Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Уроки  /  10 класс  /  Тұрақты электр тогы

Тұрақты электр тогы

Ашық сабақ жоспарында жаңа сабақ материалы мен бекіту тапсырмалары бар

06.12.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты электр тогы, ток күші. Электр қозғаушы күш. Өткізгіштің кедергісі. Ом заңы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: тұрақты электр тогы, ток күші, Ом заңдары, электр қозғаушы күш, кедергі түсініктерімен таныстыру, олардың өлшем бірліктері туралы мағлұмат беру. Электрлік шамаларды өлшейтін құралдармен таныстыру.

2. Дамытушылық:

а) Әр түрлі тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ойлау, есте сақтау қабілетін арттыруға ықпал ету.

ә) Алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білуге үйрету.

б) Өз бетінше жұмыс істей білуге, қорытынды жасай білуге дағды қалыптастыру

3. Тәрбиелік:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, жинақылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың жабдықталуы: MS Power Point бағдарламасында жасалынған презентация, интерактивті тақта, амперметр, вольтметр, жалғағыш сымдар, реостат, кілт, ток көзі, шам.

Қолданылатын технология: ақпараттық - коммуникативтік технология, ойын технологиясы элементтері.

Оқыту әдістері: түсіндіру, демонстрациялық, жекелеген жұмыс, тәжірибе жүргізу.

Базалық құзыреттілік:

БҚ-1 -табиғаттағы және техникадағы әр түрлі құбылыстарды түсіндіргенде физиканың заңдарын қолдану;

- алған білімдерін физикалық есептерді шығаруға пайдалану;

- физикалық білімнің практикада қолдануына мысалдар келтіру;

БҚ 2 - эксперимент жүргізу;

  • эксперименттік мәліметтердің негізінде қорытынды жасау.

Кәсіптік құзыреттілік:

КҚ-1 – дүниенің физикалық бейнесінің негіздерін білуге.

КҚ-2 – эксперименттердің теориялық талдауын жасауға құзыретті.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Кронгарт Б.А., Кем В.И.,Қойшыбаев Н., Физика Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану -математика бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық/. -Алматы, 2011

  2. Гладкова Р.А. Задачи и вопросы по физике. –М, 2011

  3. Рымкеевич А.П. Физика есептерінің жинағы. – Алматы, 2011


Сабақтың құрылымы:

Р\с

Сабақтың кезеңдері

Уақыты

I

Ұйымдастыру

2 мин

II

Сабақтың мақсатымен таныстыру

3 мин

III

Жаңа сабақты түсіндіру

40 мин

IV

Жаңа сабақты бекіту

35 мин

V

Үй тапсырмасын беру

2 мин

VI

Сабақтың қорытындысы

8 мин

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру. Дәрісхананың тазалығына, оқушылардың киіміне назар аудару. Журналды толтыру, оқушыларды түгендеу.

II. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  • тұрақты электр тогы, ток күші, Ом заңдарымен, электр қозғаушы күш, кедергі түсініктерімен танысу, олардың өлшем бірліктері туралы мағлұмат алу. Электрлік шамаларды өлшейтін құралдармен танысу.

  • Жаңа тақырыпты бекітеміз. Алған білімдерін тәжірибеде пайдалана білу.

  • Сабақтың соңында белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

III. Жаңа сабақ түсіндіру.

Презентация арқылы ауызша жаңа сабақты түсіндіру, конспектімен жұмыс.

Жоспар:

    1. Тұрақты электр тогы. Ток күші.

    2. Электр қозғаушы күш.

    3. Өткізгіштің кедергісі. Асқын өткізгіштік. Өткізгіштің температураға тәуелділігі

    4. Ом заңдары

      1. Тұрақты электр тогы. Ток күші.

Электр тогы – зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы.

Бағыты мен шамасы өзгермейтін электр тогын тұрақты электр тогы деп атайды. 

Электр тогының пайда болуының қажетті шарттары:

а) Еркін электр зарядын тасымалдаушылардың болуы.

б) Өткізгіште зарядталған денелерге белгілі бір күшпен әрекет ететін тұрақты электр өрісі болу керек.

в) Электр өрісін тудыратын құрылғы,ток көзі керек.

Токтың әсері:

а) жылулық

б) химиялық

в) магниттік

г) физиологиялық

Ток күші – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында тасымалданатын электр мөлшерініңсол уақыт аралығына

қатынасына тең:

I=q/t [1A] (Ампер)

Ток күшін өлшейтін құрал – амперметр. Ол өткізгішке паралель жалганады.

Тәжірибе көрсету. Амперметр, электрлі шам вольтметр, жалғағыш сымдар, кілт, ток көзін пайдалана отырып тізбек құру. Кернеу мен ток күшінің мәндерін біле отырып, Ом заңы бойынша шамның кедергісін анықтау.

      1. Электр қозғаушы күш.

Ток көзін алу үшін зарядтарды бөлгенде электрлік емес күштерді қолданады. Оларды бөгде күштер деп атайды. Бөгде күштердің әрекетін сипаттау үшін e әрпімен белгіленетін электр қозғаушы (ЭҚК) күші ұғымын енгіземіз

[1В] (Вольт)



      1. Өткізгіштің кедергісі. Асқын өткізгіштік. Өткізгіштің температураға тәуелділігі.

Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын

шама кедергi деп аталады.

R – кедергі [1 Ом] (Ом)


Өткiзгiштiң кедергiсi оның материалына және геометриялық өлшемдерiне тәуелдi. Ұзындығы l және көлденең қимасының ауданы S болатын өткiзгiштiң кедергiсi мынаған тең :

,

мұндағы ρ -өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, [Ом*м]

S – көлденең қимасының ауданы [м2]

l – өткізгіштің ұзындығы [м]


Асқын өткізгіштік – таза металдардың және кейбір қоспалардың абсолют нөлге жақын температурада кедергісінің кенет нөлге дейін төмендеуі.

Кедергінің температураға тәуелділігі

R0 – 00 C температурадағы кедергі

α - кедергінің температуралық коэффициенті

      1. Ом заңдары

Тізбектін бөлігі үшін Ом заңы:

Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші тізбек ұштарындығы кернеуге тура пропорционал және оның кедергісіне кері пропорционал


I=U/R

U - кернеу [1В] (Вольт)

R - кедергі [1 Ом] (Ом)


Толық тізбек үшін Ом заңы.

Тұйық тiзбектегi ток күшi ток көзiнiң ЭҚК-нiң шамасына тура пропорционал және тiзбектiң сыртқы және iшкi кедергiлерінің қосындысымен анықтацлатын толық кедергісіне кері пропорционал.

ε - ЭҚК

r - iшкi кедергi

R – сыртқы кедергі


IV .Жаңа сабақты бекіту

  1. Ой қозғау (Сұрақтар бойынша кесте толтыру)

Физикалық шама

белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші



Кернеу



Кедергі



Меншікті кедергі



ЭҚК



Ішкі кедергі



Көлденең қимасының ауданы



Өткізгіштің ұзындығы




  1. Сәйкестікті тап

1

Толық тізбек үшін Ом заңы

1

I=U/R

2

кедергi анықтамасы

2

Аб

3

Токтың әсері

3

I=q/t

4

Тізбектін бөлігі үшін Ом заңы

4

Өткiзгiштiң тiзбектегi ток күшiн шектеу қасиетiн сипаттайтын

шама

5

Электр тогы

5

I=E/ R+r

6

Бөгде күштердің белгіленуі

6

жылулық, химиялық , магниттік, физиологиялық

7

Ток күшінің өрнегі

7

бағыты мен шамасы өзгермейтін электр тогын тұрақты электр тогы деп атайды

8

Тұрақты электр тогы

8

зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы


  1. Сөзжұмбақ шешу


1. Ток күшін өлшейтін құрал (амперметр)

2. Тұрақты ток көзі (аккумулятор)

3. Өткізгіштерде заряд тасымалдайтын элементар бөлшек (электрон)










  1. Есеп шығару

№1 Ұзындығы 10м, көлденең қимасы 0,1мм² мыс сымның кедергісін анықтаңдар(ρ=1,7*10-8 ом*м)

№2.ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең реостат қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.

№3. Шамды ЭҚК-і 4.5 В-қа тең элементтер батареясына қосқанда вольтметр шамда кернеудің 4 В, ал амперметр ток күшінің 0, 25 А екендігін көрсеткен. Батареяның ішкі кедергісі қандай?


V. Үй тапсырмасын беру

      1. Б. Кронгарт «Физика 10 » §9.1-9.3 оқуға

      2. А. П. Рымкеевич «Физика есептер жинағы» №773

VI . Сабақтың қорытындысы

Оқушылардың білімдерін бағалау, сабақты қорытындылау





-80%
Курсы повышения квалификации

Современные педагогические технологии в образовательном процессе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тұрақты электр тогы (62.6 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели