ЖОЛ ЖҮРУДЕГІ ҮЗІЛІС
79. Жолаушы жолаушылар поездарында (вагондарда) жол жүру кезінде жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін көп дегенде 10 (он) тәулікке ұзартып, жол жүру барысында аялдама жасауға құқылы.
Бұл жағдайда жолаушы өзінің жол жүру құжатын поездың станцияға келген мезетінен бастап 4 сағат ішінде вокзал бастығына немесе вокзал бойынша кезекшіге осы Ережеге 2 қосымшаға сәйкес жол жүру құжатында аялдама жасағаны туралы белгі қою үшін ұсынуғы тиіс.
Аялдама туралы белгісі бар жол жүру құжаты (билет) бару станциясына дейін жол жүруді жалғастыру үшін, егер қалған жарамдылық мерзімінде осы станцияға дейін жетуге болатын болса, ресімделіне алады.
Жолаушы үзілген жол жүруін қайта жаңғыртқысы келсе, АБЖ-мен жабдықталған тоқтау станциясында плацкартаның құнын төлейді. Бұл ретте жол жүру құжатының (билеттің) екінші жағына жаңадан компостердің белгісі қойылады.
Жол жүру құжатында (билетінде) тоқтағаннан кейін компостердің жаңа белгісі болмаған жағдайда, жолаушы билетсіз деп есептеледі.
Жол барысында жол жүру құжатының жарамдылық мерзімін ұзартып, аялдама жасаған жолаушы өзінің жолын тағы да үзуге құқықсыз.
Қала маңындағы билет бойынша жол жүруді үзуге, егер бұл поезд қозғалысының жағдайынан туындамаса, жол берілмейді.
Ескерту: 79-тармаққа өзгертулер енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).