Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Білім еліне саяхат
Мақсаты: Білім әлемі туралы түсінік беру. 1 қыркүйек Білім күні екенін айтып түсіндіру. Достыққа қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Балалар шеңбер құрып дөңгелене тұрады. - Балалар біз дөңгелене тұрып бір-біріміздің жүзімізді көреміз. Бір-бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз. Осылайша қуанышқа бөленеміз. Бүгін мереке, еліміздің түкпір-түкпірінде білім күнін атапөтуде. Бүгінгі мерекелік күнмен бір-бірімізге қуаныш сыйлайық. |
Армысың асыл Күн! Армысың жан досым! Жылуыма жылу қос, Міне менің қолым! |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
Тәрбиеші: Балалар біз сендермен «Білім еліне» саяхатқа шығатындарын, онда талай қызықтар бар екендігін ескертеді. Оқу іс-әрекет барысында бірнеше аялдама болады. Әр аялдамаға тоқтағанда әр түрлі тапсырмалар болатынын балаларға ескрту.
1. «Әдебиет әлемінде». Бұл аялдамада өлең тақпақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар мен ертегілер.
2. «Әріптер» аялдамасы.
3. «Математика әлемі» математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.
Балалар білім елі сендерге ұнады ма? |
Балалар қунады.
Балалар әңгімелерді қызығушылықпен тыңдап өздері әңгімелеп береді.
Үшбұрыш, төртбұрыш.
Ие
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. Білім сарқылмас қазына. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп-өркендеуіне үлесін қосады. 2. Дәптермен жұмыс. Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім сөздерін пайдаланып сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру.
|
Берілген сұрақтарға толық жауап береді. Әңгімені өздері құрастырады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Әр түрлі өлең, тақпақтарды жатқа білу.
Түсінігі: 1 Қыркүйек білім күні екенін, білім әлемі туралы түсінігі болу.
Көрсете білуі: Өздерінің алған білімдерін ортаға салу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Жомарт күз.
Мақсаты: Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарау.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңбері. Балалар бір-біріне жылы тілектер білдіреді.
Армысың алтын күн! Армысың Жер ана! Армысың достарым! Жылуыма жылу қос Міне менің қолым! |
Балалар бүгінгі күнмен амандасады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
- Балалар, оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы күз мерзімі туралы. Көзімізді жұмып күз мезгілін көщ алдымызға елестетіп көрейік.
Балалардың жауаптары:
Күз туралы сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Дәптермен жұмыс, жаңа сөздермен сөздік жұмыстарын жүргізу. Элеватор – мол астықты сақтайтын және оны желдетудің, салқындатудың, кептірудің, құрғатуды, сұрыптаудың көмегімен сапалы деңгейге жеткізетін ғимарат. Егіс алқабы – бидай, тары, жүгері, арпа сияқты дәнді дақылдарөсетін дала.
- Бидайдың сабағының суретін салу; - Жұмбақ шешу.
|
Балалар қунады.
Балалар жаңа сөздерді мұқият тыңдап, түсінеді.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
М.Әлімбайдың «Алтын күз» өлеңін оқиды, сөздік жұмыстарын жүргізеді, сұрақтар қояды. Сарғайды тоғай, Сап-сары маңай. Соңғы әнін айтып, Құс кетті қайтып.
- Маңай, айнала неге сап-сары? - Тоғай неге сарғайып кеткен? |
Берілген сұрақтарға толық жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Күз мезгілінің ерекшеліктерін білу.
Түсінігі: Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білу.
Көрсете білуі: Өлеңдерді мәнермен жеткізе білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Бау – бақшада.
Мақсаты: Жемістердің бақта, көкөністердің бақшада өсетіні туралы түсіну.
Күзгі еңбек түрлерімен таныстыру арқылы еңбексүйгіштіккке тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші: Бір ыдысқа көкөністерді салып алып келеді. Солар бойынша сұрақтар қояды: - Балалар ыдыстағы заттарды бір сөзбен қалай атауға болады? - Көкөністерге нелер жатады? - Көкөністер қайда өседі? - Жемістерге нелер жатады? - Олар қайда өседі? |
Сұрақтар бойынша жауап береді:
|
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
Тәрбиеші: Балалармен сөздік орамжапырақ, қызанақ сөздеріне сөздік жұмысын жүргізеді. Орамжапырақ – бақшада өсетін көкөніс түрі. Қызанақ – қызыл түсті көкөніс.
Дәптердегі екі сурет арқылы бақ пен бақшаның айырмашылығын түсіндіру. «Бау-бақшаны жинау» тақырыбында сурет бойынша құрастыру.
- «Сиқырлы қоржын» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржыннан көкөністер мен жемістерді алып, оның қатты, дәмді, тәттә, ащты, қышқыл зат екенін ажыратып атау, пішіндерін айту.
- Дәптермен жұмыс.
- «Теңестір» жаттығуын орындау.
|
Балалар жаңа сөздерді мұқият тыңдап, түсінеді.
Ойныға белсене қатысады.
Дәптердегі жұмысты әдемі,таза етіп жазады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
- Осы көкөністер мен жемістердің мол өнім беруі еңбекке байланысты, қарап баптасақ мол өнім аламыз. Еңбектің арқасында жақсылық та, қуаныш та, байлық та болады. |
Балалар тыңдайды. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Көкөністер мен жемістерді.
Түсінігі: Бір-бірінен ажырата білу
Көрсете білуі: Дәптердегі жұмысты көрсете білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Нан қайдан келеді?
Мақсаты: Нанның адам еңбегімен келетінін, оған көп күш жұмсалатынын түсіндіру. Балаларға нанды қастерлеу керектігін түсіндіре келе, адамдардың еңбегін құрметтуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
- Балалар, мына суреттен нанның қандай түрлерін көріп тұрсыңдар? Атап беріңдер. - Нанды неден пісіреді? - Ұнды қалай жасайды? |
Балалардың жауаптары тыңдалады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші: - Мынау – бидай масағы, сабағы, мұртшалары. Егер бидайдың қауызын аршитын болсақ, ішінен бидайдың дәні шығады. Бидайды ұнтақтаса, ұн болады. Наубайханада осы аппақ ұнға тұз, су, ашытқы араластырып, қамыр илеп, нан пісіреді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Наубайхана – нан пісіретін, нан жабатын орын. Наубайшы – наубайханада нан пісіретін адам. Диірмен – дәнді дақылдарды тартып, ұн шығаратын кәсіпорын. Комбайн – әр алуан дақылдарды жинап, бастыруға арналған машина.
Тәрбешінің түсіндіруі. - Балалар, диқан сөзін қалай түсінесіңдер? - Диқан – егін шаруашылығымен айналысатын адам.
Сергіту сәтін өткізу.
Жайқалады ақ бидай, Басын иіп аққудай. Трактор мен комбайн Жүгізуге мен дайын.
|
Тәрбиешіні тыңдайды.
Балалар жаңа сөздерді мұқият тыңдап, түсінеді.
Қолдарын көтеріп кимыл-қозғалыстар жасайды.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
- Тышқанды қандай сұрақ мазалайды? - Нан қайдан келеді? - Тышқан сұрағына жауап ала алды ма? - «Нан – байлық, нан - береке» деп халқымыз бекер айтпаған. Міне, көрдіңдер ме? Қаншама адам еңбек етеді екен. Сондықтан дастарханға зор еңбекпен келген нан тағамдарын қастерлеуіміз керек. |
Балалар тыңдайды. Сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Нанның неден пайда болатынын
Түсінігі: Нанды қастерлеу керектігін.
Көрсете білуі: Түсінгендерін әңгімелеп айтып көрсету.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Менің отбасым.
Мақсаты: Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсінікті қалыптастыру. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Балалар, дөңгелене тұрып, шаттық шеңберін құрайық. Бір-бірімізбен амандасып, жылы тілектер айтайық. - Сәлеметсіздер ме! Қайырлы таң! Қайырлы күн! - Сендерді көргеніме қуаныштымын. |
Бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Отбасы мүшелері бейнеленген суретпен жұмыс. Жетекші сұрақтар арқылы жаңа тақырыптың мазмұны ашылады. - Отбасы мүшелері қайда тұрады? - Отбасы мүшелері бір үйде тұрады. - Олар қалай тұрады? - Отбасы мүшелері тату-тәтті тұрады.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Нағашы ата – анасының әкесі. Нағашы апа – анасының анасы. Немере – ұл-қыздарынан туған бала.
3. «Ойлан тап» тапсырмасын орындау. Шарты: Тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдап, кім туралы айтып тұрғанын ойланып табады.
4. Сергіту жаттығуын орындау.
Атам жылқы бағады, Ағам пішен шабады. Жеңгем сиыр сауады, Әжем киіз қағады.
5. Жазбаша жұмыс. - Шытырман арқылы әжесінің үйіне апаратын жолды бояу; - «Сыңарын тап» ойыны.
|
Жаңа тақырыпты тыңдап, түсінеді.
Жаңа сөздерді жаттап, түсініп алады.
Қимыл – қозғалыстармен жаттыруды орындайды.
Жазбаша жұмысты әдемі,таза етіп орындайды.. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Өткен сабақты қорытындылап сұрақтар қойылады:
|
Балалар сұрақтарға жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Отбасы мүшелеріне кімдер жататынын.
Түсінігі: Отбасында тату-тәтті болу керектігін.
Көрсете білуі: Жаңа сөздердің мағынасын ашып айтып беру.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас
Білім көздері: Тіл дамыту
Тақырыбы: Біздің үй (сурет бойынша әңгіме).
Мақсаты: Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлемдер құрату арқылы сөйлеу тілін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі түрде сөйлемді толық, анық айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру.
Өтті қызық көп күндер, Алты жасқа жеткендер. Өсті ақыл ойларың Өсті, міне, бойларың. Иіліп сәлем береміз, Әдепті боп өсеміз. |
Бір-бірімен амандасып, жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші бүгінігі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Сұрақ-жауап әдісі арқылы кірімпе әңгімені өткізеді: - Балалар, сендер неше қабатты үйде тұрасыңдар? - Үйде қандай бөлме түрлері болады?
2. Дәптердегі суретпен жұмыс. - Бүгін біз тұрғын үй, үй түрлері және үй жиһаздарымен танысамыз. Адамдар ертеден өздеріне ыңғайлы баспана тұрғызу керектігін білген. Қазір үйлердің түрлері көп. Мысалы, бірнеше қабатты (екі, үш, төрт т.б.) тұрғын үй, ауласы бар жеке бір немесе екі-үш қабатты үй. 3. Сөздік жұмысын жүргізу. Коттедж – жеке ауласы бар сәнді салынған 2-3 қабатты үй. Мансард – шатыр астындағы терезесі бар, кісі тұратын бөлме. Жиһаз – үй бұйымы, мүлік.
4. Жаңа сөздерді қатыстырып, сөз тіркестері мен сөйлем құрату.
5. «Қай бөлмеде қандай зат тұрады» дидактикалық ойыны. Шарты: бөлмелерді атап, онда тұратын заттарды атау.
6. «Менің үйім» тақырыбында әңгіме құрастыру.
|
Жаңа тақырыпты түсінеді.
Жаңа сөздерді жаттап, түсініп алады.
Балалар өздері тұратын үй, оның бөлмелері және үйдегі жиһаздар туралы әңгімелейді.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Өткен сабақты қорытындылап сұрақтар қойылады:
|
Балалар сұрақтарға жауап беріп, әңгіме құрастырады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Әрбір адамның өзінің тұратын үйі болатындығын.
Түсінігі: Қай жиһаз қандай бөлмеде тұратынын.
Көрсете білуі: Сөйлемдерді толық айтып, өз ойыны жеткізе бі
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Қасқыр, түлкі, әтеш» ертегісі.
Мақсаты: Ертегі мазмұнын түсіндіру. Сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәдениетін, ойлау қабілеттерін дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық сәтін өткізу. Балалар шеңбер бойы дөңгеленіп тұрып, «Мен ертегі тыңдағанды жақсы көремін, себебі...» деп жалғастырып айтады.
|
Өздері сүйіп тыңдаған ертегілері арқылы нені үйренгендерін айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. «Қасқыр, түлкі және әтеш» ертегісі. Тәрбиеші дауыс интонациясын дұрыстап қойып, мәнерлеп оқиды. мазмұнын дәптердегі сурет арқылы түсіндіреді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Шаһар – қала. Мұржа – пештің, ошақтың түтін шығаратын мойны, түтіндік. Күлтеле – шоқтау, шоғырлау.
3. Сұрақтарға жауап беру.
4. Балалардың пікірін тыңдау. - Балалар, сендерге ертегідегі кейіпкерлердің қайсысы ұнайды, қайсысы ұнамайды? Шаһар салу үшін не істеу керек еді?
5. «Қасқыр, түлкі және ітештің жолын тап» ойыны. Дәптерге ертегі кейіпкерлерінің үйлеріне апаратын жолды сызып көрсету.
6. Жұмбақ шешу. Жұмбақтың шешулері: әтеш, түлкі.
Әтеш, түлкі сөздерін қатыстырып, сөз тіркестері ме нсөйлемдер құрату.
|
Ертегіні түсініп тыңдайды.
Жаңа сөздерді жаттап, түсініп алады.
Балалар түсінгендерін айтып, өз пікірлерін білдіреді. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Ертегі мазмұнын мазмұндау. - Балалар, бұл ертегі бізді өтірік айтпайға, әділ болуға, адал болуға үйретті. Бірлік болған жерде кез келген жұмысты да аяқтауға болады. |
Балалар мазмұнын айтуға тырысады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ертегі кейікерлерін сипаттау арқылы өтірік айтпауды, әділ, адал болу керек екенін білу керек.
Түсінігі: Қоршаған ортаға мейірімді болу керек.
Көрсете білуі: Ертегі мазмұнын айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй құстары және үй жануарлары».
Мақсаты: Үй құстары мен үй жануарларының тіршілі туралы баяндап, балалардың үй құстары мен үй жануарлары туралы білімін толықтыру. Үй жануарлары мен үй құстарына қамқор болуға, оларды күте білуге баулу жіне құстарды қорғауға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Үнтаспадан құстардың сайрағаны, судың сылдырлап аққан дауысын тыңдату. |
Құстардың дауысын тыңдайды. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші тыңдаған үнтаспа бойынша сұрақтар қояды.
Балапандар өздерінің тамақ жегісі келетіндігін шиқылдап аналарына білдіреді. Құстар құрт-құмырсқаға таласқанда, ащы дауыспен шырылап, шу шығарады. Басқа дыбыстардың көмегімен құстар топталып жиналады және бөтен құстарды қуады екен.
2. «Әтеш пен тоты» ертегісін оқып беру.
3. Дәптермен жұмыс. Сурет бойынша әңгімелеу, сөз, сөйлемдер құрастыру, «Ұйқасын тап» ойынын ойнау, жалпы және жеке атауларын атау.
4. Сергіту сәтін өткізу.
Тіктеп титтей құлағын, ботам былай жүреді. Сыртылдатып тұяғын, бұзау оған ереді, Алға созып мойнын, ойнақтайды ботақан. Көкке қарай мұнынын шүйіреді бұзауқан. |
Ертегіні түсініп тыңдайды.
Жаңа сөздерді жаттап, түсініп алады.
Балалар түсінгендерін айтып, өз пікірлерін білдіреді.
Музыканың сүйемелдеуімен қимылдар жасайды. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме жүргізу. |
Ойларын қорытып, түсінгендерін айтады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Үй жануарларының қандай пайдасы бар екенін.
Түсінігі: Үй жануарлары мен үй құстарына қамқор болу керек екенін.
Көрсете білуі: Суреттен үй жануарлары мен үй құстарының аттарын атап көрсете білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жабайы аңдар.
Мақсаты: Жабайы жануарларының мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы туралы түсінік беру. Табиғаттың бір бөлігі – жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық сәтін өткізу. - Балалар, жабайы аңдарға нелер жатады? - Неліктен жабайы аңдардейміз? - Мына суреттерден н көріп тұрсыңдар? |
Балалардың жауаптары тыңдалады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Балаларға жабайы – аң қолға үйренбеген түз жануары екендігі түсіндіріледі. Кейбір аңдар орманда, кейбір аңдар далада, кейбір далада, кейбір аңдар тауда тіршілік ететіндігі түсіндіріледі. Үй жануарлары мен жабайы аңдардың тіршілігі салыстырылады.
2. «Тапқыр қоян» ертегісін оқу.
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
Миығынан күлу – езу тарту, мұрнынан күлу.
4. Дәптердегі ертегі мазмұнына салынған сурет арқылы ертегі мазмұнын түсіндіру.
5. Жабайы аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін аныұтау және осы сөздерді буынға бөлдіру.
6. Сергіту жаттығуын өткізу.
7. Тәрбиеші жабайы аңдар туралы жұмбақтар оқиды. - Қолыңмен тиме, Үсті толған ине. (Кірпі)
- Паналайды үңгірді, Іздемейді тасаны. (Аю)
- Қорықпайды күшті аңнан, Қорқады тек тышқаннан. (Піл)
|
Жабайы аңдарға мысалдар келтіріледі.
Жаңа сөздерді жаттап, түсінеді.
Жұмбақтың шешуін тауып, талдайды. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс – әрекетін қорытындылау. Дәптердегі тапсырманы орындату. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету. |
Берілген тапсырмаларды орындайды. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Табиғаттың бір бөлігі – жануарлар екенін білу.
Түсінігі: Жануарларға қамқорлық жасау керек екенін.
Көрсете білуі: Жұмбақтарды жатқа айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы.
Мақсаты: Балалардың ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту, ойыншықтардың аттарын атай отырып, оларды сипаттап айтуға үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Қуанамын менде, қуанасың сен де. Қуанайық достарым, арайлап атқан күнге. Бүгінгі күніміз сәтті өтсін. Бәріңе сәттілік тілеймін. Балалар шеңбер болып тұрады. Тәрбиеші ғажайып қалтаға салынған ойыншық түрлерін алып келіп, балаларға таратады. |
Балалар әрқайсысы алған ойыншықтарын сипаттайды. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Бүгін – ойыншықтар мерекесі. Бізге көп ойыншықтар қонаққа келіпті. Олар көрме ұйымдастырып, ойыншықтар мерекесін өткізуге көмектеседі. Біздің көрмеге ойыншықты күтіп ұстайтын мейірімді Перизат та келіпті. Балалар Перизатқа өз ойларын айтады, би билеп ән салып перизатқа сұрақтар қояды.
2. Балаларға сұрақтар қою. - Ойыншықтар не үшін керек және ол неден жасалады? - Өздерің ойыншықты қалай күтіп ұстайсыңдар? - Аю, доп, қоян, қуыршақтардың бәрін жалпы қалай атауға болады? 3. Сергіту сәтін өткізу.
Ойыншықтарды шашамыз, Шашамыз да жинаймыз. Бөлмемізді өрнектеп, Мерекеге біз дайын.
4. «Ойыншықтар» деген сөзге сөйлем құрастыру. Ойыншықтар сөзіне дыбыстық талдау жасау.
5. Дәптермен жұмыс. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесін оқу.
|
Тәрбиешінінің айтқандарын зейін қойып тыңдайды.
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді қайталап, қимыл – қозғалыстар жасайды.
Әңгімені түсініп оқиды.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу іс – әрекеті балалардың алған білімдері пысықталады. |
Сұрақтарға жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ойыншықтар жайлы білу.
Түсінігі: Ойыншықтардың атын атай білу.
Көрсете білуі: Әңгіменің мазмұнын айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Елордасы – Астана.
Мақсаты: Республикамыздың бас қаласы, елордамыз туралы мағлұмат беру. Астанадағы әсем, көрікті жерлерді көре білуге, әсемдікті сезіне білуге баулып, мақтаныш сезімдерін ояту.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды:
|
Сұрақтарға жауап береді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Е.Өтетілеуұлының «Астана» өлеңін тәрбиеші оқиды.
Болашаққа бастаған, Шарықтайды асқақ ән. Елордасы Отанның Мақтанышым – Астана.
- Өлеңде не туралы айтылған? - Кім астанаға барды? Астана қаласының қандай көрікті жерлерінде болдыңдар?
2. Астана туралы мәлімет беру. Тәрбиеші елордамыздың көрікті жерлерінің фотоларын көрсетіп, оларға қысқаша мәлімет береді. Сулы Жасыл бульвар – Астана орталығындағы жаңа көше. Ақорда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Бәйтерек – Астананың басты белгісі. Парламент үйі – Өкімет үйі. Хан Шатыр – Астананың ең үлкен ойын – сауық орталығы.
3. Астана, көшелер, үй, балалар, Отан сөздерін қатыстырып, сөйлем құрату.
4. «Ойлан, тап» дидактикалық ойыны. Шарты: А, с, т, а, н, адыбыстарынан басталатын сөздерге сөз құрату.
5. Балаларға өздері білетін Астана туралы өлеңдер оқыту. |
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Сұрақтарға жауап беріп, бір – бірінің жауаптарын толықтырады.
Айтылған мәліметтерді тындап, жаттап отырады.
Сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрайды.
Ойынға белсене қатысады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс – әрекетін қорытындылау. Астананың еліміз үшін маңызын айтып сабақты қортындылайды. |
Тәрбиешіні зейін қойып тыңдайды. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Астананың көрікті жерлерін білу.
Түсінігі: Еліміздің бас қаласы – Астана екенін.
Көрсете білуі: Ойларын жүйелі жеткізе білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі.
Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсіндіру. Ертегі мазмұны арқылы еңбексүйгіштікке, адал достыққа тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру. - Кәне, балалар, дөңгелене тұрып, бір-бірімізге жылы лебіздерімізді білдірейік. |
Балаллар бір-бірлеріне тілектерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. «Ойлан тап» дидактикалық ойыны. Шарты: тәрбиеші балалардың білетін шығармаларынан үзінді оқиды. - Біраз жүрген соң әксінің қолынан бір шие жерге түседі. - Ы. Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі. - Тышқан наубайханаға келді. Мұнда көп адам нан пісіріп жатыр екен. - «Нан қайдан келеді?» ертегісі. - Шырылдауық шегіртке Көгалды қуып гөлайттап. - А. Құнанбаевтың «Шегіртке мен Құмырсқа» ертегісі. 2. Тәрбиеші «Жыл басына таласқан жауарлар» ертегісін мәнерлеп оқиды. Ертегінің мазмұнына сәйкес сұрақтар қояды. - Ертегі қалай аталады? - Ертегінің басы қалай басталады? - Ертегі қалай аяқталады? - Жыл басы қай жануар болды? - Түйе неге жыл басы бола алмады? 3. Сөздік жұмысын жүргізу. Жусан – ащы дәмді, көкшіл бозғылт түсті аласа шөп. Жабағы – қой мен түйенің көктемде қырып алған қысқы жүні. Бақташы – мал бағушы. Өркеш – түйенің арқасына бір немесе екі айыр болып тік шаншылған қомы. 4. Сергіту сәтін өткізу. Саусақтарым бір-бірімен амандасайық, Саусақтардан гүл ашайық, Саусақтарды ашып – жұмып, А-ә, г-ғ, ү-ұ, н-ң, к-қ, о-ө Дыбыстарын дұрыс айтайық. 5. «Кім зерек» логикалық ойыны. Шарты: әр жануардың қорегін тауып, қоршап, бояп, қалғанын қақпақпен жауып қою. |
Балалар үзінді қай шығармадан екенін тауып айтады.
Ертегіні беріліп тыңдайды.
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Тақпақты қайталап, қимылдар жасайды.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс – әрекетін қорытындылау. 1. Е. Өтетілеуұлының «Жыл аттары» өлеңін оқып беру, жаттату. 2. Дәптердегі қызықша жыл аттарын атату: Тышқан, Сиыр, Бырас, Қоян, Ұлу, Жылан, Жылқы, Қой, Мешін, Тауық, Ит, Доңыз жылы. |
Берілген тақпақты қайталап, жаттап алады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Қазақша жыл аттарын атай білу.
Түсінігі: Өмірде адал, әділ, еңбексүйгіш болу керек екенін.
Көрсете білуі: Ертегінің мазмұнын айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қысқы киімдер.
Мақсаты: Балаларға киім, киім түрлері, қысқы киімдер туралы түсінік беру. Қысқы киімдерді ажырата білуге үйрету. Әр мезгілде киетін киімдердіатай білуге, жұмбақтар шешкізу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестерін, сөйлем құрату арқылы сөздік қорларын молайту, грамматикалық тұлғада жүйелі сойлеуге баулу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Кіріспе әңгіме өткізу. - Қайырлы таң! Бүгін қандай күн? Ауа райы қандай? - Жылдың қай мезгілі? - Қыс мезгілінде қалай киінеміз? |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші әр балаға киімдер бейнеленген суреттер таратып береді, киімдерге сипаттама береді. Мысалы: Малақай – құлағы бар жылы баскиім, құлақшын.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Пима – жүннен басылған қысқы аяқ киім. Тон – иленген қой терісінен жүнінен ішіне қаратып тікке жылы сырт киім. Ішік – іш жығы аңның терісінен тігіліп, сыртын матамен тыстаған жылы сырт киім. Байпақ – етіктің ішінен киетін, жұқалау етіп басылған қоныышты киіз шұлық. Байпақтың сыртынан кебіс те киеді.
3. Сөйлем, сөз тіркесінтерін құрастыру. - Ішік, қолғап сөздеріне сөйлем құраңдар.
4. «Балаларға арналған кім дүкені» деген мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру.
5. «Қай мезгілде киеміз?» дидактикалық ойыны. Шарты:Ауа райының қандай мезгілінде мына киімдерді киер едің? Аттарын атау. - Киімдерді қалай киюіміз керек? - Киімді қайдан аламыз?
6. «Мынау кімдікі?» дидактикалық ойыны. Шарты: киімдердің қайсысы ер балаға, қайсысын қыз балаға кигізуге болатындығы айтылады.
|
Айтылған мәліметтерді тындап, жаттап отырады.
Сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрайды.
Берілген сурет бойынша әңгімелейді.
Ойынға белсене қатысады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. «Қайсысы артық?» дидактикалық ойыны. - Бір қатарда тұрған киімдердің ішінен қайсыс артық? - Туфли. Өйткені туфлиді күз, көктем мезгілдерінде ғана киеміз. 2. Киімдерді топтап айтқызу. Малақай, құлақшын – баскиімдер. |
Тәрбиешіні зейін қойып тыңдап, ойынға белсене қатысады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Қысқы киімдердің түрлерін.
Түсінігі: Киімді ұқыпты, таза кию керек екенін.
Көрсете білуі: Киімдерді топтап айта алу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көңілді қыс.
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейтіп, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін айтуға, көргендері мен аңғарғандарын дұрыс баяндауға, байланыстырып сөйлеуге төселдіру. Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білугеғ сезінуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы «Көңілді қыс» тақырыбының мазмұнын ашу. - Қазір қай мезгіл? -Қыстың күзден айырмашылығы неде? - Қыста адамдар қалай киінеді? - Қыстап қалған құстарға қалай көмектесеміз?
|
Сұрақтарға жауап береді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1.Қыс, боран, қар, күн деген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құрастырту. Суық Қыс қандай болады? Аязды Қарлы
Қыс түсті. Қар жауып тұр. Күн суық. Дала аяз болып тұр. Боран соқты.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Дөң – көтеріңкі биік жер, төбе. Қос – екі. Қос аяқта – екі аяқта.
3. «Көңілды қыс» суреті бойынша әңгіме құрастыру. Қысқы ойын, аязды күн, қысқы табиғат, жылы киінген балалар бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізіледі. - Қыста қандай ойындар ойнаймыз? - Қыс мезгілінде ойналатын ойындарды атаңдар? - Аққаланы қалай жасайды?
4. «Аққала» дидактикалық ойыны. Шарты: тақтаға жартылай қиылып жасалған аққала бөліктері ілінеді. Үстел үстінде қалған бөліктері: мұрын, басына киетін шелегі сияұты суреттер жатады. Балалар осы бөліктерді алып, көздерін жұмып тұрып, тақтаға жабыстырады.
5. Аққала сөзін қатыстырып, сөз тіркестері мен мен сөйлем құрастыру.
6. Т. Елеусізовтың «Қыс» өлеңін жаттау. |
Балалар бірнеше сөйлемдер құрастырады.
Айтылған мәліметтерді тындап, жаттап отырады.
Ойынға белсене қатысады.
Мысалы: аппақ аққала, әдемі аққала, үлкен аққала. Біз аққала тұрғыздық.
Балалар бірнеше рет қайталап, жаттап отырады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс – әрекетін қорытындылау. 1. Ребус шешу. Шешуі: шана 2. «Қайсысы артық» ойыны. - Бұл жерде артық – доп. Қыста далада шаңғы, шана, коньки тебеміз. Ал доппен ойнай алмаймыз. |
Ойынға қатысып артық ойыншықты табады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Табиғатты аялау керектігін.
Түсінігі: Жыл мезгілдерінің әр түрлі болатынын, олардың сипаттамаларын.
Көрсете білуі: Қыс мезгілін сиппаттап айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көңілді қыс және қысқы ойындар.
Мақсаты: Балаларды қысқы әңгімелеп айтуға баулу. Табиғат көріністерін сипаттап, қызықтарын әңгімелету арқылы бүлдіршіндердің шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бір – біріне қамқор болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу. - Аяз жылдың қай мезгілінде болады? - Қыс мезгілінде болады? - Аяз қандай болады? - Қатты суық. Бетті, қолды үсітіп жібереді. |
Сұрақтарға жауап береді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиешінің түсіндіруі. - Дұрыс айтасыңдар балалар. Қарлы боранымен, сықырлаған аязымен қыс келді. Бірақ біз қыстан қорықпаймыз, жылы киінеміз. Сырғанақ ойнап, аққала жасаймыз. - Бүгін бізге аққала қонаққа келіпті. Ауыл алды ақшақар, Ақша қарда балалар. Соғып жатыр аққала, Жалқауы жоқ жұмысқа.
2. Аққаламен қосылып, 1-2 жалпы дамыту жаттығуын орындату. - Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендермен бірге ойнайын деп келдім. Дала өте суық екен. Біз тоңып барамыз, денемізді қыздыртып жаттығу жасайық.
Қыздырайық денені, Кел, балалар, кел бері. Қыздырайық денені, Орнымызда тұрып-ақ.
3.Аққаланың келесі тапсырмасы: «Қысқы ойындар» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Аққала дорбасынан төмендегідей тірек сөздерді шығарады. Тәрбиеші сөздерді балаларға оқып, осы сөздерді қатыстырып сөйлемдер, әңгіме құрастыру керектігін айтады. Тірек сөздер: Ақ қоян, мәнерлеп сырғанау, сұр қасқыр, шаңғы, хоккей, шайба, таяқ, шанасымен жүйткиді.
4. Дәптерге қысқы ойынға қажетті құралдардың суретін салады.
|
Аққаламен қосылып, сергіту жаттығуын орындау.
Аққаланың тапсырмасын орындайды.
Дәптерге әдемілеп суреттер салады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
«Кім жылдам» дидактикалық ойыны. Тақтаға шананың, шаңғының, коньки, аққала т.б суреттерді іледі. Балалар суреттегі заттардың атын айтады, сонан соң сол сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады. |
Сөйлемдер мен сөз тіркестерін құрастырады. Мысалы: қызыл шана, жаңа шаңғы, жып-жылтыр коньки, аппақ аққала т.б. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Қысқы ойын түрлерін білу.
Түсінігі: Бір – біріне қамқор болу керектігін.
Көрсете білуі: Қысқы ойын түрлерін әңгімелеп айта алу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Тәуелсіздік төрімде.
Мақсаты: 16 Желтоқсан тәуелсіздік күні екені туралы түсінік беру. Тәуелсіз, егемен деген сияқты сөздердің мағыналарын ұғындыру арқылы сөздік қорларын толтырып, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Қ. Сағырбайұлының «Сарыарқа» күйін немесе туған елге байланысты күйші композиторлардың бір күйін үнтаспадан қою. Күй әуенімен Отан туралы бір шумақ өлең оқу. |
Отан туралы пікірлерін айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Қазақстан Республикасының картасын көрсету. - Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-асыр жері бар екенін байқауға болады. Осы кең байтақ қазақ жері – бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады. Яғни, егеменді мемлекет.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Тәуелсіз – толық еркі бар, ерікті, бағынышты мемлекет. Егемен – өз билігі, бас бостандығы өзінде, тәуелсіз.
3. Тәрбешінің түсіндіруі. - 16 Желтоқсан – еліміздің ең үлкен, ең басты мерекесі. 1991 жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. 2011 жылы тәуелсіз мемлекет атанғанына 20 жыл толды. Осы тәуелсіздікке Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатайұлы, Ляззат Асанова сынды қазақтың батыр, қаһарман ұл – қыздарының арқасында келді. Олардың тәуелсіздік жолындағы ерлігі, қайсарлығы біз үшін өнеге болмақ. 4. Қазақстан, егемен, тәуелсіз сөздерін қатыстырып, сөйлемдер құрастыру.
5. Ө. Ақыпбекұлының «Қазақстан картасы» өлеңін жаттату.
|
Жаңа сөздерді түсініп, тыңдайды.
Тәрбиешінің айтқандарын зейін қойып тыңдайды.
Тақпақты тыңдап, жаттап алады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сабақты Отан туралы ән тыңдауымен немесе балалардың орындауымен аятайды. |
Отан туралы ән орындайды. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: 16 Желтоқсан – Тәуелсізлік күні екенін.
Түсінігі: Отанға деген сүйіспеншілік болу керектігін.
Көрсете білуі: Отан туралы ән орындап көрсету.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Қош келдің, Жаңа жыл!
Мақсаты: Қыс мезгіліндегі мерекелер жайлы мағлұмат беру. Сурет бойынша әңгіме құрастырту арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Сыйластыққа баулу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шеңбер құрып, дөңгелене тұрып, балалар жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алғандарын естеріне түсіріп әңгімелейді немесе жаңа жылдық бір ойыншықты қолдарына алып, мерекелік тілектер айтады. |
|
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Пікір алмасу. - Жаңа жыл мерекесі қашан болады? - Жаңа жыл мерекесі басқа мерекелерден қалай ерекшеленеді? Несімен қызық?
Жаңа жыл – әлемнің көптеген халықтары тойлайтын ортақ мереке. Әр халық әртүрлі деңгейде және әртүрлі ғұрыпта тойлайды. Әр жылдың бірінші қаңтарының түні - Жаңа жыл түні.
2. С. Қалиұлының «Шырша» өлеңінен үзінді жаттау.
3. Тыныштық сәті. Тәрбиеші: - Көзімізді жұмып, Жаңа жыл мерекесін елестетейік. Міне, музыка залында шыршаны айнала дөңгелене тұрмыз. Марат қоян, Алмас қасқыр, Айгүл көбелек болып киініп алыпты. Жасыл шырша әсем етіп безендірілген. Аяз ата мен Ақшақар шырша жанында би билеп жүр... Көзімізді ашамыз. Көз алдыларыңа не елестеді?
4. Балалар дәптердегі шырша суретін бояп, безендіреді. Тәрбиеші балалардың әрекетін бақылап, қалай бояу керектігін көрсетіп жүреді.
5. «Сөз ойла, тез ойла, көп ойла» дидактикалық ойыны. Балалар кезекпен з мен ш дыбыстары кезедесетін сөздер айтып жарысады. Көп сөз айтқан топ немесе бала жеңімапз атанады. |
Балаллар өз пікірлерін білдіреді.
Әр бала не елестеткенін баяндайды.
Сөздерді кезекпен айтады. Мысалы: аяз, шана, шырша, безендір т.б. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сюжетті сурет бойынша әңгіме құрастыру.
|
Балалар сұрақтар бойынша әңгіме құрастырады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Жаңа жылдың қалай тойланатынын.
Түсінігі: 1 Қаңтар жаңа жылдың бірінші куні екенін.
Көрсете білуі: Аязата мен Ақшақарға тақпақтар айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Құстардың тіршілігі.
Мақсаты: Құстардың қысқы тіршілігі туралы түсінік беру. Сабақ барысында орындалған тапсыпмалар арқылы ойлау қабілетін дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
|
Балалар бір-бірлеріне құстардың атына байланысты еркелетіп айтатын сөздерді айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. «Құстар қайда қыстайды?» деген ертегіні оқып беру.
2. Қыс мезгілінің өзгерістерін сұрақ – жауап ойыны арқылы суреттеу, әңгімелеу. - Қыс мезгілі суық, қарлы, боранды болады. Олар мына құстар: торғай, қарға, кептер, сауысқан. Басқа құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Қыста құстар ағаштардың бұтақтарын паналап күнелтеді. Қарны ашып тоңған, жаураған құстар адамдарға жақын ұшып-қонып жүреді. Адамдар жемшашар жасап, оған жем салып, ағаштың бұтағына іліп қояды.
3. Балалар, құстар, ұя деген сөздерге сөйлем құрастыру.
4. Сергіту сәтін өткізу.
Біз қандаймыз, қандаймыз, Шұғылалы таңдаймыз, Жарқыраған күндейміз, Ренжісуді білмейміз!
5. Суретпен жұмыс. «Құстарға көмек» тақырыбында әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: жемшашар, суықтан тоңған құстар, сарышымшықтар, жем салды т.б.
6. Сөздік жұмысын жүргізу.
Сарышымшық – сұр, қоңыр түсті, бауыры сары, қауырсында кішкентай құс. Құр – тауық тұқымдас жабайы құс.
|
Қимыл- қозғалыстар жасап, сергіту жаттағуын жасайды.
Тірек сөздерді пайдаланып сөйлемдер құрастырады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сабақты қорытындылап сұрақтарға жауап беру: 1. Қандай құстар қыста қыстап қалады екен? 2. Біздер құстарға қандай қамқорлық жасауымыз керек? 3. Қандай ертегі тыңдадыңдар? |
Берілген сұрақтарға жауап береді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Қандай құстардың қыстап қалатынын.
Түсінігі: Құстарға қамқор болу керектігін.
Көрсете білуі: Құстардың қысқы тіршілігі туралы әңгімелеп айтып беру.
Технологиялық карта 25.01.16.
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі.
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту. Суре бойынша толық сөйлем құрастыру, сұраққа жауап бергізу арқылы ойлау қабілетін дамыту.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру. Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз ыстық, мейірімге толы. Бір –бірімізге деген жылы сөздерімізді айтып, көңіл күйімізді көтерейік. |
Бір – бірлеріне жылы лебіздерін айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Сұрақ – жауап әдісі арқылы балалар жануарлар туралы алған білімдерін ортаға салады. - Балалар, аңдарды қыстың қатты суық аязынан не қорғайды? Аңдардың суреттерін көрсете отырып: - Қыста қоян мен тиіннің жүнінің түсі қалай өзгереді?
2. Сурет бойынша жануарлардың қысқы тіршілігі туралы әңгіме құрастыру. - Қыста аңдар немен қоректенеді? - Қыста қояндар мен бұғылар қысқа азық даярламайды. Қоян ағаштардың бұталарын кеміріп жеп күн көреді. Бұғы ағаштардың кішкентай бұтақтарын жейді. Түлкінің мұрны өте иісшіл, құлағы жақсы естиді. Ол қарды иіскелеп, қар астындағы тышқанның дыбысын естіп қояды. Түлкінің қысқы азығы – тышқан. Ал аю қысқа азық жинайды. Денесіне май жинап алып, қыс бойы апанында жатып табанын сорады.
3. Сөздік жұмысын жүргізу.
Суыққа дірдектеп – қалшылдап тоңу, бүрсеңдеу. Айдын – жайылып жатқан су алабы.
4. Дәптердегі тапсырманы орындау: бір қоян, бір аюдың суреттерін салу. Қоянның тамағы сәбіз, аюдың тамағы бал екенін айтқызу.
|
Берілген сұрақтарға жауап береді.
Әңгімені зейін қойып тыңдайды.
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Әдемілеп суреттерді салады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Жануарлардың қысқы тіршілігі туралы алған білімдері сұрақ –жауап әдісі арқылы пысықталады.
|
Сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын толықтырады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс:Жануарлардың қысқы тіршіліктері туралы.
Түсінігі: Жануарларға қамқорлық жасау керектігін.
Көрсете білуі: Сұрақтарға толық жауап қайтару.
25.01.16. Тексерілді
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көшедегі көліктер.
Мақсаты: Көліктер туралы түсінік беру, олардың түрлерін ажыратуға үйрету. Сөздік қорларын толықтыру, жаңылтпаштарды дауыс ырғағын көтеру арқылы айтуға жаттықтыру. Ойыншық көлік түрлерін мұқият, ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
«Қандай көлік түрлерін білесіңдер?» |
Сурет бойынша көшедегі көлік түрлерін атап шығады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Сөздік жұмысын жүргізу. Жедел жәрдем – қолма –қол берілетін көмек. Өрт сөндіруші – өрт сөндіруге арналған техника. Су сепкіш – су себуге арналған техника.
2. Жедел жәрдем, өрт сөндіргіш машинасы, су сепкіш сөздерін қатыстырып сөйлемдер құрастыру.
3. «Төртінші артық» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші көлік түрлерінің суреттерін көрсетіп тұрып олардың аттарын атайды. - Камаз, Тайота, Жигули, Мерседес. - Камаз артық. Өйткені ол – жүк машинасы. Жигули, Тайота, Мерседес – жеңіл көліктер.
4. Күрделі сөздермен жұмыс. Сүт тасығыш машина, өрт сөндіретін машина, су себетін машина, жедел жәрдем, т.б.
Балалардын «Сүт тасығыш машина деп аталу себебі, өйткені сүт тасиды. Үш сөзден құралған» деген жауап алу қажет.
5. Сергіту сәтін өткізу. Музыка әуенімен машинаның тұтқышын айналдырып билеу.
6. «Толықтыр» дидактикалық ойыны. Тәрбиеші сөйлемді толық айтпайды. Мысалы: Егер жермен жүрсе – бұл... (жер) көлігі. Олар: жеңіл машина, автобус, троллейбус. Егер сумен жүрсе - ...(су) көлігі. Олар: қайық, кеме, теплоход.
|
Балалар аталған көлік түрлерінің арты,ын тауып және оның неге артық екенін дәлелдейді.
Берілген тапсырмаларды орындауға тырысады.
Балалар түсіп қалған сөзді тауып, сөйлемді толықтырып айтады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Тәрбиеші көлік түрлерінің суреттерін көрсетеді. Мысалы:
|
Балалар оның қандай көлік түрі және оны не үшін пайдаланатынын айтады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Көліктер туралы түсініктері болуы.
Түсінігі: Ойыншық көліктерін ұқыпты ұстауды.
Көрсете білуі: Көлік түрлерін ажырата алуды.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі».
Мақсаты: Балаларға «Жеті қазынаның бірі» ертегісінің мазмұнын түсіндіру. Жеті санының киелі екенін және жеті қазынаға не жататынын түсіндіру рақылы халқымыздың осындай таным-түсініктері көптігін айтып, олардың тәрбиелік мәнін ұғындыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші жеті санын неліктен қасиетті екенін мысалдар келтіре отырып түсіндіреді. |
Балалардың пікірлері, жауаптары тыңдалады.Мысалы: жеті ата, жеті шелпек, жеті қазына. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбеші «Жеті қазынаның бірі» атты ертегіні мәнерлеп оқиды. Дәптердегі ертегі мазмұны бойынша салынңан сурет арқылы мазмұнын жүргізеді.
2. Сөздік жұмыстарын жүргізеді. Мадақтау – біреудің жақсы қасиеттерін мақтап, көкке көтеру, дәріптеу. Аластау – біреуді ығыстыру, қуып тастау. Жағымпаздана – жағыну, жарамсақтану, жалбақтау.
3. Сұрақ-жауап әдісі арқылы ертегінің мазмұнын ашу.
4. Жеті қазына туралы мағлұмат беру. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады:
Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды. Оларға төмендегі ұғымдарды жатқызуға болады:
|
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Тәрбиешінің әңгімесін мұқият тыңдайды.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. Дәптердегі мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіру.
Ақылды адам айтқызбай біледі, Қыран қаққызбай іледі.
2. Жеті қазынаның аттарын атату. |
Жеті қазынаны атайды. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: «Жеті қазынаның» не екендігін.
Түсінігі: Қазақ халқына жеті санының киелі екенін.
Көрсете білуі: Берілген сұрақтарға толық жауап беріп, ойларын жеткізіп айту.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: Балалардың әр түрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Сурет бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге жағдыландыру арқылы зейіндерін дамыту. Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу және мамандық таңдауға қызығушылықтарын тудыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру. - Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз. - Міне, көрдіңдер ме? Балалар болашақта әртүрлі мамандық иесі болу үшін ақылды, білімді, тәрбиелі болу керек. |
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Жұмбақ шешкізу. Кірпіштен сарай, үй салады, Ол адам кім болады? (Құрылысшы) Осы жерде құрылысшы мамандық иесі екені айтылып, мамандық туралы әңгіме жүргізіледі. 2. «Мамандықты ата» дидактикалық ойыны. Дәптердегі мамандық иелері бейнеленген суреттерге қарап, мамандық иелерін (дәрігер, ғарышкер, полиция, құрылысшы) айтады. Төмендегідей сұрақтарға жауап береді. - Дәрігер не істейді? - Ғарышкер ше? - Полиция қызметкері не істейді? 3. «Кімге не керек?» тапсырмасы. Шарты: дәптердегі бірінші бағанда тұрған мамандық иелерінің суреттерін екінші бағандағы суреттердің тиістісіне сызықпен қосып көрсету. «Кімге не керек?» сұрағына ауызша жауап беру.
4. Дәптердегі аспан әлемі бейнеленген суретті аяқтау. Бір-екі балаға салған суреттері бойынша әңгімелету. Ғарышкер мамандығы туралы түсіндіру.
5. Сөздік жұмысын жүргізу.
Ғарышкер – ғарышта аспан денелерін зерттейтін адам.
6. Жұмбақ шешкізу. Шешуі: ұшақ. Ұшқыш мамандығы туралы әңгіме жүргізіледі.
|
Ойынға белсене қатысып отырады.
Берілген тапсырамны түсініп, орындайды.
Жұмбақтың шешуін тауып, әңгімелейді. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. Тәрбиеші бірнеше мамандық түрлерін кезекпен айтады. Ұшқыш, полиция қызметкері, дәрігер. 2.Тәрбиеші мамандықтың бәрі жақсы, тек қандай да мамандық иесі болу үшін көп оқу кректігін айтып, сабақты қорытындылайды. |
Балалар әр мамандық туралы әңгімелейді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Көптеген мамандық түрлерін білу.
Түсінігі: Жақсы мамандық иесі болу үшін көп оқып, білімді адам болу керектігін.
Көрсете білуі: Әр мамандықты сипапаттап айтып беру.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Ы. Алтынсариннің «Бір уыс мақта» ертегісі.
Мақсаты: Айтылған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, мәнеріне келтіре айта білуге үйрету, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайтып, байланыстыра сөйлеуге дағдыландыру.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші балаларға таныс ертегі, әңгімелерден үзінді оқиды. |
Балалар ертегі қай әңгімелердің қалай аталатынын тауып айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Ы. Алтынсарин туралы қысқаша мәлімет береді. - Ыбырай Алтынсарин – қазақтың тұңғыш педагогы. Қазақ даласында тұңғыш рет оырс үлгісіндегі мектептер ашып, оған оырс әліпбиі негізінде оқулықтар жазды. Өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер жайындауға күш салды. Қазақ балаларына арнап тәрбиелік мәні бар әңгіме, өлеңдер жазды. Бүгін мен Ы. Алтынсариннің « Бір уыс мақта» атты ертегісін оқып беремін. 2. «Бір уыс мақта» ертегісін оқу. Шапан мақтаның қиқымы, мамық сөздеріне сөздік жұмысы жүргізіледі. Шапан – астарына жүн не мақта салып сырып тігілген сырт киім. Қиқым – бір нәрсенің майда, ұсақ қалдығы. Мақтаның қиқымы. Мамық – құстың үлпілдеген жұмсақ жүні.
Бірнеше балаға әңгіменің мазмұнын айтқызып, тәрбиелік мәнін ашқызу. Балаларға еңбек ету және ысырапшылдыққа жол бермеу керектігі түсіндіріледі.
3. «Ұйқасын тап » дидактикалық ойыны. Тәрбиеші өлеңді дауыстап оқиды, балалар «торғайды» деген сөзді тауып айтады.
4. Жаңылтпаш жаттату. Жаңылпашты жылдам айтқызу арқылы балалардың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйретеміз. |
Оқылған мәліметті түсініп тыңдайды.
Жаңылтпаштарды қайталап айтады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. «Бір уыс мақта» әңгімесінің мазмұнын айтқызу. 2. Әңгіменің тәрбиелік мәніне тоқтала келе, сабақты қорытындылау.
|
Әңгіменің мазмұнын айтады. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ы. Алтынсариннің кім екенін.
Түсінігі: Еңбек етіп, ысырапшыл болмау керектігін.
Көрсете білуі: Әңгіменің мазмұнын айтып беру.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Көктем.
Мақсаты: Балалардың көктем мезгілі туралы білімдерін кеңейту. Сөздік жұмыстары арқылы сөздік қорларын байытумен бірге есте сақтау қабілеттерін дамыту, гармматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, әңгімелеп айтуға, берілген сұраққа нақты жауап беруге үйрету.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші тақтаға көктем мезгілін бейнелеген бірнеше суреттерді іледі де, балалардан жылдың қай мезгілі екенін анықтайды. «Көктем екенін қалай білдіңдер?» деген сұрақ арқылы балаларға жауаптарын дәлелдету керек. |
Балалар сұраққа жауап беріп, ойларын дәлелдейді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші Т. Молдағалиевтің «Көктем» өлеңін мәнерлеп оқиды. 2. Сөздік жұмысын жүргізу. Шартылдайды – сартылдайды, тарсылдайды. Қып – қызыл отпен белгі – бұл жерде найзағайдың көрінісі суреттеліп тұр. Өпкен жел – бұл жерде желдің денеге жайлы әсер етуі.
3. Өлеңнің мазмұны арқылы көктемгі өзгерістер, көктемгі еңбек туралы әңгіме өрбіту.
4. «Көктемгі гүлдер» дидактикалық ойыны. Шарты: себеттегі гүлдердің ішінен көктемде гүлдейтін гүлдерді шығарып алып, сол гүлді сипаттайды. Мысалы: бәйшешек, қызғалдақ, сарғалдақ т.б.
5. Дәптердегі үлгіге қарап, бәйшешектің суретін салады.
6. Балаларға қойылатын жетекші сұрақтар:
Тәрбиеші балалардың көктем мезгілі туралы айтқандарын қорытындылап, толықтырады.
|
Көктем өзгерістері туралы әңгімелейді.
Сурет салады.
Сұрақтарға жауап беріп, бір-бірінің жауаптарын толықтыралы. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. «Өрік ағашы» әңгімесін оқу. 2.Балалардың оқу іс-әрекетінде алған білімдері пысықталады. |
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Көктем мезгілінің сипаттамасын білу.
Түсінігі: Құстарға, ағаштарға қамқор болу және еңбекққор болу керектігін.
Көрсете білуі: Берілген сұраққа нақты жауап беріп, жүйелі сөйлеу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Аналар мерекесі.
Мақсаты: Көктем мезгілінде алғашқы мереке – аналар мерекесі туралы түсінік беру. Өлең, мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу. Қуанышты, мерекелік көңіл күй арқылы әртүрлі іс-әркеттерде шығармашылық қабілеттерін дамыту. Аналарға құрметпен қарау.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру.
|
Балалар дөңгелене тұрып, әр бала өздерінің сүйікті аналары туралы ойлап, аналарының өздерін қалай ерткелететінін айтады. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Көктемде болатын мерекелер туралы әңгіме жүргізу.
2. Сурет бойынша жұмыс. Дәптердегі аналар мерекесін бейнелеген сурет арқылы көктемнің алғашқы мерекесі – халықаралық әйелдер мерекесі туралы түсінік беру. 3. Дәптерге «Анама сыйлық» деген тақырыпта сурет салдыру.
4. Ғ. Ормановтың «Жан анам» өлеңін жаттату.
5. «Кімнің дауысы, табайық!» дидактикалық ойыны. Шарты: балалар дикатфон немесе таспаға алдын-ала жазылған аналарының, әжелерінің сөздерін тыңдап, дауысынан танып айтады.
|
Ойынға белсене қатысып отырады.
|
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Оқу іс-әрекетінің барысында ана туралы жаттаған өлең – тақпақтарын қайталау.
|
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: 8-Наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі екенін.
Түсінігі: Аналарға құрметпен қарауды.
Көрсете білуі: Аналарына деген тақпақтарын мәнерлеп айта білу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Хайуанаттар бағындағы қызықтар.
Мақсаты: Балаларға хайуанаттар бағы туралы түсінік беру, жабайы аңдар туралы білімдерін тиянақтау. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстыра айтуға үйрету арқылы ойау қабілеттерін дамыту. Жан-жауарларды қорғауға, қамқор болуға, сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Тәрбиеші хрестоматияда берілген «Жануарлар әлемі» атты мәтінді оқып береді. Осы мәтін арқылы әлемдегі ең үлкен жануар – көк кит, ең ұзын жануар – керік туралы мәлімет беріледі. |
Балалар айтылған мәліметтерді қызыға тыңдайды. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тыныштық сәтін өткізу. - Бүгін бәріміз достарымызбен хайуанаттар бағына саяхатқа шығайық. Айналаға қараңдаршы. Не деген көп аңдар, сайраған құстардың үні қандай тамаша! Жануарларды қорғау керек. Олардың саны азайып барады. 2. Сөздік жұмысын жүргізу. Хайуанат – жан-жауарлардың жалпы атауы. Хайуанаттар бағы – жан-жануарларды бір араға жиып, көпшілікке көрсету шараларымен шұғылданатын мекеме.
3. Сурет бойынша әңгіме жүргізу. Дәптердегі хайуанаттар бағы бейнелеген суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады. Қасқыр – ит тұқымдас жануар. Түсі сұр. Оны жыртқыш дейді. Қасқырдың баласын бөлтірік деп атайды. Қоян – ұзын құлақ жабайы жануар. Қоянды үйде де асырайды. Оның түсі аппақ, сұр болады. Ол өте қорқақ аң. Қоянның баласын көжек деп атайды. Аю – ірі денелі, икемсіз жануар. Ол – жыртқыш аң. Ақ аю, қоңыр аю, қара аю болады. Аюдың баласын қонжық деп атайды. 4. «Адасқан көжекті хайуанаттар бағына жеткіз» дидактикалық ойыны.
5. Қоян, қасқыр, аю сөздерін қатыстырып, бірнеше сөз тіркестерін құрастырту. Мысалы: қорқақ қоян, аппақ қоян, ақ аю, сұр қасқыр т.б.
|
Балалар тәрбиешінің көмегімен торда тұрған қасқыр, қоян, аю туралы әңгімелейді.
Шытырман жолдардың ішінен баққа апаратын жолды сызып көрсетеді. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады. 2. Сабақ балалардың жануаралар туралы білетін өлең-тақпақтар айтуымен аяқталады. |
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Хайуанаттар бағы не екенін.
Түсінігі: Жабайы аңдарға тиіспей, қамқорлыққа алу керектігін.
Көрсете білуі: Сөз тіркестерін құрап айта алу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Наурызға шашу, Наурыз мейрамы.
Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсініктерін кеңейту. Қазатың ұлттық тағамдары, ойындары, киімдері туралы білімдерін кеңейту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге баулу. Елге деген сүйіспеншіліктерін арттырып, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру. Тәрбиеші: - Көктем мезгілі. Жер әлемі бәрі жап-жасыл. Күн шуағын төгіп тұр. Сылдырлап су ағып жатыр. Алыстан таулар көрінеді. Алма ағаштары аппақ гүл ашқан, айнала түгел әсем. Ересектер, балалар ұлттық әдемі киімдерін киіп, мерекеге келе жатыр. |
Балалар бір-біріне «Наурыз құтты болсын!» деген сөздер айтып қуаныштарын білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Наурыз мерекесі туралы әңгіме өткізу.
2. «Татулық» сөзіне мағынасы жуық сөздер ойлап айту. Мысалы: татулық, ауызбіршілік, достық, сүйіспеншілік.
3. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме өткізу.
4. Сөздік жұмысын жүргізу. Көшет – көшіріп егі мақсатымен өсірілген жас өсімдіктер, шыбықтар, көкөніс екпелері. Раушангүл – әдемі ашық түсті ал қызыл гүл.
5. Салт-дәстүр туралы мәлімет беріледі.
6. «Сен білесің бе?» дидактикалық ойыны. Шарты: қоржын ішінен кереге, уық, шыңырақ, түндік деп жазылған парақтарды алып шығып, сол сөздердің мағынасын түсіндіру. Тәрбиеші кереге сөзін оқып, оның суретін тақтаға іліп қояды. Осыдан кейін балалардың жауаптары тыңдалады. Тәрбиеші толықтырып отырады.
7. Наурызкөже туралы түсінік беру. Дәптердегі сурет арқылы оының қалай жасалатынын әңгімелеу. |
Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.
Мәліметтерді тыңдайды.
Ойынға барынша атсалысып қатысады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
1. Дәптердегі мақалдың мағынасын түсіндіру. 2. Сабақта алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады. |
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Қазақтың ұлттық мерекелерін, ұлттық ойындары мен киімдерін.
Түсінігі: Наурыз мейрамы қалай тойланатынын.
Көрсете білуі: Берілген сұрақтар арқылы әңгіме құрап сөйлеу.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Алтын сақа» ертегісі.
Мақсаты: Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру. Мамыр мерекесі туралы өлеңдер оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Елде тұратын ұлттарды сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру. Дөңгелене тұрып, «Достығымыз жарасқан» әнін орындау. |
Балалар бір-біріне мерекеге арналған тілектер тілейді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Дәптердегі ұлттар достығы бейнеленген сурет арқылы жұмыс жүргізу. Жұмыс сұрақ-жауап, көрнекілік, түсіндіру әдістері арқылы өтеді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Ынтымақ –адамдар арасындағы бірлік. Мереке – салтанатты той, мереке.
3. Тәрбиеші Қазақстан Республикасында тұрып жатқан Халықтардың тұрмысы мен мәдениеті жайлы қысқаша түсіндіреді. - 1 Мамыр –Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақтың дархан даласы көптеген ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтижесінде қазақ жері бауырластар мекені, достықтың құтты ұясы атанды. Жүректері жомарт, алақандары ашық қазақтар өзге ұлт өкілдерімен бір ананың баласындай ғұмыр кешуде. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды - ынтымақ» дейді халық даналығы.
4. Осыдан кейін С. Оспановтың достық туралы өлеңін дауыстап оқиды, мазмұнын түсіндіреді. Өлеңді балаларға бірнеше қайталаттырып жаттады.
|
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Айтылған мәліметтерді мұқият тыңдайды.
Өлеңді жаттап алады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Ұлттар достығын бейнелейтін сурет салдыру.
|
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: 1 Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні екенін.
Түсінігі: Басқа ұлт өкілдерімен сыйластықта, достықта болу керек.
Көрсете білуі: Жаңа сөздердің мағынасын айтып беру.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жеңіс мерекесі.
Мақсаты: Жеңіс күні туралы түсінік беру. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. Отанын сүюге тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру. - Сен қандай ақылдысың! Біздің денсаулығымыз мықты. Біз ойнаймыз, күлеміз, айналадағы дүниені танып-білеміз.
|
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Тәрбиеші Жеңіс мерекесі жайлы түсіндіреді. - Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгілерін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегі мен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тыныымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді.
2. Сөздік жұмысын жүргізу. Отан қорғаушы – Отанды қауіп-қатерден қорғаушы. Жеңіс – соғыста жауды жеңіп, тізе бүктіріп, толық жеңіске ие болушылық. Соғыс ардагері – соғысқа қатысқан ардақты, қадірлі адам. Майдангер – соғысқа қатысқан адам.
3. О. Асқардың «Менің атам - майдангер» өлеңін жаттату.
4. Сұрақтар қою: 1. Жеңіс шеруіне кімдер қатысады? 2. Өздерің Жеңіс шеруін көрдіңдер ме? 3. Жеңіс мерекесіне арналған отшашу қай кезде болады?
5. Жеңіс мерекесіне арналған отшашудың суретін салдыру.
|
Жеңіс туралы мәліметтерді тыңдап, түсініп отырады.
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Сұрақтарға жауап береді. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.
|
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Ұлы Жеңіс мерекесі туралы.
Түсінігі: Отанды сүю керектігін.
Көрсете білуі: Жеңіс туралы тақпақтар айтып көрсету.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Біз мектепке барамыз.
Мақсаты: Мектеп, мектепке қажетті құралдары туралы түсінік беру. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. Сөйлем, әңгіме құрастыра білуге дағдыландыру. Білімпаз болуға тәрбиелеу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Шаттық шеңберін құру.
|
Балалар дөңгелене тұрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. |
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Дәптердегі сурет бойынша әңгіме құрастырту.
2. Оқу құралдарының жеке аттарын атату. Мысалы: оқулық, сызғыш, қалам, қарындаш, т.б. Бұлардың барлығын оқу құралдары деп атайды.
3. Сергіту сәтін өткізу.
Орнымыздан тұрайық,
Сағаттың жүрісін көрсетейік.
Тыныс аламыз.
4. Сабақ, қоңырау, үзіліс сөздерін қатыстырып, сөйлемдер, әңгіме құрастырту.
5. Жұмбақ шешу. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап) 6. Дәптердегі сызба бойынша сөйлем құрату, өрнектің мәнін тапқыздыру.
7. «Ұйқасын тап» дидактикалық ойыны. Педагог дауыстап оқиды, балалар қажетті ұйқас сөзді тауып айтады.
8.Жаңылтпашты жатқа айтқызады. Айша жазу жазды, Қайшы сызу сызды. Қайша жазу жаза ала ма? Айша сызу сыза ала ма?
|
Сурет бойынша әңгіме құрастырады.
Аяқтың ұшымен тұру
Сағаттың жүрісін жасау: «тик-так, тик-так» деп, қолдарын сағаттың тіліндей айналдыру. Ауызбен дем алып, демді мұрын арқылы шығару.
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Жаңылтпашты қайталап айтады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
Сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдері пысықталады.
|
|
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Білім күні туралы ақпарат білулері керек.
Түсінігі: Білімді, ақылды адам болу керектігін.
Көрсете білуі: Жаңылтпашты қайталап қатесіз айтып беру керек.
Технологиялық карта
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім көздері: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Жаз.
Мақсаты: Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру. Берілген сұраққа толық жауап беруге, грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге үйрету. Табиғатты сүюге баулу.
|
Іс-әрекет бөлімдері |
Тәрбиешінің іс-әркеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Ынталандыру, сезімдерді ояту. |
Жаз мезгілі туралы әңгіме төмендегідей ретпен жүргізіледі.
|
|
|
Ізденістер, ұйымдастыру. |
1. Гүл алаңына сырттай саяхатқа шығу, тапсырмаларды орындату. Гүл алаңы бейнеленген сурет ілінеді. Тәрбиеші суреттің бірнеше жеріне ілінген тапсырмалар жазылған қағазды алып, оны балаларға оқып береді. 1-тапсырма. Қазір қай мезгіл? 2-тапсырма. Гүл алаңында өсіп тұрған гүлдердің аттарын ата. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрастыр. 3-тапсырма. Арық сөздін қатыстырып сөйлем құрастыру. 4-тапсырма. Гүлдерді қалай күтеді? Әр тапсырманы орындату арқылы «Гүл алаңы» деген әңгіме құрастырады.
2. Дәптердегі сурет бойынша «Жазғы демалыс» тақырыбында әңгіме құрастыру. 3. Сөздік жұмысын жүргізу. Шалғын – қалың өскен көгорай шөп.
Шалғын сөзін қатыстырып сөйлем құрастырту.
4. Жаз мезгілінде пісетін жеміс-жидектер, көкөністер туралы тақпақ-өлеңдер оқыту.
5. Жаңылтпашты жатқа айтқызу. Келді жаз, Жазға бала мәз. Көлде қаз, Көл жағасы саз.
|
Берілген тапсырмаларды орындайды.
Жаңа сөздерді жаттап алады.
Жаңылтпашты қайталап айтады. |
|
Қорытындылау, өзін-өзі бағалау. |
«Жаз қызықтары» дидактикалық ойыны. Шарты: балаларды бірнеше топқа бөліп, әр топқа тапсырма береді. 1-топ жаз мезгілінің ерекшелігін әңгімелейді. 2-топ жаз мезгілінде демалыс туралы әңгімелейді.
|
Ойынға белсене қатыстырып, жаз туралы әңгімелейді. |
Күтілген нәтиже:
Білуі тиіс: Жаз мезгілінің қызықтары туралы.
Түсінігі: Табиғатты сүю керектігін.
Көрсете білуі: Берілген сұраққа толық жауап беріп, ойларын қортып айту.
Тіл дамыту пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар
| № | Тақырыбы | Бағдарламалық мазмұны | Қолданылатын көрнекілік | Сағат саны |
| 1. | Білім еліне саяхат | Мектептегі оқушылар туралы баяндау, суреттер арқылы білім ордасы туралы түсінік беру. | Балабақша ауласы, мерекеге сай безендіріледі. | 1 |
| 2. | Жомарт күз | Күз туралы білімдерін тиянақтау. Күз сыйына, адамдар еңбегіне құрметпен қарауға баулу, молшылық, береке сөздерінің мағынасын түсіндіру, сөздік қорын молайту. | Күзгі егін көрінісі, күзгі еңбек. | 1 |
| 3. | Бау-бақшада | Бау-бақша туралы әңгімелеу, жұмбақтар шешкізу арқылы сөздік қорларын толықтыру. | Бау-бақшаны жинап жүрген сурет. | 1 |
| 4. | «Нан қайдан келеді?» ертегісі | Өткен ертегілерді естеріне түсіру және аттарын атай білуге үйрету. Ертегі мазмұнын сұрақтар бойынша әңгімелету. Сөздік орын молайту, диалогті сөйлеуге төселдіру. | Наубайхана, наубайшы, диірмен, егіс даласы туралы суреттер, піскен нан түрлері. | 1 |
| 5. | Менің отбасым | Отбасы тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрастыру. Отбасы туралы әңгімелеу, диалогті түрде сөйлесе білуге, грамматикалық тұлғада таза анық сөйлеуге дағдыландару. | Отбасы суреті, ертегі оқып отырған әже. | 1 |
| 6. | Біздің үй | Сурет бойынша үй бөлмелерін ажыратып айтуға және өз бөлмесіндегі жиһаздарды атап, жұмбақтар шешуге, әңгімелеуге төселдіру. | Коттедж суреті, бала бөлмесіндегі заттар | 1 |
| 7. | «Қасқыр, түлкі, әтеш ертегісі» | Ертегі мазмұнын баяндап әңгімелеуге, берілген сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. | Үстел үсті театры, қасқыр, түлкі, әтеш ойыншықтары. | 1 |
| 8. | Үй құстары және үй жануарлары | Үй құстары және үй жануарларын атап, олардың пайдасы туралы баяндау. Сурет бойынша әңгімелеу. Үй құстарына және үй жануарларына деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу. | Тауық балапанымен, су құйып жатқан бала суреті және төрт түлік мал туралы суреттер. | 1 |
| 9. | Жабайы аңдар. «Тапқыр қоян» ертегісі. | Жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеуге сурет бойынша сөз, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ертегі желісі бойынша баяндау, сұрақтарға толық жауап беруге төселдіру. | Орман көрінісі, аң патшасы арыстан ортада, айналасында жабайы аңдар. | 1 |
| 10. | Балабақшадағы ойыншықтар мерекесі. Ойыншықтар айтысы. | Өзінің сүйікті ойыншықтары туралы баяндауға, балабақшаға көрмеге әкелген ойыншығын сипаттауға үйрету. «Ойыншықтар айтысы» әңгімесі арқылы өз ойыншығына деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, күтіп ұстауға тәрбиелеу. | «Ойыншықтар айтысы» ертегісі бойынша үстел үсті театрын ұйымдастыру, ойыншықтар көрмесі. | 1 |
| 11. | Елордасы – Астана | Астананның көрікті жерлерін атау өздерінің Астанадан көргендерін баяндау. Өлең жолдарын дауыс ырғағына сай айтқызу. Сөздік қорын молайту. Өзінің қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. | Астана көрінісі, Бәйтерек, үш бидің ескерткіші, мұхит аралы. | 1 |
| 12. | «Жыл басына таласқан жануарлар» ертегісі | Ертегі мазмұны бойынша диалогті әңгімелесуге айтыс өнерінің ерекшелігін түсіне білуге өз бетімен ертегіні айта білуге жаттықтыру. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. | Ертегі мазмұны бойынша сурет. | 1 |
| 13. | Қысқы киімдер (сюжетті рөлдік ойындар) | Киімдердің түрлерін ажыратуға, қай мезгілде киетіні туралы ойын арқылы және қысқы киімдерді атап, сөйлемдер құрастыруға үйрету. Ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. | Балаларға арналған киім дүкенінің суреті, киімдер үлгісі. | 1 |
| 14. | Көңілді қыс және қысқы ойындар | Қыс айларында ойнайтын ойындарды атау, қызықтарын сұрақ-жауап ойыны арқылы әңгімелету, бір-біріне қамқор, дос болуға, ұйымшылдықпен ойнауға тәрбиелеу. | Қыс көрінісі, жұмбақтар, шана, шаңғы, коньки суреттері. | 1 |
| 15. | Тәуелсіздік төрімде | Тәуелсіздік сөзіне түсінік беру. Өлең жолдары арқылы қазақ елі екенін баяндау. Өз еліміздің рәміздерін суреттеу. Отанын сүйе білуге тәрбиелеу. | Карта еліміздің рәміздері, Алматы, Астана суреттері. | 1 |
| 16. | Қош келдің Жаңа жыл! | Жаңа жыл мерекесін естеріне түсіре отырып, жаңа жылда көргендерін әңгімелету. Аязата, Ақшақарға қандай өлең, тапақтар дайындағанын мәнерлеп айтқызу. Өлең жолдарын анық айтуға дағдыландару. | Безендірілген шырша. | 1 |
| 17. | Құстардың тіршілігі | Құстардың тіршілігі мен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін сипаттап, оларға деген аяушылық, қамқорлық сезімдерін ояту. | Ұяға жем салып жатқан балалар суреті. | 1 |
| 18. | Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі | Жабайы аңдардың қысқы тіршілігін суреттер бойыша әңгімелету. Жұмбақтар шешкізу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту. Аңдарға қамқорлық сезімдерін ояту. | Ұйықтап жатқан аю, індегі түлкі суреті т.б. | 1 |
| 19. | Көшедегі көліктер | Көше көліктері туралы баяндау. Көліктің не үшін қажет екендігін әңгімелеу. Көлік түрлерінің адам өміріндегі маңыздылығы туралы әңгімелеу. Көлік жүргізушілердің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу. | Қала көрінісі, машинанның түрлері. | 1 |
| 20. | «Жеті қазынаның бірі» ертегісі | Балаларға таныс ертегілерді естеріне түсіруге, аттарын атауға көмектесу, диалогпен сөйлеуге үйрету. Сөздік қорын молайту. | Аң патшасы арыстан, оның айналасында арыстан, ит және адам суреті. | 1 |
| 21. | Мамаандықтың бәрі жақсы | Әртүрлі мамандық туралы білімдерін кеңейту. Суреттерді қолдана отырып әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Үлкендердің әр мамандық иелерінің еңбегін бағалауға тәрбиелеу. | Компьютер, ғарышкер, дәрігер, құрылысшы суреттері. | 1 |
| 22. | «Бір уыс мақта» ертегісі | Ы.Алтынсариннің әңгіме, ертегілерін еске түсіру, бір уыс мақтаның құстарға тигізген пайдасы туралы баяндау. | Анасы, қызы, және мақта суреттері немесе үстел-үсті театры. | 1 |
| 23. | Көктем | Көктемгі тіршілік, көктемгі еңбектер туралы түсініктерін тиянақтау. Табиғаттың әсемдігін, сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. | Алғашқы бүршік жарған ағаштар, алғашқы гүлдер. | 1 |
| 24. | Аналар мерекесі | Әр адам үшін басты тұлға – ана туралы түсініктерін тиянақтау. Ана туралы жаттаған тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету. Анасы туралы пікірін тиянақты, еркін жеткізе білуге талпындыру. | Аналар мерекесінен көрініс және үнтаспаға жазылған аналардың дауысы. | 1 |
| 25. | Хайуанаттар бағындағы қызықтар | Балаларды оқиғалы суреттерді құрастыруға дағдыландыру. Аңдардың кейбір ерекшеліктерін салыстырып айтуға баулу. Аңдарға қамқорлық жасауға үйрету. | Хайуанаттар бағындағы аңдар туралы суреттер, ойындар. | 1 |
| 26. | Науырзға шашу. Наурыз мерекесі. | Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу. Наурыз мерекесі туралы ертегілер арқылы балалардың сөйлеу тілін дамыту. Мерекелік көңілін көтеру. | Ағаш отырғызып жатқан балалар, наурызкөжеге салынатын заттардың суреті. | 1 |
| 27. | «Алтын сақа» ертегісі | Суреттер бойынша ертегінің мазмұнын айтуға баулу. Ертегінің не себепті «Алтын сақа» деп аталатыны туралы түсіндіру. Балаға көмектескен кейіпкер туралы баяндау. | Ертегі желісі бойынша кесетеге бөлінген суреттер. | 1 |
| 28. | Ынтымақ мерекесі. | Қазақстан көп ұлтты мемлекет жайында әңгімелеу. 1 Мамыр ынтымақ, достық күні екенін түсіндіру. Ұлттық киімдер мен салт-дәстүрлер туралы баяндау. Өз ұлтының салтын, дәстүрін жалғастыруға тәрбиелеу. | Әр ұлттың өкілдерінің мереке кезінде түскен фотолары. | 1 |
| 29. | Жеңіс мерекесі | 9 Мамыр жеңіс күні туралы мағлұмат беру. Батыр ағалар мен апалардың есімдерін атай білуге үйрету. Еліміздің мақтаныштары туралы әңгімелету арқылы, өз отанын сүйе білуге, қорғауға тәрбиелеу. | Мәңгілік алау, жеңіс шеруі бейнеленген сурет. | 1 |
| 30. | Біз мектепке барамыз | Кітап, мектеп деген сөздерге сөз, сөйлемдер құрастыру. Сурет бойынша сұрақтарға толық жауап беруге үйрету. | Балабақшамен қоштасу сәтінен көрініс. | 1 |
| 31. | Жаз | Жайқалған жаз, піскен жеміс-жидектер туралы әңгімелету. Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйрету. Берілген сұраққа толық жауап беруге дағдыландыру. | Жаз мезгілінен көрініс. | 1 |
| 32. | Балалар күні | Балалардың мерекелік көніл күйін көтеру. Өздерінің тақпақ әндерін анық нақышына келтіре айтуға үйрету. Мерекеде көргендерін баяндауға үйрету. | Парк іші, мерекеден көрініс. | 1 |

Үй жануарлары мен үй құстары (123.71 KB)

