Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Видеоуроки  /  6 класс  /  Тыныс алу гигиенасы

Тыныс алу гигиенасы

Сабақтың мақсаты

Адам өміріндегі өкпенің қызметін түсіндіру. Тыныс алу гигиенасы ережелерімен таныстырып, оларды үнемі пайдалану қажеттігін, ережелердің адам өміріндегі маңызын білуге мүмкіндік жасау.

29.01.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы

Өкпе. Тыныс алу гигиенасы

Сабақтың мақсаты

Адам өміріндегі өкпенің қызметін түсіндіру. Тыныс алу гигиенасы ережелерімен таныстырып, оларды үнемі пайдалану қажеттігін, ережелердің адам өміріндегі маңызын білуге мүмкіндік жасау.

Салауатты өмір салтын насихаттау.

Оқу нәтижелері

Тыныс алу мүшесі өкпе туралы түсінік алады. Лас ауадан болатын түрлі аурудан сақтану жолдарын анықтай алады. Тыныс алу мүшесін сақтау ережелерін біледі.

Сабақ кезеңдері

Уақытты меңгеру

Мотивациялық- бағдарлау кезеңі-8-10 минут

Операциялық- орындаушылық кезең (оқу-танымдық, ізденім, ішінара зерттеу, проблемалық әдістер) -15-20 минут

Рефлексиялық- бағалау кезеңі (өзіндік бақылау- өзін-өзі бағалау әдістері) – 5-8 минут

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл

АКТ-ны қолдану, Оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, диалог арқылы оқыту, жұптық

Әрекет кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс - әрекеті

Модульдің қолданылуы

Психологиялық жаттығу.




Қорықпайық, саспайық

Жаман әдетті тастайық.

Зейін қойып,қанекей

Сабағымызды бастайық

Оқушылар хормен өлең жолдарын айтып шығады



АКТ

Қызығушылықты ояту

10 айырмашылықты тап

Интерактивті тақтада көрсетілген суреттің 10 айырмашылығын табады.

АКТ



Үй тапсырмасын бекіту мақсатында



Тест жұмысын орындау.

1.Тірек, сүйек, қорғаныс – бұл ....

а) қаңқа   ә) бұлшық ет  б) жүрек

2.Саңылаулар, тер мен май, сипап сезу – бұл ...

а) қаңқа  ә) сүйек  б) тері

3.Жүрек, күретамыр, артерия – бұ ..

а) қан айналым  ә) қаңқа жүйесі  б) жүйке жүйесі

4. Жүрек қай жүйенің мүшесі?

а) бұлшық ет жүйесінің ә) тыныс алу жүйесінің б) қан айналымы жүйесі

5.Жүректен тарайтын қан тамырларын не дейді?

а) артерия ә) көк тамыр  б) ұсақ қан тамыры

6. Көкірек қуысының сол жағында орналасқан не?

А) өкпе ә) жүрек б) бүйрек

Өтілген тақырыпты тест арқылы тексереді. Жұптарына тексертеді



1

2

3

4

5

6

А

Б

А

Б

А

Ә



Жұппен жұмыс



Ой қозғау



Адам өмір сүруі үшін не қажет

 Адам қанша уақыт тамақсыз өмір сүре алады?

 Ұйқысыз?

 Ал ауасыз?

Сұрақтарға жауап береді



Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Ағзаға ауа қай мүше арқылы барады? Өкпе дененің қай бөлігінде орналасқан? Ол қандай қызмет атқарады?



Бір қолыңды кеудеңе, екінші қолыңды ішіңе қой. Бірнеше тыныс алу мен тыныс шығаруды жаса. Не бақыладың?



Кім қалай тыныс алады?



Берілген сұрақтарға оқушылар өз ойларынша жауап береді. 1-ші мәтінді оқиды



Берілген сұрақтарға оқушылар өз ойларынша жауап береді. 2-ші мәтінді оқиды



Берілген сұрақтарға оқушылар өз ойларынша жауап береді. 3-ші мәтінді оқиды

Оқулықтағы тапсырманы гуілдеп оқиды, түсінбегендерін сұрайды.



Оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Болжау стратегиясы





1. Тыныс алу мүшелерінің ережелерінде кейбір сөздер жоқ. Түсіп қалған сөздерді орнына қою.



Оқушылар түсіп қалған сөздерді орнына қойып, жұптарына тексертеді. (Соңында интерактивті тақтадан тексереді)

Жұптық жұмыс

Сергіту сәті

Мартышка биін билеу

Оқушылар би билеп сергиді

АКТ

Сабақты бекіту

«Ия, жоқ» әдісі

Ауасыз өмір сүре аламыз. (жоқ)
2. Сенің жүрегің өз жұдырығыңдай (иә)
3. Ауа тек қана далада болады. (жоқ)
4. Оттегі таза ауа. (иә)
5. Тірек, қозғалыс мүшесі – өкпе. (жоқ)
6. Ауамен тек қана адамдар демалады. (жоқ)
7. Таза ауа өкпеге мұрын қуысы арқылы енеді. (ия)
8. Күн сайын таза ауада серуендеу зиян.(жоқ)
9. Дені сау адам аурушаң. (Жоқ)
10. Өз денсаулығың өз қолыңда. (иә)

Дәптерге белгілейді



1

Жоқ

2

Ия

3

Жоқ

4

Ия

5

Жоқ

6

Жоқ

7

Ия

8

Жоқ

9

Жоқ

10

Ия



Оқудағы және оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер



«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

Нені білгім келеді?







«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады

кесте

Рефлексия

Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.

Оқушылар игерген білімдерін берілген суреттер арқылы көрсетеді.

Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

Баспалдақ суреті

Үйге тапсырма

24-27 бет оқу, мазмұнын айту. «Денім сау болсын десең» тақырыбында эссе жазу.

Тақырыпты оқу, тыныс алу гигиенасы туралы жазу

Сын тұрғысынан ойлау

Бағалау

Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау



Бағалау



-70%
Курсы повышения квалификации

Проектная деятельность учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1200 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тыныс алу гигиенасы (15.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели