Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Уроки  /  2 класс  /  «Ұлы Абайдың даналығы»

«Ұлы Абайдың даналығы»

Ұлы Абай атамыздың даналығы туралы оқушыларға айту

27.12.2017

Содержимое разработки



Күні:

Мектеп №13

Сабақтың тақырыбы: «Ұлы Абайдың даналығы»

Сабақтың құндылығы : Сүйіспеншілік.

Сабақтың қасиеттері: Адалдық, құрметтеу, жауапкершілік.

Мұғалімі: Райымбаева Бибигүл.

Сыныбы: 2 сыныптар.



Сабақтың мақсаты: Абай даналығы туралы түсінік бере отырып,оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

Міндеттері:-----Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету.

---адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту.

---айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал ,жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:

Оқулық, дәптер, мақал-мәтел,

Суреттер.

Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі.

а)оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) Тыныштық сәті: «Нұрға бөлену».

Ыңғайланып отырыңдар,денелеріңді түзу ұстаңдар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.Көзіңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз : Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан.Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді.Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бентілек- қалауыңызды шайып , жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолыңызға түсіріңіз.Сіздің қолыңыз нұрға бөленіп , сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналады. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз., құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізгеде жетті, көзіміз тек жақсйға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туыстарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге : Барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге барлық тірі жандарға таралсын.....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: Мен нұрлымын...... Нұр менің ішімде.... Мен Нұрмын.

Осындай Нұр, Махаббат пен Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз!

Жаймен көзіңізді ашуға болады

Қандай көңіл-күйде болдыңдар?

Үй тапсырмасын тексеру: «Адамзаттың Абайы» атты өлеңді бірнеше оқушыға оқытып, сұрақ-жауап әдісін қолдану.

*Ақын өлеңде Абайды неліктен «Бар қазақтың данасы», « Адамзаттың баласы» дейд?

*Абайды «Адамзаттың баласы» етіп тұрған қандай қасиеттері деп ойлайсындар?

*Өздерің Абай туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Оқушылар өлеңді әңгімелеп, жаңа тақырыптың мазмұнын талдайды.

3. Дәйексөз. « Адамның жақсысы – адамға сүйіспеншілікпен қарағандар».

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

Абай Құнанбаев

Шығармашылық жұмыс:

4-тапсырма бойынша Абайдың бір өлеңін алып оқып, ондағы адамгершілікті, ізгілікті тауып , оны өз өмірлерімен байланыстырып айту.

5-тапсырма . Дәптермен жұмыс. Абайдың «Сен де ---бір кірпіш, дүниеге,кетігін тап та, бар, қалан!» деген өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, өздерінің өмірге қалайтын кірпіштерінің қандай құндылықтар мен қасиеттерден тұратынын дәптерге жазады.

Дәптердегі кірпіштерге құнды қасиеттер мен құндылықтарды жазады.

Топпен ән айту: «Кел, балалар, оқылық!» атты әнді орындау.

Өлеңін жазған.: Ыбырай Алтынсарин.

Әнін жазған: Латиф Хамиди.

Әнді ерекше көңілмен айтып, сергиді.

Үйге тапсырма: Х. Андерсеннің «Түймеқыз» ертегісін оқуға беріледі.

Күнделктеріне жазады.

Соңғы тыныштық сәті.

Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші.Жүрек әр түрлі сезімдерге толы.Олардың арасында жанашырлық,қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер.Сездіңдерме, сезген болсаңдар,сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса сендерде де көп қайырымды істер жасап, қамқорлық көрсете аласыңдар







Оқушылар көздерін жұмып демалады.













-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Ұлы Абайдың даналығы» (17.32 KB)

Похожие файлы

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт