Тақырыбы: Желтоқсан көтерілісіне -33 жыл
Мақсаты:Желтоқсан көтерілісінің сипатын аша отырып, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.
Дамытушылық мақсаты:Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік мақсаты:Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Желтоқсан көтерілісіне қатысқан жерлестерімізбен кездесу кеші
Сабақтың көрнекілігі:Слайдтар-желтоқсан оқиғасы туралы деректер, мәліметтер, суреттер
Сабақтың эфигрыфы: Ең зор iзгi ерлiктердi Отанға деген сүйiспеншiлiк туғызған. Ж.Ж.Руссо.
Қатысушылар: Желтоқсан көтерілісіне қатысқан батырларымыз-
Орынғалиев Ережолла Садырович
Омаров Ерлік
Сабақтың барысы:
Әнұран
2. Оқытушы: Құрметті ұстаздар,оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ , талай қанды қырғынды, зорлық- зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.Соның бірі-Желтоқсан көтерілісі.Бұл көтерілістің себебін бір жақты қарап, бір сөзбен айту, түсіндіру мүмкін емес. Дүниені дүр сілкіндірген, тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісі туралы «Желтоқсан оқиғасына -31 жыл » атты желтоқсан көтерілісіне қатысушылармен кездесу кешін ұсынамыз.
Слайд:Сол кездегі бейне көріністерден үзінді
РЭС1Б студенттері Абдубайт Айзере
Болат Темірлан «Лаула лаула Желтоқсан» әні
Желтоқсан көтерілісінің себебі
Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың қуатын, елдік пен ерліктің мұратын танытқан көтеріліс болды. Желтоқсан оқиғасының шығу себебі: 1986 жылы 16 желтоқсанда небәрі 18 минутта өткен Қазақстан Орталық Комитетінің бесінші Пленумы Д.Қонаевты «өз еркімен» қызметінен босатып, Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына республика халқына мүлде таныс емес, қазақ халқы туралы еш хабары жоқ В.Колбиннің «сайлануы» болды. Ертеңіне 17 желтоқсан күні орталық алаңға лек- легімен ағылған жастар тобы бейбіт шеру арқылы Орталықтың кадр саясатын дұрыс жүргізбей отырғандығына наразылық білдірді. «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа- өз көсемі!» ,«Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!» деген ұранмен , «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шықты.Ұлт саясатын дұрыс жүргізуді,ұлттық тіл мәдениеттің дамуына қамқорлық жасауды,ұлттық саяси қайраткерлердің басшылық орындарында лайықты лауазымға ие болуына назар аударуды талап етті. Жастар өздерін толғандырып жүрген мәселелерді айтып қалуға тырысты.
Желтоқсан оқиғасы Брежнев алаңында, қазіргі Республика алаңында өтті. Алматы қаласымен қатар Тараз, Қызылорда, Шымкент,Талдықорған, Қарағанды, Өскемен, Жезқазған, Көкшетау, Семей,Павлодар, қалаларында толқу болып өтті.
П1Б группасы студенті Шевцова Дарья «Көзімнің қарасы» әні
Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың саны :Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумы коммисиясының анықтауы бойынша қозғалысқа қатысқаны ұшін ұсталғандардың саны-8500. Оның ішінде медициналық көмек алғандар-1383, ал ауруханаға түскені-369 адам.1720 адам жарақат алған.
Желтоқсан оқиғасын басуға қатысқан әскери адамдардың саны : Кеңес Одағының қалаларынан Ішкі істер министірлігінің арнайы әскери бөлімдері әкелінді . Челябинск, Новосибирск,Ташкент, Тибилиси, Свердловск, Уфа қалаларынан әсери күштер келді. Ішкі Істер министрінің орынбасарының мәліметі бойынша тосқауылға 5500 адам жетпеген. Қазақтың нашақор жастары орыстарды қырып, жойып барады деген хабар таратып, 22 өрт сөндіргіш машинамен су шашу операциясы түнгі сағат он бірге дейін жалғасқан. Қазақ жастарына қарсы сапер күректер, иттер, бронды транспортерлер, өрт сөндіргіш машиналар пайдаланылды.
КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған «Бұрқасын-86» операциясы бойынша басып жаншылды.
Қазақ жастарына сол кезде қозғау салған наша да емес, арақ та емес, сілкіне бой жазған адамдық қадір – қасиет және өз үндерін естірту тілегі екенін түсінуге В.Колбиннің қабілеті жетпеді.
ІІ. Желтоқсанға қатысушыларға сұрақ «Желтоқсан оқиғасының куәгері ретінде сіздер не айтар едіңіздер?
Желтоқсанның ашылмаған шындығы: Желтоқсан оқиғасын тексеру комиссиясының төрағасы М. Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді. 3 адам алаңдағы қақтығыста өлді. Тағы да үшеуі сол күндері қаза тапты. Желтоқсан оқиғаларынан кейін жыл бойы ішкі істер органдары фамилиясын, тіпті нөмірлерін көрсетпестен тағы да 58 адамды көмді деген күдігіміз бар. Тіпті мәйітті ешкім танымаған жағдайда ол нөмірленетіні белгілі. «Желтоқсаншыларды» қуғындау бүкіл қыс бойы жалғасты. Жалған куәлер тартып, қатысқандарды тергеу шараларын жүргізген кезде ұрып –соғу итке талату, т. б, әдістер қолданған. М.Шаханов басқарған коммисияға наразылық білдіріліп, қысым көрсетілген.« Қ. Рысқұловтың өлімін дәлелдеу қиын болды. Бізге мәлім болғандай, Қайрат асылып өлетін күннен бір күн бұрын камераға қандықол, қарақшы Власенко әкелінген болатын. Қайрат өлімі сол жауыздан келді деген күдігіміз бар. Сонымен қатар Компартия тарапынан қысымшылық жасалды. Сол құжаттарына қол жеткізе алмадық. Мәскеумен қарым-қатынасқа нұқсан келетін болды. Ұлтаралық қатынас шиеленісуі мүмкін еді»,-деп еске алады.Иә желтоқсанның ашылмаған, әлі зерттеуді қажет ететін тұстары көп.
ІІІ.Ән «Желтоқсан желі». «Желтоқсан желі» 1986 жылы жазылды. Мәтінін жазған Абдрахман Асылбеков, әні Әбиірбек Тінәлиевтікі
Желтоқсан оқиғасына қатысқандарға қандай үкім шығарылды?
Жазаға тартылған 99-дың 76-сы ерлер де, ал қалған 23-і қыз-келіншектер болған.
Лаззат Асанова мен Сабира Мұхамеджанова Желтоқсан оқиғасының құрбаны болды. Сабитова Жансая Әлкейқызы бес жылға, Сыдықова Нағима Асқарқызы үш жылға сотталды. Бас аяғы жиырма8ш ару қыз бас бостандығынан айырылды, әрқайсысы әр жылға. Екеуі еңбекпен түзеу жазасына тартылды, біреуі қара жұмысқа жіберілді. Екеуі өлім жазасына кесілді. Олар Қайрат Рысқұлбеков.Оған жасақшы Савидскийді өлтірді деген жалған айып тағылды.83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылды.12 ректор орнынан түсірілді.271 студент оқудан шығарылды.52 адам партия, 787 адам комсомол қатарынан шығарылды. 1138 адам комсомолдық сөгіс алды. Қазақ ұлтшылдығы” айдарын таққан М.Соломонцев болды.
Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар түсірілді?
Желтоқсанның ащы шындығын айтатын бірнеше деректі фильмдер түсірілді.«Аллажар» режисері Қалдыбай Абенов, «Аллажар» фильімін 1988 жылы түсіре бастаған, бірақ 1989 жылы КГБ түсіруді тоқтатқызған. Фильмді 1996 аяқтады.Талғат Теменовтың режиссерлығымен «Қызғыш құс» атты фильм өмірге келді.
ІV. М. Шаханов. «Төрт жыл кешіккен шындық»
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның.
Ерте айтылды сондықтан да келте айтылды бұл әнің,
Уақытыңның талабына деп келсе де ұраның,
Уақытыңның әділесіз соққысынан құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыптадың ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз тұрғаным
Керең болып қалды ма екен неге менің құлағым
Айналайын, айналайын, жас қайратым, қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған
Намысыңды жықпай өттіңнәубет, дүлей маусымнан.
Жасап қалған шақтарымды жігер алдым бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір ең…….
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы кезеңде-ақ
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің көбінен
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы
Лаула, Лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы!
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Марина, Бақтыбек, Бірлік аға көптен аңсаған, осындай күреспен келген тәуелсіздіздігіміздің 20 жылдығына арнап тілек айтсаңыздар.
Мұғалім сөзі:Желтоқсан көтерілісі 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен бірдей, тіпті ұқсас жақтар көп. Талдап қарасақ 1916 ж ұлт-азаттық көтеріліс патша империясының құлауына әкелсе, 1986ж көтеріліс алып КСРО сияқты кеңестік империяның құлауына бастама болды.Екеуінеде әсер еткен бірнәрсе - жарлық.1916 ж. 25 маусымдағы қазақтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық болса,1986 ж 18 минутқа созылған пленумнан кейін Қонаевты орнынан алу және Колбиннің тағайындалуы туралы жарлық.Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл-қыздарды, рухы биік аға-апайларымызды ұмытпайық. Олардың ерлігі біздерге үлгі болсын.Тәуелсіздік туын биік ұстап, алға баса берейік!
ӘН:Атамекен.
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазагымның алақаны деп білем
Қайырмасы
Қайда жүрсем атамекен
Көкейіңде жатады екен
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Күннің нұрын айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем
Қайырмасы
Жасыл жайлау түкті кілем көк кілем
Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем
Қайырмасы

Желтоқсан ақтаңдақтары (5.04 MB)

