Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Презентации  /  6 класс  /  Жамбыл Жабаевтың өмір баяны

Жамбыл Жабаевтың өмір баяны

Жамбал атамызды? шы?армаларын бізді? ?рпа?ымыз м??гі есте са?тасын.

16.12.2016

Содержимое разработки

Жамбыл Жабаев Павлодар облысы,Ертіс ауданы Ленин жалпы орта білім беру мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі; А.А.Ботаева

Жамбыл Жабаев

Павлодар облысы,Ертіс ауданы Ленин жалпы орта білім беру мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі; А.А.Ботаева

Өмірбаяны Жамбыл Жабаев-қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы, өлең сөздің дүлдүлі, Ол 1846 жылы Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей. Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде ө з жанынан қ иыстырып өлең шығара беретін, ә демі дауысты ә нші екен. Жамбылдың аталарынан ә ріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан.  Ол  жайында  ақынның  өзі “ Менің  өмірім

Өмірбаяны

  • Жамбыл Жабаев-қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, жырау, жыршы, өлең сөздің дүлдүлі,
  • Ол 1846 жылы Жамбыл облысы Жамбыл тауының етегінде туған. Шыққан тегі – Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей.
  • Әкесі Жапа кедей болғанмен, ат үстіне мығым, найзагер кісі екен. Ел ішінің дау-дамайына бітімгерлік сөзін айтқан кездері де болыпты. Шешесі Ұлдан мінезі байсалды, абысын-ажын арасында беделді, орайы келгенде ө з жанынан қ иыстырып өлең шығара беретін, ә демі дауысты ә нші екен. Жамбылдың аталарынан ә ріректе өнерпаз, сері, палуандар, ділмар шешендер шыққан.
  • Ол жайында ақынның өзі Менің өмірім " деген өлеңінде :
  •   Қақаған қар аралас соғып боран,
  • Ел үрей көк найзалы жау торыған .
  • Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
  • Жамбыл деп қойылыпты атым содан, – дейді.
Өмірбаяны Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді.  Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.

Өмірбаяны

  • Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық–жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М.Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар.
  • Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді.
  • Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Макөт пен Майлықожаның келуі, ту-у Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Өмірбаяны Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады. Жамбылдың ұ стазы –  әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақынд ық жолын қууға рұқсат с ұ рағанда, әкесінің:

Өмірбаяны

  • Осындай өнер бесігінде тербеліп өскен Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен ақ таныла бастаған. Ол бозбала шағының өзінде-ақ өскен ортасын ән мен жырға кенелтіп, тіптен көршілес қырғыз еліне де даңқы жайылып үлгерген. Осы кезде өрттей жалындап, жұрт аузына іліккен жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйімбайға жолығып, оның арқалы өнеріне құныға ден қойып батасын алады.
  • Жамбылдың ұ стазы – әйгілі Сүйінбай ақын да осы Екей елінен шыққан. Бала Жамбыл ақынд ық жолын қууға рұқсат с ұ рағанда, әкесінің: "Екейде елу ба қ сы, сексен ақын" деген сөз де жетер, сен сексен бірінші болмай-ақ қ ой. Акынның түбі – қайыршылық, бақсының түбі – жын, жын жиып, бақсы болып ел кезгенше, мал бақ!" – дейтіні де Екей елінің ө нер дарыған жұрт екенін көрсетеді.
Өлең жаза бастауы Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша,

Өлең жаза бастауы

  • Жамбылдың өлеңге, ақындыққа құмарту сезімі ерте оянған. Өзінің айтуынша, 13 жасынан бастап ақын болуға бекем бел байлайды. Дүмше молдадан оқығанша, "домбыраны қолға алам" деп, әкесінен рұқсат сұрайды.
  • Бірде 14-15 жастардағы Жамбыл жарапазан айтуды сылтауратып, Сүйінбай ауыл ын а келеді. Үйінің сыртында ат үстінде тұрып, жарапазанға жалғастыра өз жанынан өлең шығарып, ұзақ жырлайды.
  •   Ардақты үйдің иесі,
  • Бата бер менің жырыма.
  • Қ уат бітіп үніме,
  • Көңілін тапсын елімнің.
  • Жар бол да, өзің жәрдем ет,
  • Жібер мені бір демеп, деп өтінеді жасөспірім ақын.
Өлең жаза бастауы Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау:

Өлең жаза бастауы

  • Айтқандарына сүйінген Сүйінбай Жамбылды үйге шақырып, ұзақ отырып, өлеңін зор ықыласпен тыңдайды. Бала ақынның болашағынан үлкен үміт күткен көреген жырау: "Осы шабысыңнан тайма! Өлең-жырыңды дауылдата бер! Жолың болсын! Бақытың ашылсын, балам! Шындықты айт, әділдікті жырла! Кәне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, даңғыл жолға түс! Өлеңің бүкіл халық сүйсініп, көңілімен иіліп тыңдайтын өлең болсын! Сенің көңіліңнің асылы патшаның қазынасынан да бай болсын!" – деп бата береді. Жамбыл да:
  •   Менің пірім – Сүйінбай,
  • Сөз сөйлемен сиынбай.
  • Сырлы сұлу сөздері
  • Маған тартқан сыйындай.
  • Сүйінбай деп жырласам,
  • Сөз келеді бұрқырап,
  • Қара дауыл құйындай, –деп, Сүйінбайдың өсиетін өмір бойы есінде сақтап, ұстазының есімін ардақтаумен өтеді.
Шығармалары Өлеңдері:

Шығармалары

  • Өлеңдері: "Менің пірім – Сүйінбай", "Айкүміспен айтысы", "Сәт сайланарда", "Жалғызбын деп жүрмесін","Өсиет", "Әділдік керек халыққа","Кәрібайдың т ө беті«, "Шағым", "Патша әмірі таралды", "Зілді бұйрық".
  • Дастандары: "Мың бір түн",«Шаһнама", "Ләйлі-Мәжнүн","Көрұғлы","Шора батыр","Өтеген батыр","Сұраншы батыр",т.б.
-80%
Курсы дополнительного образования

Основы правильного питания

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Жамбыл Жабаевтың өмір баяны (258.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт