Меню
Разработки

Ұландар мерекесі

Тақырыбы: «Отан сенген Ұландар»

Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,елін қорғай білуге тәрбиелеу.

16.05.2017

Содержимое разработки

«7 мамыр – Отан қорғаушылар»мерекесіне арналған 7 «Б» сынып оқушылардың тәрбие сағаты.


Тақырыбы: «Отан сенген Ұландар»


Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын,елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Ақниет:

Қайырлы күн, ардақты ұстаздар мен оқушылар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,7 мамыр-Отан қорғаушылар мерекесі де келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны, абзал азаматтарымызға ,

деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің мәні,көңілдің жыры,әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

Абзал:

Жүрекке адалдықтың ескен гүлін
Ғажайып келешектің төккен үнін
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін.

Айжан:

Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қорғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз. Ендеше аспанымыз ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын.


Хор: Алға қазақ жігіттері!


Айжан:
Жете бер аңсап күткен тілегіңе,
Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе.
Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде , - деп 7 «Б» сыныбының атынан мектебіміздегі барша ер азаматарды келе жатқан мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз!


Ақниет:

Біздің елдің жігіттері жігіттердің төресі

Олар жайлы ағайын-жұрт не білесің сен осы

Олар жайлы айтылмайды биік-биік мінбеден

Өйткені олар ақиқат пен шындық сөзідің жебесі

Орталарыңызда Дина


Айжан:

Ел-халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын дей келе, әскерлер өмірінен шағын көрініс тамашалаңыздар.


«Көк тарландар» фильмінен үзінді.


Абзал:

Ортада биші қыздар би билейді,
Халайық қол соғыңыз мархабатты.

Алдарыңызда би «Десант».


Абзал:

7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі деп әдетте барша жұрт тек ер азаматтарды ғана құттықтап жатады, дегенімізде елімізде қарулы күштер қызметін атқарып жүрген сегіз жарым мың қыз-келіншектер бірінде кәсіби мерекелерін тойлатуда. Сол себепті әскери қызметте жұмыс істейтін қыз-келіншектерді де құттықтаймыз!

Келесі кезекте Айдана, Ақниет және Айжанның «Шекарашы сарбаздар» әнін қабыл алыңыздар.


Ақниет:
Себездеп алтын арай жан-жағынан

Ту тіккен алаулаған арманыңнан

Кеудеңде махабаттың шоғы маздап

Биіктен биіктерге самға, деп

Мәнерлеп оқудан оқушылардың өлең жолдарын қабыл алыңыздар.


Ақниет:
Ұстаздар жақсылықтың жол ашары,
Қолыңда шәкіртіңнің болашағы
Өмірді алға қарай өрлететін
Сендер ғой Ұлы Отанның болашағы,- деп өздеріңізге үлкен сеніммен шәкірттеріңіз Айжан мен Аружан «Сарбаздар» әнін жолдайды.


Абзал:

Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!


Мәнерлеп оқудан оқушылардың өлең жолдарын қабыл алыңыздар



Ақниет:

Мамырдың мамыржай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақтты азаматтар!

Көрініс «Кім мықты?»ч

Абзал:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше, дей келе соңғы хор Жас Ұлан.


Айжан:

Құрметті азаматтар ,біздің мектептің ұстаздары,жігіттер! Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар. Еңбекте табыс, тілейміз – дей келе құттықтау сөз кезегін мектеп директорның қызметін атқарушы Казиева Назгул Алдабергеноваға береміз.

Осымен концертіміз аяқталды.


Бірге:
Сау-саламатта болыңыздар!



-80%
Курсы повышения квалификации

Конфликтология: общая теория конфликта

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұландар мерекесі (18.08 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели