Тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем
Сабақтың мақсаты: оқушыларға сөйлемнің жалаң және жайылма түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; үлкенге және құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, топтау.
Сабақтың көрнекіліктері: тірек сызбалар, мазмұнды суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: Берілген сызба бойынша сөйлем құрастыру, оларға сұрақтар қою.
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оларды неліктен тұрлаулы мүшелер деп атаймыз? Тұрлаулы мүшелер не құрай алмайды? Неліктен?
Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) қызығушылықтарын ояту: Ертегі тыңдағыларын келеді ме? Бүгін біз тағы да Қазақ тілі атты ғажап елге саяхаттаймыз. Жай сөйлем деген кішкентай ауылында Жалаң деген сөйлемнің екі ақылды ұлы болыпты, біреуі - бастауыш, ал екіншісі - баяндауыш. Бастауыш үлкен ұлы болғандықтан ылғи алдында, басында жүреді екен. Жайылма сөйлем деген қария Жалаң сөйлемнің ұлдарын қатты құрметтеп, ауылдағы алатын орындары үшін тұрлаусыз атты мүшелерді жандарына серік етіп жібереді. Солай екі қария бір-бірімен ұрыспай тату-тәтті өмір сүреді.
ә) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу.Негеш пен Білгішбектің арасындағы диологты оқу, түсіну, есте сақтау.
-Сөздерден сөйлем құрау. Күн бұлттанды. Ұшақ биікке көтерілді. Мұғалім сыныпқа кірді. Түн ұзарды. Динара қуанды. Жалаң, жайылма сөйлемдердің пойыз вагондарына сәйкестендіріп орналастыру.
-Сөйлемдерді көшіріп жазу, жай сөйлемнің түрін анықтау.
-Берілеген жалаң сөйлемдерді жайылма сөйлемдерге айналдырып көшіріп жазу. Оқушылар саябақта кездесті. Жолаушылар Алматы қаласына жақындады. Ұстаз жаңа сабақты түсіндірді. Айдын жарысқа қатысты.
Сурет бойынша екі жалаң, үш жайылма сөйлемді ауызша құрастыру:
ҮІ. Бекіту: ребусты шешу, мақалды оқу, мағынасын түсіндіру: Тіл қылыштан өткір. Сөйлем мүшелеріне талда, жай сөйлемнің қай түріне жатады? Неліктен?
Ана тілің алпыс тілге татиды.
Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт.
Адам көңілден азады, тілден жазады.
Адамға келген он пәленің тоғызы – тілден.
Адам көңілінен азады, Тілінен жазады.
Айтпас жерде тілің тарт.
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Жалаң сөйлем деп қандай сөйлемді айтамыз? Жайылма сөйлемде қандай сөйлем мүшелері міндетті түрде қатысы керек? Түрлаулы, тұрлаусыз мүше дегеніміз не?
ҮІІІ. Үйге тапсырма:
ІХ. Оқушыларды бағалау