Меню
Тесты
Тесты  /  Родной язык и литература  /  Прочее  /  Ісқағаздары

Ісқағаздары

Avatar
14.05.2020. Тест. Родной язык и литература, Прочее
Внимание! Все тесты в этом разделе разработаны пользователями сайта для собственного использования. Администрация сайта не проверяет возможные ошибки, которые могут встретиться в тестах.
Ісқағаздарын жүргізу, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындау

Список вопросов теста

Вопрос 1

Қызметке орналасу үшін толтырылатын ісқағазын белгілеңіз.

Варианты ответов
  • баяндаухат, шағымхат
  • қолхат, сенімхат, кепілхат
  • жеке іс парағы, өтініш, сауалнама
  • бұйрық, өкім, жарлық
Вопрос 2

Өтініш қандай жағдайда жазылатынын белгілеңіз.

Варианты ответов
  • жұмысқа қабылдау, кезекті демалыс сұрау
  • жиналыс өткізу үшін, мәжіліс жүргізу үшін
  • тиісті шаралар қолдану үшін, мәселені қарастыру үшін
  • қызметкер әрекетін бағалау үшн, іскерлік қабілетін көрсету үшін
Вопрос 3

Өтініште кездесетін сөз тіркесін белгілеңіз.

Варианты ответов
  • конкурс жариялау
  • демалыс беруіңізді сұраймын
  • жиналыс өткізуді белгілеу
  • бірлесе жұмыс істеу үшін
Вопрос 4

Дұрыс құрылған сөйлемді табыңыз.

Варианты ответов
  • Нұргүл Болатқызы дер кезінде орындап, берілген тапсырмаларды өз ісіне жауаптылығын танытты.
  • Нұргүл Болатқызы өз ісіне берілген тапсырмаларды дер кезінде танытты, жауаптылығын орындап.
  • Нұргүл Болатқызы берілген тапсырмаларды дер кезінде орындап, өз ісіне жауаптылығын танытты.
  • Берілген тапсырмаларды Нұргүл Болатқызы өз ісіне дер кезінде орындап, жауаптылығын танытты.
Вопрос 5

Мінездемеде не туралы жазылады?

Варианты ответов
  • мекеме басшысының аты-жөні, жұмысқа қабылдау туралы өтініші
  • біліктілікті жетілдіру, құжаттарды тексеру үшін
  • қызметкердің қызметі бойынша өсуі, қоғамдық белсенділігі, әріптестерімен қарым-қатынасы
  • тәртіп сақтау туралы, тиісті шаралар қолдану үшін
Вопрос 6

«Квалифицированный, дисциплинированный, способный» сөздерінің дұрыс аудармасын табыңыз.

Варианты ответов
  • ақылды, сыпайы, қырағы
  • парасатты, белсенді, құрметті
  • білімді, жауапты, сауатты
  • білікті, тәртіпті, қабілетті
Вопрос 7

Тиісті нұсқаны белгілеңіз.

 Мені  ...      ...     ...    бағдарламашы қызметіне қабылдауыңызды сұраймын.

Варианты ответов
  • 2020 жылдың 10 ақпанынан бастап
  • 2020-жылдың 10-ақпанынан бастап
  • 2020-жылдың 10 ақпаны бастап
  • 2020 жылы 10 ақпаннан бастап
Вопрос 8

Жеке іс парағында қандай ақпараттар көрсетіледі?

Варианты ответов
  • біліктілікті арттыру, кәсіби еңбегі, қоғамдық белсенділігі
  • жеке адамның кәсібі, мамандығы, қоғамдық қызметі мен еңбек жолы
  • мәлімет беру, құжаттарды толтыру, тараптардың қолдары
  • аты-жөні, отбасы мүшелері, туған-туысқандар
Вопрос 9

«Қандай шетел тілдерін білесіз? Қандай ғылыми атағыңыз бар?» сауалдары қандай іс қағазында кездеседі?

Варианты ответов
  • өтініш
  • түйіндеме
  • қызметтік хат
  • жеке іс парағы
Вопрос 10

Cөздердің дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз.

Варианты ответов
  • металға, балдық, килограмы
  • металлға, баллдық, килограммы
  • металлды, баллды, килограммасы
  • металлдар, бал, килограм
Вопрос 11

Қысқарған сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны белгілеңіз.

Варианты ответов
  • БҰҰ-нан
  • ЖШС-не
  • БАҚ-тың
  • ТМД-на
Вопрос 12

Қай сөйлемде дефис дұрыс қойылған.

Варианты ответов
  • Айжан 5-қатарда отыр.
  • Айжан 7-күнде келеді.
  • Айжан 15-жаста.
  • Айжан 2-ай бойы курс оқыды.
Вопрос 13

Рим цифрымен жазылған сан есімнің  дұрыс нұсқасын  анықта.

Варианты ответов
  • XXI-ғасыр
  • XX -тарау
  • І орын
  • ІІ-ші бет
Вопрос 14

Дұрыс нұсқаны анықтаңыз.

Варианты ответов
  • Сарыбалаевқа
  • Жұбановке
  • Құрманғалиевқа
  • Тұманбаевке
Вопрос 15

Қосымшасы дұрыс жалғанған нұсқаны табыңыз.

Варианты ответов
  • митинглер, полкы, банктың
  • митингітер, полкы, банкқа
  • митингідер, полктар, банктар
  • митингілер, полкі, банктің
Вопрос 16

Тырнақшаға алынған сөздердің дұрыс жазылған нұсқасын таңдаңыз.

Варианты ответов
  • «Ана тілі»-нің оқырмандары көп.
  • Оның өлеңі «Егемен Қазақстанда» жарық көрді.
  • Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер» ін екі тілде оқыдық.
  • Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан -ы» үздік романдар қатарына жатады.
Вопрос 17

Сан есімнің дұрыс жазылған нұсқасын көрсетіңіз.

Варианты ответов
  • Биыл ұлы ғұлама Абайдың 175 жылдық мерейтойы.
  • Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150-жылдығы
  • Отбасы 50-жылдық мерейтойды атамақ.
  • Биатлоншылар 20-шақырымдық жекелей жарыста ойындарын аяқтады.
Вопрос 18

Сөйлемді толықтырыңыз.

Айгүлдің жұмыс барысында өзін ұстауы, адамгершілігі, қызметкерлермен бірлесе жұмыс істеуі    ...   ...    .

Варианты ответов
  • атсалысады
  • мұқият қызметкер
  • жоғары дәрежеде
  • жауаптылығын танытты
Вопрос 19

Дұрыс жазылған нұсқаны көрсетіңіз.

Варианты ответов
  • 12908765 (жүз жиырма тоғыз миллион сексен жеті мың алпыс бес)
  • 33567467(үш миллион бес жүз алпыс жеті мың төрт жүз алпыс бес)
  • 2345775 (екі жүз отыз төрт мың жеті жүз жетпіс бес)
  • 8748477(сегіз миллион жеті жүз қырық сегіз мың төрт жүз жетпіс жеті)
Вопрос 20

Дұрыс нұсқасын табыңыз.

 ЕҚЫҰ ‑...  

Варианты ответов
  • Еуропадағы қауіпті және ынтымақтасты ұйымы
  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақты ұжымы
  • Еуропадағы қоғамдық және ынтымақтастық ұйымы
Пройти тест
Сохранить у себя:

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт