Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  11 класс  /  Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

1. -«Тіршілік үшін күрес» - тірек сызбасымен жұмыс

Тіршілік үшін күрес

Түраралық Түрішілік Сыртқы ортамен

(Мысалдар келтіру)

19.04.2018

Содержимое разработки

Пән:Биология

Сынып: 11

Сабақтың тақырыбы:Тіршілік үшін күрес және оның түрлері.

Сабақтың мақсаты: білімділік: оқушылардың сұрыптау түрлерін және тіршілік үшін күрес туралы алған білімдерін жетілдіру; күрестің рөлі мен оның себептерін анықтау арқылы талдап түсіндіру;

дамытушылық: шығармашылық ізденістерін арттыру,бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;өзінің және жолдастарының білімін бағалай алу.

тәрбиелік: түсініктер бойынша жергілікті жануарларды мысалға ала отырып, қазақ халқының салт-дәстүрін,ұлттық өнерін насихаттау,Отанын сүюге,табиғатты қорғауға тәрбиелеу;

Көрнекілігі: сызба-кестелер,суреттер, сұрақтар бейнефильм «Тіршілік үшін күрес»

Түрі: аралас сабақ Әдіс-тәсілі: топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Барысы : І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың мақсатын қою және жоспарын айтып,жаңа сабаққа ынталандыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1.Шығармашылық тапсырма

Оқушылар өздеріне берілген тақырыптар бойынша дайындап келген суретті сызбаларын түсіндіреді.

1 топ- «Табиғи сұрыпталу

2-топ- «Қолдан сұрыптау»

3-топ-«Тіршілік үшін күрес»

Сауалғы сұрақтар

Топ мүшелері үйде дайындап келген суреттерін, сұрақтарын бір-біріне береді.

2.Үй тапсырмасын пысықтау барысында, берілген сұрақтарды түсініп оқып, сұрыптаудың қай түріне жататынын әрқайсысының тұсына жазып көрсетеді. (№1 қосымша)

1қосымша

1. Сұрыптау кезінде организмдегі белгілердің төзімділігін арттырады.

2. Жаңадан пайда болған белгілер организм үшін зиянды.

3.Нәтижесінде жаңа түрлер түзіледі.

4. Нәтижесінде қолтұқымдар мен іріктемелер алынады.

5. Қажет деп табылған белгіні өзгерту үшін жоспар құрады.

6. Тіршілік пайда болғаннан бері үздіксіз, үзіліссіз жүріп отырады.

7. Пайда болған белгілер организмге пайдалы.

Топтық жұмыс

«Ортақ пікір, ортақ шешім»




Жұптық жұмыс (кеспе

қағаздары арқылы)


I топ – Паразиттік жағдайдағы бәсекелестік.

II топ – Жыртқыштық жағдайдағы бәсекелестік.

III топ – Түрішілік күрес.


Биологиялық ұғымның дұрыс, дұрыс еместігін жазып көрсетеді.

(№2 қосымша)


Өз ойларын тиянақты етіп, мысал келтіре отырып, пікірлерін ортаға салады.

Шапшаңдықты көрсетеді.

2 қосымша

Дұрыс, дұрыс емес стратегиясы

Биологиялық ұғым

Дұрыс

Дұрыс емес

Табиғи сұрыптау тіршілік пайда болғаннан бері жүреді



Тіршілік үшін күрес мүлдем болмайды



Дарвин жер қойнауын зерттеді



Жаңа түрлер пайда болады



Көктем мезгілінде бәсекелестік күшейеді.



Саңырауқұлақтар селбесіп тіршілік етеді.



Жазық далалы жерде өсімдіктер өспейді



ІІІ.Жаңа сабақ

1. -«Тіршілік үшін күрес» - тірек сызбасымен жұмыс

Тіршілік үшін күрес



Түраралық Түрішілік Сыртқы ортамен

(Мысалдар келтіру)



2. 1Жабайы табиғат» Суреттермен жұмыс. Күрес түрлері бойынша анықтау,түсіндіру.


Сұрақтар:

1. Түрішілік үшін күрес, оның себептері мен түрлері дегеніміз не?

2. «Күрес» ұғымы қандай мағына береді?

3. Күрестің қай түрлері барлығынан күштірек өтеді және неге?

4. Эволюциялық үдерісте тіршілік үшін күрестің рөлі неде?

ІV. Сабақты пысықтау. А) Блиц турнир

Сұрақтарға тез жауап алу.Жасырылған сұрақтарды әр топ түстер бойынша таңдайды.

Қызыл түс:

1.Топтағы біріншілікке жататын тіршілік үшін күрес.

2.Алғашқы эволюциялық теорияның авторы

3.Жыртқыш пен құрбандық арасындағы күрес түрі.

4. Бір түр дарақтарын алуан түрлі етіп өзгертуі.

Көк түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.

Жасыл түс

1.Тірі ағзалардың өлі табиғатпен күрес түрі.

2.Эволюция себептерін дұрыс көрсеткен ғалым.

3.Ұзақ уақыт бойы тірі ағзалардың біртіндеп жетілу үдерісі.

4.Дарақтар,түрлер санының кемуі,таралу аймағының тарылуы.

1-топ 1-Түрішілік 2-Ламарк 3-Түраралық 4-Өзгергіштік

2-топ 1-Линней 2-Сұрыптау 3-Түрішілік 4-Биологиялық өркендеу

3-топ 1-Абиоздық 2-Дарвин 3-Эволюция 4- Биологиялық кері кету

Тест тіршілік үшін күрес түрлерін анықтау үшін 10 сұрақ.

1.Жануарлар арасындағы мекенжай үшін талас.

2.Араластырып еккен әртүрлі өсімдік дақылдарының бірі жақсы,екіншісі нашар дамуы.

3.Бунақденеліліер мен құстардың өзара қатынасы.

4.Шөл жерде өсетін өсімдік жапырағының тікенекке айналуы.

5.Құстардың ұя салатын орны үшін таласуы.

6.Өсімдік жапырақтарының өте шырынды болуы.

7.Шалғынды жердің өсімдіктерінің біркелкі дамымауы.

8.Сыртқы орта жағдайы біркелкі блсада ағаштардың біркелі болып өспеуі.

9.Өсімдіктің айналаға жағымсыз иісті бөліп шығаруы.

10.Жыртқыштар мен жемтіктерінің өзара қатынасы.


VІ. Үйге тапсырма 11,12 параграфтарды оқып келу.»Тіршілік үшін күрес» тақырыбына өз ортаңмен,өмірмен тығыз байланыстыра шығарма жазып келіңдер.


VІІ. Бағалау

қорытынды.


-75%
Курсы повышения квалификации

Методика обучения биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тіршілік үшін күрес және оның түрлері. (129.02 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт