Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Уроки  /  9 класс  /  Волейбол ойыны. Шабуылдау түрлері.

Волейбол ойыны. Шабуылдау түрлері.

Волейбол ойыны. Шабуылдау т?рлері.

Саба?ты? ма?саты:

білімділік: Волейбол ойыныны? ?діс-т?сілдерін ?йрету, жетілдіру, ?олдану.

т?рбиелік: балаларды ?жымшылды??а ша?ыру.

дамытушылы?: шапшанды??а, ептілікке ?йрету.

Саба?ты? орны: дене шыны?тыру залы.

?ажетті ??рал-жабды?тар: уа?ыт ?лшегіш, доптар.

Саба?ты? ?дістері: ?ада?алау, жан-жа?ты т?сіндіру, ?здіксіз о?ыту, жалпы топпен ж?мыс жасау, жеке-жеке топтармен ж?мыс жасау, айналмалы ?діс.

30.01.2017

Содержимое разработки

Волейбол ойыны. Шабуылдау түрлері.

Сабақтың мақсаты:

білімділік: Волейбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету, жетілдіру, қолдану.

тәрбиелік: балаларды ұжымшылдыққа шақыру.

дамытушылық: шапшандыққа, ептілікке үйрету.

Сабақтың орны: дене шынықтыру залы.

Қажетті құрал-жабдықтар: уақыт өлшегіш, доптар.

Сабақтың әдістері: қадағалау, жан-жақты түсіндіру, үздіксіз оқыту, жалпы топпен жұмыс жасау, жеке-жеке топтармен жұмыс жасау, айналмалы әдіс.





Дайындық бөлім:

Уақыты

20 мин

Әдістемелік нұсқау

Ұйым-дастыру кезеңі

Оқушыларды сапқа тұрғызу, баяндау, сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбымен танысу.

Орнында «оңға», «солға», «айналу», «бұрылу».

1,50 мин

Киімдеріне көңіл аудару. Оқушылардың бұрылған кезде дұрыс бұрылуын қадағалау.

Алға жүру

  1. Екі қол жоғары белде аяқтың ұшымен жүру.

  2. Екі қол белде, өкшемен жүру.

  3. Жылдам жүру.

  4. Жеңіл жүгіру.



20 сек

20 сек

20 сек 20 сек

Денені тік ұстауын қадағалау.

Жүгірушінің арнайы жаттығулары

  1. Тізені алдыға көтеріп жүгіру.

  2. Аяқты артқа көтеріп жүгіру.

  3. Екі қол белде, аяқты алдыға түзу тастап жүгіру.

  4. Аяқты артқа түзу тастап жүгіру.



20 сек 20 сек 20 сек

20 сек

Денені тік ұстап жүгіру қажет.

Аяқты бүкпеу керек.

Мүмкіндігінше жоғары секіру абзал.

Денені тік ұстап, жаттығуды дұрыс орындау дұрыс.

  1. Жеңіл жүгіру:

а) саусақты, білекті айналдыру,

б) шынтақты, қолды ішке, сыртқа айналдыру.

в) қолды жазып 4 мәрте алға, 4 мәрте артқа айналдыру, әр адым жасаған сайын секіру.



30 сек

30 сек



30 сек



Арақашықтықты сақтау.



Биік секіру.

  1. Гимнастикалық скамейкадан арғы жағына 3 рет, бергі жағына 3 рет секіріп, жүгіріп келіп кольцоға бір аяқпен секіріп, екі адым жасап торға тосқауыл қою. Ары қарай осы жаттығуды қайталаймыз. (тыныс орнына келтіру жаттығуы)


2 мин

Биік секіру. Ара қашықтық сақтау.


  1. Жұп- жұпқа қосылып, еденге қарама-қарсы отырып екі аяқты айқастырып, преске жаттығу жасау.



  1. Қарама- қарсы екі қатарға тұрып допты бір –біріне үстінен береміз, допты әріптес саусақпен үстінен қабылдап тік жоғары тастап өзі қабылдап, қарсылас әріптесіне береді, әріптесі тура осылай жасайды.

1 мин



2 мин

Қолды желкеге.

Допты саусақпен жұмсақ қабылдаймыз.

  1. Допты астынан қабылдап, тік көтеріп үстінен саусақпен қарсылас әріптесіне береді.



  1. Допты үстінен саусақпен қарсылас әріптеске береміз, ол үстінен саусақпен қабылдап қайтарады, әріптесі үстінен қабылдап қайтарады да саптың артқы жағына артпен айналып кетеді. Екінші тұрған әріптесі оның орнына саусақпен қабылдап қайтарады, 2-ші қатардағы әріптесте саптың аяқ жағына арт жақпен айналып кетеді. Барлығы осы жаттығуды жасайды.

2 мин


Биік келе жатқан допты артқа шегініп астынан қабылдаймыз.

  1. Және осы жаттығу бірақ енді бір-бір реттен үстінен саусақпен қабылдап қайтарып беріп саптың артқы жағына айналып кете береді.

2 мин

Үнемі қозғалыста тұрамыз.

  1. Екі топқа бөлініп дуалға қарама- қарсы тұрып үстінен саусақпен допты дуалға атып, екінші тұрған әріптесі ыршыған допты үстінен қабылдап дуалға атады. Барлығы осы жаттығуды қайталайды.

  2. 16-шы жаттығудай бірақ допты тек қана астынан қабылдай береміз.

2 мин









2 мин

Арақашықтықты сақтаймыз.






Негізгі бөлім.



  1. Допты шабуылдаушы пас шығарушыға үстінен саусақпен беріп шабуылдауға дайындалады, пас шығарушы допты үстінен саусақпен қабылдап, шабуылдаушыға тордың үстіне екі метрдей шамаға көтеріп береді. Шабуылдаушы 2 адым жасап екіаяқпен секіріп допқа бағыт беріп қарсылас алаңға соғады. Осылайша шабуылдаушылардың барлығы допты алаңның диагоналіне қарай соғады.

20 мин

2,5 мин



Пас берушінің қолынан доп шыққанын күтеміз.

  1. Осы жаттығу бірақ доптың бағытын қарсы алаңның допты ойынға қосу орнына қарай соғамыз.

2,5 мин

Биік секіреміз.

  1. Пас беруші допты тордың үстіне 1 метрдей биіктікке көтереді, шабуылдаушы екі адым жасап секіріп допты қарсы алаңға соғады. Осылайша барлық шабуылдаушылар жаттығуды орындайды.

2,5

Сызықты баспаймыз.

  1. Бірінші шабуылдаушы допты пас берушіге үстінен саусақпен беріп, доптың артынан жүгіріп пас берушінің алдына келіп қолын көтеріп секіреді, сонда екінші шабуылдаушы жүгіргенде пас беруші допты үстінен саусақпен тордың үстіне 1 метрдей шамаға көтереді, көтерілген допты екінші шабуылдаушы тура соғады. Осылайша барлық шабуылдаушы орындайды.





2,5 мин





Жылдам келу.

  1. Шабуылдаушы үстінен саусақпен биік қылып пас берушіге допты беріп, артынан жылдам жүгіреді, пас шығарушы допты сетканың үстіне 20-30см көтеріп береді, шабуылдаушы көтеріліп келе жатқан допты үстінен төмен қарай бағыт беріп жылдам соғады. Осылайша барлық шабуылдаушы орындайды.



2,5 мин



Жылдам келіп секіру, допты соқаннан кейін қолды жылдам тартып алу.

  1. Бірінші шабуылдаушы допты үстінен саусақпен пас берушіге береді, пас шығарушы үстінен қабылдап артына допты бір метр биіктікке көтеріп береді, екіде тұрған шабуылдаушы екі адым жасап секіріп допты төмен қарай бағыт беріп соғады. Осылайша шабуылдаушылардың барлығы орындайды.

2,5 мин

Сызықтан өтпеу, қолды торға тигізбеу.

  1. Пас шығарушы екіден шабуылдаушыға үштің орнына допты көтеріп береді. Шабуылдаушы екі адым жасап тосқауыл жоқ жерден соғады.

2,5 мин

Допты тура төмен қарай соғу керек.

  1. Екіден пас шығарушы өз алдына шабуылдаушыға допты тордың үстіне бір метрдей шығарып береді. Екіде тұрған шабуылдаушы жүгіріп келіп допты тура қарсы алаңның 5-ші ойыншы тұратын жерге соғады.

2,5

Доп шыққанын күту керек.

Қорытынды бөлім.

Сапқа тұрғызу.

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма.

Қоштасу.


4 мин

30 сек

2 мин

1 мин

30 сек




-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование психологических компетенций учителя физкультуры

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Волейбол ойыны. Шабуылдау түрлері. (17.68 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт