Меню
Разработки

Жаңа 2018 жыл ертеңгілік

Сценарий новогоднего утренника на 2018 год на казахском языке, с героям года собакой. С авторскими стихами для героев утренника.

25.10.2017

Содержимое разработки

Шыршаның шамдары жанып тұр, балалар залға кіреді.


Жүргізуші: Бізге тағы да сиқыр мен тосын жайттар, шытырман оқиғалар мен сыйлықтарға толы Жаңа жыл мерекесі келіп жетті.

1-бала: Жаңа жыл шыршасы жанады,

Қызыққа адамдар батады.

Сиқырға сенетін адамға,

Жаңа жыл есігін ашады.

2-бала: Жаңа жыл қызығын тойлайық,

Қуаныш өзара сыйлайық.

Бұл залға жиналған барша жұрт

Би билеп, ән айтып, ойнайық!

3-бала: Бөленіп мол әнге, мол жырға.

Жаңа жыл шыршасы жарқыра,

Достарды мейрамға шақырып,

Арманын олардың орында.

«Жаңа жыл» әні

Жүргізуші: Балалар, Жаңа жыл келіп жетті, біз міне, ән айттық, тақпақ айттық, бірақ мерекеміз әлі көңілсіз. Себебі, залымызда Ақшақар жоқ. Кәне, бәріміз Ақшақарды шақырайық. Ақшақар қайдасың?

Балалар Ақшақарды шақырады.

Музыка ойнайды. Ақшақардың орнына Мыстан Кемпір келеді.

Мыстан кемпір: Неге сонша айғайлайсыңдар? – (шыршаға қарап) – Мынау не сорайып тұрған? (Шыршаны бұтақтарынан ұстайды). Ой-ей-ей! Дәл мендей ұрысқақ, ашушаң екен! (Назарын балаларға аударады). О! Сендер мұнда не істеп отырсыңдар? Мен сендерді шақырған жоқпын ғой? Шақырған жоқпын! Сәлем деп айтпадым ба? Айтпадым! Ал сендер ше! Айтқан жоқсыңдар! Қандай, тамаша! Сендер дәл мен сияқты тәрбиесіз екенсіңдер! Менің алтындарым! Менің жақсыларым! Мына инеге толы жасыл сорайғанның жанына неге топталып алдыңдар?

Жүргізуші: Мыстан кемпір сен алдымен балалармен, олардың ата-аналарымен амандасып ал! (балаларды, ата-аналарды көрсетеді).

Мыстан кемпір: Ешкімді көріп тұрған жоқпын!

Жүргізуші: Сен неге сондай әдепсізсің!

Мыстан кемпір: Сәлеметсіздер ме, бұзық ұлдар мен жылауық қыздар! Не мынау жапырағы жоқ ағаштың жанында отырсыңдар? Мен сияқты жақсы адамға өтуге жол бермейсіңдер!

(Балалардың жанынан өтіп, олардың аяқтарын басқысы келеді).

Жүргізуші: Біз мұнда ең жақсы, ең көңілді Жаңа жыл мерекесін қарсы алуға жиналдық!

Мыстан кемпір: (қуанып) Мереке! Жаңа жыл! (таң қалып) Әнмен қарсыласыңдар ма?

Жүргізуші: Әнмен қарсы аламыз!

Мыстан кемпір: Бимен?

Жүргізуші: Бимен де!

Мыстан кемпір: Сыйлықпен? А-а-а, Жаңа жыл, сонда сыйлық алғыларың келеді екен ғой! Аяз Атаны тосып отырсыңдар! (тоқтайды). Бекер тосасыңдар! Сендер жыл сайын мендей жақсы, мейірімді Мыстан кемпірді Жаңа жыл шыршасынан не істейсіңдер (қуып жібересіңдер ме)?... Дұрыс қуып жібересіңдер! Маған сыйлықты (бермейсіңдер ме)? ... Дұрыс бермейсіңдер! Сендердің бұл қылықтарыңа әрі қарай шыдайды дейсіңдер ме? Жооооқ! Қазір бәрін сиқырлап тастаймын у – ух (басын қасып, ойланады). Шыдай алмай тұрмын, қалай сиқарлағанымды көрсеткім келеді. Кімді шақырсаңдар да, кімге шағымдансаңдар да өздерің біліңдер! Мен бәрі бір сиқарлауды тоқтатпаймын!

Жүргізуші: Солай де? Өте қызық .....

Мыстан кемпір: Ал, мен сиқырлауды бастаймын!

Шыршаның шамдарын жинайын,

Ойыншықтарын сындырайын.

Шырша шамын жанғызбай,

Сыйлықтарын ұрлайын!

(Музыка әуенімен Мыстан кемпір залдан шығып кетеді)

Жүргізуші: Балалар, не істейміз? Бізге кім көмектеседі? Бізге кім көмектесетінің білетін сияқтымын.

Кішкентай ғана адамдар,

Бәрін жөндеп, іс қылар.

Көрінбейді біздерге,

Жауабын кәне табыңдар! (Фиксиктер)

Фиксик деген кімдер екенін білесіңдер ме? Дұрыс, кішкентай адамдар. Жай ғана адамдар емес, олар нағыз шеберлер. Фиксиктердің шартты белгілерін білесіңдер ме? ТЫДЫЩ! Фиксиктер жұмысты бітіріп, қуанғанда үш саусақтарын алға шығарып, ТЫДЫЩ деп айтады. Фиксиктер заттың сынған жерін тез тауып, оны жөндей алады. ТЫДЫЩ! Жақсы сөз екен. Фиксиктерге ұнайды. Кәне, біз де қайталап көрейікші «ТЫДЫЩ».

(Фиксиктер жүгіріп кіреді)

Симка: Сәлем, балалар! Менің атым .... Дұрыс, Симка! Ал бұл менің інім Нолик! Біздер үшін білім бірінші орында тұрады!

Нолик: Жаңа жылдарың құтты болсын, сендерге шаттық тілейміз. Сендер неге көңілсіз отырсыңдар? Не болып қалды? (Балалар болған жайды айтады).

Симка: Дұрыс, Жаңа жылды шыршаның жанында би билеп, ән айтып қарсы алу керек. Аяз атаны күту ол керемет қой! Қиындық болған кезде Фиксиктер көмек беруге дайын.

Нолик: Фиксиктер жұмысқа кірісу үшін не істейді?

Бәрі бірге: Бұранда мен бұрандамаға айналып, өз білімдерін қолданулары керек!

Симка: Нолик! Балалар! Шырша шамдары – бұл кішкентай шамдары бар сым, мыс арқылы электр тоғы келеді.

Нолик: Бар болғаны сымдарды жалғап, шамды бұрау керек.

Симка: Балалар, естерінде болсын – сендерге электрмен байланысты заттарға тиісуге болмайды!

Нолик: Ал, біздің шам тізбегіміз жай емес, ол сиқырлы және оның шамдары ойыншық.

«Сиқырлы шамдар» ойыны

Симка: Міне, біздің шыршаның шам тізбегі дайын. Шам тізбегін жағу үшін Аяз Атаны шақырайық!

Нолик: Ақшақар мен Атаны,

Бірге шақырайық!

Көтеріңкі көңілмен,

Күліп қарсы алайық!

Балалар Аяз Атаны шақырады.

Аяз Ата: Ау-у! Ке-ле жа-тыр-мын!

Бір жыл бұрын сендерге,

Келіп едік біз бірге.

Міне келдік тағы

Ән айтып, би билеуге.

Ақшақар: Жаңа жылмен құттықтаймыз, Қуаныш, бақыт тілейміз!

Аяз Ата: Балалар, не болды? Неге көңілсіз отырсыңдар? (Балалар не болғанын айтады).

Достар, қамықпаңдар, бұнын бәрін реттейміз. Бірақ сендер маған көмектесулерің керек. Көмектесесіңдер ме? Ал, ата-аналар ше? Бәріміз бірге мына сиқырлы сөздерді айтайық:

Шырша шамын жағайық,

Жаңа жыл тойын ашайық!

Ақшақар: Қолымызды ұстайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жаңа жылды би билеп,

Әнмен қарсы алайық!


«Шырша» әні

Аяз Ата: Жарайсыңдар, балалар! Мен біраз дем алайын.

Ақшақар: Аяз Ата, сен дем алып, балаларға қара.

Тақпақтар (6-7 бала)

Аяз Ата: Балалар, сендер сондай көңілдісіңдер, маған ұнадыңдар, бірақ мен басқа балаларға баруым керек.

Жүргізуші: Аяз Ата, сен біздің балалармен ойнаған жоқсын ғой.

Аяз Ата: Солай ма?

«Шырша шамын жағайық» ойыны

Жүргізуші: Аяз Ата, балалардың сізге арнаған музыкалық тартуын қабыл алыңыз!


«Жаңа жылдық полька» оркестрі


Аяз Ата: Жарйсыңдар, балалар! Міне,біздің кездесуіміз аяқталды.

Ақшақар: Аяз Ата, сен балаларға сыйлық әкелдің бе?

Аяз Ата: (жан-жағына қарап) Әрине! Мына жерде! Бәріне сыйлық бар!

Жүргізуші: Сыйлықтар бар ма?

Аяз Ата: Әрине, бар! ... (ұялып) болған еді! Қапшығымды қайда ұмыттым екен?

Жүргізуші: Қайда ұмыттың?

Ақшақар: Аяз Ата, сен сиқыршысын ғой, сиқыр жасап көрші.

Аяз Ата: 1,2,3,4,5, Таяғым кәне, көмектес! Балалар, мен сендерге Жаңа жылдық керемет сыйлық беремін! Немерем маған көмек бер (қапшықты кіргізеді).

Аяз Ата: Қапшығымды ашайын, Сыйлықтарын шашайын!

(Қапшықтың ішінен: Гав-гав-гав!!!)

Аяз Ата: Ой, қапшық үреді?! (Қапшықтың ішінен ит шығады)

Ақшақар: Ой, мұнда ит отыр ғой!

Әтеш: Жаңа жылдың иесі,

Ит жылы мен болам,

Қызық үшін тығылып

Қапқа келіп отырғам.

Алтын жібім бар менің,

Түзу жолға бастаған.

Қаптың қайда екенін

Басқа ешкім таппаған.

Аяз Ата: Жібім, жібім жүр ұзақ,

Сиқыр жаса, сен бірақ!

Қаптың қайда тұрғанын

Бізге нұсқа жақсылап! (Жіпті домалатып жіберіп, қапшықты алып шығады)

Аяз Ата: Алтын жібім жарадың, Сыйлыққа дәл апардың! (Сыйлықтарды тарату)

Жүргізуші: Достар бірге жүреміз,

Бірге ойнаймыз, күлеміз.

Зұлымдықтың бәрінде

Қиындықсыз шешеміз.

Ақшақар: Жаңа жылда, балалар,

Тек қуаныш табыңдар.

Ешқашан да ауырмай,

Сабақты жақсы оқыңдар!

Аяз Ата: Құтты болсын Жаңа жыл, қалың елім,

Құтқа орансын кең байтақ дархан жерім.

Қазақтың пейіліне тарту етсін,

Жаңа жыл жаңа өмір, жаңа лебін!

Жүргізуші: Барлығын Жаңа жылмен құттықтайды, сыйлықтар таратады!


-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жаңа 2018 жыл ертеңгілік (23.19 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт