Тіл – болашақ ұрпақтың бойтұмары
Конференцияның мақсаты:
Оқырмандардың өз тілін дұрыс меңгеріп ана тілінде сөйлеуін, өз тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Өлең - жыр, ойлы сөздер айту арқылы оқушылардың тіл туралы алған білімін дамыту. Өз ана тілін – мемлекеттік тілді қастерлеуге, басқа ұлттың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Қазақстан Республикасының Конститутциясы, Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы, тіл туралы жазылған қанатты сөздер, Тіл туралы көрме
Оқырман конференсиясының өтілу барысы:
І. Баяндама
1. Тіл – «Мәңгілік ел«» идеясының басты негізі
2. Тіл саясаты және жаңа ұрпақты қалыптастыру.
ІІ. Тіл туралы әдеби монтаж. мақал- мәтел
ІІІ. Қорытынды
І . Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Кітапханашы: Армысыздар құрметті оқырмандар!
Әр халықтың өз ана тілі бар. Тіл –жеке адам ойлап тапқан туынды емес, ол болашақ ұлтқа ортақ, соның төл перзенті. Сол халықтың мәдени әлеуметтік өмірінде өзіндік мәні бар киелі ұғым. Тіл – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетмес мұра. Тілдің адам өмірі үшін мәні айырықша. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын мүмкіндігі бар.
Тіл-ұлттың жаны, болашақ ұрпақтың бойтұмары. Расында қазақ халының басынан талай қиын ,қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәтерде, атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы –ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана.
Бүгінгі қазақ тілінің болашағы Елбасын аз толғандырып жүрген жоқ. Сондықтан да болар Елбасының «Қазақстанның болашағы –қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені, ол-ұлтымыздың анасы деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша Қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген сөзі Қазақстан халықтарының басын біріктіруболуын көздеп отыр. Ендеше, тілімізді қадір тұтып сап алтындай сақтап болашаққа жеткізетін мына өздеріңіз. Бүгінгі «Тіл – болашақ ұрпақтың бойтұмары» атты конференсияда тіліміздің мәртебесін асырайық құрметті оқырмандар.
Жүргізуші:
Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,
Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.
Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,
Бітпейді мені одан бұрын демім.
І. Баяндама
1. Тіл – «Мәңгілік ел«» идеясының басты негізі. Баяндамашы №59топ Шымбай Қаламқас
2. Тіл саясаты және жаңа ұрпақты қалыптастыру. Баяндамашы
Жүргізуші:
Өте ерте заманда бір қадірлі шешен қария дүниеден көз жұмарда баласына:
-Балам, мен көп ұзамай дүние салам. « Әкем қазына қалдырмады» деп өкпелеме. Ел ішінде қыдырып бара жатқан асыл мұрам бар. Соны іздеп тап, қадірле, қастерле, -дейді әкесі.
Мұны естіген бала әке мұрасын іздеймін деп табанынан таусылады,таба алмайды. Ойы сан жаққа кеткен бала бір күні ел ішіндегі абзал қарияға келеді.
Бала: Ата, әкем маған қандай қазына қалдырды? Мен іздеп таба алмадым. Мүмкін сіз білетін шығарсыз, айтыңызшы.
Қария: Әкеңнің сөзі рас балам. Оның саған қалдырған мұрасы –тіл. Ол шешен адам едіғой. Бәріміз сөйлеуді сенің әкеңнен үйрендік. Тілден қымбат қазына, байлық жоқ –деп аталы сөздің шешуін айтыпты. – олай болса әнге кезек берсек
«Ананың тілі» әні орындалады.
ІІ. Тіл туралы әдеби монтаж. мақал- мәтел
«Жүргізуші: Туған тіл жайында толғамаған ақын, жазбаған жазушы жоқ шығар, сірә. Бүгін біз де ана тіліміз жайлы сыр шертіп, тіл жайында айтылған жақсы сөзер мен өлең шумақтарды сіздердің назарларыңызға жолдасақ дейміз.
№59топ студенті Шымбай Қаламқас
Үш бақытым (М.Мақатаев)
Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Саған берем ойымның алтын кенін
Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын,
Ал екінші бақытым – тілім менің
Жас жүректі тіліммен тілім дедім
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Мейлі, шаршап теңіз өттім, тау бастым,
Мейлі, көктің ақ бұлтына жармастым.
Сонда-дағы сен қалмайсың көкейден,
Сонда-дағы сені ұмыта алмаспын.
Ана тілім-күшім менің, қуатым,
Жырым сендік жүрегімнен туатын.
Тауысар ма ырысыңды, қорыңды,
Тізелесіп қатар жазсса мың ақын.
Тілім менің- ең бірінші байлығым,
Тілім менің- арқа сүйер айбыным.
Тілім менің, сен арқылы сезінем,
Шабытымның шалқар сезім айдынын.
Тілім менің бөгеу қойдың тасқынға,
Арқау болдың шежіре, жыр, дастанға,
Тілім менің менің ұрпағыңмен мың жасап,
Мейірімді ту ғып көтер аспанға!
Жүргізуші:
О, адамдар, қадіріне жетіңдер,
Ана тілің анаң, сыйлап өтіңдер.
Әркімнің туған тілі - туған шеше,
Оған бала міндеті мың сан есе.
(С.Мұқанов)
1-оқушы: Гүлім
Тілім менің, азығысың жырымның,
Жырым мені қызығысың тұғырдың.
Жаным жүдеп, жабырқаған сәттерде,
Тілім сенің шуағыңа жылындым.
Тілім менің бойымдағы ар – намысым,
Тосар мені бұл өмірде әлі сын.
Сен жасасаң мен де шатпын өлгенше,
Сен қымбатсың өз халқыңның бағы үшін.
2-оқушы: Мәди
Туған тілде сыры терең жаным бар.
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып –ақ алыңбар.
Ана тілім-қазақ тілім, туған тілі,
Қасиетті тіліміздің мәнін біл.
Ана тілді құрметтеңдер адамдар.
3-оқушы: Назар
Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!
Заман туды тіліміздің басына,
Айналдырған тілдердің бір ласына.
Жетпіс жылдай бұрмалаған бұл тілді,
Үйретіп көр сәулесі жоқ жасыңа.
Ана тілі –біздің туған анамыз,
Ана тілін бағаласақ қалай біз.
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз,
Ана тілін кім бағалай білмесе,
«Анасынан безген ұл» деп қараңыз.
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл.
4-оқушы: Ершат
«Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгендеу мүмкін емес, біле-білгенге адамдағы ұлттық мақтаныштың алғашқы ұшқыны жүрекке тіл арқылы ұялайды, өмір бойы адамға ең тамаша эстетикалық ләзат беретін де құдіретті тіл ғой»,-деген Расул Ғамзатов.
5-оқушы: Қазына
Ана тілім жүрегісің анамның
Жүрек ана, мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайды,
Аңқау ашық мінезім бар аңқылдақ.
Ана тілім бірге жасар өзіммен,
Ана тілім қадір тұтам сені мен.
Ана тілім ардақтысың қашанда,
Орын берем жүрегімнің төрінен.
Балалардың тіл туралы білетін мақал мәтелдерін айтқызу.
Кітапханашы: Оқырмандар міне, бүгінгі конференсиямызда ана тіліміздің құдіреті мен оны білудің, ана тілінде сөйлеудің маңызымен таныстық. Қазақ тілінің өркендеуі, дамып қанат жаюы әрбір қазақ елінің азаматына байланысты екенін түсінген боларсыңдар. Сондықтан тәуелсіздік пен егемендікті баянды еткіміз келсе, басты белгілерінің бірі – қазақ тілінің туын биік ұстайық! «Ми ойлағанды тіл тындырады», «Жер астында жатқанды қазбай қарап тіл табар», «Тіземнен сүріндірсең, сүріндір, тілімнен сүріндірме», «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады», Өнер алды қызыл тіл., « Тіл буынсыз, ой түпсіз», «Тіл қылыштан өткір», «Басқа пәле тілден», « Бал тамған тілден, У тамар.», « Бас кеспек болса да, Тіл кеспек жоқ», «Орақ ауыз, от тілді» «Қотыр қолдан жұғады, Пәле тілден жұғады.», « Ашыынған тілді болар, ашыққан ұры болар», «Піл көтермегенді, тіл көтерер.», «Адам көңілінен азады, тілінен жазады. Туған ел – тұғырың,Туған тіл – қыдырың». «Игі істің басы тіл,Тəрбие басы тіл».(М. Қашқари)
Қорытынды.
Ән «Қазақ тілім» орындайтын №58топ студенті Медет талғатұлы.
ІІІ. Қорытынды:
Кітапханашы: Міне құрметті оқытушылар мен студенттер «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол -ұлтымыздың анасы», «Ана тілін қадірлеу –әр азаматтың перзенттік парызы» демекші ана сүтімен бойымызға дарыған туған тілімізді құрметтейік. Тілімізді қастерлеп биік тұғырдан түсірмейік ағайын ! Келесі кездескенше ел аман, жұрт тыныш болсын

"Тіл - болашақ ұрпақтың бойтұмары" (18.32 KB)

