«Қызыл Әскер жалпы орта мектеп» КММ
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Джумадуллаев Ифтихар
Сабақтың тақырыбы: «Салауатты өмір салты»
Мақсаты :
Оқушылардың салауатты өмір туралы түсініктерін кеңейту,шығармашылық қабілетін жинақтау,есте сақтау дағдыларын,логикалық ойлау қабілеттерін,іскерлік белсенділігін дамыту. Оқушылардың сөйлеу, жазу мәдениетін қалыптастыру, еркін сөйлеуге, дұрыс және толық жауап беруге бағыттау. Топта жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру. Сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
Салауатты өмір салты туралы толық ақпарат алады, сөйлеу тілін дамытады. Берілген тақырып бойынша тапсырмалар орындайды. Топтық жұмыс арқылы оқушылар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптаса бастайды, белсенді жұмыс істеуге машықтанады.
Әдіс – тәсілдер: Жаңа инновациялық технология (Кембридж тәсілі)
Көрнекіліктер:парақшалар,ватман,маркер,оқулық,интерактивтітақта,қоржын, медальдар
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті /4минут/ /1-слайд/
Арайланып таң атты
Алтын шапақ таратты
Қайырлы таң,балалар!
Аман Отан-панамыз,
Аман ата-анамыз
Қайырлы таң,балалар!
Психологиялық тренинг өткізу /медальдар арқылы топқа бөлу/ /3-слайд/
Миға шабуыл /2минут/ /5-слайд/
Денсаулық дегеніміз не? Ол туралы не айтасыңдар?
Балалар, сіздер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан-жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар?
«Топтастыру» стратегиясы. Кластер құрастыру. /6-слайд/
Д – дұрыс тамақтану
Е – ерінбей еңбектену
Н – ниеттену
С – спортпен шұғылдану
А – ағзаны шынықтыру
У – уақытты дұрыс ұйымдастыру
Л – лайықты өмір сүру
Ы – ынта – ықылас алға жетелейді
Қ – қозғалыс ағзаны шынықтырады
Қызығушылықты ояту /3 минут/
Ой қозғау: Салауатты өмір салты дегеніміз не? Сен оны қалай түсінесің?
Ассоциация құру. /7-слайд/
Ережені ұмытпайық
Сөздік жұмыс. /8-слайд/
Мәтінмен топтық жұмыс ұйымдастыру. /15 минут/
ДЖИГСО әдісімен мәтінді топта,ұжымда талқылау.(салыстыру)
Сергіту сәті. Қаражорға биі
«Жағдаят шешу» стратегиясы. /10-слайд/ /3 минут/
Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар.
Талғатты бай деп айта аламыз ба?
1.Алмас пен Жарас далада футбол ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар, Жарастың іші неге ауырды?
Шығармашылық жұмыс. /11-слайд/ /10 минут/
«Денсаулығым жақсы болу үшін мен…» өз ойын аяқтау. Әр оқушы бір сөзбен аяқтайды.
Постер жасап, қорғау. /12-слайд/
1-топ: Денсаулықтың достары
2-топ: Денсаулықтың қастары
3-топ: Салауатты өмір салты
Рефлексия /5 минут/
«Қалам үстелдің ортасында» стратегиясы. /13-слайд/