Пәні: Бейнелеу өнері
Сабақтың тақырыбы: Зергерлік бұйымдар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сәндік қолданбалы зергерлік бұйымдармен таныстыру.
Дамытушылық мақсаты: Түрлі сәндік зергерлік бұйымдарға деген қызығушылықтарын
арттыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды халық шеберлерінің еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу,
айналасындағыларды қуантатындай бұйымдар жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап,топтастыру, түсіндіру,салыстыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Көрнекілік: Зергерлік бұйымдар, сұрақтар,сызбалар.
Сабақтың барысы
І.Ұйымдастыру кезеңі.(сәттілік тілеу)
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сергіту сәті.
ІҮ.Ой түйіндеу.
Ү.Ой толғау.
ҮІ.Түйін.
ҮІІ.Шығармашылық тапсырма.
ҮІІІ.Сабақты қорытындылау.Көрме ұйымдастыру.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген тапсырмаларды тексеру.
Сергіту сәті.
Қаламымды аламынын,
Әдемі сурет саламын.
Суретіме әдемі,
4 пен 5 тік аламын.
ІІІ.Ой түйіндеу. Суретпен жұмыс.
Зергерлік бұйымдардың суреттері.
Сақиналар,сырғалар, алқалар,білезіктер,шаштеңгелер.
О



й шақырту.



ІҮ.Ой толғау.
Мұғалім сөзі. Біз бүгін қолданбалы сән өнерінің ерекше бір түрі зергерлер өнерімен танысамыз.Қазақта зергерлік бұйым өнерінің шеберлерін зергер деп атайды.Зергерлер ерте кезден жеке жұмыс істеген және өз шеберліктерін атадан балаға мирас етіп қалдырған.
Оқулықпен жұмыс. Оқулыққа көз жүгіртіп шығайық,зергерлік бұйымдарға назар аударайық.
Зергерлік бұйымдар көрмесі.
Қойылған бұйымдарды тамашалау.
Түсінік беру.
Ү.Шығармашылық тапсырма.
Жұмбақ шешу
1. Үлкен, кіші,кәріге,
Сән беріп тұрады
Құлақ оның тұрағы. (сырға)
2. Сәндік үшін барша адам,
Тағады оны қолына.
Жас жұбайлар тағады ,
Неке қию тойында. (сақина)
3. Алтын, күміс металдан,
Жасалады тізіліп.
Барша адам қызығып,
Тағады оны мойынға.( алқа)
Әр оқушы жұмбақтың шешуі бойынша тапсырманы орындайды.
Дайын бұйымдарды салыстыру.
ҮІ.Қорытынды.Сұрақ- жауап арқылы қызды безендіру.
1.Зергерлік бұйымдарды ата.
2.Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды кім деп айтамыз?
3. Зергерлік бұйымдарды кімдер тағады?

Бағалау парағы арқылы бағалау.
Үйге тапсырма:36-37 –бет .
Зергерлік бұйымдарға жинақтама жасау.








Зергерлік бұйымдар (444.5 KB)

