Меню
Разработки
Разработки  /  Логопедия  /  Уроки  /  2 класс  /  Жануарлар әлеміне саяхат

Жануарлар әлеміне саяхат

Урок предназчен для коррекционных классов.

30.01.2018

Содержимое разработки



Сабақтың тақырыбы: Жануарлар

Сабақтың мақсаты:

а)Түзете-дамыту: Жануарлар туралы мағлұмат беру, жабайы жыртқыш, су жануарларының түрлерімен таныстыру, олардың адам өміріндегі маңызы туралы білім беру, артикуляциялық, ұсақ моторика жаттығуларын орындату. Жуан дауысты дыбыстар қатарын созып, әуендетіп анық айтқызып үйрету. Заттың атын білдіретін кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалануға үйрету. Сурет арқылы зат есімге сын есім тауып айтуға үйрету. Сабақта АКТ-ны қолдану.

ә)Тәрбиелігі: адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: бояулар, буын топшамалары, магнитті әріптер, қиынды сөздер.



Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Амандасу.

- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.



ІІ.Негізгі бөлім

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Амандасу.

- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.



ІІ.Негізгі бөлім

Ринолалия

Стрельникованың «Алақан» жаттығуы.

«Пианино» -пианино клавиштерін саусақпен басқандай әрекет ету.

«Жалпақ тіл» -ауызды аздап ашып, тілді жалпақ ұстап жоғарғы ерінді жалау. Жаттығұды орындау барысында мынаған көңіл бөлу қажет: тек қана тіл қимылдау керек, астыңғы жақ қимылдамай бір қалыпта тұру керек немесе астыңғы жақ тілді жоғары көтеруге көмектеспеу керек. Тіл міндетті түрде жалпақ болу керек. Егер жалпақ тіл жоғары көтерілмесе, шпательмен жоғары көтеріп ұстап, көмектесу қажет.

«Ат шауып келеді» -тілді таңдайға жабыстырып баяу, жылдам қағу керек.



Тапсырмалар

1. Сұрақ-жауап

– Балалар, бұл суретте не берілген?

- Үй жануарына не жатады?

- Ал, дала жануарына ше?

- Жануарлардың адамға қандай пайдасы бар?

2. [К], [Г], [Х], [Қ], ертегенездік дыбыстарын анық айтқызуға үйрету.

3. Басқа дыбыстардың ішінен [К], [Г], [Х], [Қ] дыбысын ажырату. [К], [Г], [Х], [Қ] дыбысынан басталатын суреттерді табу. [К], [Г], [Х], [Қ] дыбысынан басталатын сөз ойлап табу. «Тез ойла, сөз ойла» ф/о.

4. Тақырып бойынша сөздік қорын дамыту. (сурет бойынша әңгіме құрастыр).

5. Заттың атын білдіретін кім? не? Сұрақтарына жауап беретін сөздерді пайдалануға үйрету. Сурет арқылы зат есімге сын есім тауып айтуға үйрету. Мынау не? қандай? сұрақтарына жауап беруге үйрету.



ЖТК ІІ- ІІІ деңгейі

1. Берілген сөздердің ішінен дауысты дыбыстарды тауып белгіле. (тақырыпқа байланысты)

2. Тақырыптарға байланысты сөздерді буынға бөлгізіп үйрету. Мыс.

3. Дыбыстық жат жазу жұмысын жазып үйрету. (Дауысты дыбыстар қатары). Сауатты көшіріп жазуға үйрету.

4. Тақырыптарға байланысты бір буынды сөздерді дыбыстап,буындап қосып оқуға үйрету (мәтінді оқы).

ІІІ. Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық.

Қолды белге қояйық.

Бір отырып,бір тұрып,

Сәл тынығып алайық.

ІV. Қорытынды бөлім

- Бүгінгі сабағымызда не туралы әңгімелестік?

- Сіздер сабақта қандай дыбыспен таныстыңдар?

- Сабақ сіздерге ұнады ма?









-80%
Курсы повышения квалификации

Система управления охраной труда в учреждении образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жануарлар әлеміне саяхат (17.82 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт