Меню
Разработки
Разработки  /  Литература  /  Планирование  /  7 класс  /  "Зар заман" Шортанбай Қанайұлы

"Зар заман" Шортанбай Қанайұлы

"Зар заман" Шортанбай Қанайұлы 7 сынып

13.11.2017

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Толғауы тоқсан қызыл тіл» бөлімі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7 қазақ әдебиеті

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Шортанбай Қанайұлы «Зар заман»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

7.Т/Ж3. Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

Толғаудың мазмұнын біледі, кейіпкерлердің типтерін анықтай алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: оқушылар кейіпкерлерді дәлелді түрде салыстыра алады. Мінездеме бере алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Кейіпкерлер мінездеріне сараптама жасайды, жырдың мазмұнындағы айтылған ойды бүгінгі күнмен салыстыра біледі.Сыни тұрғыдан ойлайды.

Шығармадан алған әсерін сипаттайды, авторға арналған хат, өлең жазады.

Бағалау критерийі

● Толғаудың тақырыбы мен идеясын аша алады.

● Жырдағы кейіпкерлер бейнесін ашады.

● Өз көзқарасын білдіреді

● Өлең оқиғасын өз тарапынан дамытып жазады

● Ұйқасын сақтап, өлең шығарады немесе кейіпкерге хат жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауындағы кейіпкерлердің типтерін анықтай алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Зар заман, заманақыр,бек, қоңсы.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Өлеңнің «Зар заман» аталу себебі немен байланысты деп ойлайсыңдар?

2. Шортанбай өмір сүрген замандағы зар заман белгілері қандай?

3. Қазіргі заманның зар заман белгілері қандай?

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы» тармағындағы идеялар Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауын оқыту барысында іске асырылады.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ тілі

Алдыңғы оқу


Шортанбай Қанайұлы «Зар заман» толғауы (мазмұны мен идеясы)

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қызығушылықты ояту.

«Пошта жәшігі» әдісі арқылы өткен сабақ материалдарын пысықтауға арналған сұрақтарға жауап береді.

С. «АССОЦИАЦИЯ» тәсілі

«Зар заман» сөзі

- Сабақтың мақсаттары мен және критерийлерімен таныстыру.

- Топқа бөлу.

Өлең жолдарын реттеу арқылы топқа бөлінеді.

Бағалау критерийлері:

1. Тақырыпты ашады;

2.Сөз мағынасын біледі.

А3 парағы, маркер

Сабақтың ортасы

35 минут




Т. Шортанбай бейнесіне портреттік сипаттама беріңдер.

Ж.

Саралап оқыту әдісі бойынша

1-деңгей

«Қазына іздеу» жаттығуын толғау мазмұны бойынша кейіпкердің бейнесін айқындайтын түйінді сөздер немесе сөйлемдері бар үзінділер жазады.Әрбір қазынаны тапқаннан кейін, өлеңдегі кейіпкерге мінездеме береді.

2-деңгей

«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» Бірінші бағанға өлеңдегі өзіне әсер еткен үзіндіні жазады. Екінші бағанға үзіндіден алған әсерімен бөлісіп, авторға хат немесе бір шумақ өлең жазады.

3-деңгей

«Әдеби шеңбер» тәсілі

1. Талқы себепшісі-жыр мазмұны бойынша 5 сұрақ құрастырады (кейіпкерлері, сюжет,қарым-қатынас, автор позициясы,т.б. бойынша)

2. Белгілеуші-жырдың қай бөлімі ең маңызды екенін дәлелдейді.

3. Байланыстырушы-тақырыпты өмірмен байланыстырады, дәлелдейді.

4. Қорытындылаушы-автор позициясы мен көтерген мәселесін қорытындылайды.

Бағалау критерийлері:

1.Толғаудағы тірек сөздерді табады;

2.Сөздік қорлары молаяды, кейіпкердің мақсатын анықтайды, іс-әрекетіне баға береді.

3.Сұрақ құрады,дәлелдейді,өмірмен байланыстырады,қорытындылайды.

Т.

«FILA» толтыру әдісі

Ғ /Дерек/-шығармадан кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинау;

І /Пікір/-кейіпкер туралы өзінің ой-пікірі;

L /Сұрақ/-кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар;

А /Іс-әрекет/-автордың кейіпкерді суреттеудегі қолданған тәсілі.

Дерек

тер

Ойлар

Сұрақтар

Іс-әрекет





Бағалау критерийлері: кейіпкер бейнесін ашатын деректер жинайды;

Кейіпкер туралы ой-пікірін жазады;

Кейіпкердің образдық тұлғасын ашатын сұрақтар дайындайды;

Кейіпкердің іс-әрекетін анықтайды.


Шортанбай Қанайұлының суреті










Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс:

«Миыңның суретін сал» әдісі

(Оқушылар мидың суретін дәптерге салады да, оны сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен толтырады.)

«Шығу билеті» әдісі арқылы бағалауды жүзеге асырамын.

ҚБ сабақтың өн бойында жүріп отырады.

А3 парағы, маркер

Қосымша мәлімет

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс –АКТ-мен байланыс.

Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Тапсырмаларды жүйелі түрде бере отырып, жырдағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтап жазуға бағыт беремін.

Тарихи шындық пен қазіргі өмірді салыстыра отырып, еркіндікті, азаттықты бағалай білуге қатарластарына ой салуға бағыттау.

Сабақтың өн бойында қалыптастырушы бағалау жүріп отырады. Қол шапалақтау, мадақтау, қошеметтеу,смайликтер, жұлдызшалар арқылы бірін-бірі бағалап отырады.

Еліміздің тарихына байланысты болғандықтан Қазақстан тарихы пәнімен байланысады. АКТ-дан тапсырмалар ұсынылады.

Тарихтың, мəдениет пен тілдің біртұтастығы сияқты азаматтық және жалпыұлттық құндылығымызды жетілдіруге бағытталады

Сабақ бойынша рефлексия






-75%
Курсы повышения квалификации

Нестандартные формы и методы обучения на уроках русского языка и литературы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Зар заман" Шортанбай Қанайұлы (70.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт