Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Мероприятия  /  8 класс  /  Тұрмыстық қалдықтарды кәдемізге жаратайық

Тұрмыстық қалдықтарды кәдемізге жаратайық

«Республикалық экологиялық сағат» акциясы
04.11.2019

Содержимое разработки

Қазақстанда советтік кезеңнен бері қатты тұрмыстық қалдықтардың көп жиналғаны сонша - билік 2019 жылдан бастап қоқыс полигондарына пластмасса, қағаз бен әйнекті алдын ала сұрыптаусыз көмуге тыйым салды. Осылайша энергетика министрлігі қоқысты өңдеу деңгейін арттырып, тұрғындарға қоқысты сұрыптап жинауды үйреткісі келеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдамада ТҚҚ басқару саласын жетілдіру негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген.

Жыл сайын Қазақстанда 5-6 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдықтар түзіледі. Қазір елімізде қалдықтарды сұрыптап, өңдейтін 130 кәсіпорын бар.  Биылдан бастап пластмасса, макулатура, картон, қағаз қалдықтары мен шыныны қоқыс полигондарында жерлеуге тыйым салына бастады. Қазақстан Республикасының энергетика министрлігі және жергілікті әкімшіліктер шағын және орта бизнес субъектілерін тарта отырып тұрмыстық қатты қалдықтарды утилизациялау және өңдеу бойынша шаралар кешенін әзірледі. Бұл шара бойынша қалдықтарды өңдеу үлесі 2030 жылға қарай 40%-ға, ал 2050 жылы 50%-ға дейін ұлғаюы керек. Жақсы, бұл ауқымды шаралар делік. Жергілікті, қалалық, аймақтық, тіпті мемлекеттік тұрғыда жасалатын дүние болар. Ал сіз, құрметті оқырман, қоқыстардың азаюына, экологияға, қоршаған ортаға тигізілетін зиянның азаюуы үшін не істей аласыз? Үйдегі, күнделікті тұрмыстағы қалдықтарды жеке-жеке жинау арқылы сіз күнделікті тасталатын қоқыстардың мөлшерін, өңделмей, полигондарда таудай болып үйіліп жататын қоқыс үйінділерінің көлемін азайта аласыз. Көп түкірсе көлдің керісі, барлық азамат қоқысты сұрыптауға тиісті назар аударса, қоршаған ортаға зиянымыз азаяр еді, ормандардың шабылуына, мұнайдың қауіпті өндірісінің кемуіне, климат өзгерісіне әкелетін әсердің азаюына, жан-жануарлар әлемін құтқаруға, бір сөзбен айтқанда табиғат апатының алдын алуға септігін тигізер еді. Сонымен неден бастау керек? Бұл ережелер өте қарапайым. Бастысы оларды әдетке айналдыруға тырысайық және тұрмыстық қалдықтарды кәдемізге жаратайық.

«Республикалық экологиялық сағат» акциясы аясында №5 мектеп-лицей КММ-інде тұрмыстық қалдықтарды кәдемізге жаратайық атты көрмесі өтті.




Сурет-1 Оқушылардың еңбектерімен танысуы

Сурет - 2 Көрмені таныстыру мезеті


Сурет – 3 Қалдықтан қызықты заттар жасау


Сурет – 4 Бөтелке қалдығынан көбелек жасау


Сурет – 5 Көрме столы


Сурет – 6 Бөтелке қалдығынын пайдаға асыру



Сурет – 6 Қалдық қағаздан гүл жасау

-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тұрмыстық қалдықтарды кәдемізге жаратайық (892.89 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт