Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  3 класс  /  Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау

Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау

Батыс ?аза?стан облысы А?сай ?аласы №4 жалпы орта білім беретін мектебіні? бастауыш сынып м??алімі Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

П?ні:Д?ниетану

Саба?ты? та?ырыбы: Жануарлар мен ?сімдіктерді ?ор?ау Саба?ты? ма?саты: Білімділік: Таби?атта?ы жануарлар мен ?сімдіктерді? байланысы туралы ма?л?мат беру. Таби?атта?ы зат айналысымен таныстыру. Дамытушылы?: Ойлау ?абілеттерін ж?не ойларын толы? жеткізе білу, ?здігінен, топпен ж?мыс істеу да?дыларын дамыту. Білім алу?а ?ызы?ушылы?ын арттыру Т?рбиелік: О?ушылар?а таби?атты аялау?а ж?не ?оректену тізбегін ??ру?а ?йрету. Саба?ты? типі: Аралас саба? Саба?ты? т?рі: д?ст?рлі Саба?та ?олданылатын ?діс - т?сілдер: т?сіндіру, с?ра? - жауап, баяндау, ??гімелеу, талдау, к?рнекілік, сто Саба?та ?олданылатын к?рнекіліктер: «?мір айналысы» сызбасы, тірек-сызбалар, ?лестірмелі карточкалар, жануарлар мен ?сімдіктерді? суреттері, интерактивті та?та Саба??а ?ажетті ??рал - жабды?тар: А3 плакаты, желім, т?рлі т?сті фломастерлер П?наралы? байланыс: ?аза? тілі, ?дебиеттік о?у, биология Саба?ты? барысы: I. ?йымдастыру б?лімі. Психологиялы? дайынды? ?ор?ытпаймыз ??старды, ?ызы?таймыз ?ш?анды. ?ркітпейміз а?дарды Жасамаймыз д?шпанды?! II. ?й тапсырмасын тексеру III. ?й тапсырмасын бекіту «Жануарлар» та?ырыбында тест ж?мысы 1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не? А) Жануарларды? мінез - ??л?ы ?) Жануарларды? тіршілік етуіне ?олайлы жер Б) Жануарларды? сырт?ы т?р - келбеті 2. ?луды? денесінде «?ккіш» деп нені атайды? А) Ба?алшы? ?) М?йізі Б) Тістері мен тілі 3. Т?мендегі ?рмекші т?різділерді? ?айсысы улы ж?не адам ?міріне ?ауіп т?ндіреді? А) ?рмекші ?) Б?йі мен ?ара??рт Б) ?ан?ыз 4. ?луды? ба?алшы?ты ?лулары неше к?ннен кейін шы?ады? А) 18 ?) 24 Б) 27 5. Зиянды паразит ??ртты к?рсет. А) Ішек??рт ?) С?лік Б) Жауын??рт 6. ?лу неше сантиметр тере?дікке дейін кіріп, ?й?ы?а кетеді? А) 4 - 6 см ?) 7 - 9 см Б) 5 - 10 см 7. Ішек??ртты? ж?мырт?аларын ?андай ж?ндік таратады? А) Шыбын ?) Шегіртке Б) Маса 8. ?аза?станда?ы е? ірі ?рмекшіні ата? А) Орман кенесі ?) Б?йі Б) ?ара??рт IV. Жа?а материалды ме?герту. 1. ?ызы?ушылы?ты ояту «Орманны? адам ?міріндегі р?лі» та?ырыбында?ы ??гімеден басталады. Ж?зеге асыру. 1. Балалар жануарлар туралы материалдарды еске т?сіреді, со?ан ?атысты ?р топ басшысы карточкада?ы с?ра?тарды та?дайды. - Ш?п?оректілерге ?андай жануарлар жатады? - Етпен ?оректенетін немесе жырт?ыштар - ?сімдіктермен де, а?дармен де ?оректенетін жануарлар. - Ж?ндіктермен ?оректенетін жануарлар. 2. Тірі таби?ат ?кілдеріні? тіршілік айналысында ма?ызды р?л ат?аратынын ??гімелеп беріледі; топыра?ты? осы тіршілік тізбегіндегі ат?аратын р?лін, егер топыра? жойылса, осы ше?берді? де ??рып кететіні туралы айтылады. 2. Ма?ынаны тану. ?сімдік ауадан к?мір?ыш?ыл газын, ал топыра?тан су, т?рлі т?з ж?не бас?а ?оректік заттар сі?іреді. Алын?ан ?оректік заттардан к?н с?улесіні? ?серімен жапыра?та ?ант мен крахмал т?зіледі. Олар ?сімдікті? ?суіне жа?дай жасайды. ?сімдікпен адамдар мен жануарлар ?оректенеді. ?орытылма?ан тама? ?алды?тары, ?лген жануарлар мен ?сімдіктер топыра??а т?седі. Олар топыра?та ?арашірікке айналады, микробтар оларды минералды? т?здар?а ажыратады. Минералды? т?здармен ?айтадан ?сімдіктер ?оректенеді. Тізбек т?йы?талды. Осылайша таби?атта?ы зат айналымы ж?реді. Шірінді Микроорганизмдерді? ы?палы Т?здар ?сімдіктер ?орегі Жануарлар ?орегі ?сімдіктер, жануарлар ?леді Топыра??а т?седі. V. Бекіту. Ой - тол?аныс Тапсырма. ?лгі бойынша ?орек тізбегін ??растыру: Асты? - тыш?ан - т?лкі Ш?п - киік - ?ас?ыр Г?лдер – ж?ндіктер - ??стар Жапыра? - шірінді - ??мырс?алар С?ра?: Неліктен ?орек тізбегін б?зу?а болмайды? VI. Саба?ты ?орытындылау. Биологиялы? диктант. 1. ?сімдік ауадан к?мір?ыш?ыл газын сі?іреді. 2. ?оректік заттардан жапыра?та крахмал мен ?ант т?зіледі. 3. ?сімдікпен адамдар мен жануарлар ?оректенеді. 4. ?орытылма?ан тама? ?алды?тары, ?лген жануарлар мен ?сімдіктер топыра??а т?седі. 5. Топыра?та ?арашірікке айналады,микробтар оларды минералды? т?здар?а ажыратады. 6. Минералды? т?здармен ?сімдіктер ?оректенеді. (?арамен ерекшеленген с?здерді жасырып ?оясыздар) Балалар таби?атта?ы жануарлар мен ?сімдіктер байланысы туралы білгендерін пысы?тайды. ?орытынды. Барлы? тірі организмдер мен топыра? - бізді? планетамызда?ы бірт?тас тіршілік ше?беріні? м?шелері. А?аш, б?та ж?не ш?птерді ?ор?ау ар?ылы сен сол жерде тіршілік ететін а?дар?а, ??стар?а ж?не ж?ндіктерге к?мектесесі?. VII. ?йге тапсырма беру - О?улы?та?ы м?тінді о?у - С?ра?тар мен жауаптар - Таби?атта?ы зат айналымы суретін салу VIII. Ба?алау

13.05.2017

Содержимое разработки

Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласы №4 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сандибаева Жаннат Калидоллаевна

Пәні:Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктердің байланысы туралы мағлұмат беру. Табиғаттағы зат айналысымен таныстыру.
Дамытушылық: Ойлау қабілеттерін және ойларын толық жеткізе білу, өздігінен, топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. Білім алуға қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Оқушыларға табиғатты аялауға және қоректену тізбегін құруға үйрету.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: түсіндіру, сұрақ - жауап, баяндау,
әңгімелеу, талдау, көрнекілік, сто
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: «Өмір айналысы» сызбасы, тірек-сызбалар, үлестірмелі карточкалар, жануарлар мен өсімдіктердің суреттері, интерактивті тақта Сабаққа қажетті құрал - жабдықтар: А3 плакаты, желім, түрлі түсті фломастерлер
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиеттік оқу, биология
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру бөлімі. Психологиялық дайындық
Қорқытпаймыз құстарды,
Қызықтаймыз ұшқанды.
Үркітпейміз аңдарды
Жасамаймыз дұшпандық!
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Үй тапсырмасын бекіту
«Жануарлар» тақырыбында тест жұмысы
1. Тіршілік ету ортасы дегеніміз не?
А) Жануарлардың мінез - құлқы
Ә) Жануарлардың тіршілік етуіне қолайлы жер
Б) Жануарлардың сыртқы түр - келбеті
2. Ұлудың денесінде «үккіш» деп нені атайды?
А) Бақалшық Ә) Мүйізі Б) Тістері мен тілі
3. Төмендегі өрмекші тәрізділердің қайсысы улы және адам өміріне қауіп төндіреді?
А) Өрмекші Ә) Бүйі мен қарақұрт Б) Қанқыз
4. Ұлудың бақалшықты ұлулары неше күннен кейін шығады?
А) 18 Ә) 24 Б) 27
5. Зиянды паразит құртты көрсет.
А) Ішекқұрт Ә) Сүлік Б) Жауынқұрт
6. Ұлу неше сантиметр тереңдікке дейін кіріп, ұйқыға кетеді?
А) 4 - 6 см Ә) 7 - 9 см Б) 5 - 10 см
7. Ішекқұрттың жұмыртқаларын қандай жәндік таратады?
А) Шыбын Ә) Шегіртке Б) Маса
8. Қазақстандағы ең ірі өрмекшіні ата?
А) Орман кенесі Ә) Бүйі Б) Қарақұрт
IV. Жаңа материалды меңгерту. 
1. Қызығушылықты ояту
«Орманның адам өміріндегі рөлі» тақырыбындағы әңгімеден басталады.
Жүзеге асыру.
1. Балалар жануарлар туралы материалдарды еске түсіреді, соған қатысты әр топ басшысы карточкадағы сұрақтарды таңдайды.
- Шөпқоректілерге қандай жануарлар жатады?
- Етпен қоректенетін немесе жыртқыштар
- Өсімдіктермен де, аңдармен де қоректенетін жануарлар.
- Жәндіктермен қоректенетін жануарлар.
2. Тірі табиғат өкілдерінің тіршілік айналысында маңызды рөл атқаратынын әңгімелеп беріледі; топырақтың осы тіршілік тізбегіндегі атқаратын рөлін, егер топырақ жойылса, осы шеңбердің де құрып кететіні туралы айтылады.
2. Мағынаны тану.
Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын, ал топырақтан су, түрлі тұз және басқа қоректік заттар сіңіреді. Алынған қоректік заттардан күн сәулесінің әсерімен жапырақта қант мен крахмал түзіледі. Олар өсімдіктің өсуіне жағдай жасайды. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді. Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі. Олар топырақта қарашірікке айналады, микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады. Минералдық тұздармен қайтадан өсімдіктер қоректенеді. Тізбек тұйықталды. Осылайша табиғаттағы зат айналымы жүреді.
Шірінді
Микроорганизмдердің ықпалы
Тұздар
Өсімдіктер қорегі
Жануарлар қорегі
Өсімдіктер, жануарлар өледі
Топыраққа түседі.

V. Бекіту. Ой - толғаныс
Тапсырма. Үлгі бойынша қорек тізбегін құрастыру:
Астық - тышқан - түлкі
Шөп - киік - қасқыр
Гүлдер – жәндіктер - құстар
Жапырақ - шірінді - құмырсқалар
Сұрақ: Неліктен қорек тізбегін бұзуға болмайды?
VI. Сабақты қорытындылау. Биологиялық диктант.
1. Өсімдік ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді.
2. Қоректік заттардан жапырақта крахмал мен қант түзіледі.
3. Өсімдікпен адамдар мен жануарлар қоректенеді.
4. Қорытылмаған тамақ қалдықтары, өлген жануарлар мен өсімдіктер топыраққа түседі.
5. Топырақта қарашірікке айналады,микробтар оларды минералдық тұздарға ажыратады.
6. Минералдық тұздармен өсімдіктер қоректенеді.
(қарамен ерекшеленген сөздерді жасырып қоясыздар)
Балалар табиғаттағы жануарлар мен өсімдіктер байланысы туралы білгендерін пысықтайды.
Қорытынды. Барлық тірі организмдер мен топырақ - біздің планетамыздағы біртұтас тіршілік шеңберінің мүшелері.
Ағаш, бұта және шөптерді қорғау арқылы сен сол жерде тіршілік ететін аңдарға, құстарға және жәндіктерге көмектесесің.
VII. Үйге тапсырма беру
- Оқулықтағы мәтінді оқу
- Сұрақтар мен жауаптар
- Табиғаттағы зат айналымы суретін салу
VIII. Бағалау



-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау (16.45 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт