Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Уроки  /  4 класс  /  Жұптық және топтық жұмыстар

Жұптық және топтық жұмыстар

помш колег
16.11.2020

Содержимое разработки



















ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНЫҢ ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЫ



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Денсаулық және физикалық белсенділік.

Мектеп: Қостанай облысы,Арқалық қаласы

Кейкі батыр атындағы №4 жалпы орта білім беретін мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ауезбеков Ералхан Темирханович

Сынып: 5

Сабақ тақырыбы

Жұптық және топтық жұмыстар

Оқу мақсаттары

3.1.5.5 -көшбасшылық рөлдермен кезектесіп алмасып,әрекет мақсаттарына қол жеткізу үшін өз бетінше және топта жұмыс істей білу

Сабақ мақсаттары

-дене қасиеттерін дамытатын жаттығулармен таныстыру;

-ойыншының қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған тапсырмаларды қарастыру;

-қозғалыс кеңістігінде жұптасып қауіпсіз жұмыс істеу.

Бағалау критерийлері

  • Жұптық, топтық жұмыстарда тапсырмаларды орындайды;

  • Тапсырмаларды орындауда серіктесін бағалайды;

  • Іс-қимылдарды байланыстыра көрсетеді

Тілдік мақсаттар


Топтық ойын ойнауға қажетті дағдыларды талқылайды және көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ дайындау барысында ноутбук және интернет желісін қолдану.

Бастапқы білім


Оқушылар алдыңғы сыныптарда және сыныптан тыс уақытта спорт ойындарын,топта жұмыс істей алу дағдысын үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин.









Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Оқытушы сынып ішінде жарақаттанудың алдын алу үшін қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықты жүргізеді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатынмен таныстыру.

«Шаттық шеңбері» (жүгіру-қыздырыну жаттығуының орнына)

  • Оқушылар екіге бөлініп, екі қабат шеңбер жасап, жүгіре қыздырынады. Жүгіру барысында берілген белгі арқылы тоқтап, ішкі топ сыртқы топқа тілектерін білдіреді.

  • Екінші белгі арқылы оқушыла қайта жүгіре үшінші белгі арқылы тоқтап, сыртқы топ ішкі топқа тілектерін айтады.

Топқа бөлу. Мұғалім ұсынған қақпақтар арқылы үш топқа бөлу.

  • Үш топқа бөлініп жүру, жүіру жаттығуларын жасау;

  • Жүру арқылы тынысты бір қалыпқа келтіру.

Әр іс-әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістіктің болуы.

Ысқырық, секундомер, сусын бөтелкесінің қақпақшалары.





Сабақтың ортасы

25 мин.

















«Жұптық және топтық жұмыстардағы тапсырмалар»


Топтық жұмыс. Бекеттерде тапсырма орындау.

Сабақ тапсырмасын түсіндіру және тапсырмаларды карточкалар арқылы ұсыну. (Оқушылар өз топтарында өзара көшбасшы аңықтап, ұсынылған тапсырмалар арқылы топ болып берілген тапсырманы өздері түсініп, орындап шығу)


1 карточка тапсырмасы (Көк бекет): Екіге бөлініп, қарама қарсы тұрып баскетбол добын кеуде тұсынынан беру, қабылдау;


2 карточка тапсырмасы (Жасыл бекет): Алдын ала дайындалған кедергілерден секіре өтіп, фишкаларды арасынан жүгіру.


3 карточка тапсырмасы (Қызыл бекет): Баскетбол добын серпе жүру.


Бекеттегі жаттығуларды айналмалы әдіспен барлық топ орындап шығу.

Бағалау жүргізу: Тапсырма аяқталғаннан кейін саралау жұмысы. Ашық сұрақ-жауап арқылы оқушылардың тапсырма барысындағы әрекеттерді ортаға салу, кері байланыс беру.


Жұптық жұмыс.

Ептілік, шапшаңдыққа арналған қимылды ойын.

1.Дайындық. Ойыншылар екіге бөлініп жұптасып қарама-қарсы тұрады. Яғни, жұптар бір-біріне қарап тұрады. Екі жұптың арасына бір-бір доптар қойылады.

Ойын ережесі. Мұғалімнің «баста» деген белгісінен кейін оқушылар мұғалімнің атаған дене мүшелерін ұстайды, осының ішінде балалар «доп» деген кезде тез допты алып, жұбын ұтып алуы керек. Ұтқан оқушы келесі жұптың жеңімпазымен ойын жеңімпазы аңықталғанша жалғастыра береді.


2. Жұпта оқушылар бір-бірінің иықтарынан мықтап ұстап, бір-бірін итеріп күш сынасады.


Бұл тапсырмаларды орындауда белгілі бір темп болуы керек. Оқушыларға түсіндіру барысында тапсырманың орындалуын көрсету.

Тапсырманы орындауда жұптарда күш, ептілік, икемділік дағдыларын жетілдіруде іс-әрекет орын алуы керек. Оқушылардан сұрау осы жаттығуларды орындағанда қандай кедергілер кездесті? Ашық сұрақ-жауап жүргізу. Тапсырманы мұқият орындаған жұптарды атап өту.



Әрбір әрекет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Мұғалімге арналған ысқырық, секунд доптар, фишкалар, карточкалар.






















Жаттығуды мұқият орындау.



Сабақтың соңы

5 мин


Оқушылардың демін бір қалпқа келтіру, тыныс алу жаттығуы.

Формативті бағалау. «Бас бармақ» әдісі.

Үйге тапсырма: Жұппен жасалатын жаттығу түрін іздеп тауып немесе ойластырып келу.

Бағалау: Мұғалім оқушыларды рефлексиялық суреттер арқылы сабақ деңгейін, оқушылардың өздерін қаншалықты көрсете алғандығын білу.

Сапқа тұру. Сыныпқа қайту.

Рефлексиялық суреттер.


-80%
Курсы повышения квалификации

Адаптивная физическая культура в условиях реализации ФГОС для лиц с ОВЗ

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жұптық және топтық жұмыстар (76.69 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт