Меню
Разработки
Разработки  /  Внеурочка  /  Разное  /  7 класс  /  Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, өз ойын ашық айта және қорғай білуге үйрету.

26.12.2017

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі – ана тіліміздің ерекшеліктерін, қадір қасиетін өлең сөздер мен шешендік сөздер арқылы түсіндіру. Ана тілінің қазіргі кездегі дамуындағы жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, өз ойын ашық айта және қорғай білуге үйрету.
Көрнекілігі: плакаттар, нақыл сөздер, интерактивті тақта, суреттер, көрме.
Сайыстың барысы:
ҚР. Мемлекеттік Әнұраны орындалады:
1-жүргізуші: Қайырлы күн! Армысыздар, көрермендер! Бүгінгі біздің «Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты сайысымызды тамашалауға шақырамыз!
Тілім менің ғасыр үні жалғаған, 
Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.
Басқаны да ортамызға тартайық, 
Қазақ қана сөйлегені аз маған. (Қонақтар мен әділқазылармен таныстыру)

2-жүргізуші: ҚР Президенті Н. Назарбаев ел халқына жолдаған Жолдауында: «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі – қазақ тілі, Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» Мемлекеттік тілді үйрену, білу, дамыту – баршамыздың міндетіміз және әркімге де парыз болып саналады», - деген болатын.

1-жүргізуші: Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан. 22 қыркүйек Қазақстан республикасы тілдер күні бәріміздің мейрамымыз. Тілді қастерлеу ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

2-жүргізуші: Сол себепті мақсатымыз, өскелең жас ұрпағымыздың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, байырғы сөздердің мағынасын ашу, салт-дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызу. Тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсінуге тәрбиелеу, насихаттау, дамыту.

1-жүргізуші:
Тілдің бәрі қымбат маған, 
Әр ұлт тілін бағалаған.
Бәрінен де сен артықсын, 
Қазақ тілім, жыр баптаған!
Тілім барда мақтанам, 
Тілім менің аппақ ән.
Бірлігім бүгінгі, 
Ана тілім сақтаған.
Олай болса сайысымызды бастайық. (Әр сыныптан шыққан оқушы ортаға шақырылады.)

2-жүргізуші: Сайысымыз бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады. Олар:
1. «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру)
2. «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)
3. «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» (шешендік сөздердің мағынасын ұғындыру)
4. «Ана тілім – өз тілім, дана тілім, 
Бізбен бірге Абай менен Шәкәрім» (Абай мен Шәкәрім өлеңдерін оқу немесе әнін айту)
5. « Өлеңді ойдан өрнекте» (жалғасын аяқтау)
6. Үй тапсырмасы (тілге байланысты шиырма жасау)

1-жүргізіші:
Қазақ тілі – борандатқан дауыл күй, 
Қазақ тілі – өлең мен жыр, ән мен күй.
Байқасаңдар қазақ тілі осындай, 
Аққан судай, ескен желдей табиғи

1-кезең: «Тегімді менің сұрасаң...» (таныстыру) Әр бір оқушы өздерін таныстырады, әділқазылардан бағасы сұралады.
2-жүргізуші:
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кең-тілім, 
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен тілім!

2-кезең: «Тілім менің - тірлігімнің тірегі» (белгілі ақындардың тіл туралы шығарған өлеңдерін жатқа айту)
1-жүргізуші: Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұ дүниеде қымбат не бар екен?! Ғасырлар бойы қазақтың ұлт ретіндегі мәдени тұтастығына ең негізгі ұйытқы болған – оның ғажайып тілі, - деп бір нақыл сөздерінде Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқан болатын. Біздің 3-кезеңіміз де осындай тәлімі мол, мағынасы тереңде жатқан нақыл сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.

3-кезең: «Бабалар сөзі – тәрбие көзі» (шешендік сөздердің мағынасын ұғындыру)
2-жүргізуші: Тілім менің тірлігім, мол қазынам, 
Ата рухын жаныма қондырасың.
Өзіңменен таныдым тарихымды, 
Кемелденіп өзіңмен толды жасым.

4-кезең: «Ана тілім – өз тілім, дана тілім, 
Бізбен бірге Абай менен Шәкәрім» (Абай мен Шәкәрім өлеңдерін оқу немесе әнін айту)
1-жүргізуші: Ана тілім – әрекетім азығы, 
Бар ғаламды тануымның қазығы.
Ой санамның өсуінің куәсі, 
Ғасырлардың кейінгіге әз үні

5-кезең: « Өлеңді ойдан өрнекте» (жалғасын аяқтау)
«Тілім менің ғасыр үнін жалғаған, ...»
Ж: Тілім менің ғасыр үнін жалғаған, 
Тілім үшін отқа түсіп лаулаған.
Басқаны да ортамызға тартайық, 
Қазақ қана сөйлегені аз маған.

2-жүргізуші: 6-кезең: Үй тапсырмасы (тілге байланысты шиырма жасау)
1-жүргізуші: Тілсізді – айуан дейді. Тілі кедей елді – мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды.
Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам-құрылыстары мен салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері.Олай болса бүгінгі сайысымызда өзінің тілге деген сүйіспеншілігін көрсете білген, тіл жанашыры болған жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазыларға сөз берейік.

2-жүргізуші: Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақтай бытырап, қардай еріп, құмға сіңген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрынғы кезде аз болмағанына тарихта дәлелдер аз емес.

«Таяқ еттен, сөз сүйектен өтеді», «Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады», «Сөз жүйесін табады, мал иесін табады», «Қиыстырып қаласаң отын жанар, қисындырып айтсаң халық нанар», «Зекетсіздің малы арам, тілсіздің дауы арам», дегендейін – қазақ тілі өзінің таза түрінде, бірнеше ғасыр, біздің заманымызға дейін, өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып, жан-жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіне тиімді, көңіл көтеріп, керегінде жанға тиіп, ашындырып, өтін сыртқа шығарып, долдандырып, қысыл-таяң – қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып, ер намысын, ел намысын, адамгершілік арын, қан майданда, қырғын соғыста қасиетті тудай жоғары көтеріп, текті сезім оятып – туғызып, адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл болған емес пе еді.

1-жүргізуші: Бүгінгі сайысымызды елбасымыздың сөзімен қорытындылайтын болсақ, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» деген ұлағатты сөзі бәрімізді де, ойландыруы тиіс. Тіл – ұлттың жаны. Тіліміз жоғалса халқымыз да жоғалады. Дәл қазір 

«Мен қазақпын» деген әрбір қаны бар азамат тілі үшін күресуге шығуы тиіс. Себебі, бұрын-соңды тіліміз мұндай мүшкіл хәлді кешкен жоқ деп айтуға болады. Егер қазақ тілімізді құтқармасақ, онда ертең кеш болады, онда біздің бұл мәңгүрттігімізді болашақ ұрпақ кешпейді. Ешбір пенде мәңгі өмір сүрмейді.Ал тіліміз ұрпақтан-ұрпаққа мәңгі өмір сүруі тиіс, - деген болатын. Әрдайым ана тілімізді көркейтіп, қорғап жүрейік!



-75%
Курсы повышения квалификации

Арт-математика - эффективный инструмент эстетического воспитания обучающихся

Продолжительность 16 часов
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
2500 руб.
630 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тіл - тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (30.46 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт