| Күні: 23.06.2017ж Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 24 Қатыспағандар саны: | ||
| Сабақтың тақырыбы: | Ұлттық тағамдар. Мәтін.
| ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.2.1 Мұғалімнің көмегімен мәтінде кім(не) туралы айтылғанын анықтау. | ||
| Сабақтың мақсаттары | Көбі: Жай сөйлемдерден мәтін құрастырып жазады. Басым көпшілігі: Жай сөйлемдерден мәтін құрастырып жазады. Кейбірі: Мәтін ішінен кім (не) сұрақтарына жауап беретін сөздерді анықтайды. | ||
| Жетістік критерийлері | Бағалау критерийі: Білім алушы * Мәтінде кім (не) туралы айтылғанын анықтайды, оқып жатқа жазады. *Әңгіме құрастырады. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Ұйымшылдыққа баулу. Оқушыларды дұрыс сөйлей білуге, бір-бірімен қарым- қатынас жасауға үйрету. | ||
| Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану, дүниетану | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, суреттер. | ||
| Тілдік құзыреттілік | Түйе | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
| Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. Көзді салып қараңыз, Былай қанат қағамыз. /Б.Бөрiбаев/ – Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш! 3 топқа бөлу. "Сүт", "Қымыз", "Шұбат" |
Шаттық шебері. Шар арқылы бүгінгі сабаққа дайындық жасау.
| |
| Сабақтың ортасы
| Мәтін дегеніміз не? - Мәтін тиянақты бір ойды білдіреді. Мәтіннің басы, ортасы, шарықтау шегі болады. Мәтін сөйлемнен құралады, бір-бірімен байланысады. Мәтінге ат қойылады. | Таныстырылым, оқулықпен жұмыс | |
| Топтық жұмыс
Топтық жұмыс. Сараланған тапсырма
Сергіту сәті
Жеке жұмыс
Қ/Б бағалау Жұптық жұмыс
| 1-топ Берілген мәтінді мұқият оқу 2-топ Мәтінде не туралы айтылған? 3-топ Мәтінде берілген шұбаттың маңыздылығын айту.
1-топ. Ребус шешу. 2-3 сөйлем құрау. 2-топ. Венн диаграмма. Ағарған өнімдерінің пайдасын, газдалған сусындарының зиянын және екеуінің ортақ қасиетін табу. 3-топ. Төрт -түліктің төлдерін ажырату.
Тереңдет ойыңды, Тiк ұста бойыңды. Құстарға ұсайық, Қалықтап ұшайық. Шық алға оң қанат, Шық алға сол қанат, Шаршаған кездерде Қонайық жорғалап. /Б.Бөрiбаев/
Түйе маған шұбат берді, Шұбат маған қуат берді. 3 рет жатқа айту.
Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Дескриптор. -Сурет бойынша әңгіме құрастырады. -Мәтінге ат қояды. | Жұлдызша арқылы бағалау
Смайлик арқылы бағалау.
Басбармақ арқылы бағалау | |
|
Сабақтың соңы
| Рефлексия | Кеменің суреттері | |



Ұлттық тағамдар. Мәтін (79.33 KB)

