Меню
Разработки
Разработки  /  Прочее  /  Презентации  /  Прочее  /  Выполнение вечерней прически.

Выполнение вечерней прически.

Технология выполнения вечерней прически
23.04.2020

Содержимое разработки

Алматы сән және дизайн колледжі Өндірістік тәжірибе ШС 18-3 тобы. Тақырыбы: Кешке арналған шаш сәнін орындау. Ө/о шебері: Тұрсынғалиқызы А. Алматы, 2020ж.

Алматы сән және дизайн колледжі

Өндірістік тәжірибе

ШС 18-3 тобы.

Тақырыбы: Кешке арналған шаш сәнін орындау.

Ө/о шебері: Тұрсынғалиқызы А.

Алматы, 2020ж.

Сабақтын мақсаты: Әртүрлі элементтерді, әшекейлерді қолданып кешкі шаш сәнін талапқа сай орындауды үйрену.

Сабақтын мақсаты:

Әртүрлі элементтерді, әшекейлерді қолданып кешкі шаш сәнін талапқа сай орындауды үйрену.

Шаш сәні - адамның сыртқы келбетін өзгертуге, оның кемшіліктерін түзетуге, тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Қандай болсын шаш сәнін үлгілеу кезінде келушінің жасын, бет-әлпет пішінін, бас пішінін, киім үлгісін ескеру қажет.
  • Шаш сәні - адамның сыртқы келбетін өзгертуге, оның кемшіліктерін түзетуге, тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Қандай болсын шаш сәнін үлгілеу кезінде келушінің жасын, бет-әлпет пішінін, бас пішінін, киім үлгісін ескеру қажет.

Пішін (форма) - көлемді үш өлшемді фигура. Пішін бойынша шаш сәнінің сызығын, композициялық үйлесімін және шаш сәнінің негізгі элементтерінің орналасуын, сондай-ақ үлгілеу принципі мен шаш сәнінің түрін анықтауға болады.
  • Пішін (форма) - көлемді үш өлшемді фигура. Пішін бойынша шаш сәнінің сызығын, композициялық үйлесімін және шаш сәнінің негізгі элементтерінің орналасуын, сондай-ақ үлгілеу принципі мен шаш сәнінің түрін анықтауға болады.

Әдетте, шашты үлгілеу кезінде оның мақсаты ескеріледі: күнделікті, күнделікті-сәнді, кешкі, салтанатты жағдайлар немесе үйлену тойына арналған, конкурстық, дәуірлік.
  • Әдетте, шашты үлгілеу кезінде оның мақсаты ескеріледі: күнделікті, күнделікті-сәнді, кешкі, салтанатты жағдайлар немесе үйлену тойына арналған, конкурстық, дәуірлік.
Кешкі шаш сәндері – күрделі элементтер мен сызықтардың байланысы қосылған шаш сәндері. Бұйра, өрім элементтерін қолдануға және зергерлік бұйымдармен, бижутериямен, гүлдермен, ленталармен, банттармен, тарақпен және т. б. әшекейлермен әрлеуге болады.
  • Кешкі шаш сәндері – күрделі элементтер мен сызықтардың байланысы қосылған шаш сәндері. Бұйра, өрім элементтерін қолдануға және зергерлік бұйымдармен, бижутериямен, гүлдермен, ленталармен, банттармен, тарақпен және т. б. әшекейлермен әрлеуге болады.

Кешкі шаш сәні шашты алдын – ала бигудиге, электроқысқышқа бұйралауды немесе кәсіби құрал-сайманды өндіруші-фирмалардың жаңа құралдарын қолдана отырып бұйралауды талап етеді. Кешкі шаш сәнін орындағанда элементтерді оның мақсатына байланысты құрайды. Мысалы: театрда үлкен, көлемді шаш сәні орынсыз болса, ал мейрамханада – жайылған шаш үлгісі қажет емес.
  • Кешкі шаш сәні шашты алдын – ала бигудиге, электроқысқышқа бұйралауды немесе кәсіби құрал-сайманды өндіруші-фирмалардың жаңа құралдарын қолдана отырып бұйралауды талап етеді. Кешкі шаш сәнін орындағанда элементтерді оның мақсатына байланысты құрайды. Мысалы: театрда үлкен, көлемді шаш сәні орынсыз болса, ал мейрамханада – жайылған шаш үлгісі қажет емес.
Кешкі шаш сәніне қолдануға болатын элементтер: айрық, пейстер, букльдер, толқын, крон, локон, өрім.
  • Кешкі шаш сәніне қолдануға болатын элементтер: айрық, пейстер, букльдер, толқын, крон, локон, өрім.

Крон – толқынның ең биік нүктесі. Локон – трубка тәріздес бұйраланған шаш буымы. Толқын – екі жағынан кронмен шектелген шаштың иіріле жарылуы. Айрық (пробор) – бастың шашты бөлігін 2 бөлікке бөлетін сызық. Айрықтың түрлері: тік айрық-бастың шашты бөлігін теңдей 2 бөлікке бөлетін сызық. Ол маңдайдан желкеге қарай өтеді; Қиғаш айрық-бастың шашты бөлігін тең емес 2 бөлікке бөледі; Жартылай айрық-жартылай қиғаш және жартылай тік айрық, бұл айрық бастың қандай да нүктесінен өте алады.
  • Крон – толқынның ең биік нүктесі.
  • Локон – трубка тәріздес бұйраланған шаш буымы.
  • Толқын – екі жағынан кронмен шектелген шаштың иіріле жарылуы.
  • Айрық (пробор) – бастың шашты бөлігін 2 бөлікке бөлетін сызық.
  • Айрықтың түрлері: тік айрық-бастың шашты бөлігін теңдей 2 бөлікке бөлетін сызық. Ол маңдайдан желкеге қарай өтеді;
  • Қиғаш айрық-бастың шашты бөлігін тең емес 2 бөлікке бөледі;
  • Жартылай айрық-жартылай қиғаш және жартылай тік айрық, бұл айрық бастың қандай да нүктесінен өте алады.

Пейс – жеңіл бұйраланған шаштар, бет сүйегіне қарай таралған, жеңілдетілген шаштар. Фистон – бетте жатқан шеңбер тәріздес шаш буымы.
  • Пейс – жеңіл бұйраланған шаштар, бет сүйегіне қарай таралған, жеңілдетілген шаштар.
  • Фистон – бетте жатқан шеңбер тәріздес шаш буымы.

Букль – бұл жеңіл нығыздалған, жартылай бұйраланған шаш сәніне қойылған буым. Өрім – шаш буымдарының әрқайсысын бір-бірімен жоғарыдан, төменнен, оң немесе теріс бұрышпен байланыстыру. Валик – томпайған пішінді түптеу арқылы жасаған шаш буымы.
  • Букль – бұл жеңіл нығыздалған, жартылай бұйраланған шаш сәніне қойылған буым.
  • Өрім – шаш буымдарының әрқайсысын бір-бірімен жоғарыдан, төменнен, оң немесе теріс бұрышпен байланыстыру.
  • Валик – томпайған пішінді түптеу арқылы жасаған шаш буымы.

 Кешкі шаш сәндері сондай – ақ конкурсқа арналған болуы мүмкін. Конкурстық кешкі шаш сәнінде шашты сәнді бағыттағы жарқын түстерге бояуға, сондай-ақ әр түрлі постижерлык бұйымдар мен әшекейлерді қолдану арқылы әрлеуге болады.

Кешкі шаш сәндері сондай – ақ конкурсқа арналған болуы мүмкін. Конкурстық кешкі шаш сәнінде шашты сәнді бағыттағы жарқын түстерге бояуға, сондай-ақ әр түрлі постижерлык бұйымдар мен әшекейлерді қолдану арқылы әрлеуге болады.

  Кешкі шаш сәнін орындаған кезде, шаш сәнінің топтарын білу керек. Олар:   Кейінгі. Шаштың барлығы артқа қарай, яғни желке бөлігіне бағытталған шаш сәні.   Ацентралдық. Төбе бөлігінен бастап әр түрлі бағытқа бағытталған шаш сәні, кекіл міндетті түрде болады.   Концентралды. Барлық шаш қарақұс бөлігіне жиналған шаш сәні.   Алдыңғы. Желкенден бастап шаштың барлығы маңдай бөлігіне бағытталған шаш сәні.

Кешкі шаш сәнін орындаған кезде, шаш сәнінің топтарын білу керек. Олар:

Кейінгі. Шаштың барлығы артқа қарай, яғни желке бөлігіне бағытталған шаш сәні.

Ацентралдық. Төбе бөлігінен бастап әр түрлі бағытқа бағытталған шаш сәні, кекіл міндетті түрде болады.

Концентралды. Барлық шаш қарақұс бөлігіне жиналған шаш сәні.

Алдыңғы. Желкенден бастап шаштың барлығы маңдай бөлігіне бағытталған шаш сәні.

 Кейде шашқа жеңіл толқындар орындап, шашты гүлмен безендірсеңіз болғаны, кешкі шаш сәні ретінде болады. Сонымен қатар бұрымнан кешкі шаш сәнін орындауға болады. Лента, гүл, әртүрлі әшекейлер қолдану арқылы шаш сәнін түрлендіруге болады.

Кейде шашқа жеңіл толқындар орындап, шашты гүлмен безендірсеңіз болғаны, кешкі шаш сәні ретінде болады. Сонымен қатар бұрымнан кешкі шаш сәнін орындауға болады. Лента, гүл, әртүрлі әшекейлер қолдану арқылы шаш сәнін түрлендіруге болады.

 Кешкі шаш сәнін орындау үшін керекті құрал-саймандар: құйрықты тарақ, аз тістерімен тарақ, түптеу, түпірлеуге арналған тарақ, әртүрлі диаметрлі қысқыштар, утюжок, электрофен, гофре, толқын жасайтын үштік қысқыш, резеңке, шпилька, невидимкалар.

Кешкі шаш сәнін орындау үшін керекті құрал-саймандар: құйрықты тарақ, аз тістерімен тарақ, түптеу, түпірлеуге арналған тарақ, әртүрлі диаметрлі қысқыштар, утюжок, электрофен, гофре, толқын жасайтын үштік қысқыш, резеңке, шпилька, невидимкалар.

 Кешкі шаш сәнін орындауға керекті шикізаттар: лак, ласьон, жылтырлық беретін спрей. Фиксациялық қатырғыш заттар жоғары фиксациялық болуы тиіс. Лакты оны 30см қашықтықтан себу керек.

Кешкі шаш сәнін орындауға керекті шикізаттар: лак, ласьон, жылтырлық беретін спрей. Фиксациялық қатырғыш заттар жоғары фиксациялық болуы тиіс. Лакты оны 30см қашықтықтан себу керек.

 Үй жұмысы : кешкі шаш сәнін орындау үшін әртүрлі бет-әлпет пішіндерінің, дене пішіндерінің және бас пішіндерінің кемшіліктеріне коррекция жасау жолдарын анықтап, презентация жасау.

Үй жұмысы : кешкі шаш сәнін орындау үшін әртүрлі бет-әлпет пішіндерінің, дене пішіндерінің және бас пішіндерінің кемшіліктеріне коррекция жасау жолдарын анықтап, презентация жасау.

Назарларыңызға рахмет Ө/о шебері: Тұрсынғалиқызы А. Agi_707@mail.ru

Назарларыңызға рахмет

Ө/о шебері: Тұрсынғалиқызы А.

[email protected]

-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Выполнение вечерней прически. (4.34 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт