Сабақтың тақырыбы: Тісті күту. Тіркесті сөздердің емлесі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі. Қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау. 184-бет 2- тапсырма мәтіннің мазмұнын сұрау
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Кіріспе сөз
2. Төменде берілген сұрақтарға жауап беру:
- Қос сөз деген не?
- Қос сөздердің қандай түрлері бар?
3. Мәтінмен танысу. Оқылым
Тісті күту
Әдемі- тіс- адам көркі. Тісі жоқ адам дұрыстап шайнай алмайды.Тамақты әбден шайнап жұту қажет, әйтпесе адамның асқазаны ауырады. Тісті үнемі тазалап, күту керек. Тісті жақсы күтпесе, бұзылады. Сондықтан тісті 3-4 жастан бастап- ақ күткен дұрыс. Тісті щеткамен , тіс пастасымен тазартқан жөн. Тазартқан соң, ауызды бірнеше рет таза сумен шаю керек. Тісті тазарту үшін қылы жұмсақ щетканы пайдаланған жөн. Ал сен тісіңді тазалайсың ба? Қалай тазалайсың?
IV. Жаңа сабақты бекіту: Жазылым- 2- тапсырмадағы сөз тіркестерді пайдалан отырып, сөйлемдер құрап жазу.
Бара – бара, айта- айта, киім- кешек, таза , ғана, тек, екеуден, денсаулықты сақтауға.
V. Сабақты қорыту: Сен сағт нешеде тұрасың?
Беті- қолыңды немен жуасың?
Тісіңді немен тазартасың?
Сен таңертең қайда барасың?
VI. Үй тапсырмасын беру: 186- бет 3- тапсырма мәтінді әңгімелеу
VII. Бағалау. Рефлексия