ЖОЛ ЖҮРУ ТАЛАПТАРЫ
50. Жолаушылар тасымалы жолаушыларды отырғызып түсіру үшін ашық барлық темір жол станциялары мен тоқтау пункттері арасында жүргізіледі.
51. Жолаушы жолаушылар поезына отырғызу кезінде тиісті түрде ресімделген жол жүру құжатын және реквизиттері жол жүру құжатында көрсетілген тұлғаны куәландыратын құжатын ұсынады. Жол жүру басталғанға дейін жолаушы жол жүру құжатында көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті.
52. Ұсынылып отырған жол жүру құжатында (билетте) көрсетілген тегі немесе оның тұлғасын растайтын құжат нөмірі жолаушының тегі мен оның тұлғасын куәландыратын құжаттың нөміріне сәйкес келмеген жағдайда, жолаушы поезға отыруға жіберілмейді. Осындай жол жүру құжаттары (билеттері) бойынша ақшаның қайтарылуы осы Ережеде белгіленген жағдайларда және тәртіппен жүргізіледі.
53. Әр жолаушы жолаушылар вагонында тек бір орынға ғана орналасады. Жолаушының өтініші бойынша және де бос орындар болған кезде демалу мен купе вагондарында жеке купе ұсыныла алады.
Бұндай жағдайда жолаушы жол жүру құнын купеде бар орындардың жалпы санының толық тариф бойынша төлейді.
54. Жолаушы поездың жол жүру маршруты бойынша жолаушылар операцияларына ашық кез келген станцияға дейін кез келген санаттағы вагон мен поезға жол жүру құжатын сатып алады. Жолаушының бару станциясына дейін тура поезд болмаған жағдайда оған басқа станциядан (ауысып отыру пункті) поезда бос орын бар болса екінші жол жүру құжаты ресімделеді.
Жеңілдіктерге құқы бар және ауысып отырумен бара жатқан жолаушыға жол жүруін ресімдеу кезінде алғашқы жөнелту станциясының билет кассирі жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжатында осындай жолаушының ауысып отыру пунктін (станциясын) ескере отырып алғашқы станциясынан бастап соңғысына дейін толық маршрут туралы белгі жасайды. Сонымен қатар, жол жүру жолаушылар поездарының ең қысқа бағыты бойынша үш рет ауысып отырудан асырмай ресімделеді. Ауысып отыру пунктінде (станциясында) жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжаты әрі қарай жол жүру үшін ауысып отыру пунктіне (станциясына) дейін пайдаланған жеңілдігі бар (ақысыз) жол жүру құжатына ауыстырылып ресімделеді.
55. Жолаушының жол жүруі жол жүру құжатында көрсетілген станциядан басталуы тиіс.
56. Әр жолаушыда өзімен бірге жол жүру құжаты (оның ішінде абонементтік) болуы, оны жол жүру уақытының барысында сақтауға және бақылау жасап отырған тұлғалардың талабы бойынша көрсетуге (жол жүру құжаты вагонның жолсерігінде сақталатын жағдайды санамағанда) және осы Ережеде белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
57. Жол жүру үшін жол жүру құжаттарын басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады.
58. Вагонның жолсерігі жолаушыларды вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжаттарын және жол жүру құжаттарында көрсетілген деректердің жолаушының тұлғасын куәландыратын құжатта көрсетілген деректермен (аты-жөні мен құжат нөмірі) салыстырып тексеруге, сондай-ақ қол жүгі салмағының белгіленген нормаға сәйкес келуін тексеруге міндетті.
Жолсерік вагонға отырғызу кезінде оларды шығарып салушыларда жол жүру құжаттарын ұмытып кетпеуі жайлы жолаушылардың есіне салуға тиіс, сондай-ақ жол жүру барысында билетсіз жолаушылардың жол жүруін және белгіленген нормадан (мөлшерден) артық қол жүгінің тасымалдауын болдырмауға іс-шаралар қолданады. K010000155
Жөнелту пунктерінен басқа барлық станцияларда вагонға отырғызу кезінде жол жүру құжаттары бар жолаушылар кез келген вагонға жіберіледі. Жолсеріктер жолаушыларға жол жүру құжаттары сатып алынған вагондарға өту кезінде көмек көрсетуі тиіс.
59. Барлық поездар (ауданаралық және ішкі қатынас поездарынан басқа) мен вагондарда (қатты жалпыдан басқа) жылдық қызметтік және талондық билеттерден басқа, сондай-ақ "слиптің" бақылау купоны барлық нысанды жол жүру құжаттары осы поезда жол жүрудің аяғына дейін олардың сақталуына жауапты вагон жолсерігінде сақталады.
Ескерту: 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
60. Вагон жолсерігі жол жүру құжаттарын өтеуді мынадай тәртіппен жүргізеді: жол жүру құжатының бланкін ортасынан бүктегеннен кейін бүктеген жерінің 1 см көп емес жоғарғы бұрышы жыртылып алынады.
Ескерту: 60-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
61. Жолсерік жолаушылардан сақтауға алған жол жүру құжаттарының жоғалғаны анықталған жағдайда дереу акт жасалады, оған жолаушылар, вагонның жолсерігі, поезд бастығы (механик-бригадир) қол қояды және станцияның мөртабанымен куәландырылады. Осы актінің негізінде аялдама ұзақтығы 10 мин болатын жақын арадағы станция жаңа жол жүру құжаттарын осы құжаттардың сыртына "Жоғалғанның орнына" деген белгі жасаумен бағалық торсыз қол технологиясы бойынша ресімдей отырып, жолаушының соңғы бару станциясына дейін береді. Жолаушының әрі қарай жол жүруін поезд бастығы (механик-бригадир) немесе вагонның жолсерігі жолаушының қатысуынсыз билет кассаларында ресімдейді.
Жолаушының әрі қарай жол жүруін поезд бастығы (механик-бригадир) немесе вагонның жолсерігі жолаушының қатысуынсыз билет кассаларында ресімдейді.
Жоғалған жол жүру құжаттарына жасалған актілерде поездың нөмірі, құрамның тіркелу орыны көрсетіледі. Кері қайтуға ақылы жол жүру құжаттарын жоғалтқанда жоғалтып алынған жол жүру құжатына сәйкес поезд бен вагонның санаты көрсетіледі.
Егер ақысыз бір реттік билеттер жоғалса актіде билеттің нысаны, билет бойынша жол жүріп келе жатқан тұлғалардың саны, билет иесінің қызметтік куәлікпен расталған жұмыс орны көрсетіледі.
62. Жолаушы жолаушылар поезында (темір жол халықаралық және облысаралық қатынаста) жол жүргенде жол жүру құжатында көрсетілген вагондағы орынға орналасуы тиіс.
Егер жол жүру құжаты аралық станцияда сатып алынған болса, вагондағы орынның нөмірі көрсетілмейді.
Жолаушыларға бос және жол барысында босаған орындарға тек вагон жолсеріктері рұқсат берген жағдайда ғана орналасуға болады. Бұл ретте төменгі орындар ең алдымен балалары бар әйелдерге, мүгедектерге, ауру және егде жолаушыларға беріледі.
Ескерту: 62-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
63. Касса жолаушыға жол жүру құжаттарын дұрыс ресімдемеген немесе оған вагонда бос орынсыз жол жүру құжатын берген, бір орынға екі жол жүру құжатын сатқан жағдайда, поезд бастығы (механик-бригадир) және вагон жолсерігі жолаушыны вагонға жібереді және вокзал қызметкерлерімен бірлесіп оған поезда орын ұсыну және дұрыс ресімделмеген жол жүру құжаттарын түзету үшін шаралар қабылдайды.
