Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  6 класс  /  Жұп және тақ сандар

Жұп және тақ сандар

Сабақтың тақырыбы: Жұп және тақ сандар.

Сабақтың мақсаттары:

1.Жұп және тақ сандар ұғымын қалыптастыру. Натурал сандар туралы түсініктерін, тарихи ой-өрістерін кеңейту.

2.Логикалық ойлау, зейін тұрақтылығы мен есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,түсіндірмелі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп,олардың зейінін сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыпты қайталау

ІII.Жаңа сабақ.

1) Сонымен балалар натурал сандар деп қандай сандарды атаймыз?

Натурал сандар деп мына сандарды атаймыз 1, 2, 3, 4,…

Барлық натурал сандар жиының N символымен белгіленеді.

2) 2 : 2= 1 12 : 2= 6 124 : 2= 62

4 : 2= 2 14 : 2= 7 160 : 2= 80

6. 2= 3 16 : 2= 8 380 : 2= 190 т.с.с

Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар.

Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20.

3) 3 : 2=1(1қалдық) 13 :2= 6 (1қалдық) 243 : 2= 121(1қалдық)

5 : 2=2(1қалдық) 15 : 2= 7 (1қалдық) 365 : 2= 182(1қалдық) т.с.с.

Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар.

Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21.

Натурал сандар

Жұп цифрлар Тақ цифрлар

0,2,4,6,8. 1,3,5,7,9.

Жаңа сабақты пысықтау.

4)«Кім тез» ойыны

1-10 сандарымен жұмыс.

5)Топтық жұмыс.

Мына сандарың ішінен жұп сандар мен тақ сандарды жеке бөліп жазу.

І-топ.

264, 369, 428, 563,672, 781, 1025, 2536.

ІІ- топ.

29, 42,31, 54, 73, 86, 97, 60.

ІІІ-топ.

12, 13, 14, 15, 16, 17,18,19.

І-топ.

2, 3, 4, 5, 6,7.

ІV. Сабақты қортындылау.

Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз?

Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз?

V.Үйге тапсырма беру: Ережені оқу және есте сақтау.

VІ.Бағалау.

15.02.2018

Содержимое разработки

Мектептегі музыка пәнінде жаңа технология әдіс-тәсілдерін, бағдарламалар тобын қолдану үрдісі


Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, сапалы білім беру Қазақстанның индустрияландыруының негізіне айналуы тиіс. Бұл мәселе мектептерге байланысты айтылып тұрғандығы белгілі. Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

Баланы болашаққа дайындау – бүгінгі күннің ең негізгі мәселесі. ХХІ ғасыр- ақпараттандыру ғасыры. Қоғамды ақпараттандыру – мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына ықпал ететін шарттарының бірі.


Бүгінгі таңда қоғамымыздың жаңа қарқынмен дамуы, ғылыми-техникалық прогрестердің жетістіктері, еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуі білім беру жүйесіне де ықпал етпей қойған жоқ. Оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі – сыныптық сабақ жүйесі екені бәрімізге мәлім.


Инновация деген ұғым латын тілінде жаңарту, жаңалық, өзгеріс енгізу деген түсінікті білдіреді. Оның мәні – білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілетті дамытады. Қазіргі таңда оқушы - ақпаратпен қаруланған, жан-жақты дамыған тұлға. Оның білімдік қабілеттерін дамыту үшін біздер, мұғалімдер жан-жақты қаруланған болуымыз керек. «Балаға білім бергенде, алыстан жақынға, таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі білімге байлап беру керек»-деп Мағжан Жұмабаев айтқандай, оқыту процесіне жаңа көзқараспен қарау керек. Осы бағыттарда мектептерде музыкадан теориялық және тәжірибелік білім беру жүйесінен біраз тәжірибелер жинақталған, солай бола тұрса да, музыка сабағын жүйелі оқыту, әсіресе қазақ мектептерінде ұлттық бай музыкалық мұрамызды молынан пайдаланудың жолдары әлі де көрсетіле берсе артық етпейді. Басты міндет-оқыту мен тәрбиелеу. Өз пікірінде көрнекті педагог В. Сухомлинский «Өнер- өнегілі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал» деп, тәрбие үрдісінде өнерге аса көңіл аудару қажеттілігін қысқа да түсінікті түрде атап көрсетті. Сырлы да сазды әуендерді бүгінгі күн әуендерімен, классикалық музыкамен ұштастыра, шығармашылықпен


тақырыпты аша түсіп, оқушыларды музыка әлеміне қызықтыра білу музыка мұғалімінің өз ісінде шеберлігін талап етеді. Оқуға ынтасы барды да, ынтасыздарды да, тәртіптілер мен тәртіпсіздерді де музыка әлеміне қызықтырып, оқушылардың рухани бейнесі, танымын қалыптастыра отырып, қоғамның саналы азаматы етіп шығару - ұстаздардың басты мақсаты.


