Меню
Разработки
Разработки  /  Математика  /  Уроки  /  1 класс  /  Жазық фигуралар

Жазық фигуралар

"Жазық фигуралар" тақырыбында құрастырылған ҚМЖ. Бұл тақырыпта балаларға жазық фигуралар туралы түсінік беріледі. Кеңістік фигуралармен салыстыра отырып, жазық фигуралар не екенін біледі.

09.11.2017

Содержимое разработки



САБАҚ: математика

Мектеп: №14 орта мектеп-гимназиясы

Тақырыбы:

Жазық фигуралар

Күні: 17.10.2017 ж.

Мұғалімнің есімі: А.Жаканбаева

СЫНЫП: 1 В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Оқушыларға “жазық фигуралар” ұғымын кеңістік фигуралары жақтарының көмегімен түсіндіру. Үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш секілді жазық фигуралармен танысу және бір-бірінен ажырата білу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Жазық фигураларды тану және салып үйрену.

Оқушылардың басым бөлігі: Жазық пен кеңісітік фигураларды ажырата білу.

Кейбір оқушылар: Жазық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтау.

Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: үшбұрыш; дөңгелек; шаршы; тіктөртбұрыш; жақ.

Треугольник шар квадрат прямоугольник

Бағалау критерийлар

Жазық фигураларды атайды және ажыратады.

Жазық фигуралар мен қоршаған ортадағы заттардың пішініне ұқсастығын анықтайды.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке,бірін-бірін тыңдап,сыйлауға үйрету

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану,сауат ашу, көркем еңбек

Алдыңғы тақырып

Геометриялық фигуралар

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткенді қайталау.

Өткен сабақта қандай геометриялық фигуралармен таныстық?Геометриялық фигураларды атау

Конус, цилиндр, текше, шар, пирамида қандай фигуралар деп атаймыз? Кеңістік фигуралар

Оларға ұқсайтын заттарды айтыңыздаршы.

Сабақтың тақырыбы: Жазық фигуралар

Үш мақсатпен таныстыру

Фигуралар

Ортасы









































Сергіту сәті

4 минут

1. Топтық жұмыс. Тәжірибе жасау:

 Топтарға тапсырмалар беріледі

Тапсырмалар:

1. 5 топқа Конус , пирамида, текше, цилиндр, тіктөртбұрыш қорапша сияқты кеңістік фигураларын беріп, ақ қағазға табанын сызғызу

2. Шыққан фигураны қиып алу. Қандай фигура шықты

-Балалар бірінші мақсатқа жеттік. Жазық фигуралармен танысып суретін салдық.

3. Суретін салған фигурамен салыстыру

Оқушылардан не байқағанын сұрау. Көргендері бойынша қорытынды жасату. Конустың үстел үстінен жоғары тұрғанын, оның тек табаны ғана үстелде жатқанын, ал дөңгелек түгелімен үстел бетінде орналасқанын бақылау арқылы қорытынды жасатқызу. Сондықтан конус пен дөңгелектің екі түрлі фигуралар болатынын айтамын.

Олардың негізгі айырмашылығы: дөңгелек — жазық, ал конус — кеңістік геометриялық фигура екендігін айтып, қорытынды жасау.

Ал шарды бастырып сызудың мүмкін емес екенін, бірақ ол да кеңістік фигурасына жататынын айтып қорытындылау. Сонымен конус, пирамида, текше, шар, цилиндр— кеңістік фигуралары, ал дөңгелек — жазық фигура екеніне тәжірибе арқылы көз жеткізеді.

Жазық фигураларды кеңістік фигуралардан ажырата аламыз. Енді табыс баспалдағында екінші мақсатқа жеткендер түртіп қоямыз.

  1. Қане тапшы «Бұл не?» ойыны:

  2. -Оның үйі қайда?

“Суретте қандай геометриялық фигуралар бейнеленген?” деп сұрау. Сыныпта жақсы оқи білетін оқушылар болса, фигуралардың сөздерін дауыстатып оқыту.

Орындап көр. Берілген тапсырмада оқушыларға айналасын зерттей отырып, пішіні жазық фигуралар болатын немесе ізі жазық фигураның пішінін елестететін заттарды табуды ұсыну.

Шығарып көр. Оқушыларға тапсырмада көрсетілген суреттегі заттарға мұқият қарап, олардың жақтарының қандай пішін құрайтынын анықтауды ұсыну.Тапсырманы орындау барысында оқушыларды кеңістік және жазық фигуралар туралы алған білімдерін талдай білуге жетелеу.

«Пішіндер әні»музыкасы арқылы қимылдар жасату

Дәптермен жұмыс:

Фигураларды топтастыру. Тапсырма фигура-лардың типтерін ажырату дағдысын дамытуға арналған. Оқушылар фигураларды топтарға бөліп, әр топты өзіне тән тұйық сызықпен айналдырып сызу керек.


Фигуралар мен заттардың пішіндерін салыстыр. Тапсырма оқушылардың қандай жазық геометриялық фигура берілген заттың бейнесіне сәйкес келетінін анықтай білу дағдысын тексеруге арналған. Оқушылар кеңістіктегі заттың пішінінің жазық геометриялық фигураның қайсысына сәйкес келетінін анықтап, фигураны заттың түсіне сәйкес бояумен бояуы тиіс.

*Жетістік баспалдағымен өзін-өзі бағалау.

Жұптық жұмыс.Қалыптастырушы бағалауға тапсырма:

Жазық фигураларды қызыл түспен, ал кеңістік фигураларын көк түспен бояңыз.

-Балалар үшінші мақсатқа жеткендер табыс баспалдағын түртіп қоямыз

Кеңістік фигуралар

Тәжірибе жасау үшін А4 қатты қағазы, қарын-даштар, қайшы және кез келген көлемді фигура.











Табыс баспалдағы


Оқулық





Суретте рафинад қант қорапшасы, сағат,үшбұрыш


Видео








Аяқталуы

Оқушыларға жазық фигураларды көрсете отырып, тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу үшін сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдаймын:

— кез келген жазық фигураны ата. Аталған фигураның қандай ерекшелігі бар екенін білесің бе?

— цилиндрдің табанын бастырып сызса, қандай фигура шығады?

— пирамиданың жағын бастырып сызса, қандай фигура пайда болады?

— шаршы алу үшін қандай фигураны бастырып сызу керек?


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтардағы байланыс

Топтық жұмыс барысында өз бетінше фигураларды сызады,  жазық фигуралары мен кеңістік фигураларының айырмашылығын айтады

Оқушылар сабақ соңында:

жазық фигураларды;

әрбір фигураның өзгешелігін анықтауды;

жазық фигура кеңістік фигураның ізі немесе баспа таңбасы екенін біледі.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:


2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


-80%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жазық фигуралар (35.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели