, көлем
Вопрос 8

Белгісіздік есімдігі қатысқан мақал

Варианты ответов
  • Хас сараң өз затын өзінен қызғанады.
  • Қорқақ өзінің көлеңкесінен де қорқады.
  • Біреуге ор қазба, өзің түсерсің.
Вопрос 9

Үнді дауыссыздар қатары

Варианты ответов
  • к, ш, т, ф
  • м, н, ғ, з
  • у, й, н, р
Вопрос 10

Көмектес септікте тұрған тұйық етістік

Варианты ответов
  • Отанды сую отбасынан басталады.
  • Сөздің асыл болуы – адамға ұнауымен.
  • Орынсыз сөйлеуге болмайды.
Вопрос 11

«Аузы-мұрты қисаймай» тұрақты тіркесімен мағыналас қатар

Варианты ответов
  • Бет-аузы бүлк етпей
  • Аузына қақпақ болу
  • Жаны мұрнының ұшына келу
Вопрос 12

Жалқы есім(-дер) кездесетін сөйлем(-дер)

Варианты ответов
  • Таяу Шығыстағы саяси ахуал ушығып барады.
  • Киіз үйдің төрінде бір топ ауыл ақсақалдары қымыз ішіп отыр.
  • Жомарттың мінезі жайдары болғанмен, көп жомарттық танытпайды.
Вопрос 13

Қос нүкте дұрыс қойылмаған сөйлем

Варианты ответов
  • Ағалар үйде жоқ олар: орман ішіне серуендеуге кеткен еді.
  • Қазақстанда тұратын ұлттар мыналар: қазақ, орыс, украин, ұйғыр, неміс, т.б.
  • Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.
Вопрос 14

Тасымалданбайтын буыны бар сөздер қатары

Варианты ответов
  • Қария, ара
  • Үлгерім, зауыт
  • Дебат, шиті
Вопрос 15

Бастауыш қызметіндегі мезгіл үстеуі

Варианты ответов
  • Көп ел – сарқылмас көл.
  • Ақырын жүріп, анық бас.
  • Елдің ертеңі – жастар.
Вопрос 16

Стиль түрін анықтаңыз.

34-бап. Тұрғын үйге қол сұғуға болмайды.

Варианты ответов
  • Ғылыми стиль.
  • Ресми іс қағаздары стилі.
  • Публицистикалық стиль.
Вопрос 17

Бастауышқа тән белгі

Варианты ответов
  • Атау тұлғада тұрып, сөйлемдегі негізгі ойдың иесі болады
  • Сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайды
  • Іс-оқиғаның мекенін, мезгілін, қимыл-сын, мөлшерін білдіреді
Вопрос 18

Қыстырма сөз қатысқан сөйлем

Варианты ответов
  • Бұл жөнінде ертең, сағат тоғызда, үйде отырып сөйлеселік.
  • Енді кішкене жүрсек, алдағы тосқауылдан өтіп те кетеміз.
  • Бәсе, солай болады деп айтып едім ғой.
Вопрос 19

Кәсіби сөздер қатары

Варианты ответов
  • Сұлтан, болыс
  • Тарих, мәдениет
  • Өркен, түбіртек
Вопрос 20

Буын үндестігі сақталмаған күрделі сөздер қатары

Варианты ответов
  • Кісісымақ, балажан
  • Көзқарас, ары-бері
  • Байеке, көкпеңбек
Вопрос 21

Тура мағыналы сөз

Варианты ответов
  • Істің басы
  • Адамның басы
  • Әңгіменің басы
Вопрос 22

Айқындауыш мүшеге байланысты қойылған сызықша

Варианты ответов
  • Үлкен үйде Ұлжан, Айғыз, Ділда – үшеуі ғана отыр екен.
  • Біреудің бағалы жағын көре алмау, біреудің жетістігіне іші күю, бармағын тістеу – асқынған ауру.
  • Өнеркәсіпке керекті тас көмір, мұнай, мыс, жез, қорғасын – барлығы Қазақстан жерінен табылады.
Вопрос 23

Қаратпа сөзі бар сөйлем

Варианты ответов
  • Мүмкін, ауылға бүгін кетіп қалармыз.
  • Па, шіркін! Дауысы керемет екен.
  • Менің ойымның үстінен түстің, Азамат.
Вопрос 24

Қатар келген үш дауыссызы бар сөйлем

Варианты ответов
  • Кешке құстар ұясына қонады.
  • Құмырсқа тынбай еңбек етеді.
  • Жайлауда демалған өте керемет.
Вопрос 25

Тұрлаусыз мүшелер қатысқан сөйлем

Варианты ответов
  • Кедейлік кемдік емес.
  • Ізетті ер ел бастар.
  • Хан – бас, халық – кеуде.
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт