Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Мероприятия  /  6 класс  /  Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күні

Тұңғыш Президент күніне арналған сценарийдің жүрісі.

22.12.2017

Содержимое разработки

Начало формы

«Ертеңім елім – Елбасы» атты 1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күніне мерекелік шараның сценарийі


1 жүргізуші: Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп, 
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп. 
Елбасыны құрметтейтін ерекше 
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік! 

Елі үшін олжа салып қиырдан, 
Ықпаған еш ауыртпалық, қиыннан. 
Мерекеңіз құтты болсын көпшілік 
Елбасының құрметіне жиылған! 
Концерттік бағдарлама 

1 жүргізуші: Кешегі өткен Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты бүгінгі «Ән» үйірмесінің шағын кешіне қош келдіңіздер!

Ән: «Көк тудың желбірегені» Орындайтын: 1 «а» сынып оқушылары

Алғашқы құттықтау сөз мектеп директоры Титанов Қайрат Үсенұлына беріледі. 
Бір басында кемеңгерлік, даналық, 
Елін сүйген елі үшін жаралып. 
Сол кісідей болса - болсын әр алып 
Адамдықтың аласармас үлгісі 
Бір өзінен жатқаны шын таралып 

Кешегі өткен Тұңғыш Президенттің күніне 
Әсем әнді шырқата бір салалық! 


Назарларыңызға мектеп өнерпаздарының мерекелік концертін ұсынамыз. 


Қадірлі көпшілік, Тұңғыш Президент күні мерекесінің салтанатын арттыру мақсатында облыс, республика жұртшылығына өнерімен танылған, талантты әнші, қолдаушы Дамегул Лепескызының өнерпаздарының әсем әннен жинақталған концерттік бағдарламасын Сіздердің алақаныңызға ұсынғалы келіп тұр, қабыл алыңыздар!

Конец формы

Начало формы





1-жүргізуші:

Қазақ ақын-жазушылары өз Отанына, туған еліне, жеріне деген ыстық сезімдерін өлеңмен жеткізген. Ендеше өлең жолдарына кезек берейік.

Өлең оқу: 1- сынып оқушылары (қазақша, орысша, ағылшынша)

1-жүргізуші:

Беу, Туған жер! Сен ыстықсың біздерге.

Мыңдаған дастан жатыр Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

«Туған жер» әні Орындайтын: Ногаева Гауһар

2-жүргізуші:

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Әннен шашу болды оған міне бір арман – деп

Ән: «Қазақстан бақытты » Орындайтын: қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші

Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін, биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.

Ән: «Рух пен Тіл» Орындайтын:

1-жүргізуші:

Кең байтақ өз жетпейсің елім менің ,

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің .

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан елім менің

"Тәуелсіз ел - Қазақстан " әнін қабыл алыңыздар

2-жүргізуші

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік барлық Қазақстандықтар үшін аса қасиетті құндылық. Жұмыла отырып, біз тәуелсіз, өркендеген, саяси тұрақты Қазақстанды құрудамыз. «Мен өз халқымды сүйемін, оның мәні бала кезімнен сабыр мен парасатқа баулығанын мақтаныш тұтамын» деді Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

«Елбасына арнау» өлеңі 3 «Е» сынып оқушысы Берекет Жомарт

2-жүргізуші 
Туды ұстап тура жолға түсіріп,  
Жас Отанның өмірін де түсініп,  
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай,  
Бір керемет жасады-ау кісілік!

Ән: «Ана тілім –қазақ тілім»

1-жүргізуші:

Сан ұлттың басын қосып Қазақстан

Бекемдеп саясатын іш пен тыстан

Елбасы, алдын ала болжай біліп,

Сүрінбей аман өттік дағдарыстан

Жыл сайын табыс қоссын табысыңа

Әр қазақ берік болсын намысына

Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,

Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!-дей отырып,

орындауында "Туған өлкем" әнін қабыл алыңыздар.

Орындайтын: Мағниязова Амина


1-жүргізуші:

Сүйемін Отанымның әрбір күнін,

Жұлдыз шашқан әсерлі айлы түнін

Сүйемін Отанымның әрбір гүлін

Маған қарап үн қатқан әсем үнін

«Әрқашан күн сөнбесін» хор әнін қабыл алыңыздар. Мектеп оқушыларының монтажы 

1-жүргізуші:

Төле би сөзімен бүгінгі күнгі іс-шарамызды аяқтаймыз. 
Уа, халқым, сөз қадірін білесің. 
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,  
Басшысы болмаса, ел жетім. 
Көсіле шабар жерім бар,  
Тау көтерген елім бар. 
Қол бастайтын ерім бар,  
Атадан қалған сара жолым бар.

2-жүргізуші 
«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

1-жүргізуші:

Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!



Конец формы


-75%
Курсы повышения квалификации

Подготовка детей дошкольного возраста к обучению в школе

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тұңғыш Президент күні (22.64 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт