Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  Прочее  /  Уроки «Бәйге» интеллектуалды ойын

Уроки «Бәйге» интеллектуалды ойын

Студенттердің математикаға және биолгияға деген қызығушылығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.

02.06.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Бәйге» интеллектуалды ойын

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Студенттердің математикаға және биологияға деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін пысықтау, топ үшін жауапкершіліктерін нығайту.

Дамытушылығы: Студенттердің логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,

танымдық белсенділіктерін арттыру

Тәрбиелілігі: Студенттерді шапшаңдыққа, ұқыптылыққа,

зеректікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Математикалық және биологиялық сайыс.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, нақыл сөздер.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру.

І. Кім жылдам

ІІ. Полиглот

IІІ. Ғажайып үштік

ІV. Кокпар

Ү.Жорға

VІ. Қорытынды.

Құрметті оқытушылар, студенттер!

1.Бүгінгі студенттер арасында өткізгелі отырған «Бәйге» интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі қатынасатын сайыскерлерімізге сәттілік тілей отырып, әділ-қазылар мүшелерін сайлап алайық.

2.Әділ қазылар мүшелері:

1. Кульмагамбетова Бахыт Мухамеджановна «Мектепке дейіңгі білім беру және тәрбиелеу» мамаңдығының меңгерушісі.

2. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы Қуатова Гүлдана Алайдаровна

І-жүргізуші:

Ғылымдардың патшасы атанғансың,

Евклид, Фалес, Пифагордан бата алғансың

Төзбейтін өтірікке, жалғандыққа!

Жасықтан емессің сен, қаталдансың.

«Ақыл ойды тәртіпке» келтіретін

Нағыз пән – математика атанғансың!

Ғылымдардың ғылымы атанғасың,

Аристотель, Гиппократ, Абу Насыр Аль Фараби,

Абу Али Ибн Синадан бата алғансың

Биология тіршілікті зерттеуші ғылым

– дей келе ортаға «Бәйге» интеллектуалды ойынына қатысушыларды шақырамыз. Ойынға қатысушылар өздерін таныстырып өтсін.

2-жүргізуші:

Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын-дей отырып, ойынымыздың «Кім жылдам» деп аталатын І бөлімін бастаймыз.

Іжүргізуші. «Кім жылдам» Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы бірінші қол көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

1.Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (жер өлшеу)

2.Алгебра сөзі қандай сөздердн шыққан? («Әл-жебр» деген араб сөзінен)

3.π-дің мәні неге тең? (3, 14-ке)

4.Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? (12 қыры, 6 жағы)

5.Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді (медиана)

6.Шеңбердің ең үлкен хордасы. (диаметр)

7. Қабырғасы 6 см-ге тең квадратқа іштей сызылған шеңбердің радиусы неге тең? (3 см)

8.Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (0)

9. Ұйқы безі инсулин гормонын жеткіліксіз бөліп шығарғанда пайда болатын ауру ( диабет).

10. Ересек адамның миының салмағы орташа есеппен алғанда қанша болады (1100-2000 гр.)

11. Пішіні екі жағы да дөңес линзаға ұқсаған мөлдір дене (көз бұршағы).

12. Үлкен ми сыңарының көру аймағы орналасқан орны (шүйде аймағы).

13.Сипап сезу арқылы заттың пішінін, қаттылығы мен жұмсақтығын анықтайтын не (рецепторлар).

14.Құйымшақ бөліміндегі омыртқалар саны (5).

15.Адамда қанша жамбас сүйегі бар. Сколько тазовых костей у человека (две)

IІ-жүргізуші:

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер – дей келе, «Полиглот» деп аталатын ІІ бөлімде жұмбақ, мақал – мәтел не өлең жолдарынан айтылмай қалған сөзді тауып, орысшаға, ағылшынға аударыңыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, үш тілде жауап берсе 30 ұпай.

ІІ. «Полиглот»

1) Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.

(сызғыш, линейка, a ruler)

2) Қабат – қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама.

(кітап, книга, book)

3) Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)

1-жүргізуші:

Ең аз ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығарылады. Сіздерге рахмет,болашақта табыс тілейміз.

«Бұл жерге келмейді ешкім ермек үшін,

Есеп – қисап, сан-цифр термек үшін.

Көрсетіп есептердің жолын қалай,

Келдім оларды айтып бермек үшін» - деп, ойынымыздың «Ғажайып үштік» деп аталатын ІІІ бөлімін бастаймыз.

2- жүргізуші:

ІІІ. «Ғажайып үштік»

Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұрақтар таңдайды. Дұрыс жауап берсе сол ұпай қосылады. Әр есепке бір минут беріледі.



20

20


20


30

30

30

40

40

40

20 – ұпайлық сұрақты таңдағандарға берілетін сұрақтар:

1) Суреттегі фигурада неше үшбұрыш бар?




2) 223 – қандай цифрмен аяқталады? (8-бен)

3) Қол қанқасы қандай сүйектерден тұрады? (Иық белдеуі мен қол сүйектерінен тұрады)

30 – ұпайлық сұрақты таңдағандарға берілетін сұрақтар.

1) Ұзындығы 135 см. Сымды біріншісі екінші бөлігінен екі есе етіп екі бөлікке бөлген, әр бөліктің ұзындығын тап. (45 см, 90 см)

2) |х-4|=7 теңдеуінің түбірін тап. (-3;11)

3) Омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюын не деп атаймыз (Сколиоз) 40 – ұпайлық сұрақты таңдағандарға берілетін сұрақтар.

1) Жолдас үш баланың жастарының қосындысы 29-ға тең. 5 жылдан кейін олардың жастары бірге алғанда қанша болады? (44)

2) Шахмат турниріне 7 адам қатынасқан әрбіреуі әрқайсысымен бір партиядан ойнайды. Барлық ойналған партиялардың саны қандай? (21)

3) Адам  қаңқасының сүйектері …,… және… болып  жіктеледі. (қысқа, жалпақ, ұзын)

1-жүргізуші:

Ең аз ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығарылады. Сіздерге рахмет,болашақта табыс тілейміз.

Қиындықтан сірәдә біз қашпаймыз

Алғырлықпен тапқырлықты ұштаймыз

Қиялдарға самғап ұшқан құстаймыз.

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз – деп, ойнымыздың «Көкпар» IV бөлімін басталақ. Бұл бөлімде 3 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.

2 жүргізуші:


Логикалық есептер

1) Бір баланың жасы үш жылдан соң бұрынғы жасынан 2 есе артық болады. Ол қанша жаста? (үште)

2) Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км. жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15 км/сағ)

3) 5 адам кездесіп қалып бір – бірімен қол алысып амандасты. Барлығы қол алысу саны қанша? (10)

4) Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағ. 20 минут ұшады, ал кері 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)

5) Алты метрлік бөренені 5 рет кесіп, тең бөліктерге бөлген, әр бөліктің ұзындығы қандай? (1 метр)

Ғалымдар

1.«Ақыл – ойды тәртіпке келтіретін – математика» кімнің сөзі?

(М.В.Ломоносов)

2.Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған

шығыстың ғұламасы кім? (Әл-Фараби)

3.«Математика – ғылымдардың патшасы, ал арифметика – математика патшасы» Бұл сөздің авторы кім? (К.Гаусс)

4. Кім алгебра оқулығын қазақ тілінде жазып, бірақ баспаға шығарған жоқ. (К.Сатпаев)

5.«Математик болу үшін ақынжанды болу керек» - бұл кімнің сөзі

(С. Ковалевская)

1-жүргізуші:

Ең аз ұпай жинаған 1 ойыншы ойыннан шығарылады. Сіздерге рахмет,болашақта табыс тілейміз.

Жарыс заңы ежелден,

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол,

Еңбектену жалықпау – дей отырып, ойынымыздың «Жорға» V бөлімінде әрбір ойыншыға жеке – жеке сұрақтар қойылады, жылдам тез жауап беруі қажет.

1-ойыншыға сұрақтар

1) Екі қабырғасы тең болатын үшбұрыш (тең бүйірлі)

2) Барлық қырлары тең тік бұрышты паралелипед (куб)

3) Санның жүзден бір бөлігі (пайыз, процент)

4) Үлкен хорда (диаметр)

5) Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (1800)

6) «Ми рефлекстері» (1863) деген еңбектің авторы кім? (Сеченов)
7) Жүрек бөлімдерін ата(Оң жақ жүрекше, сол жақ жүрекше, оң жақ қарынша, сол жақ қарынша.)
8) Екі өкпенің айырмашылығы?( Оң өкпе сол өкпеге қарағанда көлемі, әрі біршама қысқа)
9) Адам миы салмағының қанша пайызын үлкен ми сыңарлары алып жатыр?(80)
10) Иық белдеуі қандай сүйектерден тұрады?(екі бұғана,екі жауырын)

2-ойыншыға сұрақтар.

1) Барлық қабырғалары тең үшбұрыш (тең қабырғалы)

2) Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)

3) Геометрияның жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі (планиметрия)

4) Пайыз (процент) дегеніміз не? (санның жүзден бір бөлігі)

5) Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді (хорда)

6) Тірек қимыл жүйесі атқаратын қызметтер?(тіректік,қозғалтқыш,қорғаныш)

7) Адамда қанша қабырға болады? (12 жұп қабырға)

8) Адам ағзасының құрылысы мен пішінін зерттейтін ғылым(анатомия)

9) Жүйке жүйесі қандай бөлімдерден тұрады (орталық жүйке жүйесі, шеткі жүйке жүйесі)

10) Тірі материяның қарапайым құрылысы мен дамуының ең кіші өлшемі (жасуша)

3-ойыншыға сұрақтар.

1) y=x3 функциясының графигі (куб парабола)

2) Жазыңқы бұрыштың шамасы (1800)

3) Ең кіші жай сан (2)

4) 25% - санның қандай бөлігі (1/4)

5) ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)

6) Жүйке жасушалары неден құрылады (нейрондардан)

7) Ересек адамның миының салмағы (1450 грамм)

8) Сүйек қандай ұлпалардан тұрады? (дәнекер)

9) Тірі ағзаның қызметін және оны реттеу тетіктерін зерттейтін ғылым (физиология)

10) ОУ осі қалай аталады? (ордината)

1-жүргізуші:

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты,

Ақыл – ойлар әлемді арбап алды.

Математика ғылымдар патшасы атты,

Биология ғылымдар ханшайымы

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,

Омар Хайям, Әл-Фараби жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.

2-жүргізуші:

Алдымызда жайнаған жүздер әні,

Сіздерменен кездесеміз біздер әлі

Әділ-қазы, көрермен сау тұрыңдар,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі

Осымен «Бәйге» интеллектуалды ойынымызды аяқтаймыз, келесі кездескенше сау болыңыздар.

Қорытынды.

Сайысты қорытындылау үшін сөз әділ - қазылар алқасына беріледі. Жеңіп шыққан 1,2,3 орын алған ойыншылар марапатталып, грамота, сыйлық ұсынылады.





































Бағалау парағы:

Ойыншылар

1 тур «Кім жылдам»

ІІ тур «Полиглот»

ІІІ тур «Ғажайып үштік»

ІҮ тур «Көкпар»

Ү тур «Жорға»

Баллдар

1.Оспанова Айдана








2.Ойрат Төлеу








3.Сапарғали Алтынгул








4.Ержан Алтын







5.Қалиева Балжан








6.Халел Нуржайна









Барлығы


























Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қарағанды маңызды білім беру «Болашақ» колледжі














Интеллектуалды ойын «БӘЙГЕ»









Өту уақыты: 08.12. 2015

Оқытушылар:Рахымжанова А.Қ.

Есмагамбетова А.А.









Қарағанды 2015

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Уроки «Бәйге» интеллектуалды ойын (79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт