Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Уроки  /  5 класс  /  Жанұя шағын мемлекет

Жанұя шағын мемлекет

Отбасы – адам баласыны? ді?гегі. ?йткені, адам е? ал?аш шыр етіп д?ниеге келген с?тінен бастап осында ер жетіп, отбасыны? т?рбиесін алады. Сонды?тан да отбасы – адамзатты? аса ?ажетті, ?рі ?асиетті алтын мектебі.

23.04.2017

Содержимое разработки

4.02.2017ж

« Сұңқар » тобы

Тәрбиеші: А. Асанова

Сыныптан тыс жұмыс


Тақырыбы:  Жанұя -шағын  мемлекет»

Мақсаты:

1Білімділік:Оқушыларға отбасы туралы  мәліметтер бере отырып,отбасының қоғамдағы ролімен таныстыру.

Дамытушылық:Отбасы туралы түсініктерін қалыптастырып, шығармашылық

қабілеттерін  дамыту.

Тәрбиелілік:Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа

және отбасының мүшелеріне деген махаббат және құрметке тәрбиелеу.

Түзету жұмысы:Қалдық көру қабілетін дамыту

Әдісі: пікірлесу, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Барысы:

І. Кіріспе:

Отбасы – адам баласының діңгегі. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

ІІ. Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін – шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап-тілектері – баланың «әдепті бала» болып өсуі. Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген. Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тілалғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Отбасы  дегеніміз  не? 

Оқушылардың жауабы

Отбасы-неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы.Отбасы дегеніміз-әкесі мен анасы, олардың балалары және ата-әжесі. Оларды бір-біріне деген махаббат,құрмет, бауырластық біріктіреді, олардың ортақ шаруашылығы, мүлкі болады.Отбасында балаларды ата-анасы өсіріп, тәрбиелейді.Оған аталар мен әжелер көмектеседі.Олар бала тәрбиелеу жөнінде кеңес береді,немерелерін күтіп-бағады.Ата-ана отбасын не қажеттің бәрімен қамтасыз етеді,сүйіспеншілікке және бірін-бірі құрметтеуге жағдай жасайды.Қазақ отбасында үлкенді сыйлау,құрметтеу және кішіге қамқорлық, Отанды шексіз сүю дәстүрі сақталған.
Туған жер –алтын бесік.
Отаннан артық жер жоқ,отандастардан артық ел жоқ.
Үлкендер-кішілердің ақылшысы.Ана өз баласына: “Жаман істен,жағымсыз сөзден аулақ бол”, “Егіннің соры-арамшөп, жігіттің соры-жалқаулық”деп үйретеді.Кішілер ата-ананың,аталар мен әжелердің және басқа туыстардың жәрдемшісі.Отбасының әр мүшесі өз міндетін,өз ісін атақарады. Отбасындағы бірін-бірі құрметтеу және бірін-бірі жақсы көру көптеген қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Отбасы-біздің мемлекетіміздің,халқымыздың бір бөлігі.Отбасына қамқорлық-мемлекеттің басты мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 27-бабында: “Неке мен отбасы,ана,әке және бала мемлекеттің қорғауында болады”деп көрсетілген.Бұл мемлекет ата-аналарға балаларды өсіруге және тәрбиелеуге жәрдемдеседі деген сөз.Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын бағып-қағуға міндетті.Олардың тәрбиесіне,білім алуына және денсаулығына қамқор болуы тиіс.Олар өз балаларының іс-әрекеттері үшін жауапты.Ал есейгеннен кейін ата-анасына қамқорлық жасап,көмек көрсету-балалардың парызы.Толыққанды отбасында өзара сыйластық орын алады. Отбасының татулығы қоғам дамуы үшін өте маңызды. 
ІІІ. - Отбасы мүшелерін қандай мақсат біріктіреді? 

Оқушылардың жауабы

Отбасының әдет – ғұрпы туралы түсінік беру.

(үлкенді сыйлау, айтқан ақылдарын тыңдау, үлкендер кішіге ақылшы, кішіге - көмекші)
“Үлкенге көмек” дегенді қалай түсінесің?

(Үлкендердің заттарын көтеріп, айтқандарын орындау қажет)
Конституцияда отбасына қамқорлық туралы не айтылған?

(27 бабында “Неке мен отбасы, әке мен ана және бала мемлекеттің қарауында болады деп көрсетілген” ) 
Ұл мен қызды жасына қарай қалай атайды?

(қарындас, әпке, сіңілі, аға, іні) 
Отбасының барлық міндеті кімдерге негізделген?

(Ата - анасына)
Неке дегенді қалай түсінесің?

(екі адамның ерікті одағы)
Отбасын кімдер құрайды?

(Ата, апа, ана, әке, аға, қарындас, әпке, сіңілі, іні)
Отбасының ұйытқысы кім?

(Ана) 
Отбасының басшысы кім?

(Әке)

ІV. Қорытынды: Ана - жарық сыйлаған жан екенсің
Әке - шуақ шашатын таң екенсің
Ана - өмір, әке - бақыт, ана - жүрек
Деп соққан жүрегімнің әні екенсің - дей келе сабағымызды аяқтаймыз


Тексерілді: __________________

-80%
Курсы повышения квалификации

Классный руководитель в современной школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жанұя шағын мемлекет (27.03 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт