Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Балалар : -Қайырлы таң, көк аспан !
-Қайырлы таң, жер-Ана !
- Қайырлы таң, шуақты көктем !
Тәрбиеші : - Қайырлы таң, балалар !
Балалар : -Қайырлы таң, тәрбиеші!
-Қайырлы таң,қонақтар!
Тәрбиеші : -Балалар, көктемнің жылы күніндей мына жүрек арқылы бір-бірімізге
жылы тілектер тілейік .
...., мен саған көктемнің күнін тілеймін !
...., әдемі гүлін тілеймін !
...., мен саған шуақты түнін тілеймін!
...., жылы күнін тілеймін !
...., әрқашан жолын болсын !
...., арайлы таңын тілемін !
...., қуаныш мол болсын !
....,ақ мол болсын !
...., аспан ашық болсын !
....,дастарқан мол болсын !
Тәрбиеші : Ал,балалар,біз жылуымызды бір-бірімізге бердік,көктем өз жылуын бізге
беріп жатыр.
Тәрбиеші : Жұмбақ жасырады.
Су ағып сай саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салып.
Айтыңдаршы балалар,
Бұл қай кезде болады ?
Балалар: Көктем мезгілінде болады.
Тәрбиеші : -Балалар, көктемде қандай өзгерістер болады ?
Балалар : - Күн жылынады .
- Қар ериді .
-Құстар ұшып келеді.
-Ағаштар бүршік жарады.
- Жер көктейді.
- Мал өріске шығады .
- Адамдар жайлауға көшеді .
-Жайлауда мал бағады,ойын-сауық құрады,ойын ойнайды.
Тәрбиеші : Ал ,біз, қандай ұлттық ойындарды білеміз және ойнаймыз?
Балалар : - Орамал кетті.
Түйілген орамал.
-Арқан тартыс. -Ақ сандық,көк сандық.
- Асық. -Ақсүйек.
- Айгөлек. -Тоғыз құмалақ.
- Теңге алу. -Көтермек.
- Жорға жарыс.
- Тақия тастамақ.
Ойын: «Тоғызқұмалақ»
(Осы жерде сырттан біреу есік қағады .Тазша бала кіреді . )
Тәрбиеші : : -Иә , сәлеметсің бе !
-Төрлет,Тазша бала!
Тазша бала : -Сәлеметсіздер ме !
-Мен сендерді жайлауға шақыра келдім .
Жайлауда дем алып, ойын-сауық құрып, ойын ойнап қайтсын деп .
Тәрбиеші : - Жақсы, рахмет.Балалар барамыз ба жайлауға ?
Балалар: Иә,барамыз.
Тәрбиеші : Ендеше бойымызды көтеріп қайтайық.
(Музыка әуенімен жайлауға аттанады )
Жайлауда жайлаушы балаларды қарсы алады .
Жайлаушы : - Қош келіпсіңдер !
Мен сендерді сергіп қайтсың деп шақырған едім.
Келгендерін жақсы болды .
Айналаға қарандаршы, қандай керемет, ғажап табиғат !
Балалар : -Иә,ата,ауасы қандай таза .
-Суы да мөлдір екен .
-Шөбі да жап-жасыл .
Тәрбиеші : -Ата,біз сізге қазір табиғат туралы өлең жолдарын айтып бергіміз келеді.
Венера: Жомарт мынау табиғат, Бейбарыс: Көркіне көз төймайтын
Өсіргендей бізге арнап . Елжіретпей қоймайтын.
Самал желі еседі . Хош иісті ауасы -
Бізді тұрғандай аялап . Жанның жанат саясы !
Ануар: Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт кешеді .
Туған жерім мен үшін.
Көк майсасын төседі .
Жайлаушы : Балалар,демалуға келдіңдер,ендеше
менің бала кезімде ұнатып ойнайтын ойыным бар еді .
Сол ойынды ойнап көрейік.
Ойынымыздың аты « Алшы »
Балалар дөңгеленіп отырамыз.
Асықтарды ортаға шашамын.
Ойынның шарты: кезекпен асықтарды ортадан атып шығару керек,егер атып шығарсаңдар,сол асықты өздеріне аласыңдар,ал егер шығаралмасаңдар,ойынды келесі ойыншы жалғастырады.
Мына қызыл асық «Хан».
Ханды ең соңында атып шығару керек.
Ханды атып шығарған ойыншы жеңеді және ойынды жалғастырады.
Жайлаушы : Сендерге ойын ұнады ма ?
Балалар: Иә,ұнады.
Балалар : Ата, біз де көп ойындар білеміз .
Жүріңіз «Жамбы ату » ойынын ойнайық .
Тәрбиеші : Ойынның шартын кім айтады?
Бала: - Мен айтайыншы.
Тәрбиеші : Жақсы, айта ғой
Бала: Бұл ұлттық ойын. «Жамбы ату»
Тақпақтар:
Шыңғыс:
Қаусатып қар борайды,
Көктем қайтып оралды.
Таулар тастап ақ тонын,
Көк торғынға оранды.
Сарқырады бұлақтар,
Құлпырды сай-қыраттар.
Алика:
Көрініп жиі күлімдеп,
Төбеден күн күледі.
Ұшып кеткен құстар да,
Көктемде қайтып келеді.
Тазша бала : - Достарым,ал сендер, «.Сақина салу» ойынын білесіңдер ме ?
Балалар: Білеміз.
Жүріңдер, ойнайық .
Тазша бала: ойынын шартын түсіндіреді.
Жайлаушы : - Ойын ойнап, жас кезімді есіме түсірдім.Сендерге жайлауда ұнады ма ?
Балалар :Иә, ата өте ұнады .
Жайлаушы : - Көктемде қандай гүлдер шығады?
Балалар: -Көктемде қызғалдақ, бәйшешек шығады.
Жайлаушы: Ендеше сол өсіп тұрған гүлдерден теріп алыңдар,сол менің
сендерге сыйлығым болсын.
(Музыка ойнайды, балалар бәйшешек гүлін теріп алады)
Балалар : Рахмет, ата .
-Ата,біздің де сіздерге ала келген сыйлықтарымыз бар.
(Балалар сыйлықтарын қонақтарға береді)
Тәрбиеші : Біз енді үйге қайтайық. Өте қызықты болды .
Тағы келерміз . Сау болыңыздар !
Жайлаушы : - Сау болыңдар !
Балам, жүр малымды қайтаруға көмектес,
кеш болып кетті, ұзап кеткен сияқты .
(Музыка ойнайды) Барлығы кетеді.

"Ұлттық ойындар" ашық сабақ (50 KB)

