Меню
Разработки
Разработки  /  Физкультура  /  Уроки  /  7 класс  /  Тоғызқұмалақ ойыны.

Тоғызқұмалақ ойыны.

Оқушыларға тоғыз құмалақ туралы мағұлымат беру

22.12.2017

Содержимое разработки

Жақсыбай негізгі орта мектебінің

І санатты дене шынықтыру пәні мұғалімі:

Жангалиева Рысгул Алдабергенқызы

Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойыны.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойыны туралы

мағлұмат беру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетіндамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік: Өз бетімен жұмыстану нәтижелеріне қол

жеткізу. Әр тапсырманы ұқыпты орындауға,

ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сын тұрғысынан ойлау.

Сабақтың өтілу әдісі: Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту

стратегиялары, топтастыру, семантикалық карта, Венн

диаграммасы, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: Математика, бейнелеу өнері.

Көрнекілігі: Тоғызқұмалақ тақтасы, ребус, плакаттар, үлестірме

материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

- Сәлеметсіздер ме, оқушылар?

- Класта кезекші кім?

- Түгелсіздер ме?

- Оқушыларды І, ІІ, ІІІ топқа бөлу.

- Оқушыларды топ бойынша үстелдерге отырғызу.

- Топ басшысын сайлау.

Жаңа сабақ

І. Қызығушылығын ояту. Ребус шешу.

Тапсырма: Оқушылар осы ребусты шешу арқылы бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбын анықтай аласыздар?







Шешуі: Тоғызқұмалақ.

Тақтаға бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазу.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат беру.

Оқушыларға сұрақ қою.

Оқушылар тоғызқұмалақ ойыны қандай ойын деп ойлайсындар?





















2.Оқушылар біздің еліміз Қазақстан Республикасы неше елмен шектеседі және ол елдерді атаңыз?

Жауабы: 5 елмен шектеседі.

Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Түркіменстан, Ресей.

Олай болса, тоғызқұмалақ ойыны біздің елімізде ғана емес, Қазақстан Республикасы шектесетін мемлекеттердің ішінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстанда және Монғолия, Қарақалпақстан қазақтарының арасында да жақсы дамыған екен.

ІІ. Мағынаны тану. Мәтінмен жұмыс.

Оқушыларға мәтін үлестіріледі.

Оқулықтағы және қосымша материалдарды пайдалана отырып мәтін компьютерден теріліп шығарылды. Бұл әдісте жаңа тақырыпты оқушылар өздері оқып, түсініктерін айтады. Дайындалуға 10 минут. Дайындалып болған топ уақытынан бұрын айтуға болады.

3 топтың топ басшылары келіп, мұғалімнен тапсырма алады. Тапсырмаға мәтін бойынша топ ішінде ақылдасып, дайындалады.



І – ТОП

  1. Тоғызқұмалақ тақтасының құрылысы қандай?

ІІ – ТОП



  1. Тоғызқұмалақ ойының ережесі

ІІІ – ТОП



1.Тұздық алу дегеніміз не?

2. Атсырау дегеніміз не?

10 минут дайындалу уақыты аяқталған соң топқа берілген тапсырмаларды ретімен сұрау.

Отау – ашық отау, тақ құмалағы бар отаулар.

  • Жабық отау, жұп құмалағы бар отаулар.



Сызықтық диктант.



Шарты. Топ басшысы бір қағазға кеінді сызады, оны тоғыз бөлікке бөледі. Мұғалімнің оқыған сұрақтарына топта бір – бірімен жағалай отырып, бір қағазға әрбір оқушы бір сұрақтан кезегімен ия деген жауапқа + белгісін, жоқ деген жауапқа - белгі қою арқылы жауап береді. Әрбір дұрыс жауап 1 ұпай, әрбір топ барлығы 9 ұпай жинай алады.

Сұрақтар:

1.Тоғызқұмалақ ойынын екі ойыншы ғана ойнайды.

2.Тоғызқұмалақ ойынында барлығы бір қазан болады.

3.Тоғызқұмалақ ойыны есеп ойыны.

4. Тоғызқұмалақ ойынында тұздық тек бір рет алынады.

5.Құмалақтарының саны жұп болып тұрған отауды жабық отау деп атайды.

6. Ойын соңында жеңіске жету үшін ойыншы міндетті түрде 82 құмалақ жинауы керек.

7.Ойын ережесі бойынша ұтқан ойыншыға 1 ұпай, тең ойынға жарты ұпай беріледі.

8. Ал ұтылған ойыншыға ұпай берілмейді.

9. Ойыншылардың қайсысы болмасын құмалағын ұстаған отаудан жүруге міндетті.

КІЛТІ:



ІІІ. Ой толғаныс.



Топ басшысы мұғалімнен келіп тапсырмалар алады.



І – топқа



Семантикалық карта



Тапсырма: Тоғызқұмалақ тақтасының құрылысы.



ІІ – топқа



Венн диаграммасы



Тапсырма: Тоғызқұмалақ пен дойбы ойындарын салыстыру.

























ІІІ – топқа

Тапсырма: Тест.



1.Тоғызқұмалақ ойынында барлығы неше қазан бар?

А. 1

В. 2

С. 3

Д. 4



2. Тоғызқұмалақ ойынында барлығы неше отау бар?

А. 9

В. 18

С. 7

Д. 5



3.Тоғызқұмалақ ойынындағы барлық құмалақтар саны?

А. 162 құмалақ

В. 81 құмалақ

С. 20 құмалақ

Д. 35 құмалақ



4.Барлық ұтып алған құмалақты салатын шұңқыр не деп аталады?

А. Отау

В. Қазан

С. Құмалақ

Д. Дұрыс жауабы жоқ



5. Ойын ережесі бойынша нешінші отаудан тұздық алуға болмайды?

А. Бірінші отаудан

В. Екінші отаудан

С. Төртінші отаудан

Д. Тоғызыншы отаудан



Қорытындылау.

Сонымен оқушылар бүгінгі сабағымызда біздер тоғызқұмалақ ойыны туралы мағлұмат алдық. Тоғызқұмалақ – қазақтың ұлттық ойындарының бірі, ойлауды қажет ететін, қызықты әрі есеп ойыны болып табылады.



Үйге тапсырма:

Тоғызқұмалақ ойыны, тоғызқұмалақтың суретін салу.

Бағалау.



















































-80%
Курсы повышения квалификации

Интерактивные методы в практике школьного образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тоғызқұмалақ ойыны. (20.75 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели