Меню
Разработки
Разработки  /  История  /  Уроки  /  5 класс  /  "Үсіндер мен қанлылар" ашық сабақ

"Үсіндер мен қанлылар" ашық сабақ

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қаңлы атауының мағынасын түсіндіру

Оқушылардың басым көпшілігі: Қытай дерктерінде қаңлы қоғамын қалай сипаттағанын түсіндіру

Кейбір оқушылар: Қытай деректерінен келтірген мәліметтерді салыстыра отырып саяси дамуы кезеңдерін түсіндіреді

03.03.2018

Содержимое разработки

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы: 5.3 В Үйсіндер мен қаңлылар

Мектеп: №119 ЖОМ

Күні: 7.03.2018


Мұғалімнің аты-жөні: Джайлыибаева Гульнур Наврузбайхановна


Сынып: 5

Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы


Қаңлылардың қоғамдық құрылысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты:

5.1.2.2. Әлеуметтік топтардың ерекшеліктерін түсіндіру;


Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Қаңлы атауының мағынасын түсіндіру


Оқушылардың басым көпшілігі: Қытай дерктерінде қаңлы қоғамын қалай сипаттағанын түсіндіру


Кейбір оқушылар: Қытай деректерінен келтірген мәліметтерді салыстыра отырып саяси дамуы кезеңдерін түсіндіреді


Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Қаңлы атауының мағынасын біледі

  • Қытай деректері негізінде қаңлы елін сипаттайды

  • Қаңлы мемлекетінің қоғамындағы әлеуметтік топтардың міндеттерін сипаттайды


Тілдік мақсат

Негізгі сөздер мен тіркестер: Битянь, Ұлы хан,Сыма Цянь, Кіші хан


Талқылауға арналған сұрақтар

- «Қаңлы» атауы қандай мағына беруі мүмкін?

-Қаңлы елін кім билеген?

-Қаңлы елі өз ішінен неше иеліктерге бөлінген? Әр иелікті кімдер басқарған?

-Қытай деректерінде қаңлы туралы не айтылған?


Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының алтыншы құндылығы: Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы

Пәнаралық байланыстар

География, бейнелеу

Алдыңғы білім

Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

12 минут

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгелдеу ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру және «Сыртқы шеңбер-ішкі шеңбер» сұрақ қою тәсілі арқылы үй тапсырмасын пысықтау. Төмендегі сұрақтарды қою арқылы, үй тапсырмасын айтады

  1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар?

  2. Оларда қаңлылар туралы не айтылады?

  3. Қаңлылар нешінші ғасырлар аралығында өмір сүрген?

  4. Қаңлылардың археологиялық ескеткіштері яғни мәдениеттері туралы айтып бер

  5. Қаңлы ескерткіштерінен нелер табылған?

  6. Қаңлылар қай жерлерде қоныстанған?

  7. Қаңлы елін кім басқарған?



Оқушыларды қима қағазы арқылы топқа бөлу

Хан. Уәзір. Көсем деп 3 топқа бөлеміз

5 сынып Қазақстан тарихы Алматы «Атамұра» 2017

Сабақтың ортасы

22 минут

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру: Қаңлылардың қоғамдық құрылысы

Берілген жаңа тақырыпты «Джиксо» әдісі арқылы Постер қорғайды

Топтық жұмыс


1-топқа

Қаңлы тайпасы қазақ этносының қалыптасуымен тығыз байланысты.

Ортағасырлық түркі ғалымы Махмұд Қашқаридың айтуы бойынша, «Қаңлы» (Қаңқа)- патшаның аты. Үнді –еуропалық тілдерде «қаңлы» сөзі «су», «өзен», «өзеннің ағысы» деген мағына береді. Түркі тілдерінде «кан», «кең» - «жазықтық», «кеңістік » дегенді білдіреді. Қазақ аңызы бойынша , «бірде Оғыз ханның қолына көп олжа түсіп, оны тиеп әкетуге арба жетпейді. Олардың қасына бір шебер келіп, арба жасайды. Арба қозғалғанда «қаңқ» деп дыбыс шығарғандықтан, оны жасаған адамды «қаңқылы» деп атап кетеді».


Дискриптор:

  • Қаңлы сөзіне сипаттама береді

  • Қаңлылар туралы аңыздан мысал келтіреді

2- топқа

Сыма Цянь өз еңбегінде: «Қаңлы Ферғананың солтүстік батысында шамамен 2 мың ли (1 ли-500 метр) қашықтықта орналасқан көшпелі мемлекет. Үлкен юэчжилермен тұрмыс салты өте ұқсас, 90 мың әскері бар» - деп сипатталған. Бұл жердегі айтылып отырған юэчжилер б.з.б 1 мыңжылдықта Орталық Азияда өмір сүрген шығыс-ирандық тайпалар. «Кангюй билеушісі Лоюень елінде, Уананнан 12300 ли жердегі Битянь қаласын мекендейді. Халқы 120000 отбасынан, 600000 адамнан тұрады, әскер саны 120000 адам. Әдет-ғұрпы үлкен юэчжимен бірдей. Кангюй шығыс жағында ғұндарға бағынады...», деп Хан әулетінің хроникасында сипатталған.


Дискриптор:

  • Қаңлылар туралы қытай деректерінен мәліметтер айтады

  • Қаңлылар туралы жазба деректерді айтады

3- топқа

Жазба деректер бойынша қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектесіп отырған. Елдің астанасы Битянь қаласы болған. Битянь қаласы қазіргі Түркістан маңында болған. Алайда билеуші мүнда тұрақтап отырмаған, өйткені оның жазғы ордасы да бар еді. Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Қаңлы тайпаларында билік әкеден балаға мүра ретінде беріліп отырды.

Соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар құл етілді. Бірақ қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Құл еңбегінің қолданылған жері ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеумен шектелді. Құлдар қолөнер кәсібімен де, егін егумен де шұғылданды.

Ру басшылары, бай адамдар әскери көсемдер қарапайым халықты өздеріне бағынышты етті.

Дискриптор:

  • Қаңлылар астанасы туралы біледі

  • Қаңлылардың қоғамдық құрылымына сипаттама береді

Жұптық жұмыс: « ойлан, бірік, бөліс» әдісі


Әлеуметтік топтар

Міндеттері

Хан


Уәзір


Көсем


Егіншілер


Құлдар



Дискриптор

Қаңлы қоғамындағы ханның міндетін анықтайды;

Қаңлы қоғамындағы уәзірдің міндетін анықтайды

Қаңлы қоғамындағы көсемдердің міндетін анықтайды

Қаңлы қоғамындағы егіншілердің міндетін анықтайды

Қаңлы қоғамындағы құлдардың міндетін анықтайды

АКТ, флипчарт, маркерлер


«жүйелі органайзер» әдісі: Жеке жұмыс:

3- тапсырма. Қаңлылардың қоғамдық құрылысы туралы сызбаны аяқта.


Ұлы хан







Кіші хан

Кіші хан

Кіші хан

Кіші хан

Кіші хан







  • Қаңлы елін басқарған ханның орынбасарларын атайды

  • Кіші хандарға бағынған ру тайпалар көсемдерін атайды






Сабақтың соңы

6 минут











Кері байланыс



Стикерлер, үлестірмелі материалдар




Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

5-сынып

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсың






Барлығы: «Жалған, ақиқат»



Жалған

ақиқат

Қаңлы билеушісінің лауазымы-Хан



Елді басқаруға 5 уәзірі көмектесіп отырған



Қаңлы елінің астанасы-Битянь



Құлдар –қол өнер кәсібімен де егін егумен де шұғылданды



Кіші хандар-көсемге бағынған




Кейбір оқушылар:

Қаңлылардың мекендеген аймағын картадан көрсетіңіз

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?





Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау;

АКТ-ны уақытылы қолдану;

Психологиялық жағымда ахуал туғызу; сергіту сәтін ұйымдастыру.


Нәтиже

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Бүгін оқушылар нені білді?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған сабағым дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай





Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?

1.


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




-80%
Курсы повышения квалификации

Управление образовательным процессом

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Үсіндер мен қанлылар" ашық сабақ (184.41 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт