Бекітемін:
Оқу ісінің меңгерушісі: Г.Тоқмурзина
Пән мұғалімі: Т.Құрманғазиева
Пән атауы: Биология Сыныбы: 9 ә - оқушыларымен Уақыт: 10:15 те
Сабақ тақырыбы: § Тіршілік үшін күрес және оның түрлері
Сабақ мақсаты: Тіршілік үшін күрес және оның түрлері туралы түсінік қалыптастыру.
Сабақ міндеті:
оқушыларға тақрыпты өз бетінше оқып талқылауға, білім алуға көмектесу;
оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін өз ойларын топта және көпшілік ортада жеткізе алуға үйрету;
Оқушыларды топтық жұмыс барысындағы ережелерді сақтауға үйрете отырып, өзін-өзі мәдениеттілікке, тәрбиелікке бағыттауға орта құру.
Қолданатын модульдер :
Оқыту мен окудағы жаңа әдіс- тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
Оқыту мен оқу ақпараттық –коммуникациялық технологиялар (АКТ) пайдалану
Оқытуды басқару және көшбасшылық
Стратегиялық іс-әрекет:
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, математика
Психологиялық дайындық, «Бірге ойланып, бірге талқылаймыз», «Мағынаны ажырату»,бейнебаян көрсетілімі, «ДЖИГСО» әдісі, «Биологиялық лото»ойыны, «Сергіту», «Сәйкесін тап» т.б.
Күтілетін нәтиже: Тіршілік үшін күрес және оның түрлері туралы түсінік және білім қалыптасады.
Сабақ кезеңдері | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру 3 мин
Үй тапсырмасы: «Бірге ойланып, бірге талқылаймыз» әдісі 7 мин
| 1.Оқушылармен сәлемдесемін. Шаттық шеңбер Топқа бөлемін. Әр топ парталарына өз атауларын қоямын. Үй тапсырмасы: «Бірге ойланып, бірге талқылаймыз» әдісі, І топ - Мутация 1.Мутация дегеніміз ? 2.Суретпен жұмыс. 3.Мутациялық өзгергіштікке мысал келтір. ІІ топ – Өзгергіштік 1.Өзгергіштік пен тұқымқуалаушылық дегеніміз? 2.Суретпен жұмыс. 3.Модификациялық өзгергіштікке мысал келтір ІІІ топ – Табиғи сұрыпталу 1.Табиғи сұрыпталу дегеніміз? 2. Суретпен жұмыс 3.Эволюциялық ілімнің негізін салушы ғалым туралы сипаттама бер.
| Мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне қуаныш сыйлайтын тілектер айту.
Оқушылар топпен бірігіп жұмыс жасайды Сұрақ жауап жазады тексереді және суретті талқылап мәнін талдайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жаңа сабақтың таныстырылымы 2 мин
Бейнебаян 3 мин
Жаңа сабақты қолдану «Өзім ізденемін» әдісі 10 мин
«Биологиялық лото» 5 мин
«Сергіту сәті» 3 мин
« Сәйкесін тап » әдісі 3 мин
«Ойлан тап» әдісі 3 мин
| «Мағынаны ажырату»
Көрсетілім: Тіршілік үшін күрес
«Өзім ізденемін» әдісі бойынша тапсырма: оқушылар жаңа тақырыпты өз топтарында талқылап, келесі топқа барып түсіндіреді.. І топ Түрішілік күрес
ІІ топ Түраралық күрес
ІІІ топ Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес
«Биологиялық лото» ойыны
Биологиядан логикалық есептер 1. 5 адамға 5 алманы бөлу керек, әр адам 1 алманы алса, 1 алма кәрзеңкеде қалу үшін қалай бөлеміз? ( Жауабы: 1 адам 1 алманы кәрзеңкесімен қосып алады) 2. Әрбір бұтаға 3 қарғадан қонғанда 1 қарға төбеде ұшып жүрді. Қарғалар қайта ұшып , бұтаққа төрттен қонғанда 1 қарға тағы ұшып жүрді. Бұтақ қанша,қарға қанша? ( Жауабы: 5 бұтақ, 16 қарға) 3.Сырғауылдың биіктігі 20 құлаш. Ұлу күндіз 5 құлаш жоғары шығып, ал түнде 4 құлаш төмен түседі. Ұлу неше күнде сырғауыл басына шығады? (Жауабы: 16 күнде) Сәйкесін тап Мына бәсекелестік мысалдарын тап
Суреттерді тіршілік үшін күрес түрінің қай түріне жататынын анықтау:
| Оқушылар берілген суретті ажыратып өз ойларын түсіндіру Бейнебаяннан көргенін ойға түйіп жаңа тақырыпты ашуға мүмкіндік беру Жаңа тақырып бойынша топтар өздеріне берілген тақырыпшаларын бір –біріне түсіндіріу Оқушылардың жаңа сабақ бойынша қаншалықты түсінгенін жеке жұмыс арқылы білу Оқушылардың қызығушылығын ояту Оқушыларға берілген тапсырмаларды топпен талқылау өз ойларын еркін айта білу | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау:
Кері байланыс:
| Бағалау критерийі
Толық ай – сабақты толық түсіндім; Жарты ай - мен жартылай түсіндім; - Жаңа ай – менің түсінбегенім басымдау болды. | Сабақ барысында берілген балдарды жинақтап топты жеке мұғалімге алып келіп саралайды бағалайды | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды:
| Мен көрдім ұзын қайың құлағанын Бас ұрып қара жерге сұлағанын Жапырағы сарғайып, өлімсіреп Байғұстың кім тыңдайды жылағанын? Мен көрдім ойнап жүрген қызыл киік, Кеудесіне мылтықтың оғы тиіп, Қалжырап, қансыраған, қабақ түскен Кімге батар ол байғұс тартқа күйік? Мен көрдім сынық қанат көбелекті О да білер өмірді іздемекті, Күн шуаққа жылынар қалт – құлт етіп, Одан ғибрат алар жан бір бөлекті. В.А.Крылов Абай аудармасы Үйге тапсырма: Тіршілік үшін күрес және оның түрлеріне мысалдар келтіру | Күнделікке жазып алу |
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________