Қазіргі таңда жалпы білім беру кешендерінде музыка сабағын жоғарғы дәрежеде өткізу көзделіп отыр. Музыка пәні – шығармашылық пән. Оған көптеген ізденіс, шығармашылық, іскерлік, тапқырлық өте қажет.


Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда, түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады.


Сондықтан да музыка пәні мұғалімдеріне мектеп әкімшілігі, ата-аналар зор үміт артады. Жас өспірім бойына музыкалық білімді игерту - пәндегі сабақ жоспары құрылымы бойынша болғанымен жеке дара табиғи дарынды оқушылармен жұмыс аспаптық үйірмелер арқылы дамитыны бізге мәлім.


Осы бағытарда сабақты түрлендіруде ақпараттық технологияларды пайдалана отырып сабақты жаңаша түрде ұйымдастыруды жүзеге асырып келемін. Мысалы: интерактивті тақатмен жұмыс, мультимедиалық көрніспен, жаңаша тапсырмалар арқылы сабақты түрлендіре отырып өткізуді дәстүрге айналдырдым. Жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беріп, олардың бойына туған өлкесіне, халқына деген адамгершілік пен сүйіспеншілік сезімдерін сіңіруде ұлттық музыка мәдениетінің алатын орны ерекше екендігі белгілі. Халқымыздың осы мақсатын қайта жандандыру мақсатында балаларды қабілетіне қарай, - жыраулық өнерге, терме айтуға , шешендікке тапқырлыққа , айтыс өнеріне үйретуде - ән – саз пәнінің алатын орны орасан зор. Олай болса, оқытумен тәрбиелеудің ой елігінен өтетін әдіс-тәсілдерін жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет. Сонда ғана сабақ нәтижелі болып білім сапасы арттады. Әр мұғалімнің оқытуға, үйретудегі өз тұғырнамасы болу қажет.


Сол орайда музыка пәні мұғалімінің кәсіби шеберлігі жоғарғы деңгейде болу керек деп ойлаймын. Ал ол үшін пән мұғалімі қазіргі таңда қолданысқа берілген жаңа технология әдіс-тәсілдерін, түрлі бағдарламалар элементтерін дұрыс және ұтымды қолдануы қажет.


Өйткені ең алдымен музыка шығармашылық, өнер сабағы екенін үнемі жадымызда ұстап, берілген тақырып мазмұнын шеберлікпен ашып көрсетіп, жас шәкірт бойына музыкалық білімді құнарлы сіңдіруіміз абзал. Көптеген сабақтас пәндер «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» әдісін кеңінен қолданады. Ал ол әдісті біз музыка пәнінде толық қолдануымыз қажет пе?


Міне осы сұрақ көптеген музыка мамандарын жаңылдырады. Яғни бұл әдісті қолданамын деп ұстаз музыка пәнінің негізгі кезеңдерінен ауытқып кетеді. Оқушы бойында өнер туындыларының тұтастай көрінуі үшін салыстырмалы, қарама-қарсылық принциптерді пайдалана отырып, шығармаларды тез қабылдауға әсерін тигізіп, танымдық қызығушылығын тудыратын тәсілдерді көбірек қолдану барысында бастауыш сынып оқушыларымен мектеп алды даярлық тобына арналған «Тәй-тәй» атты бағдарламасының элементтері де зор үлесін қосады.


Яғни бүлдіршіндер осындай балғын шағынан бастап, топтық жұмысқа қалыптасып, ойларын ашық бөлісуге дағдыланады.


Ал ұстаз бағыты шынайы музыкалық тәрбие беруде оның жеке дара психологиясын, жас ерекшелігін, мінез құлқының өзгешілігінің ескеріп, тиімді қолдана білуі арқылы айқындалады.


Сондай-ақ халықтық педагогика үнемі сабақталып жүріп отыруы қажет. Яғни «Ақ сүйек», «Жүзік салу», «Теңге алу» сияқты ұлттық ойындарды әуендете қолдану және сергіту сәттерінде музыкалық түрде көрсету оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арта түседі.


Балалардың музыкалық тәрбиесі дәстүрлі мәдениет тұрғысынан кеңінен берілуі қажет. Өйткені жас шәкірттің дүниетанымы алдымен ұлттық музыка, халық өнері арқылы дамып, басқа жанр түрін сабақтастыра байланыстырып саз әлемінің тұңғиығына өріс алады.


Музыка пәні маманының кәсіби шеберлігі ән үйрету кезеңінде жоғарғы дәрежеде ойнап, алдындағы шәкіртті таңырқата орындау тыңдаушыларының көңілінен шығуы арқылы көрінеді.


Әлемдік педагогикалық зерттеулерді саралау, оларды қазақ мектебінің үрдісіне ұтымды қолдану, ұлттық жүйенің ерекшелігін ескере отыра жаңа педагогикалық технологиялар мен иновациялық бағыттарды жұмыс формаларында орынды пайдалану тәрізді мазмұнды жұмыстар түзілуде.


Музыкасабақтарында да электронды оқулықтарды тиімді пайдалануға мүмкіндік бар. Бұл мұғалімнің магнитофон, күйтабақпен жұмысын жеңілдетеді, тақтаға ән мәтінін жазу уақытын үнемдейді. Оқушыларға әр түрлі өлеңдердің әнін тыңдауға, оған өзгертулер енгізуге, өздері орындаған өлеңдерді компьютер арқылы тыңдауға мүмкіндік береді.


Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.


Компьютердің кең мүмкіндіктері музыка пәнінен фонотека, мәліметтер қорын жасақтап, толықтырып отыруға мүмкіндік береді, оларға қол жеткізуді оңтайландырып, сұрыптау мен іріктеу мүмкіндіктерін жетілдіреді.


Дегенмен, қазіргі кезде электрондық оқыту, 12-жылдық білім беру жүйесін көшу жағдайында музыка пәні мұғалімдерінің әдістемелік жаңа технологиялармен байланысты әдістемелік жинақтарын толықтыру өзекті болып отыр. Оқу орындары толық интерактивті тақта мен оның аппараттық және бағдарламалық құралдарымен қамтамасыз етілген. Осы жағдайды ескере отырып, әр сабақта мектеп мұғалімдерінің интерактивті тақтамен еркін жұмыс жасау дағдыларын жетілдіре отырып, олардың өз бетімен музыка сабақтарына дидактикалық материалдар, мультимедиа өнімдерін, тестілеуші құралдарды пайдалану қарастырылған тест тапсырмаларын даярлауға үйретіп, мектепте машық барысында пайдаланып отырмыз.


Оқушылар интерактивті тақта мен оның бағдарламалық жабдықтамасымен еркін жұмыс жасауға үйретіліп, тек дайын тапсырмаларды ғана орындамайды, интерактивті мүмкіндіктерді де пайдаланады.


Осындай тапсырмалар мектеп оқушыларының музыка пәніне деген қызығушылықтарын арттырып, олардың тақтаның алдында, аудитория алдында өздерін еркін ұстап, оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұтымды жүзеге асыруына ықпал етеді.


Осылайша, ақпараттық технологиялар педагогтарға өздерінің жұмысын сапалы тұрғыдан жақсартып, әдістері мен формаларын өзгертіп, оқушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін толық сақтау мен дамытуға, оқытудағы пәнаралық байланыстарды нығайтуға, оқу үдерісін ұйымдастыруды үнемі динамикалы жаңғыртуға мүмкіндік беертін құрал болып табылады. Ал басты артықшылығы – дәстүрлі оқу үдерісін түрлендіріп, оған жаңаша көзқарастарды тиімді енгізуге мүмкіндік беріп, оқушылардың білім алуын қызғылықты әрі жеңіл етуге ықпалы.


Әрбір халықтың тәлімгерлік тарихына назар салар болсақ, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан мол тәжірибені байқаймыз.


Бүгінгі мақсат халықтың музыкалық педагогика саласының сол озық идеяларын жандандырып, білім беру жүйесіне енгізу отыр.


«Музыкалық тәрбие әдістемесі» білім беру жүйесіне әрдайым бағынады және музыкалық педагогика үрдісін дамытады. Болашақ ұрпақтың дәстүрлі сазын бойларына сіңірте келе әлемдік саз әлемімен ұштастырып, рухани байлықты жан дүнесіне игереді.


«Музыка – менің жан - дүнием»,- деп орыс сазгері М.И.Глинка айтқандай әр саз маманы, болашақ мамандар студент-жастар музыка сабағын өздерінің шеберліктерімен мектептегі жоғарғы дәрежелі сабақ ретінде көтеруі парыз.


Сондықтан оқу тәрбие үдерісінде үнемі жаңа оқыту құралдарының мүмкіндіктерін ұтымды пайдаланып, оған білім алушыларымызды үйрету - әр педагогтың басты мақсаты деп білеміз және оны жүзеге асыруға барлық әріптестерімізді шақырамыз.


Қазіргі кезеңде арнайы беру саласындағы әлемдік білім  кеңістігіне ұмтылуға байланысты жасалынып жатқан талпыныстар жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.Сондықтан оқушылардың дербестігін және танымдық қабілеттерін дамытып,өмірдің жаңа жағдайларында пайдалана білуге үйретудің қажеттілігі туындайды. Соңғы жылдары психикалық дамуы кешеуілдеген балалардың танымдық қабілеттерін дамыту – түзету (коррекциялық) жұмыстарының , сондай – ақ арнайы мамандарды дайындаудың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар тобын, соңғы көрсеткіш бойынша 35 процентке жуығын нервтік – психикалық сферасы зақымданған мектепке дейінгі балалар құрайды. Психикалық дамуы кешеуілдеген балалар категориясын 50-шы жылдардың аяғынан бастап зерттеу кеңінен қолға алына бастады. Проблеманы зерттеумен айналысқан ғалымдар: М.С.Певзнер, Т.А.Власова, К.С.Лебединская, В.В.Ковалев, П.Е.Сухарева, В.И.Лубовский т.б.  бала дамуы ерекшеліктеріне қарай өз пікірлерін ұсынды.

6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу.
Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады.
Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт.
Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
- Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;
- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;
- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;
- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.
- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.
Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды.
Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет.
Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды.

Өнер пәні ретінде ән-күй сабақтарын ұйымдастыру проблемалары жөнінде О.А. Апраксина өз еңбектерінде тұжырымды пайымдаулар жасады. Оның пікірінше, музыка мектеп пәні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тән:

1) Өзге пәндер сияқты музыка сабақтарының құрылымы психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді;

2) Өзге пәндерді оқыту сияқты музыка сабақтары жалпы дидактикалық принциптерді ұстанады;

3) Музыка пәнін оқыту өзге пәндермен және ұйымдастыру формаларымен байланысты болады;

4) Ұйымдастыру формаларының әртүрлілігіне қарамастын, музыка сабағы бір тұтастықта болуы тиіс;

5) Өзге пәндермен ортақтастығы – онда негізгі оқыту әдістері де қолданылатындығында.

О.А. Апраксина музыка сабақтарының басқа да ерекшеліктерін ашып көрсетті:

- Бірінші ерекшелігі – музыка сабағы өнер сабағы. Себебі музыка өнері оқушының сезімі мен эмоциялық сферасын қамтитын болмысты бейнелейтін ерекше формасы. Музыкаға оқытуда танымдық процестің өзі тек ой-сананың әрекеті ғана емес, эмоция мен ойдың, сана мен сезімнің бірлігінде жүзеге асырылады;

- Екінші ерекшелігі – музыка адамның психикасына, моторикасына және физиологиялық процестерге кешенді түрде ықпал етеді. Яки адамды түрлі психикалық кейіпке түсіреді, оның бойында түрлі психикалық процестер мен физиологиялық процестер жүріп жатады;

- Үшінші ерекшелігі – міндетті түрде саналылық пен эмоционалдық бірлестік болуына байланысты, сабақтың әр элементі балалардың белсенді қызығушылықты қарым-қатынасын тудырады;

-  Төртінші ерекшелігі – музыка сабағында эмоционалдық пен саналылықтың бірлігі ғана емес, көркемдік пен техникалық бірлік те орын алады. Сондықтан тыңдауға, ән салуға арналған репертуар мен қатар жаттығулар да көркем болуы тиіс. Тіпті унисонда орындалған бір дыбыстың өзі де әдемі, әрі көркем орындауды талап етеді. Ондай көркемдік орындаушылық техникасын меңгеруге тікелей тәуелді болады. Сондықтан оқу материалдары ретіндегі музыкалық шығармалардың мәнері образдылығы, көркемдік пен техникалықтың бірлігінде жүзеге асырылуы тиіс.








Сонымен, музыка сабақтары мектептегі өзге пәндермен ортақ белгілерін сақтай отырып, өзіндік ерекшеліктерін де сақтауы тиіс. Ондай ерекшелік, біріншіден, оқу материалы; екіншіден, оқушының танымдық, сондай-ақ оқушының жалпы жалпы және арнайы қабілеттерінің дамуы; үшіншіден, оқыту әдістері; төртіншіден, қолданылатын техникалық құралдар; бесіншіден, музыка пәні мұғалімінің тұлғалық, кәсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.

О.А. Апраксина өнер пәні ретінде музыка пәнінің өзіне тән ерекшеліктерін және оқыту заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын білім беру, тәрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былай қарастырады:

         - музыка сабағының білім беру міндеттерінің нақты айқын болуы;

- музыка сабағының мазмұны оқу бағдарламасына, сабақтың мақсатына, оқушының даярлық деңгейлеріне сәйкес анықталуы;

-  музыка оқыту әдістерін қолайлы етіп таңдау;

-  педагогикалық байланыстардың болуы;

-  музыкалық білім беру педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайдалану;

- жеке тұлғаның барлық сферасын дамыту;

- жалпыпедагогикалық іскерліктердің дамуы;

- музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;

- музыкалық тәрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;

- музыкалық дүниетанымын дамыту;

- оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру;

- музыканы оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;

 - педагогикалық әдеп, оқушылардың адамгершілік сапа-қасиеттерін дамыту;

- музыка сабақтарын нақты жоспарлау;

- музыка сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;

- музыка оқытудың түрлі құралдарын қолдану;



Музыкалық білім беру педагогикасында музыка сабақтарын өзінің дидактикалық мақсаты, мазмұны және оқыту әдістемесіне қарай түрліше жүйелеу ұсынылған. Соңғы жылдары педагогикалық технология идеясының жандануы, білім беру саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне байланысты сабақ беруді жетілдіру, оны ұйымдастырудың тың жолдары іздестірілуде.

    «Музыкалық білім беру педагогикасының жанры» - дегеніміз музыкалық-педагогикалық туынды ретіндегі сабақтың өзіне тән образын, эмоционалдық сферасын, музыкалық-педагогикалық құрылымдарын бейнелейтін мазмұны мен ұйымдастырылуының жиынтықты сипаттамасы. Сөйтіп, сабақтың музыкалық-педагогикалық поэма құрылымдарына сәйкес, ода, аңыз, фреска, вернисаж сияқты түрлі жанрларды тиімді пайдалана білуге болады. Сонымен бірге рондо, вариация, реприза сияқты музыкалық формалардың құрылымы музыка сабақтарының құрылымына сай келеді.

     Музыка сабағы - музыкалық білім беру процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Оның мақсаттары мен міндеттері, мазмұны, әдіс-тәсілдері музыка сабағының типтері мен құрылымын анықтауға арқау болады. Басқа да оқу пәндері сияқты музыка сабақтары мұғалімнің жоғары музыкалық-педагогикалық даярлығын, оқушылардық педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін білуді, музыка сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жолдарын біліп қана қоймай, оның жаңа жолдарын іздестіруді, сөйтіп музыка сабақтарын оқыту тәжірибесін үнемі байытып отыруын талап етеді.

    Музыка пәні мұғалімінің сабақтарды өткізуге даярлығы басты екі кезеңнен оқу пәнін жүргізудегі жалпы және әрбір жеке сабақты өткізуге даярлығынан құралады. Жалпы даярлық барысында мұғалім оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, қарым-қатынасын, бейімділіктерін және музыкалық даму деңгейлерін зерттейді. Музыка пәні мұғалімінің әрбір жеке сабаққа даярлығы да едәуір ізденісті, шығармашылықты талап етеді. Бұл жұмыстың алғашқы кезеңінде оқу материалының мазмұны ойластырылады. Әрине, мұғалім тек бағдарламада қарастырылған оқу материалымен шектелмей, оқулықтарда, көмекші құралдарда берілген дидактикалық материалдарды мейілінше терең меңгеруі тиіс.

     Музыка сабақтарын жүргізу үшін типтік бағдарлама негізінде құрылған күнтізбелік-тақырыптық жоспарда бірізділікпен жоспарланған тақырыптардаң білімділік, тәрбиелік мақсаттары, қысқаша мазмұны, сабақтың түрі, әдістері, қолданылатын көрнекіліктері, оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау және тексеру формасы, әр тақырыптың өтетін мерзімі көрініс табады.






    Музыка пәні мұғалімі сабақты жоспарламас бұрын, ең алдымен оқушылар белгілі бір тақырыпты зерделеу барысында, яки есте сақтау, білу оқу дағдылары және алған білімдерін түрлі ситуацияларды қолдану сияқты нәтижелерге қол жеткізуі керектігін нақтылап белгілеп алғаны жөн.

    Жеке сабақтарды ұйымдастыру күнтізбелік-тақырыптық жоспардың негізінде жүзеге асырылады. Әсіресе, қызметін жаңа бастаған оқытушылар сабақтың мазмұнын, оқыту әдіс-тәсілдері нақтылы белгіленген конспект дайындаған дұрыс.

    Оқытудың нәтижелерін бақылау мен тексеру оқыту процесінің міндетті компоненттерінің бірінен саналады. Оның мәні пән бойынша оқушылардың меңгерген білім деңгейлерінің білім стандартына сәйкес құрылған бағдарламалық талаптарға сай болуын анықтау болып табылады. Кеінгі кезде оқыту процесінде осы жұмысты тиімділікпен жүзеге асыруда «педагогикалық диагностика» жиі қолданылып жүр:

1) алдын-ала тексеріс, мұғалімнің сабақты өткізуге дайындаған жоспары, материалдары қаралады және түсіндірудің, бекітудің, оқушылардың өздік жұмыстарының тәсілдері, әдісі, формалары жөнінде әңгімелесу жүргізіледі;

2) ағымдағы тексеріс, сабақтардың жүргізілу барысы тікелей бақыланады, оқушылардың білімі, дағдыларының деңгейі, оқушылардың шығармашылық тапсырыстарды орындау сапасы тексеріледі. Бұндай тексерудің барысында оқушылардың ұжымдық топпен бірге және жеке орындайтын музыкалық іс-әрекеттері есепке алынады;

3) қорытынды тексеріс, жарты жылдықта немесе оқу жылының аяғында оқушыларға білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижелері сарапталады. Оларды сабақ-концерт түрінде де өткізуге болады. Себебі музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттер негізінен ұжымдық түрде жүзеге асырылатындақтан, тексеруді де ұжымдық формада ұйымдастыру мүмкіндіктері бар.






Дидактикалық тесттер оқыту нәтижелерін тексеру мен баға беруде кейінгі жылдары көптен қолданылуда. Оларды жалпылама төрт типке бөліп қарастырымыз:

- есте сақтауға және еске түсіруге тиісті мағлұматтар, фактілер, ұғымдар, заңдар, теория туралы білімдерді тексеру;

- зерделенген материалдарға өз бетімен сыни тұрғыдан баға беру іскерліктерін тексеру;

- алынған мағлұматтар негізінде білімдерін жаңа нақты ситуацияларды пайдалана білу іскерліктерін тексеру.

         Оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлерін тексеру, оқыту процесінің құрамдас бөлігі бола отырып, оқушылардың оқу жұмысын тек қана тексеру емес, тәрбиелік, дамытушылық қызметтер де атқарады.

         Тексеру әдістерін таңдау иексерушінің алға қойған мақсаттары мен міндеттеріне тікелей байланысты. Оқушылардың үлгерімі мен білім сапасын тексеруде, оның жүйелілігі мен тереңдігін қамтамасыз ету үшін, бұдан да басқа қалыпты емес түрлері, айталық, өздік баға беру, өзара баға беру сияқты әдістер қолданылады.



-80%
Курсы повышения квалификации

Методы решения функциональных уравнений и неравенств

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жұп және тақ сандар (31.17 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели