Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Планирование  /  Прочее  /  Ыстық салат түрлерін дайындау.

Ыстық салат түрлерін дайындау.

Приготовить блюда и изделия из лечебного питания.
27.01.2023

Содержимое разработки

5



Нысан (35 Қосымша)

Қазақстан Республикасы Білім және

ғылым министрінің 2020 жылғы

6 сәуірдегі 130 бұйрығымен бекітілген



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Алматы қаласы Білім басқармасының

«Алматы сән және дизайн колледжі» КМҚК



Бекітемін

Директордың өндірістік оқыту ісі

жөніндегі орынбасары

________________ Т.Кулешова

________________ 2021 жыл



10 өндірістік оқыту сабақтарының

ЖОСПАРЫ


Өтетін күні: 09.11.2021 жыл

____1____ оқу курсы, оқу тобының № А21-10

Мамандықтың коды және атауы: 10130300 Тамақтандыруды ұйымдастыру

Біліктілігі: 3W10130302 Аспаз

Оқытудың нәтижесі: студенттерге картоптан, көкөністерден және саңырауқұлақтардан пісірілген, бұқтырылған тағамдар дайындап үйрету.

Бағалау критерийлері: 100 баллдық рентингтік жүйе бойынша.

Оқу жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін кәсіби дағдылардың тізбесі:

Оқытудың әдістері: түсіндіру, практика жүзінде көрсету және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану.

Тәсілдері: әңгіме, еңбек тәсілдерін көрсету, үлгілерді көрсету.

Оқытудың әдістері: сөздік, көрнекілік, тәжірибелік


Сабақтың мақсаты:



  1. Білімділік

Студенттерге қауіпсіздік ережесін үйрету.

  1. Дамытушылық

Жұмыс барысында сақталу керек қауіпсіздік ережелері.

  1. Тәрбиелік

Еңбек тазалығын үйрету, жұмысқа деген жауапкершілікті арттыру.


Материалды-техникалық көрнекілік:



Құрал-жабдықтар

Пышақ, тақтай, кастрөл, таба, плита, қасықтар.

Студенттердің жұмыс формалары

Бас киім, күртеше, шалбар, фартук, орамал, аяқ киім.

Дидактикалық материал

Презентация, Видеоматериал, Дидактикалық материалдар.


Пәнаралық байланыс: Тағам дайындау технологиясы, Жабдықтау.





Сабақтың негізгі кезеңдері мен хронологиясы.


Сабақтың құрылымы

Бөлінген уақыт көлемі, мин.

1

2

1. Ұйымдастыру кезеңі

2

2. Кіріспе нұсқаулық

40

3. Жаңа оқу материалын бекіту.

3

4. Ағымдық нұсқаулық

5сағ

5. Қорытынды нұсқаулық

10

6. Үй тапсырмасын беру

5

7. Жұмыс орындарын жинау, тазалау



Өндірістік оқыту жұмысының барысы:


  1. Ұйымдастыру кезеңі

  1. журнал бойынша студенттерді түгендеу;

  2. студенттердің сыртқы келбетін, киімдерін, сабаққа дайындығын тексеру;

  3. өндірістік оқытудың тақырыбын, оқыту мақсатын хабарлау.


  1. Кіріспе нұсқаулық

  1. Өткен тақырыпты қайталау.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тақырып бойынша студенттерге сауалнама жүргізу.


Тақырып бойынша сұрақтар: Біз не білеміз? Нені үйренеміз?

  1. Оқу фильмін көрсету (қажет жағдайда)

  2. Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерінің сақталуы туралы нұсқаулық өткізу.

  3. Өндірістік оқыту шеберінің жұмыс орнында тәсілдерді пысықтаудың тәжірибелік көрсетілімі.

  4. Оқу тобының студенттеріне тапсырма беру.

  5. Студенттерді жабдықпен таныстыру, шикізатпен, құрал-жабдықтармен таныстыру.

  6. Жұмыс орнын ұйымдастыру.


  1. Жаңа оқу материалын бекіту.

  2. Картоптан жасалған тағамдар


Сүттегі картоп. Сүтте картоп нашар піседі. Сондықтан алдымен суда пісіреді. Шикі қабығы аршылған картопты орташа мөлшердегі текшешелерге турайды. Ыстық су құйып, 10 минут пісіреді суын төгіп, орнына сүт құйып, тұз салып, дайын болғанша пісіреді.

Қуырылған картоп. Картопты майға қуыру үшін шойын ыдысты немесе болаттан жасалған түбі тереңірек табаны таңдаған дұрыс. Сонымен қатар арнайы қуыруға арналған ыдыстарды да қолдануға болады.Картопты әртүрлі етіп турауға болады: тілшелеп, кесек-кесек қылып, домалақ күйінде, төртбұрыштап немесе текшелеп турауға да болады.

Картопты қуыру үшін оның крахмалын азайту керек. Ол үшін картопты салқын суда 30 минут немесе 1 сағат шамасында ұстау керек. Сонда картоп крахмалының жарты мөлшерінен айырылады. Бір сағат уақыт өткен соң картопты судан шығарып кептіреді. Әйтпесе суы бар картоп майға салғанда жан-жағына шашырап қызады.Картопты кез келген маймен қуыруға болады: тоң май, іш май, өсімдік майы, т.б. Ал дұрыс тамақтану жолын ұстанатындар өсімдік майымен қуырылған картопты таңдайды.

Майдың мөлшері картоптың мөлшеріне байланысты құйылады. Сонымен қатар бұл тағам түріне де байланысты.Картопты салмас бұрын алдымен майды дұрыстап қыздырып алады. Май қатты қызып кетсе денсаулыққа зиянды. Сонымен қатар ол тағамның дәміне де әсер етпей қоймайды. Май аз болып қалған күннің өзінде картопты қуырып жатқанда май құюға болмайды. Картопты алтын түсті болғанша, яғни сарғайғанша екі бетін қуырып, содан соң отты бәсеңдетіп беті жабық күйде пісіріп алады.

Тұз бен дәмдеуіштер салғанда да ескеретін бірнеше қағида бар. Тұзды картоп пісуге жақындағанда салуға болмайды. Оны орта тұсында салу керек. Бұқтырылған картоп. Қабығы аршылып, қиықшалап туралған картоп сары майға қуырылады. Қуырылған картоп басқа ыдысқа салынып, дөңгелектеп кесілген пияз араластырылған қаймақ құйылады да, тұздалады. Содан соң ыдыстың қақпағы нығыздап жабылады да, жақсылап бұқтырылады. Дастарқанға қойыларда көкпен әсемделеді.

Картоп котлеттері. Картопты қабығынан аршып, жуып, бөліктерге бөліп, тұз салынған суда пісіреді. Езілуге бейім, жұмсақ болғаны жөн. Картоп піскеннен соң, артық суын төгіп, езіп, пюре дайындайды. Кішкене суыту керек. Пюре суығанша, пиязды ұсақтап турап, майға алтын түске енгенше қуырып алады. Картопқа қуырылған пияз, жұмыртқа және аскөк салып жақсылап араластырады. Дайын қоспаларды пішінге келтіріп, ұнға аунатып алады. Табаны отқа қойып, қызған майға котлеттің екі жағын қызарта пісіріп алады. Ұсынар алдында, картоп котлеттерін қаймақпен, соуспен, көкөністермен немесе өзін ғана ұсынуға болады.

Көкөністерден жасалған тағамдар

Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.).  Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар эфир майы мол. Мысалы, картопкрахмалға, ал қызылша — қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде — организмде А витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Көкөністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн.  Көкөніс қосылған сүзбе. Жұмыртқаның сары уызын қосып, үгілген сүзбеге (творог) ұсақтап туралған жуа (пияз), қаймақ қосылып, тұз салынады да араластырылады. Дайын массаның бетіне дөңгелектеп кесілген шалғаммен және помидормен әсемделеді.

Картоп езбесі. Картоптың қабығын аршып, жуып, текшелеп турайды. Қайнаған тұзды суда пісіреді. Сүзіп алып езеді, сүт, май салып араластырып, кондитерлік шприцпен тәрелкеге әдемілеп салады. Қызанақ езбесімен аскөкті араластырып, езбенің жанына құйып ұсынады. Фаршталған қызанақ

Жуылған қызанақтың жоғарғы жағынан «қақпақ» тәрізді кеседі. Кесілген қызанақтың ішін қасықпен «кесе» тәрізді ояды. Картоп, сәбіз, пиязды ұсақтап, текшелеп турайды. Туралған көкөністерді тұздап,бұрыштап, майонезбен араластырады. Дайын болған массаны қызанақ «кесенің» ішіне салып, «қақпағын» жауып ұсынады. Айлазан. Алдымен баклажанды жұқалап дөңгелектеп кесіп, сөлі шыққанша 10-15 минут күте тұрамыз. Өзге көкөністерді ұсақтап, мүмкіндігінше дөңгелектеп турап, алдымен баклажаннан бастап қазанға қабат-қатпар етіп салынады. Бетіне тұз сеуіп, күнбағыс майымен қатар ½ стақан су қоямыз да, бу шықпастай етіп, маздаған отқа қойып демделіп пісіріледі. 
  

Саңырауқұлақтардан жасалатын тағамдар

Саңырауқұлақ қосылған пицца. Алдымен қамырын дайындайды. Ол үшін жылы суға ашытқы, тұз және қантты араластырып, 5-10 минутқа қойып қояды. Біраз көтеріле бастайды, сол кезде ұнға құяды, сосын сұйық майды да құйып, жұмсақ қамыр илейді. Қамыр жақсылап иленгеннен кейін, бетін ас пленкасымен жауып, жылы жерге қояды. Шамамен, 30-40 минут өткеннен кейін бір басып қойып, тағы да 10 минутқа қойп қояды. Пешті 220˚С-та қыздырады. Қамырды жұқа етіп жайып, пештің табасын май жағып салады. Осы массаның үстіне саңырауқұлақтарды және шұжықты салады. Оның үстіне үккіштен өткізілген аскөк, қызанақ және ірімшік салады. Пешке 15-20 минутқа қойып, қамыры аздап қызарғанда бірден өшіріп, пештен шығармайды. 10 минуттай пешке қалдырады, себебі тағы біраз жұмсарады. 10 минут өткеннен кейін пицца дайын.









4.Ағымдық нұсқаулық:

  1. Бірінші мақсатты іс-әрекет:

Жұмыс орынның ұйымдастырылуын тексеру.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау ережелерінің сақталуын тексеру.

Студенттердің практикалық тапсырманы орындауға дайындығын тексеру.


  1. Екінші мақсатты іс-әрекет:

Жұмыстың уақытылы орындалуын тексеру.

Еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру.

Жұмыстың сапалы орындалуын тексеру.


  1. Үшінші мақсатты іс-әрекет:

Студенттермен жеке нұсқаулық жұмыстарын жүргізу.


  1. Қорытынды нұсқаулық

Студенттердің орындаған жұмыстарына талдау жасау.

Әр студенттің жұмыс сапасына баға беру.

Әр студент жұмысының орындалу сапасын айту.

Өндірістік оқыту барысында жұмысын сапалы әрі уақытында орындаған студенттерді атап айту.

Әр студенттің жұмысындағы қателігін, кемшілігін жеке-жеке айту, талдау.


  1. Үй тапсырмасын беру

Берілген тапсырмаға технологиялық карта сызу


  1. Жұмыс орындарын жинау.


Өндірістік оқыту шебері____________________Н.Махамбетжан

(қолы)

Форма 06.1-07/5. Издание 2

-80%
Курсы дополнительного образования

Основы косметологии

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ыстық салат түрлерін дайындау. (297.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт