Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  Жаңаша оқыту заман талабы

Жаңаша оқыту заман талабы

?азіргі кезде м??алімдер толы??анды білімді болуымен шектелмеуі керек, сонымен ?атар олар жина?ы, о?ушыларды? жа?дайын т?сінетін, жа?ашыл болуы шарт. О?ушылар?а талап жо?ары болса, ойлау де?гейі де ?ш?ыр болма?. Олай болса, осындай о?ушыларды? болуы ж?не к?беюіне м??алімні? ы?палы зор. Ал осындай м??алімдерді даярлау, осы ба?дарламаны? негізгі міндеті болып табылады. Ба?дарламаны? негізгі идеялары ж?не мазм?ны м??алімдерді? білім берудегі жа?ашылды?ын, тиісті сапалы? де?гейде к?терілуіне ба?ыттал?ан. Б?л саплы? де?гей м??алім ?зін к?сіби т?р?ыдан ойлау?а ?абілетті, о?ыту мен о?уда?ы жа?ашылды?ты ?абылдау?а, сонымен бірге ба?дарлама идеяларын іске асыратын, талдау?а ж?не ба?алау?а дайын маман ретінде тану ?шін керек.?азіргі кезде м??алімдер толы??анды білімді болуымен шектелмеуі керек, сонымен ?атар олар жина?ы, о?ушыларды? жа?дайын т?сінетін, жа?ашыл болуы шарт. О?ушылар?а талап жо?ары болса, ойлау де?гейі де ?ш?ыр болма?. Олай болса, осындай о?ушыларды? болуы ж?не к?беюіне м??алімні? ы?палы зор. Ал осындай м??алімдерді даярлау, осы ба?дарламаны? негізгі міндеті болып табылады. Ба?дарламаны? негізгі идеялары ж?не мазм?ны м??алімдерді? білім берудегі жа?ашылды?ын, тиісті сапалы? де?гейде к?терілуіне ба?ыттал?ан. Б?л саплы? де?гей м??алім ?зін к?сіби т?р?ыдан ойлау?а ?абілетті, о?ыту мен о?уда?ы жа?ашылды?ты ?абылдау?а, сонымен бірге ба?дарлама идеяларын іске асыратын, талдау?а ж?не ба?алау?а дайын маман ретінде тану ?шін керек.

14.01.2017

Содержимое разработки

Әріптестермен кеңес

Жаңаша оқыту –заман талабы

Қазіргі кезде мұғалімдер толыққанды білімді болуымен шектелмеуі керек, сонымен қатар олар жинақы, оқушылардың жағдайын түсінетін, жаңашыл болуы шарт. Оқушыларға талап жоғары болса, ойлау деңгейі де ұшқыр болмақ. Олай болса, осындай оқушылардың болуы және көбеюіне мұғалімнің ықпалы зор. Ал осындай мұғалімдерді даярлау, осы бағдарламаның негізгі міндеті болып табылады. Бағдарламаның негізгі идеялары және мазмұны мұғалімдердің білім берудегі жаңашылдығын, тиісті сапалық деңгейде көтерілуіне бағытталған. Бұл саплық деңгей мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ойлауға қабілетті, оқыту мен оқудағы жаңашылдықты қабылдауға, сонымен бірге бағдарлама идеяларын іске асыратын, талдауға және бағалауға дайын маман ретінде тану үшін керек.

Әріптестермен кеңесуді мен мектептегі тәжірибе кезінде мектеп директорымен сұхбаттасудан бастадым. Мектеп директоры Р.Қ. Жүнісов менің ойымды тыңдай отырып, менің жоспарыма өз қолдауын білдірді. Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру мақсатында 2012 жылы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанындағы педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университетінің зерттеушілерімен бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша менің алдымда курстан өткен мұғалімдер болмағандықтан маған қиыншылық туындады. Сондықтан мен әрі қарай алға қойған мақсаттарым мен сабақ жоспарым жайында оқу ісінің меңгерушісі М.А.Бекенқызымен ойымды бөлістім. Ол кісі менің жоспарыма өз қызығушылығын білдіре отырып мектебіміздегі қызығушылық танытатын әріптестермен сұхат өткізуге кеңес берді. Әріптестермен кеңесу күнін белгілеп, сабақ жоспарын дайындадым. Осыдан кейін мен жоғарыдағы жағдайды ескере отырып «Жаңаша оқыту- заман талабы» тақырыбында жоспар құрдым.

  1. Кембридждік оқытудың басым бағыттары мен міндеттерін ашу

  2. Тізбектелген сабақтар топтамасында 7 модульдің қалай көрініс табатынын айқындап түсіндіру.

  3. Әріптестермен оқытуда меңгерілген тәжірибені алмасу, ой бөлісу.

Әріптестермен кеңесуді алдымен жағымды ахуал туғызу мақсатында «Сізде 40 секунд бар» ойыны арқылы сергіту сәтін ұйымдастырдым.

Жоспар бойынша біріншіден Оқытудағы Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері туралы ақпарат бердім. Кембридждік оқытудың басым бағыттары мен мақсат – міндеттері жайында презентация даярлап түсінік қалыптастыруларына ықпал еттім. Ары қарай топтық жұмыс түрлерімен таныстырдым. «Қаздар сабағы» бейне роликті көрсетіп әріптестерімнің пікірлерін тыңдадым. «Атомдар мен молекулар» ойыны арқылы 3 топқа бөліп, топтарға «Менің атым Қожа» повесінен үзінді ресурсын таратып, fila стратегиясы бойынша кесте толтыруға тапсырма бердім.

Нәтижесінде әріптестерім тапсырманы жан-жақты талқылады және өз пікірлерін білдіріп аяқтады. Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгеушісі У.А. Серікқажықызы өз пікірін былайша білдірді: Сіздің курстан алған жаңашылдығыңыз бізге өте ұнады, сіз мына жаңашылдығыңызды шағын топпен ғана емес, менің ұсынысым бойынша мектептің барлық ұстаздарымен өткізсеңіз, оларда бүгінгі күні зейнетке кеткелі отырған ұстаз болса да, өзінің ұстаздық жолында шәкіртке білім беруде неде қателескендігін, аражігін ажыратып кетсе, ол да мына бізбен жүргізген сұхбатыңыздың дәлелі болар деп түсінемін. Бізде зейнет жасына таяп қалдық, әрі осы ұстаздық жолдың біраз баспалдағынан өттік, шындығында бұрынғы курстардағы білім жетілдірумен дәл осы сіз оқып жатқан білім жетілдіру арасындағы айрмашылық өте үлкен екен. Енді мына жас ұстаздарға бүгінгі әдіс-тәсілдеріңіз, оқудан алған жаңашылдығыңыз үлкен әсер қалдырады деп ойлаймын. Жастар түгілі өзіме де үлкен әсер етті. Сондықтан өзімнің қатарластарым сіздің осы

әдіс- тәсілдеріңізді тыңдаса, осындай сабақтарыңызды 20 минут, 45 минут өткізсеңіз де осы кабинетке жинап тағыда сұхбат, пікір алмасу өткізсеңіз нұр үстіне, нұр болар еді.

Курстық оқытуда іс-тәжірибеге енгізілген жеті модуль жалпы оқушылардың сабақ тақырыбын, мазмұнын тереңдей меңгеруіне тікелей бағытталады. Осы жүйелі оқыту арқылы тұлғаның білімі мен дағдыларын бір арнаға тоғыстыруға болады. Ал мұғалімнің күнделікті тізбектелген сабақтар топтамасына 7 модульді енгізу сабақ тақырыбын «дәстүрлі оқыту стилінен» тыс жаңаша оқытуына бағытталады. Осысымен де, біз оқып жатқан курс «Кембриджтік оқыту» құндылығын арттыра түсті.

Оушыға білім берудің негізгі көзі- жеті модульге жеті қадам жасадым» деген ұстаныммен шектелмеуі тиіс. Сабақты оқытуда барлық модульдармен «Блум таксономиясын» да сабақтаса қолданып, олардың ішінде негізінен бір модуль ерекше көрініс табуы тиіс. Бұны біз өзіміз тізбектелген сабақтар топтамасының жоспарын құруда анықтадық. Сонымен қатар өзім жоспарлаған сабақты тәжірибе барысында іске асыруда байқадым

Бұл курстан алған білімімді одан әрі жетілдіремін деп жоспарлап отырмын.

-80%
Курсы повышения квалификации

Профессиональные требования к няне (помощнику воспитателя) в условиях реализации ФГОС дошкольного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаңаша оқыту заман талабы (36.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт