Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Утрренник "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!"

Утрренник "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!"

тренник на тему: "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» " на казахском языке

07.02.2018

Содержимое разработки

«Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты ертеңгілік

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Әдемі безендірілген зал, әуен қосылады.

Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып, әнші құстар сайратып, наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді ағайын. Той құтты болсын! Ақ мол болсын!  Армысыздар  құрметті  қонақтар!

Бүгінгі «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!» атты ертеңгілігіміз сайыс түрінде өткізіледі. Қазір ортаға сайысқа қатысушыларды шақырайық.

1 - ші қатысушылар: Ержомарт Ерке, Дәулетұлы Нұртуған, Қапақ Айша, Тұрар Нұрболат;

2 - ші қатысушылар: Қанатұлы Әбілсейіт, Байыркенова Жанель;

3 – ші қатысушылар: Қайырбаева Аружан, Жуматаева Алина;

4 – ші қатысушылар: Абаева Елдана, Қарқынұлы Қайрат;

Міне, қатысушыларымызда келді. Ендігі кезекте осы бүлдіршіндер арасындағы сайысты бағалайтын әділқазы алқаларымен таныстырып кетейін.

Олар: «Айналайын» тобының тәрбиешісі: Жанарбек Г;

«Айгөлек» балабақшасының психологы: Аскерхан Алтынгүл;

Ал енді барлықтарыңды сайыс түрлерімен және шарттарымен таныстырып кетейін.

Бүлдіршіндер мынандай сайыстар бойынша сынға түседі.

І. Ұлттық киім үлгілері;

ІІ. Ұлттық өнер;

ІІІ. Ұлттық тағам;

Сайысымызды бастамай тұрып, балаларыңыздың Наурыз мерекесіне арнап жаттаған тақпақтарын қабыл алыңыздар!

Ерке: Наурыз – достық,

Наурыз – күн.

Барша халық бірлігі.

Тағы келді ұлыс күн.

Жалғасып ғалам тірлігі.

Жанель: Наурыз тойы – береке,

Наурыз тойы – жыр аңыз.

Қызып дулы мереке,

Қызық думан құрамыз.

Нұрболат: Наурыз той салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Бақта бұлбұл сайрайды.

Айша: Ұлы күні кәрі- жас,
 Құшақтасып көріскен.
 Жаңа ағытқан қозыдай,
 Жамырасып өсірген.
 Наурыз той құтты болсын!

Қайрат: Күреп алтын күрекпен,

Қарды еріткен Наурыз!
Жатыр көктем түлетіп,

Бүрлеп бақша – бауымыз.

Алина: Оу, халайық халайық,
Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді,
Бірге қарсы алайық.

Нұртуған: Наурыз келсе,құт келгені, халайық!
Есік ашып,шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық.

Елдана: Жасай бер жаңа күн!
Туа берсін жаңа күн
Дүр сілкінсін дала бір
Құтты болсын Наурыз той

Әбілсейіт: Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!

Аружан: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа көгерді,
Соны тойлап ел енді

Қуанышқа кенелді.

Жүргізуші:Жақындатып өткенге, кеткенге енді,

Көктем келді балбырап, көктем келді.

Суық сорған жаныма шуақ құйған,

Осы еді ғой күткенім көптен бері.

Алғашқы сайысымызды бастаймыз. Әрбір жұп өздері дайындағын киім үлгілерін ортаға шығарса екен (қазақ күйлері қойылады).

  1. Киім үлгісі;

Ойын: «Орамал тастау»

Ойынның шарты: Бір қызды ортаға орындықтын үстіне, қолына орамал беріп тұрғызамыз. Ұлдар сол қызды айнала шеңбер құрып тұрады. Әуен қосылғанда, ұлдар билеп жүреді, әуен тоқтағанда, қыз кез – келген жаққа орамалды тастайты. Кім орамалды ұстап алса, жеңімпаз болады. (2- 3 рет)

Келесі кезекте, Семенова Гүлназды «Шілдехана» әнімен қарсы алыңыздар.

Ән: «Шілдехана»

Жүргізуші: Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке,

Қастерледік, қадіріңді білдік те.

Құтты болсын, ұлыс күні жұмылдыр

Бәрімізді Ынтымақ пен Бірлікке!



  1. Екінші сайысымыз - ұлттық өнер. Әр жұп өз өнерлерін көрсетеді.

1 – жұп: Ерке, Нұрболат, Айша мен Нұртуғанды қазақтың «қара жорға» биімен тамашалаңыздар.

2 – жұп: Әбілсейіт пен Жанельді «грузин» биімен, қошеметтеп қарсы алыңыздар.

3 – жұп: Алина мен Аружанның «орыс» биін тамашалаңыздар.

4 – жұп: Қайрат пен Елдананы «үнді» биімен қарсы алыңыздар.

Ойын: «Жұбынды тап»

Ойынның шарты: Балалар кішкентай шеңбер, ата – аналар үлкен шеңбер құрады. Әуен қосылғанда ішкі шеңбер билей бастайды, ал сыртқы шеңберде тұрған адамдар қолдарын шапалақтап жүреді. Әуен тоқтағанда сыртқы шеңбердің адамдары, өз жұбын тауып, артына тұрады. Кім бірінші тұрса, сол жеңеді.

Ал, енді барлықтарыңыз «Қамажай» биін тамашалаңыздар.

Би: «Қамажай»

Жүргізуші: Бауырласқан тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр менен салтымыз, - дей отырып келесі кезеңді бастайық. Бүлдіршіндер үйден дайындап келген, ұлттық тағамдарын таныстырып, құрамын айтып қорғайды.

  1. Ұлттық тағам

Келесі кезекте бүлдіршіндерімізді «Дастархан» әнімен қарсы алыңыздар.

Ән «Дастархан»

Ойын: «Арқан тарту»

Ойынның шарты: Ортаға балалар мен ата – аналар шығады. Бір жаққа бүлдіршіндеріміз, екінші жаққа ата – аналар тұрады. Екі жақтың қайсысы арқанды тартып алса жеңеді.

Ендігі кезекте қазақтың қазақ домбырасымен айтылған «Еркем – ай» әнін қарсы алыңыздар.

Ән: «Еркем - ай»

Әділқазы алқалары қортындысын шығарғанша, ата – аналарға Наурыз мерекесіне арналған сұрақтар қойылады. Қай ата – ана дұрыс жауап берсе, соған кішігірім сыйлық беріледі.

Сұрақтар:

1)Жыл басында алғаш жауған қар қалай аталады? (Ақша қар)

2)Жыл басының алғашқы күні? (Ұлыс күні)

3)Жыл басының алғашқы желі? (Алтын күрек)

4)Жыл басының алғашқы төлі? (Дүбір аяқ)

5)Жыл басының алғашқы сүті?(Уыз)

6)Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

7)Жыл басының алғашқы асы (Наурыз көже)

8)Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

9)Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

10)Жігіттердің қыздарға беретін сыйы (Селтеткізер)

11)Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы (Наурызек)

12)Наурыз айында өсетін жапырақты, қауашақты түрлі гүл (Наурыз шешек)

Жүргізуші: Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!

Сайыстың қортындысын шығаруға ортаға әділқазы алқаларын шақырамыз.

Осымен «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!!!









































































Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министірлігі











«Ұлыстың ұлы күні - Наурыз» ертеңгілігі





Өткізген: Касымова С.Қ



























Бозанбай ауылы 2016 жыл





Қортындысы:

Ертеңгілік жүргізер алдында қойған мақсатым: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру деп мақсат қойдым. Ертеңгілікке 10 бала қатысты. Балаларды екі – екіден, төрт ұлтқа бөлдік. Ертеңгілік басында әділқазы алқаларымен таныстырып өттім. Балаларымыз үш кезең бойынша сайысқа түсті. Сайыс түрлері: 1) Ұлттық киім;

2) Ұлттық өнер;

3) Ұлттық тағам;

Балалар, берілген тақпақтарын айтып шықты.

Әр кезең бойынша, араларына өнерлер қойып отырдым. Ертегендері үшін ертеңгілік кезінде балалар бар ынталарын қойып, ойынға да қатысты. Ертеңгілік соңында балаларды номинация бойынша мақтау қағазбен марапаттадық. Ал ата – аналарды тағам жасап келгендері үшін, әр ұлтты 1 орыннан – 4 орынға дейін мақтау қағазбен марапаттадық. Ата – аналарда, балаларда өте жақсы көңіл – күймен қайтты.

Маған өткізген ертеңгілігім өзіме ұнады.

-80%
Курсы дополнительного образования

Создание динамических веб-страниц с помощью PHP и MySQL

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Утрренник "Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!" (21.8 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт