Қызылорда облысы
Қармақша ауданы
А.Жанпейісов атындағы № 105 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі :Жүрментаева Гүлнәр
Сынып 2 «А;Б»
Тақырыбы: «Ұлт болашағы білімдінің қолында»
Мақсаты:Сынып оқушыларының пәндер бойынша алған білімдерін саралау, ой ұшқырлықтарын байқау, топпен бірлесе отырып жұмыс істей білуге және өз білімін көрсете білуге үйрету.
Оқушылардың сөздік қорларын молайту, дүниетанымдарын кеңейту, тіл байлығын, шығармашылық қиялын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге және шығармашылықпен еңбек ете білуге дағдыландыру.
Болашаққа өз үлесін қоса білетін, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу, туған тілімізді сүюге, туған елін, жерін құрметтеуге, жан - жақты білімділікке баулу.
Көрнектілігі: қима қағаздар,
Әдісі: сұрақ - жауап, ой қозғау, болжау.
Типі: білімді бекіту.
Түрі: сайыс сабақ.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, дүниетану, математика.
Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
А) Кіріспе сөз
Білім дегеніміз – күш,
Күш дегеніміз – білім.
– Білімдіден шыққан сөз- дүниені нұрға бөлейді. Білім – бұл өлшеусіз байлық.
-Зере,сенің ойыңша білім деген не?
Зере:Білім біздің серігіміз, өмірлік жолдасымыз. Адам өзінің барлық керегін, ой- арманын, талап- тілегін тек білім арқылы ғана қанағаттандыра алады.Яғни білім әрбір адамның жарқын болашағы деп түсінемін.
Мұғалім: -Құрметті мұғалімдер мен оқушылар «Ұлт болашағы білімдінің қолында» атты интеллектуалды сайысымызға қош келдіңіздер!
Сайысқа 4 «А,Б» сынып оқушылары қатысады. Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
Зере:«Қандай сынық болса - дағы беріспе
Әрқашанда үміткер бол жеңіске» - ұранымен ортада 4 «А» сынып оқушылары
Мұғалім: «Білекті бірді жығар
Білімді мыңды жығар »- ұранымен 4 «Б» сынып оқушылары ортада.
Білім дегеніміз –күш, жеңу. Ал еліміздің болашағы жас ұрпақ сендердің қолдарыңда сондықтан, білім алып, жеңіске жетіп, еліміздің көркеюіне бүгіннен бастап ат салыса отырыңдар!
Зере: Дұрыс айтасыз, «Білім – күш». Шын мәнінде білім бар болғаны кілт қана, оның орнын тауып қолдана білсең ғана күш - қайратқа ие боласың.
Мұғалім:Олай болса , сайыс кезеңдерімен танысайық
Зере:
І кезең «Сиқырлы ағаш» Танымдық сұрақтар қойылады
ІІ кезең «Қызықты төрттік» 4 пәннен сұрақтар қойылады
ІІІ кезең «Мықты болсаң, тауып көр» жұмбақтар сайысы
ІУ кезең "Сын сағаты"
-деп аталады.
Мұғалім:
Шын жүйріктер сыналады жарыста,
Жарыстың ба, орта жолда қалыспа.
Әділқазы бағалайды сіздерді,
Жеңіс мәре жақын ба, әлде алыс па?-деп
Әділ-қазылар алқасын таныстырып өтейін. Әділ-қазы алқасы мектебіміздің ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары К.Мүсілімова апайымыз.
.
- Ұлт тірегі –білімді ұрпақ қолында,
Ізденіңдер, білім алу жолында.
Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,
Бүлдіршіндер алау оттай жалында, - дей отырып сайысымызды бастаймыз.
Зере:Сіздерге сәттілік тілеймін.
1-кезең «Сиқырлы ағаш» деп аталатын танымдық сұрақтар сайысы. Тақтада алма ағашы бейнеленген, қағаздан жасалған алмалар ілінген. Әр алмада сұрақ жазылған. Әр топтан оқушыдан шығып ағаштағы алмадан алып сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.Дұрыс емес жауапқа ұпай саналмайды.
Сұрақтар:
1) Қазақстанның көрші мемлекеттерін ата.
2)ҚР Мемлкеттік елтаңбасының авторы кім?
3) ҚР Тәуелсіздік алған жылы және күні?
4)ҚР Мемлекеттік әнұран авторы кім?
5)ҚР Мемлекеттік туының авторы кім?
6)Мемлекеттік тіл туралы заң қай жылы қабылданды?
2-кезең «Қызықты төрттік»
1 оқушы
Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? (ұзындығы мен енін қосамыз екігі көбейтеміз)
2.Мәтінді түрлерін атаңдар. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
3. Қазақстандағы ірі теңіздерді ата (Каспий, Арал)
4. Халық ауыз әдебиеті деген не? (халық арасында ауызша тараған шығармалар
2 оқушы
1.9 –дың квадраты нешеге тең? (81)
2. Дыбыс үндестігі дегеніміз не? (дауыссыз дыбыстардың бір- біріне ықпал етіп, өзара үндесуі)
3.Ауа райын болжайтын сала қала аталады? (метеорология)
4.Айтыс түрлерін ата. Қандай айтыскер ақындарды білесің?
3 оқушы
1.Шаршы қандай фигура? (барлық қабырғасы тең төртбұрыш)Ауданын қалай табамыз?
2.Шеберхана сөзін сөз құрамына талда. Жалғанған қосымша жұрнақ,жалғау екенін дәлелде
3. Қазақстанның қандай өзендерін білесің? (Жайық, Ертіс, Есіл, ТОбыл, Сырдария, Іле, Нұра, Сарысу, ТОрғай, т.б.)
4. Қорқыт ата кім болған? (ақын, жырау, қобызшы, ойшыл)
4 оқушы
1.Көлемді қалай табамыз? (ұзындығы, ені, биіктігін көбейту арқылы)
2.Буын үндестігі дегеніміз не?
3.Жер көлемі бойынша Қазақстан нешенші орында тұр?9 орын
4.Туған жер туралы қанша мақал айта аласың?
5 оқушы
1) Ең кіші төрт таңбалы сан? (1000)
2.Не істеді? Қайтті? Не қылды? қай сөйлем мүшесінің сұрақтары? баяндауыш
3. Ең алғашқы магнитті тұсбағдармқай елде пайда болған ? Қытайда
4. Мұқағали Мақатаев кім? Оның қандай өлеңдерін білесің? (ақын «Сүйемін, өскен Отаным», «Үш бақытым», «Мен ғашықпын», т.б.):
6 оқушы
1) 10-ның кубы 1000
2.Ұяң дауыссыздарды ата. (б,в,г,ғ,д,ж,з)
3.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі не? (карта)
4.Өмірде болған адам қатысты құрылған халық шығармасы? (Аңыз)
3-кезең «Мықты болсаң, тауып көр» жұмбақтар сайысы
Бұл сайыстың бір екекшелігі жұмбақтың жауабын орыс тіліне аудару керек.
Мұғалім: - Мемлекеттік тілмен қоса, балалар, сендер орыс тілінде оқып үйреніп жатырсыңдар, ендеше бұл тілді де қоса меңгеріп алғандарың жөн екен. Орыс тілі – ұлт аралық тіл, үйренгеннің артықтығы жоқ.
- Сондықтан қазір әр оқушығажұмбақ оқимын, сендер сол жұмбақтардың шешуін тауып, оны орыс тіліне аударасыңдар. Кәне, дайынбыз ба? Ендеше тыңдай қойыңдар. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі)
1)Бұлаңдаған құйрығы
Бір алдарлық қылығы Түлкі-лиса
2)Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран. Әріп-буква
3)Жұқа тастай бөлшегі,
Ұзындықтың өлшемі Сызғыш-линейка
4)Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады. Қоян-заяц
5)Жолбарыстан аумайды.
Тышқандарды аулайды. Мысық-кошка
6)Әттең,даусым,тілім жоқ
Құшағымда білім көп. Кітап-книга-
4- бөлім."Сын сағаты»
Тізбектей есепте
420:6-20*2-10*5:450*2=900
V. Қорытынды.
Біздің Тәуелсіз еліміздің туын, мәртебесін жоғары көтеріп, дамыған 50 елдің қатарына енуі үшін ең алдымен білімді де, саналы ұрпақ өсуі қажет. Сол ұрпақ - біздің болашағымыз сендерсіңдер.Әрқашанда «Ұлт болашағы білімдінің қолында» екенін ұмытпағандарыңыз жөн.Біздің бүгінгі интеллектуалды ойынымыз осымен аяқталды.
Әділ-қазылар алқасына сөз беру Жеңімпазды анықтау

Ұлт болашағы білімдінің қолында (22.88 KB)