Егер жол жүру құжаттарының (билеттерінің) (оның ішінде орынсыз немесе бір орынға бірнеше жол жүру құжаттарын сату) дұрыс ресімделмеуі поезда анықталған болса, онда поезд бастығы (механик-бригадир) екі данада акт құрады. Касса дұрыс ресімдемеген жол жүру құжаттары (билеттер) актілерге қоса береді және поезды құрастыратын ұйым басшысына тексеру және шаралар қабылдау үшін тапсырады.
Ескерту: 63-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
64. Жолаушылар орындарды тәуліктің кез келген уақытында пайдалана алады. Жоғарғы сөрелерді көтеру мен түсіруді жолаушылардың өтініші бойынша вагон жолсеріктері орындайды.
Поезда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен жол жүру құжатын ұсынған жолаушы билетсіз деп есептеледі.
Ескерту: 64-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
65. Вагон жолсеріктері жолаушыларға поездың тағайындалған станциясына жақындап қалғаны туралы кемінде 30 минут қалғанда ескертуге міндетті.
Жолаушы жол жүру құжатында көрсетілген тағайындалған станциясынан өтіп кеткен жағдайда, поезд бастығы (механик-бригадир), вагон жолсерігі және жолаушы қол қоя отырып акт жасалады. Актіде поезды құрастыру темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болуға тиісті. Актіде жолаушының тегі, жол жүру құжатының нөмірі, поездың, вагонның нөмірі, поездың жол жүру маршруты, жолаушының нақты түсу станциясы көрсетіледі. Осы акті жолаушыға тағайындалған станциясына дейін ақысыз қайтуға құқық береді.
66. Поездан қалып қойған жолаушы бұл туралы станция бастығына (немесе осыған уәкілетті тұлғаға) мәлімдеу тиіс.
Егер поездан қалып қойған жолаушының қол жүгі немесе жол жүру құжаты вагонда қалып қойса, вокзал бастығы бірден поездың жол жүру барысы бойынша жақын арадағы вокзал бастығына қалып қойған қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы жеделхатпен хабарлайды. Вокзал бастығы көрсетілген хабарландыруды алғаннан кейін поезд бастығымен (бригадир-механигімен) бірлесіп қалып қойған жолаушының қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіруге және олардың сақталуына шаралар қабылдайды. Жолаушылар поезының бастығы (механик-бригадирі) қалып қойған қол жүгі орындарының атауы мен санын немесе жол жүру құжатын көрсетумен оларды акті бойынша станцияға тапсырады. Актіге поезд бастығы (механик-бригадир), вагонның жолсерігі мен екі жолаушы қол қояды. Актіде поезды құрастыру темір жол көлігі ұйымының мөртабаны болуы тиіс.
Вокзал бастығы жолаушы отырған станцияға поездан қол жүгін немесе жол жүру құжатын түсіргені туралы хабарлайды. Осы хабарландыру негізінде жолаушыға егер оның жол жүру құжаты вагонда қалып қойса, қол жүгі немесе жол жүру құжаты түсірілген станцияға дейін жалпы вагонға немесе плацкарт вагонына орынсыз жаңа жол жүру құжаты беріледі. Қалып қойған жолаушыға қол жүгін немесе жол жүру құжатын түсіру туралы актінің негізінде жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі келесі поезға қайта жаңғыртылады.
Қалып қойған жолаушыда жол жүру құжаты болған кезде оған қол жүгін түсіру туралы хабарландырудың негізінде қол жүгі түсірілген станцияға дейін жол жүруге және қол жүгін түсіру станциясынан актінің негізінде бару станциясына дейін жол жүру құжатының жарамдылық мерзімі қайта жаңғыртылады.
Қол жүгін және/немесе жол жүру құжатын түсіру туралы хабарлама үшін жолаушыдан ақы алынбайды.
67. Жолаушы өзінің жол жүру құжатын (билет) сатып алған поездан ерте жөнелетін жолаушы поезымен, егер онда бос орындар бар болса жүріп кетуге құқылы.
Ерте кететін поезға жол жүру құжаттары, егер осы поездың жөнелуіне дейін 24 сағаттан аз уақыт қалған жағдайда қайта ресімделеді және мынадай жағдайларда тегін өзгертусіз рұқсат етіледі:
1) поездың нөмірін бұрын кететінге ауыстырғанда;
2) поездың санатын жедел немесе жолаушыға ауыстырғанда;
3) вагон түрін жоғарғыға ауыстырғанда;
4) бірден поезд нөмірі (бұрын кететінге) мен вагон түрін ауыстырғанда;
5) бір түрлі вагондағы орындарды басқа вагондағы орындарға ауыстырғанда;
6) бір вагондағы орынның нөмірін басқаға ауыстырғанда.
68. Жолаушының жол жүру құжаттары поезд жөнелгеннен кейін шығарып салушыларда қалып қойған немесе жолаушы жол жүру барысында жол жүру құжатын (билетін) жоғалтып алған немесе бүлінген (жыртылған, өртелген, суболған) болса, бұндай жолаушы билетсіз деп есептеледі және жол жүру құжаттары қайта берілмейді және оларға төленген төлемдер қайтарылмайды.
Жол жүру құны төленген жағдайда, екінші рет енгізілген төлемдерді жолаушының жазбаша өтініші бойынша оған пайдаланбаған жол жүру құжатын және жол жүру үшін төлемдер өндірілген әр түрлі алымдар квитанциясын қоса тіркей отырып, шағымдану тәртібімен тасымалдаушы қайтара алады.
69. Ауданаралық және ішкі қатынаста:
1) бір бағытта ("бару") және кері қайту ("бару" мен "қайту") бір реттік жол жүрулер үшін жол жүру құжаттарының;
2) жеңілдігі бар атаулы абонементтік билеттердің және барлық азаматтарға "ұсынушыға" және "демалыс күні" атаусыз абонементтік билеттердің;
3) мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдарға атаулы абонементтік билеттердің сатылуы жүргізіледі. Абонементтік билеттер осы Ережеде белгіленген тәртіппен сатылады.
Ескерту: 69-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).
70. Жолаушылар поезының вагонында жол жүру кезінде:
1) барлық жол жүрудің барысында жол жүру құжатынсыз жүріп өтуге;
2) вагондардың ілме басқыштары мен төбесінде жүруге, жүріп келе жатқан поезға отырғызуға және одан түсіруге;
3) вагонды бүлдіретін немесе ластайтын, немесе басқа жолаушылардың нәрсесін былғайтын қол жүгін, сондай-ақ сасық, тез қабынғыш, улы, оңай тұтанатын, жарылғыш және басқа да қауіпті заттарды тасымалдауға.
Қарудың барлық түрлері поезға отыру кезінде вагонның жолсерігіне тапсырылады, ол тағайындау станциясына келгеннен кейін қайта берілуге жатады.
4) поезды қажетсіз тоқтату кранмен тоқтатуға;
5) тамбурлар мен өтпелі алаңдарда жол жүруге;
6) белгіленбеген орындарда темекі шегуге;
7) вагондардың әйнектері мен есіктерінен қоқыс пен басқа да заттарды лақтыруға тыйым салынады.
71. Вагондардың ішкі жабдығы заттары зақымданған немесе жоғалған жағдайда зақымдануды келтірген тұлғаның, поезд бастығы мен вагон жолсерігінің қатысуымен акт құрылады. Актіге поездың бастығы (механик-бригадирі), вагонның жолсерігі, вагонға зақымдануды келтірген тұлға қолдарын қояды да ішкі нұсқаулықтарда белгіленген тәртіпте іс-шаралар қолдану үшін жол жүру барысында - станция жөніндегі кезекшіге; станцияға келген кезде - станцияның (вокзалдың) бастығына тапсырылады.
Ескерту: 71-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі N 162-І бұйрығымен ( қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз ).


Жол жүру талаптары (70.08 KB)

